Жаңа ақпараттық технологиялар, оны білім беру жүйесінде пайдаланудың маңыздылығы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Тақырыптың көкейтестілігі . Алғашқы компьютердi өнеркәсiптiк дайындаудың басталуымен және олардың бiлiм беру мекемелерiнде пайда болуымен педагогикада жаңа бағыт - оқытудың компьютерлiк технологиясы бой көтердi. Ол бiрте-бiрте мамандарды даярлау мен алдын-ала дайындық жасауды жүргiзетiн барлық құрылымдарға енгiзiлiп жатқан жаңа бiлiм беру стандартына ауысады. Бiлiм берудi дамытудың қазiргi кездегi өзектi идеясы - электронды оқулық болып табылады. Олар оқу процесiн даралау мен дифференциалдауға, қатенi тексерудi бақылау мен керi байланысты жүзеге асыруға, оқу барысында өзiн-өзi бақылау мен өзiн-өзi түзетудi, әртүрлi жағдайларда тиiмдi шешiмдi қабылдай бiлу ептiлiгiн қалыптастыруға, ойлаудың белгiлi бiр типiн дамытуға (көрнектi-бейнелi, теориялық), оқуға ынтасын күшейтуге, танымдық iс-әрекетiнiң мәдениетiн қалыптастыруға мүмкiндiк бередi.
Қазіргі уақытта электронды оқулықтар мен оқу құралдарын жасау мәселесі өзекті болып табылады. Толық өңделген электронды оқулық лекция барысында - демонстрациялау құралы, компьютерлік кластарда өзіндік жұмыстарды орындау үшін - репетитор, компьютер, емтихан алушы алдында - семинар сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау ретінде қызмет атқара алады. Дегенмен, электронды оқулық осы функциялардың барлығын орындау үшін оқулықты құрастырушы оқытушының педагогикалық шеберлігі, оқытылатын пәннің ерекшеліктерін ескеретін күрделі әдістемелік құралдары болу қажет.
Кері байланысты ұйымдастыру - оқу процесінің дидактикалық циклінің ең маңызды бөлігінің бірі болып табылады. Электронды оқулықтар әрбір пайдаланушыларға білім алудың немесе дағды мен біліктілікті қалыптастырудың жеке траекториясын таңдау, құру мен жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Дегенмен, толықтай өз бетiнше білім алу - оқушылардың әртүрлі психологиялық ерекшеліктеріне байланысты әрқашан тиімді болып табылмайды.
Электронды оқулықты жасаудың ең ыңғайлы программалау құралы Delphi объект-бағытталған ортасы болып табылады. Delphi ортасы күрделі, “кәсіби”, соның ішінде Windows-те жұмыс істеуге арналған программаларды қолданады. Әрбір тақырып семинар сабақтарды орындаудың қадамдық ұсыныстарын қамтиды. Әрбір тақырыпқа сұрақтар тізімі құрастырылған, оларға жауап беру арқылы сыналушы өзінің білімін тексере және бекіте алады.
Электронды оқулық мазмұнының түсініктілiгiмен, көрнекті мысалдар санының көптiгiмен ерекшеленедi және білімгерлерге, жоғары сынып оқушыларына, өз бетiнше үйренушiлерге арналған.
Жұмыс бойынша болжам . Бейсик, Паскаль, Си программалау тiлдерiнде массивпен жумыс iстеу такырыбын арнайы өңделген әдістеме бойынша оқытса, онда:
- педагогикаға деген қызығушылық және қоғамдық өмірге деген ғылыми көзқарастың дамуы өрістейді;
- табиғи түрде оқушылардың ойлау қабілеті дамиды;
- оқушылар алған білімдерін өздерінің оқу қызметіне қолдану шеберлігін игереді.
Жұмыстың мақсаты : Бейсик, Паскаль, Си программалау тілдерінде массивтерді өңдеу тақырыбына байланысты электронды оқулық жасау және өңдеу.
Жұмысқа тапсырма. Жұмыстың мақсатына, мәсәлесіне, болжамға сәйкес келесі тапсырмалар қойылды:
«Бейсик, Паскаль, Си программалау тілдерінде массивтерді өңдеу» курсының мазмұнын анықтау;
«Бейсик, Паскаль, Си программалау тілдерінде массивтерді өңдеу» курсын оқытуға көмекші құрал ретінде программалық - әдістемелік жабдық өңдеу.
Жұмыстың құрылымы : Дипломдық жұмыс кіріспеден, теориялық және тәжірибелік бөлімдерден, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Теориялық бөлім өз кезегінде екі бөлімді қамтиды. Бірінші бөлімде қазіргі ақпараттық технологияның білім беру жүйесіндегі алатын орны, маңыздылығы ашып көрсетіледі.
Ал, екінші бөлімде электронды оқулық туралы түсінік, түрлері, оның жасау технологиясы және оқу үрдісінде алатын орны ұсынылған.
Тәжірибелік бөлімде жұмыс бойынша қойылған екінші тапсырма жүзеге асырылған. Яғни мұнда «Бейсик, Паскаль, Си программалау тілдерінде массивтерді өңдеу» курсын оқытуға көмекші ретінде программалық-әдістемелік жабдық ұсынылған. «Бейсик, Паскаль, Си программалау тілдерінде массивтерді өңдеу» тақырыбы бойынша жалғасын тапқан бұл электронды оқулық оқытушы, үйретуші, бақылаушы жүйені қамтиды.
Жұмысты орындау барысында программалау тiлдерiне байланысты оқулықтарды, оқу құралдарын, әдістемелік нұсқауларды, мақалаларды пайдаландым.
1. ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1. 1. Жаңа ақпараттық технологиялар, оны білім беру
жүйесінде пайдаланудың маңыздылығы
Қазіргі уақытта Қазақстан дамудың индустриялық кезеңінен ақпараттық кезеңіне біртіндеп аяқ басуға бет бұрды. Адам өмірінде компьютерлердің белсенді орын алуы осыған байланысты. Сондықтан жаңа технологияларды игеруге қажетті білім мен дағдының жаңаруы өндіріс құрылымын өзгертудің маңыздылығын арттыра түсті. Мұндай жағдайда елдің одан ары дамуы үздіксіз білім беру жүйесін тиімді ұйыдастырумен тығыз байланысты. Үздіксіз білім беру қоғамның әрбір мүшесінің білімін көтеруге немесе мамандығын арттыруға жағдай жасап, оны ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындайды. Бұл орайда жаңа ақпараттық технологиялар мен оларды пайдаланудың жаңа әдістемелік құралдарын дайындаудың ролі зор. Олар бір жағынан, халық шаруашылығының түрлі салаларындағы жаңа технологияларды игеруге жағдай жасайды, екінші жағынан, білім таратушы ретінде оқыту құрылғылары болып шыға алады [1] .
Сонымен, жай ақпараттық технологиялар деп көбінесе қағаз жүзінде әртүрлі информацияларды дайындау, жинау, өңдеу және жеткізу процестерін айтады. Жаңа ақпараттық технологиялар деп ЭЕМ-дер мен олардың желілері арқылы, әсіресе, дербес компьютерлер көмегі арқылы, информацияны дайындау, жинау, жеткізу және өңдеу технологияларын айтады.
Ақпараттық процестер - адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық құрылғыларда және қоғамдық өмірде информацияны жеткізу, жинақтау және түрлендіру процестері.
Дербес ЭЕМ-дер - жұмыста және адамның үйде пайдалануына арналған шағын компьютерлер [2] .
Дербес ЭЕМ-дер журналдар, кітаптар және әртүрлі құжаттар дайындауда мәтін теріп, оны түзету үшін кеңінен қолданылады.
Сондай-қара, жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз - ЭЕМ жадындағы сақталған картотекадағы, каталогтардағы, әртүрлі архивтермен кітапханалардағы информацияларды жинақтауға, біріктіріп сақтауға, керектілерін жылдам іздеп табуға болатын әртүрлі мәліметтер базасы мен информациялық жүйелер. Жаңа ақпараттық технологиялардың дамуын ЭЕМ желілеріне негізделген электронды почтасыз, байланыс желілері мен информациялық комуникацияларынсыз көзге елестету мүмкін емес. Қоғамды дербес компьютерлермен, ЭЕМ желілерімен, информациялық қорлармен толық қамтамасыз етсек информацияны пайдалану, алу және тарату істерін ұйымдастыру жаңа сатыға көтеріледі. Олар бұған дейінгі қолданылған “қағаздағы” информацияны алу мен таратуды толықтыра отырып, қоғамымызды ақпараттандыру процестерін арттыра түседі. Жаңа ақпараттық технологияларды жан-жақтылығын дұрыс түсіну үшін “технология” ұғымының мәнін ашып алу қажет. Қоғамдық дамудың алғашқы кезеңдерінде “технология” деп белгілі бір ұйымдарды жасау кезіндегі тәсілдер жиынын айтатын еді [3] .
Еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сай білім беруді жетілдіру бағыттарының бірі - білім беруді ақпараттандыру. Осы бағыттағы жұмыстар 1997 жылы қабылданған орта білім беру жүйесін ақпараттандыруды. Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда.
Қазіргі постиндустриялық қоғамда ақпараттық технологиялардың (АТ) рөлі өте маңызды, олар бүгінде қоғамды ақыл-парасатпен байыту, оның экономикасын, білім беру жүйесі мен мәдениетін дамыту үрдісінде шешуші орында. Олардың адам өмірінің сан алуан салаларында кеңінен пайдалануына байланысты олармен оқу мен танымның бастапқы кезеңдерінде жедел таныса бастау қажеттілігі туды. Білім беру жүйесі қоғамды ақпараттандыру үрдісінің негізгі объектілерінің бірі болып табылады.
Қазіргі таңда республика мектептерін жаңа компьютерлік технологиямен қамтамасыз ету жұмыстары іске асырылып, енді сол ақпараттық технологияны қолдану мен оны мектептерге ендіру саласында, оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру мақсатында оқытуды жетілдіру жұмыстары жүргізілуде [4] .
Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелігін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп психологиялық-педагогикалық проблематиканың оқыту процесін ком-пьютерлендірудің барлық бағыттарын жан-жақты қамтуы болып табылады.
Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, мектеп пәндерін оқыту процесінде компьютерді қолдану мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы жүйесін, олардың іс-әрекеттерінің мазмұнын, құрылымын өзгерте отырып түрлендіреді және осы әрекет мүшелерінің мотивінде әсер ете отырып, олардың мотивациялық, эмоциональдық ортасына, сезімнің өсуіне әсер етеді. Демек, оқыту процесінде компьютерді қолдану білім мен біліктілікке қоятын талаптарды қайта қарап, жетілдіріп жүйелеуді талап етеді [5] .
Оқушылардың жалпы оқу біліктілігіне жататын оқу-компьютерлік біліктіліктерін (клавиатурамен жұмыс, программа түзу, принтермен жұмыс істей білу, дайын программаларды қолдана білу, текстік, графикалық редакторлармен жұмыс істей білу) жүйелі түрде қалыптастыру бүгінгі күннің кезек күттірмес талабына айналуда [6] .
Қазіргі ақпараттық және телекомуникациялық өзара ықпал технологияларының мүмкіндіктерін іске асыру оқу ісін байытады, информатиканы ғана емес, басқа да көп пәндерді оқытудың ұйымдық түрлері мен тәсілдерін жетілдіруге, жаңартуға мүмкіндік беретіні дәлелденген. Бұл жерде оқу материалының мазмұнын іріктеу критерийлері өзгереді. Олар оқушы тұлғасының өзін-өзі дамытуының және ақыл-ойының қарқынды дамуының қажеттілігіне дүние туралы білім алу, өздігінен іздену, заңдылықтар арқылы шағын "жаңалықтар ашу", қазіргі ақпараттық технологияларды заттық әлемді өлшеу, т. б. бейнелеу және оған әсер ету құралы етіп пайдалануға негізделеді.
Қазіргі таңда ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етуде. Электронды байланыс жүйелері арқылы ақпарат алмасудың тиімділігі өркенниетті елдердің іс-тәжірбиесінде айқын сезілуде. Республикамызда білім беру жүйесі білім беруді тексеру мақсатында ақпараттық технологияларды ендіру басты мәселелерге айналуда. Қазақстандағы барлық орта мектептердің компьютермен жоспарлы түрде жабдықталуы оның айқын дәләлі [7] .
Заман ағымына сай күнделікті сабаққа бейне, дыбыс қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Бұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың өздері де алынған ақпаратты көшіріп алып (дискетке, бейне таспаға) онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады.
Әсіресе, олардың тиімділігі:
- Қашықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
- Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
- Экономикалық тиімділігі (бару, келу, тұрмыс тауқыметі т. с. с. материалдық шығынды қажет етпеуі) ;
- Білім сапасына әсері зор. Әсіресе, тіл сабақтарын игеруде (ағылшын, орыс, қазақ т. с. с. тілдерді) айқын сезіледі;
- Іс-әрекет қимылды қажет ететін пәндермен тапсырмаларды оқып үйренуде (би өнері, қол еңбек, дене шынықтыру сабақтары т. с. с. ) ;
- Қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақпен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестері мен әр түрлі физикалық, химиялық, биологиялық тәжірбие нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді;
- Оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге де, ықпалы зор (теледидардағы ғылыми-көпшілік, рухани, тарихи-танымдық хабарлар мен компьютерлік жүйедегі шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ т. с. с. логикалық тұрғыдағы ойындар) .
Қазіргі таңда білім беру жүйесінде электронды байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу Интернет, электронды почта, телеконференция, бейнеконференция, телекомуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуда. Бірақ кез келген жаңалықтың жақсылығымен қатар зияны да болатыны белгілі. Мұндағы ең басты назар аударарлық мәселе: олардың ара салмағы. Демек кемшілігін түзеп, зиянын жойып, артықшылығын жетілдіре түсу қажет.
Сонымен бірге жаңа ақпараттық технологияларды қолдану үрдісін бағдарламалық-техникалық қамтамасыз ету саласында да, оның психологиялық-педагогикалық, физиологиялық-гигиеналық, эргономикалық және технологиялық аспектілерде өзгеріс әкеледі.
1. 2. Жаңа ақпараттық технологияларды оқытудың
педагогикалық негіздемесі
Осылайша қазіргі отандық педагогика ғылымында қайшылық туды, бір жағынан педгогикадағы жаңа бағыт - білім беруді ақпараттандыру қарқынды дамуда ол қазіргі ақпараттық технология құралдары базасында әзірленген бағдарламалық оқу құралдарын пайдаланып жалпы білім беретін және арнайы оқу пәндерін оқытуды ақпараттандырудың теориясы мен әдістемесі мәселелерін қамтиды, екінші жағынан ақпараттық және коммуникациялық технология құралдарын тиімді қолдануды бағдарламалық-техникалық және педагогикалық-эргономикалық қамтамасыз ету, оқу әдістемелік мәліметтер базалары мен банктерін, интеллектуалдық оқыту жүйелерін пәндік толықтыру, ғылыми-педагогикалық мазмұн жасау және білім беру мекемелерінің бірлескен ақпараттық жүйелері мен желілерін, білім беру жүйелерінің таратылған ақпараттық ресурстарын толықтыру, оқыту нәтижесін бағалауды, білім беруді ұйымдық басқаруды, ақпараттық әдістемелік қамтамасыз етуді автоматтандыру мәселелері жетіп артылады. Бұл мәселелер тізбесі, біріншіден, жартылай функционалдық және интегралдық сипатта, екіншіден жүйелі, ал олар басқа да бір қатар ғылымдардың мүмкіндігін пайдаланғанда шешімін табады [8] .
1. 3. Ақпараттық технологияларды оқытудың алғышарттары
Бұл қайшылықты шешу үшін қоғамда білім беруді ақпараттандарудың әдістемесі мен технологиясын меңгерген жоғары сапалы мамандар болу қажет. Бірақ ғылыми мамандықтардың қазіргі номенклатурасында ақпараттандыру және қарым-қатынас құралдарын әзірлеп білім беру мақсатында қолданудың психологиялық-педагогикалық, бағдарламалық-техникалық, физиологиялық-гигиеналық және эргономикалық мәселелері, яғни білім беруді ақпараттандырудың теориясы мен әдістемесі лайықты көрініс таппай отыр, бұл сөз жоқ, отандық-педагогикалық зерттеулер ауқымын шектейді. Бұл мәселе шешімін күтуде. "Білім беруді ақпараттандырудың теориясы мен әдістемесі" мынандай зерттеу бағыттарынан тұрады:
- қазіргі ақпараттық қоғам мен ғаламдық телекомуникация жағдайында оқушы тұлғасын дамыту міндеттеріне сәйкес, оқытудың ұйымдық түрлері мен әдістерін, білім беру мазмұнын таңдаудың әдіснамасы мен стратегиясын жетілдіру;
- оқушының ақыл-ой әлеуетін дамытуды, оқу ақпаратын жинау, өңдеу, сақтау, беру, өндіру ісіндегі әр түрлі дербес әрекет түрлерін жүзеге асыра білуді қалыптастыруды, сондай-қара білім алу мен түсіну үрдістерін қалыптастыру бойынша оқу әрекетін қамтамасыз ететін педагогикалық технологияны оқытудың әдістемелік жүйесін жасау;
- бірлескен ақпараттық желілер мен ғаламдық коммуникациялар базасында жұмыс істейтін "виртуалдық" білім беру мекемелерін дүниеге әкелу, телекоммуникацияға қол жететін ашық білім беру жүйелерінің таратылған ақпараттық ресурстарының әлеуетін пайдалану;
- Оқу-тәрбие ісін ақпараттық әдістемелік қамтамасыз ету үрдісін және оқу орнын (оқу орындары жүйесін) ұйымдық басқаруды автоматтандыру негізінде білім беру жүйесін басқару механизімдерін жетілдіру, ғылыми-педагогикалық ақпараттық мәліметтер базалары мен банктерін, ақпараттық-әдістемелік материалдарды, телекоммуникациялық желілерді пайдалану;
- есептеу техникасы ақпараттандыру және телекоммуникация құралдарын білім беру саласында тиімді әрі қауіпсіз қолданудың педагогикалық-эргономикалық шарттарын анықтау;
- оқушының ақыл-ой қуатының деңгейін белгілеудің, оның білімі мен жетістігін бақылау және бағалаудың компьютерлік тестілеуші. Диагностикалаушы әдістемелерін жасап, пайдалану.
Нақты немесе бейнелі түрде өтетін оқу тәжірбиесінің (зертханалық, демонстрациялық) нәтижелерін өңдеу үрдісін автоматтандыру құралдарына сүйеніп ғылыми-зерттеу және тәжірбие жұмыстарын ұйымдастыру.
ІІ. Электронды оқулық және олардың оқыту технологиясындағы
алар орны, ерекшеліктері, жасалу жолдары
2. Компьютерлiк оқыту жуйелерi
2. 1. Электронды оқулық
Қазіргі таңда білімді ақпараттандыру жүйесін дамыту процесіне үлкен, зор үлес қосатын негізінен - жоғарғы дәрежелі ақпараттық жүйелер. Оларға жататындар: бақылайтын және тест жүргізетін программалар, компьютерлік ойындар, ақпараттық жүйелер, оқыту орталары, электронды оқулықтар, мультимедиялық оқулықтар және программалар. Сондықтан бұл жүйелер - ең жоғарғы дәрежелі оқыту технологияларының құрылғылары болып табылады.
Программалау біліктілігінің жүйелі қалыптасуы соңғы уақытта пайда бола бастаған электронды оқулықтармен тиімділене түседі. Ал электронды оқулықтарды білім беру процесін ақпараттандыру құралының бірі деуге болады.
Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электронды оқу құралдарының атқаратын ролі зор. Онда пәндегі теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі әртүрлі суреттер, сызба-тәсілдер арқылы толықтырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түйсініп, оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтіп отырады да, материалды қорыту үрдісі ұтымды болады.
Электронды оқулықтар - барлық оқулықтардың материалдарын модульдік түрде құрастыру оның мазмұнын бірыңғай тұрғыдан қарастыруға негізделген. Оқушылардың танымдық негіздері мен ерекшеліктері, жас ерекшелік өзгешеліктеріне байланысты ғылыми теориялық ұғымдар жүйесі арқылы жалпыдан жалқыға, абстрактылықтан нақтылыққа көтерілу электронды оқулықтардың кәдімгі оқу құралдарынан, оның ішінде соңғы буын оқулықтарынан басты айырмашылығы екеніне күмән жоқ [9] .
Электронды оқулықтар ғылыми негізінде дайындалған педагогикалық-ақпараттық өнім. Электронды оқулық дайындаудың концептуальды негізі модульдік оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Сонымен қатар электронды оқулық дайындау жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесіне сәйкес келеді. Яғни, электронды оқулықтар оқыту процесінің автоматтандырылған формасы іспетті. Осындай ойды қорытындылай келе:
Электронды оқулық - дисплей экранында көрінетін жай ғана мәтін емес, ол оқушыға өз жолымен керекті материалдарды жекеше меңгеруге арналған күрделі, көпсатылы жүйе.
Осы жүйеге орай электронды оқулықтар оқулықтың қажетті бөлімдерін қайталап, игеру тәсілдері мен логикасын өзіне тән етіп таңдап алып, осы сәтте ең керек деген материалдарды қарап шығуға мүмкіндік береді.
2. 2. Электронды оқулықтардың түрлері. Оны жасаудың
алғышарттары, заңдылықтары және құру технологиясы
Қазіргі таңда автоматизацияланған оқыту жүйелерін соның ішінде, электронды оқулық жасаудың көптеген түрлері қарастырылған. Оларды құру әдістері де алуан түрлі. Оқу материалдарын ұсыну түрлері бойынша оларды негізінен 3 түрге бөледі. Олар:
- жай (қарапайым) түрі
- мультимедиялық
- гипермәтіндік
Материалды ұсынудың кәдімгі құжат түрінде көрсетілуі, яғни, қарапайым түрдегі электронды оқулық дайындау - ол сызықтық түрде жалғаса қолданылатын текстік жүйе. Бұл электронды оқулық түрі бойынша аздаған материал тақырыпқа және бетке бөлінген, мазмұнды суреттер мен текстік материалдар көлемінде берілуі мүмкін. Бұл электронды оқулықпен жұмыс жасау принципі бойынша оқытылатын тақырыппен танысу алдын ала белгіленген, өзгертуге болмайтын заңдылықпен жүзеге асады. Бұл кезде жүйе бірінен-соң бірі орындалады және оқытудың ең басынан бастап қолдануды ұсынады. Бұл оқулық түрі бойынша білімді бағалауда тестік жүйе құрылмайды. Мұнда тек өтілген тақырыпқа және оқылып біткен материалдарға ғана баға беру процесі жүреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz