Бухгалтерлік есеп мәні, мақсаты, маңызы


Жоспар
Кіріпсе . . .
1 тарау. Бухгалтерлік есеп мәні, мақсаты, маңызы . . .
1. 1. Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын
қызметі . . .
1. 2. Бухгалтерлік есеп мәліметтерін пайдаланушылар және олардың
рөлі . . .
1. 3. Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты . . .
1. 4. Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын өлшем
түрлері . . .
2 тарау. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
2. 1. Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі . . .
2. 2. Құжат айналымы . . .
2. 3. Мүлікті және міндеттемелерді түгендеу . . .
2. 4. Шаруашылық үдерістерінің есебі және кәсіпорын қызметінің
негізгі көрсеткіштері . . .
2. 5. Бухгалтерлік есеп нысандары . . .
2. 6. Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар . . .
2. 7. Есеп саясатының мазмұны . . .
3 тарау. Қаржылық инвестициялар және жүргізілетін опепарциялар
3. 1. Қаржы салымдары есебі . . .
3. 2. Касса операцияларының есебі . . .
3. 3. Валюталық шоттардың ақшалар қозғалысының есебі . . .
3. 4. Банктердің арнаулы шоттарындағы ақшалар есебі . . .
4 тарау. Дебиторлық борыштар есебі
4. 1. Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру . . .
4. 2. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі . . .
4. 3. Күмәнді дебиторлық борыштар . . .
Қорытынды . . .
Қолданылған әдебиеттер . . .
Кіріспе
Бухгалтер - болу үшiн дұрыс есептей бiлу,
басқара бiлу жеткiлiксiз, ол үшiн ұйымның
тиiмдiлiгiн арттырудың жолын және
әдiсiн ойлап таба бiлу қажет.
Дж. Мэй
Бухгалтерлiк есеп туралы белгiлi ғалым Б. Де Солозано «Бухгалтерлiк есеп барлық ғылымдар мен өнердiң ең алдында тұрады, баслалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшiн олардың ешқайсысы қажет емес және де бухгалтерлік есепсiз әлемді басқару мүмкін емес, адамдар да бiрiн-бірі түсінбес едi» - деген болса, оның әріптесi П. Самуэльсон «Біздiң ғасырымыз - машина ғасыры, сондай-ақ ол Бухгалтерлік есеп ғасыры болып табылады», - дейдi. Ал осы, ғылымды зерттей келе Р. А. Фаулки «Есеп - бұл барлық бизнестің тіл, яғни философиясы», - деп айтса, Л. Фон Мизес «Есеп - бұл бизнестiң ар-ожданы, ұяты», - деп жазған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтiн, есептейтiн және оны пайдаланушылардың қолдануына ыңғайлы етіп жеткiзіп беріп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлiк есеп басқару жүйесiнде ең маңызды орындардың бірін иеленедi. Бұған дәлел ретiнде Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы, өткізген конференциясында Есептей алмаған, басқара алмайды», - деген сөздің жайдан-жай айтылмағандығын атап өтуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындау үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтерi мен міндеттемелерi, капиталы және өндірiлген өнімдерi мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның кірiстері мен шығыстарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесiн анықтауға болады. Бухгалтерлік есеп қаржылық (сыртқы) және басқарушы iшкі) есеп болып екіге бөлінеді. Басқарушы есеп кәсiпорынның қаржылық ақпараттарын ішкі пайдаланушыларға жеткiзiп отыратын жүйе болса, ал қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық ақпараттарды iшкi пайдаланушылармен қатар сыртқы пайдаланушшыларға жеткiзiп отыратын жүйе. Яғни, басқарушы есептің мәлiметтерiн кәсiпорын басшылары қандай да бiр шешiм қабылдау үшiн пайдаланатын болса, арқылы есептiң мәлiметiн бұлармен қоса жабдықтаушы (мердiгер) кәсiпорындар, банк мекемелерi, салық органдары және тағы да басқалар пайдаланады. Кез келген ұйым үшiн қаржылық есеп мiндеттi түрде жүргiзiлетiн болса, басқарушы есептің жүргiзiлуi және оның тәртібi әрбір кәсiпорынның экономикалық саясатына байланысты.
Бүгiнгi таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуiне байланысты жаңа кәсiпкерлiк қызметтердiң пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлiк есептiң; маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлiк есептiң мазмұны мен құрылымына өзгерiстер енгiзілдi. Елiмiздегi жүргiзiлiп отырған бухгалтерлiк есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. Міне, осыларды ескере отырып, бұрын есепшi деп саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсiпорынның алдағы уақыттағы экономикалық, әл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білу қажет. Сондықтан да кез- келген елде бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп даярлау сол кездегі ұйымдардың экономикалық жағынан тұрақты дамуына кепiлдік береді. Осыдан да болар ғалым Дж. Мэйдiң «Бухгалтерлiк есеп эрасы басталды», -деп айтуы. Сонымен қатар жоғарыда айтылып өткен әлемге аты белгілi ғалымдар Б. Де Солозано, П. Самуэльсон, Дж. Мэй, мен Р. А. Фаулкидiң және Л. Фон Мизестердiң сөздерiн ескерсек, бұл дипломдық жұмыста, «Кез келген саладағы шаруашылықты жүргiзуде жақсы нәтижеге қол жеткiзу үшiн сенімдi кеңес беретін және дұрыс жол сiлтейтiн жалғыз ғана бухгалтерлiк есеп», - деп данышпан ғалым Цирул бекер айтпаған болар.
1 тарау. Бухгалтерлік есеп мәні, мақсаты, маңызы
1. 1. Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі
Бухгалтерлiк есеп өзiнiң бастауы сонау ХII ғасырдан алады. Бұл ғылым туралы алғашқы түсiнiк шамамен 1340 жылдары Генуе қаласында пайда болған. Бухгалтерлiк есептiң алғашқы негiзiн салушы және дамытушысы Француз манахы Лука Пачоли болып табылады. Ол бухгалтерлiк есеп туралы 1493 жылы Шоттар және жазулар деген трактаты жазған. Ал «бухгалгер терминi» ХV ғасырда Австрия қаласында пайда болған. Бухгалтерлiк есеп - ұйымның қаржылық ақпараты белгiлi бiр (белгiленген) әдiстерi мен тәсiлдерi бойынша есептейтiп, өлшейтiн және оны өндеп, тасымалдайтын ғылым. Ол кәсiпорының жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшiн бағыт-бағдар берiп, алдағы уақытта iстелiнетiн жұмысы жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашаққа атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажеттi жүйе болып табылады. Сондықтан бухгалтерлiк есептi бүтiндей халық шаруашылығы есебiнiн ең басты және негiзгiсi деп айтуымызға болады. Бухгалтерлiк есеп ғылымының шығу тарихы ертеден басталған. Ол бұдан көптеген жүз-жылдықтар бұрын қайда болып, бүгiнгi күнге дейiн әрбiр кезеңдердiң уақыт талаптарына сәйкес дамып келедi. Тайпалар арасындағы шаруашылық операцияларына байланысты табылған жазулардан бухгалтерлiк есеп бiздiң заманымызға дейiнгi V ғасырда жүргiзiлдi деген деректер бар. Ал бiздiң заманымызға дейiнгi ІІ ғасырда Грекияда салынған құрылысқа кеткен шығындар есептелiп, салынған ‚үйдiң (ғимараттың) қабырғасына жазылатын болған. Рим империясының квесторлары мемлекеттiк бухгалтерлердi бақылау, оның қорытындысы емтихан қабылдаушы тындаған. Осыған «аудитор» деген термин пайда болгав, Мiне, осы жогарьща айтылғандарға сүйене отырып, бухгалтерлік есептiң тек қана кәсiпорын жұмысының бiр бөлiгiн атқарып қана қоймай, тұтас мемлекеттi басқаруға қатысы бар екендiгiн дәлелдеуiмiзге болады. Сондықтан да болар көрнектi ғалым Б. Де Солозаноның «Бухгалтерлiк есеп болмаса әлемдi басқару мүмкiн емес және онсыз адамдар бiрiн-бiрi түсiнбес едi» - деген.
Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру» туралы заңы елiмiздегi бухгалтерлiк есептi жүргiзу жүйесiн анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын және есепке алудың негiзгi принциптерi мен жалпы тәртiбiн, iшкi бақылау және сыртқы аудит жөнiндегi талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерiн белгiлейдi. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн барлық кәсiпорын бухгалтерлiк есептеу мен қаржылық есеп берудi осы заңға сәйкес жүргiзуге мiндеттi.
Кез келген ұйымда бухгалтерлiк есеп жұмысын жүргiзу экономикалық мәселелердiң негiзгi және басты қажеттiлiгi болып табылады. Бухгалтерлiк есеп арқылы өндiрiлген өнiмдi есепке алуға, сатып-өткiзуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиiмдi де ұқыпты етiп бөлiп жұмсауға, яғни кәсiпорындағы шаруашылық үдерiстердiң барлығы басынан соңына дейiн есептеуге болады. Осы айтылғандарға сәйкес ұйымдағы экономикалық және технологиялық үдерiстердiң, сондай-ақ шаруашылық операцияларының барлығының да есепке алынуы экономикалық талапқа сай бухгалтерлiк есептiң негiзi болып табылады. Жалпы бухгалтерлiк есеп кәсiпорында мынадай қызмет атқарады:
- болашақта (алдағы уақытта) пайдалану үшiн ұйымда болып жатқан операцияларды тiркеп және оны өңдеп отырады;
- ұйымның қаржылық-ақпараттық мәлiметiн өңдейдi, сондай-ақ оны керек уақытына дейiн сақтайды;
- қаржылық-ақпараттың мәлiметтi пайдаланушыларға уақытша берiп отырады, ал бұл ақпаратты пайдаланушылар осы деректер арқылы ұйымды басқару барысында түрлi шешiм қабылдайды.
Көп жағдайда бухгалтер мен есепшінің арасындағы айырмашылығы бiлмегеннің салдарынан бұл екеуiн шатастырып алатындар да жиi кездеседi. Бұлар iс-тәжiрибеде өз қызметтерi барысында бiрiн-бiрi ауыстырып отыратындығы рас. Бiрақ есепшiнiң негiзгi мiндетi шаруашылық операцияларын есептеу, тiркеу және бухгалтерлiк құжаттарды, ақпараттың мәлiметтердi сақтау ғана болса, ал бұл мәлiметтердi өңдеп, оған экономикалық талдау жасап және оны пайдаланушылардың талдауына ыңғайлы да тиiмдi етiп жеткiзiп берiп отыру бухгалтердiң мiндетi болып табылады.
Кәсiпорындардағы бухгалтер маманының қай-қайсының болмасын негiзгi кәсiби мiндетi пайдаланушыларға дұрыс есептелген бухгалтерлiк-ақпараттың мәлiметтердi уақтылы, яғни дер кезiнде беру (ұсыну) болып табылады.
1. 2. Бухгалтерлік есеп мәліметтерін пайдаланушылар және олардың рөлі
Бухгалтерлiк есеп кәсiпорындар мен ұйымдардың пайдаланушыларға берiлетiн қаржылық-ақпараттық мәлiметiнiң көлемiне және мiнездемесiне қарай ұйымдастырылады. Бұл ақпараттың мәлiметтi пайдаланушылардың қатарына қаржы салымшыларын (инвесторларды), несие берушiлердi (банк немесе банктен тыс мекемелер) және бірлесiп экономикалық қызмет жасаушыларды жатқызуға болады. Осы жоғарыда аталған кәсiпорындардың ақпаратын пайдалалушылар маңызды басқарушылық шешiм қабылдау барысында кәсiпорының қаржылық есебiне сүйенедi. Негiзiнен кәсiпорындар мен ұйымдардың қаржылық-ақпараттың мәлiметiн пайдалалушыларды төмендегiдей екi топқа бөлiп қарастырады:
- iшкi пайдалалушылар;
- сыртқы пайдаланушылар
Ішкi пайдаланушыларға осы кәсiпорында қызмет атқаратын тұлғалар, ал сыртқы пайдаланушыларға осы кәсiпорында қызмет атқармайтын, бiрақ оның қаржылық жағдайына қызығушылығы бар заңды немесе жеке тұлғалар жатқызылады.
Сондай-ақ осы қаржылық-атқаратың мәлiметтердi пайдаланушылардың өзi төмендегiдей санатқа бөлiнедi:
- кәсiпорынды басқарушылар (басшылар) ;
- кәсiпорыннан тыс орналасқан, бiрақ оның қаржылық жағдайына тiкелей қызығушылығы бар тұлғалар;
- кәсiпорынның қаржылық қызметiне жанама қызығушылығы бар тұлғалар.
Кәсiпорынды басқарушыларға осы ұйымның алдына қойған мақсатына жетуiне және оның қызметiне толықтай жауапты адамдар жатқызылады. Бұндай адамдарға: кәсiпорынның иесi, кәсiпорының басшысы, директорлар кеңесiнің мүшелерi, менеджерлер, бөлiм басшылары және тағы да басқалар жатқылады. Бұл аталған санатқа жататын адамдарды кәсiпорының:
- соңғы есептi жылдағы таза пайдасының көлемi (мөлшерi) ; нақты алынған табыс көлемiнiң жоспармен сәйкестiлiгi;
- өндiрген әрбiр түрлi өнiмнiң өзiндiк құны;
- қызметтің қандай түрiнен табыс көбiрек алынатындығы және тағы да басқа жағдайлар қызықтырады.
Кәсiпорыннан тыс орналасқан, бiрақ оның қаржылық жағдайына тiкелей мүдделi тұлғалар болып: қаржы салымшылары (инвесторлар), несие берушiлер, жабдықтаушылар және басқалар есептелiнедi. Бұл тұлғалар өздерiнің салған салымдары мен сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтерi, сондай-ақ берген несиелерiнiң уақтылы қайтарым шартын бiлу үшін ұйымның қаржы тұрақтылығы мен төлем қабiлеттiлiгiн зерттейдi. Ал кәсiпорынның қаржылық қызметiне жанама мүдделi тұлғалардың қатарына: салық органы, министрлiктер мен агенттіктер, аудиторлар, сақтандыру компаниялары, сатып алушылар мен тапсырыс берушiлер және тағы да басқа заңды немесе жеке тұлғалар жатқызылады. Кәсiпорының бюджет және бюджеттен тыс мекемелерге берешек төлемдерiн уақтылы төлейтiндiгiн, қаржылық ақпараттық мәлiметтерiнің дұрыстығын және өз жұмысшы-қызметкерлерiмен еңбекақы бойынша уақтылы есеп айырысатындығын қадағалау осы, яғни кәсiпорынның қаржылық қызметiне жанама мүдделi тулғалардың жұмысы болып табылады.
Кәсiпорындар мен ұйымдардың қаржылық-ақпараттық мәлiметтерiн пайдалалушылардың әр түрлi топтарының болуы, бiртұтас бухгалтерлiк есеп жүйесiн екi бөлiкке бөлдi. Соңғы жылдары бiздiң елiмiзде де халықаралық бугхгалтерлiк есеп стандартына сәйкес бухгалтерлiк есептi қаржылық есеп және басқарушылық есеп деп екiге бөлiп қарастыра бастады. Бұндағы қаржының есеп ұйымның iшкi және сыртқы пайдаланушылары қолданатын қаржылық-ақпараттың мәлiметтердi толық қамтитын болса, басқарушылық есеп тек қана кәсiпорынның iшкi пайдаланушыларына керектi өнiм өндiру, табыс табу және оның алдағы кезендегi нәтижесiнiң артуына байланысты ақпараттың мәлiметтердi қарастырады. Белгiленген заңға сәйкес, дұрыс жасалынған қаржының ақпараттық мәлiметтердi дер кезiнде пайдаланушыларға жеткiзiп берiп отыру кез келген кәсiпорындағы бухгалтердiң кәсiби мiндетi болып табылады.
1. 3. Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты
Бухгалтерлiк есептiң негiзгi мақсаты - барлық кәсiп-орындарда орындалатын операциялардың уақтылы есепке алынып, олардың қазiргi күнгi уақыт талаптарына сай орындалуына, яғни жүзеге асырылуына бақылау жасау. Қоғамдық дамудың қай кезеңiнде болмасын бухгалтерлiк есеп кез келген кәсiпорында, яғни өнiм өндiру мен оларды сату, пайдалану, бөлу үдерiстерiмен айналысу барысында жүргiзiлгендiгi бүгiнгi таңда белгiлi болып отыр. Бухгалтерлiк есептiң негiзгi бағыты - кәсiпорындардағы есеп жұмысының саласын арттыруға, есептеу жұмысының барысында қолданылатын, яғни толтырылатын құжаттардың қарапайым әрi түсiнiктi болуына және ондағы көрсеткiштердiң пайдаланушыларға ыңғайлы болуына реттелiп жүргiзiледi.
Бухгалтерлiк есеп ұйымның есеп беру мен басқару, сондай-ақ экономикалық талдау жұмыстарының нақты түрде жүзеге асырылуы қажеттi ақпараттармен қамтамасыз етiп отырады. Бухгалтерлік есептiң тексеру, қадағалау, жинақтау принциптерiн жүзеге асыру арқылы меншік заңдылығы мен қаржы және қаржыландыру тәртiбi, үнемдеу шаралары тиiстi заңдарға сай iске асырылады. Шаруашылық жұмыстарын әрi қарай дамып өнiм өндiрiп көлемiн ұлғайту мақсатында бухгалтерлiк есеп көрсеткiштерi мен зкономикалық талдау әдiстерiн кеңiнен қолдана отырып, кәсiпорын бойынша iске асырылмай келген резерв торларын анықтап, оларды iске қосу үшiн қажеттi шаралар белгiлендi. Бухгалтерлiк есептiн атқаратың мәлiметтерiмен көрсеткiштерiне сүйене отырып, экономиналық талдау кестелерi жасалынады. Сонымен қатар бухгалтерлiк есеп жұмысының қорытындыи құжаттары мен мәлiметтерiне қарай әрбiр ұжымның әлеуметтiк дамуына және ондағы жұмысты-қызметкерлердiң материалдық ынталануына шаралар белгiлеу жұмыстары iске асырылады. Бухгалтерлiк есептiң басты ерекшелiгi сол, ол тек қана бастапқы және арнайы құжаттарға жазылып тiркелген нақты көрсеткiштер негiзiнде жүргiзiледi. Кәсiпорындағы шаруашылық операциялардың тиiмдiлiгi мен олардың заңдылығы, шығындардың орынсыз жұмсалынбауы, материалдық заңдылықтардың қатаң уақыты да тиiмдi жұмсалуы бухгалтерлiк есеп жұмысы жүргiзуінiн мiндеттi болып табылады. Бухгалтерлiк есептiң мәлiметтерi мен көрсеткiштерi қоғамдық өндiрiстiн дамуы экономикалық тұрғыдан зерттеуге бiрден-бiр негiз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлiк есептiң негiзгi мiндетi - халық-шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттiк талапқа сай есептеу жұмысы жүргiзу. Қоғамымыздың даму кезеңдерiнiң қай сатыларында болмасын даму объективтi зкономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шаралары дұрыс белгiлеу үшiн бухгалтерлiк есеп жұмыстары дұрыс ұйымдастыруынын маңызы зор.
Бухгалтерлiк есептiң негiзгi мақсаты - ұйымның өз экономикалық және саяси жағдайына тән шаруашылық қызметiн тиiмдi жолдармен басқаруға қажеттi ақпараттың мәлiметтермен қамтамасыз ету. Қорыта келгенде, бухгалтерлiк есептiң негiзгi басты мақсатына кәсiпорын жұмыстың экономикалық тиiмдi тұрғыдан орындалуы, ұйымның өзiн-өзi қаржыландыруы мен табыс (пайда) табуы жатқызылады.
1. 4. Бухгалтерлік есеп жұмысын жүгізуде қолданылатын өлшем түрлері
Кәсiпорындар мен ұйымдардағы күнделiктi болып отыратын барлық операцияларды, шаруашылық үдерiстерi мен шаруашылық құралдарының қозғалысын олардын өнiм өндiруге қатысуы мен оның нәтижесiн есептеу үшiн үш түрлi өлшем қолданылады.
1) Сандық (натуралдық) өлшем.
2) Еңбек өлшемi.
З) Ақшалай өлшем.
Сандық (натуралдық) өлшем кәсiпорынның кiрiске алынуға, есептен шығаруға және сонымен қатар түгендеуге тиiстi өнiмдерi мен заттарын, материалдары мен негiзгi құралдарын өлшеу, санау, көлемiн анықтау үшiн қолданылады. Бұл сандық (натуралдық) өлшемнiң өзi өлшенетiн шаруашылық құралдарының түрiне қарай әр түрлi болып келедi.
Мысалы: ағашты өлшеу үшiн - текше метр (куб/м), жердi өлшеу үшiн - гектар, астықты өлшеу үшiн - центнер және тағы да басқа өлшемдер қолданылады.
Бұл сандық (натуралдық) өлшемдi қолдану санау, өлшеу арқылы есеп жұмысын жүргiзу барысында қажет. Алайда өндiрiлген өнiмдердi сандық (натуралдық) өлшемдi пайдалану арқылы өлшеумен қатар олардың сапасына және түрiне қарай есеп жүргiзудiң маңызы зор. Саңдық (натуралдық) өлшеммен қоса өнiмнiң сапасын сипаттайтын сапалық өлшемдердi пайдалану арқылы өндiрiлген өнiмнiң төменгi және жоғары дәрежедегi сапасын анықтауға болады. Бiрақ та тек қана сандық (натуралдық) өлшем арқылы жүргiзiлген есеп мәлiметтерi негiзiнде ұйымның жұмысына толық және жан-жақты талдау жүргiзудi жүзеге асыру мүмкiн емес.
Мысалы: тоннамен есептелiнген 100 (бiр жүз) тонна отынға (көмiрге) текше метрмен есептелiнген 150 (бiр жүз елу) текше метр отынды (мұнайды) қоса салып, 250 (екi жүз елу) тонна немесе 250 (екi жүз елу) текше метр отын деп есептеу мүмкiн емес.
Еңбек өлшемi өнiм өндiруге және қызмет көрсетуге жұмсалынған жұмыс уақытын өлшеуге арналған. Басқаша айтатын болсақ еңбек өлшемi бiр ғана өнiмдi өндiруге қажеттi уақытты анықтауға немесе белгiлi бiр уақыт (мезгiл) аралығында өндiрiлiп шығарылатын өнiм санын анықтауға арналған. Бұл еңбек өлшемi жұмыс күшінiң саны, сағаты және минуты сияқты уақыт өлшемдерiн қолдану арқылы жүргiзiледi, жұмыс уақытының көрсеткiштерi кәсiпорындағы жұмысшылар мен қызметкерлерге тиесiлi еңбекақы сомаларын және еңбек нормалары мен оның өнiмдiлiгiн есептеу үшiн қажет. Алайда еңбек өлшемi жұмсалынған еңбек күшiнiң нақты санын анықтауға немесе өлшеуге толық түрде нәтиже бере бермейдi. Олар көп жағдайларда сандық (натуралдық) өлшеммен бiрге қосылып қолданылады.
Мысалы: жұмысшының өнiмдi өндiруге, жасап шығаруға кеткен уақыты (адам күнi, сағаты) мен сол уақыттағы өндiрiлген өнiмiнiң санын анықтау арқылы еңбек өнiмдiлiгi көрсеткiшiн есептеуге болады. Мұндағы өндiрiлген өнiм саны сандық (натуралдық) өлшемге, ал оны өндiруге кеткен уақыт (адам/сағат) еңбек өлшемiне жатқызылады. Еңбектiң ой еңбегi мен жол еңбегi болып бөлiнуiне және еңбектi атқаратын адамдардың жұмысының түрiне байланысты оларға жұмсалған барлық еңбектi ақшалай өлшемге айналдыруға тура келедi.
Ақшалай өлшем кәсiпорындағы жұмсалған шығындар мен алынған табысты, өндiрiлген өнiмдер мен тағы да басқалардың есебiн жүргiзу үшiн қажет. Бухгалтерлiк есеп жұмысын жүргiзу барысында ақшалай өлшем көбiне сандық (натуралдық) өлшем және еңбек өлшемiмен бiрiгiп барлық мәлiметтердi жинақтап қорытындылау үшiн қолданылады.
Мысалы: құрылысты салуға кеткен барлық шығынның құнын анықтау‚үшiн сонымен қатар өндiрiлген өнiмдердi, сатылып алынған тауарды сату, бағалау және тағы басқалары үшiн ақшалай өлшем көп қолданылады. Кәсiпорынның балансын құру барысында да тек қана ақшалай өлшем қолданылады.
2 тарау. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
2. 1. Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі
Бухгалтерлiк есеп жұмысын жүргiзу үшiн кәсiпорында күнделiктi орындалып отыратын барлық операциялардың мiндеттi түрде үздiксiз құжаттарға жазылып отыратындығы бухгалтерлiк есептiң басқа ғылымдардан ерекше екендiгiн жоғарыда айтылды. Бухгалтерлiк құжат деп кәсiпорындар мен ұйымдарда орындалған операцияларды дәлелдейтiн және алдағы уақытта орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтерге беретiн жазбаша куәлiктi атауға болады.
Жалпы кәсiпорындағы атқарылып жатқан жұмыстың, орындалған тапсырманын үздiксiз, белгiлi бiр тәртiппен, арнайы үлгiдегi қағаздарға жазылып және оған тиiстi адамдардың қолдарының қойылуы (қажет болған жағдайда кәсiпорын мен ұйым мөр таңбасының басылуы) құжаттау деп аталады. Сондықтан да құжаттау бухгалтерлiк есептiң негiзi болып табылады. Себебi осы құжаттар арқылы ғана кез келген уақытта кәсiпорын бойынша орындалған жұмыстың, атқарылған қызметтiң жай мерзiмде жасалғанын және оған қандай мөлшерде шығын жұмсалғанын дәлелдеуге болады.
Құжат кәсiпорындағы орындалған шаруашылық операцияларына сәйкес үздiксiз толтырылып, олардың мазмұнын толық ашып көрсетедi және ол бухгалтерлiк есептiң негiзi болып табылады,
Бухгалтерлiк құжат - кәсiпорындағы шаруашылық операциялардың орындалғанын растайтын немесе оны орындауға заңды түрде берілетiн жазбаша куәлiк.
Орындалған шаруашылық операцияларын бастапқы құжатқа түсiрудi бухгалтерлiк есеп теориясында алғашқы есеп сатысы деп атайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz