XVII ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің әлеуметтік- экономикалық және саяси жағынан дамуы
Жоспар
Кіріспе
I-тарау. XVII ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің әлеуметтік-
экономикалық және саяси жағынан дамуы
1. . Петр I саяси тұлға ретінде қалыптасуы
1.2. Ресейдің әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы
1.3. Реформаның алғышарттары
II-тарау. Петр I реформаларының кезендері
2.1. 1697-1702 жылдардағы реформаның бастапқы кезені
2.2. 1703-1714 жылдардағы реформаның ортаңғы кезені
2.3. 1715-1725 жылдарындағы реформаның пісіп-жетілген кезені
2.4. Реформалардың қорытындылары
I-ТАРАУ.
XVII-ғасырдың қарсаңында Ресейдің әлеуметтік- экономикалық және саяси
дамуы. Реформаның алғышарттары мен себептері
1.1. I Петрдің саяси тұлға ретінде қалыптасуы
Ресейдің жаңа дәуірі мен кезеңіне қадам басуын ұлы рефарматор, қоғам
қайраткері, талантты дипломат, әскери қолбасшы Петр есімімен
байланыстырады.
Петр Алексеевич Романов патша 1682 жылы 30 мамырда Кремльде дүниеге
келеді. Петр патша Алексей Михайловичтің он төртінші ұрпағы болса, Алексей
Михайловичтің екінші жұбайы Наталья Кирилловна Нарышкиннің тұнғышы
болатын. Бірінші жұбайы Мария Ильиничтан туылған он үш балалары өте әлсіз,
жастайынан дүние салады.[1:10]
Петр төрт жасында басына үлкен қасірет төнеді. 1676 жылы Алексей
Михайлович дүние салады. Бұл оқиғадан кейін Петр өмірі үлкен өзгерістерге
толы болды. Алексей Михайлович өлімінен кейін, Нарышкиндер мен
Милословскийлердің арасында билік үшін күрес туындайды. Таққа Федор
Алексеевич отырғандықтан, төрт жасар Петрге таққа отыруға ешқандай үміт
болмайды. [1:11]
Петр патша жастайынан шет елдік дүниелер арасында өсіп, патшаға
лайық өмір сүрді. Ескі дәстүр бойынша Петрға білім беру бес жасынан
қарастырылды. Петрдің алғашқы ұстазы ретінде Зотовты атауға болады. Сегіз
жасқа келгенде Петр әйел адамның тәрбиесінен, ер адамның тәрбиесіне көшеді.
Оның тәрбиешісі бояр Радион Мотвеевич Стремнев болады. [2:8]
1682 жылы көктемде ұрпағы болмаған Федор Алексеевич патша қаза
табады. Оның ауру, екі көзі де көрмейтін әлсіз інісі Иван таққа отырғызуға
жарамсыз кандидатура еді. 1682 жылы Федордың жерлеуінен кейін патриарх
Иоанилерінің қолдауымен Петрді патша етіп сайлайды. [17:407] Петр патша
атағын алғаннан кейін Нарышкиндердің жағдайы өзгерді. Ал өктемшіл
Милословскийлер мен Софья патшайым билікті өз қолдарына алуға талпынды. Ол
өз мақсаттарына жету үшін қастандықтар жасауға көшті. Қамқорсыз патша
Иванның қастандықты жүргізе алмайтыны айдай анық болды. Оның басында
айлакер, икемді Иванның үлкен әпкесі патшайым Софья тұрды. Ол Иван
мүддесінен әрекет жасады. Билік үшін күресте олардың негізгі тірегі
стрелецтер полкі болды. Көп кешікпей Мәскеуде стрелецтер полкісінің
көтерілістері басталды. Көтеріліске шыққан стрелецтер жек көрінішті
полковниктерді, стрелецтер приказының басшысы князь М. Долгорукийді қатты
жазалады, патша әйелі Натальяның ағаларын өлтірді. Стрелецтер және
басыбайлылар приказдарын талқандады, өздеріне бірқатар құқықтар мен
артықшылықтар беруді талап етті. Бұл талаптар қанағаттандырылғаннан кейін,
стрелецтер өз бой көрсетулеріне қатысқан басыбайлыларды қатаң жазалады.
[1:13]
Орыс тағында Нарышкиннің он жастағы ұлы ханзада Петр және
Миласловскийдің ұлы ақыл иесі кем ханзада Иван отырғандықтан өкімет
билігі Софьяның және оның фавориті князь В.Голыциннің қолына шоғырланады.
Алайда стрелецтер көтерілісі нәтижесінде өкімет билігін қолдарында берік
ұстай алмады. Стрелецтер және оларға басшылық еткен Хованский князь оқиға
барысында күшті ықпал жасап тұрды. Бірақ өздерінің тарихи сословиелік
мүдделерін ғана көздеген, соған жетуге ғана тырысқан стрелецтер халықтың
басқа категорияларынан жәрдем ала алмады. Олармдың Софья үкіметімен
қақтығысы 1682 жылы Хованскийлерді жазалаумен тынды. [1:14]
Жағдайдың осылай өзгеруі, елде Софья мен Голыцыннің жеті жылдық
мерзімінің билік етуіне әкелді. Осыдан кейін олар өз биліктерін нығайту
мақсатында Речь Посполитамен бейбіт келісім жүргізіп, сәтсіз аяқталған
Қырымға жорығын жүргізеді. Бұл жорықтар билік үшін күрес жүргізіп отырған
Софьяның беделіне кедергі келтірді.
Софья билік еткен кезде Петр анасы Наталья Кирилловнамен
Преображенскийде тұрады. Онда Кремль секілді үлкен сарай орналасқан.
Кремльде Петр сирек болып тұрады. Преображенскийде өмір сүре отырып, ол
өзіне лайықты істермен айналысты. Осы жерде оның қолөнерге деген
қызығушылығы оянды. Ол осы саланы жақсы меңгеріп, он екі мамандық бойынша
жұмыс істей алатын болды. Сондай-ақ ол Батыс Еуропаның қолөнершілерімен
бәсекеге түсе алатын болды.
Жас кезінде Петрді әскери іске деген қызығушылығы өте жоғары деңгейде
болды. Бұл қызығушылық онда бала кезден ойыншық тапанша мен зеңбірек, садақ
пен жебелерден туындаған болатын. Кейін ойыншықтар зеңбіректер мен
тапаншалар шынайы нәрсеге айнала бастады. Преображенский әскери қалашыққа
айналды. Петрдің құрдастары әскери дайындықтар жүргізіп, нағыз күлдіргілер
роталарға айналды. Күлдіргілер ротасы кейін Преображенскиймен,
Семёновскийдің полктарын қалыптастырып, жас патшаның негізгі тірегіне
айналды [1:15].
Көбіне Петрді теңіз ісіне деген құлыншынысы күшті болды.
Зерттеушілердің ойына Преображенскийде тұрып ешқашан теңізді көрмей,
Петрдің барлық істерін екінші орынға ысырып, теңіз ісіне деген құлшынысы
қайдан оянды деген сауал туындайды. Бұл қызығушылықтардың түп тамыры
астролябиемен, сондай-ақ ескі ботикпен, танысуымен байланысты дейді. Бұл
ботиктің маңыздылығы орнатылған желкен желге қарсы жүзе алатын еді.
Ботикті басқару ісімен шұғылдануға талпынысы он алты жасар Петрді
Переясловск теңізіне алып келді [1:15].
Патшаның анасы Наталья Кирилловна Петрді он жеті жасында сұлу Евдокия
Лопухинаға үйлендіреді[3:26]. Петр Иван патшадан кейін үйленеді. Осылайша
екі патшада үйленген болып, бұның өзі сол кездегі дәстүр бойынша кәмелетке
келген деген түсінік берді. Демек Софьяның уақытша билік ету мерзімі
аяқталды. Ал Софьяның билікпен қоштасуға ешқандай талпыныс болмады.
Осылайша ол Петр мен оның жақтастарын құртып жіберу үшін 1682 жылы
көктемдегі оқиғаны қайталауға бет байлады. Бұл жөнінде алдын-ала хабар
болған Петр Троице–Сергиев монастырына жетіп барды, ол жерге оның екі
ойыншық полктері мен оған әбден берілген стрелецтер полкі келіп жетті.
Олардан соң Троицкіге патриарх, боярлар, ақсүйектер шұбырып келді. Софья
және ол тірекші етпек болған стрелецтер аластатылды. Ақырында Софья
Новодевичье монастырында монахтар кельесінің жеке бөлмесіне отырғызылды.
Оның жақтастары плахаға тұрғызылды, демек жазаланды. Стрелецтердің едәуір
бөлігі басқа қалаларға жіберілді. Өкімет билігі тұтасынан Петр қолына
көшті. Ресми түрде Иван патша да бірігіп басқарады. Иван Петрмен ақырға
дейін дүние салғанша 1696 жылға дейін билік етеді. Ал 1689-1694 жылдары
елді Петрдің атынан оның анасы Наталья Кирилловна Нарышкина басқарады.
Петрдің өзі Преображенскийде тұрады. Кремльде ол салтанатты сәттер мен
елшілік қабылдағанда, шіркеулік мерекелерде болып тұрды. Қалған уақытты ол
Переяслав көлінде өткізді[3:27]. Осылайша елді өзі басқарып, державаға
айналдыруға тырысты.
1695 жылы қыс айларында Петр Азовқа қарай жорығын жоспарлайды. Бұл
жорықтың мақсаты Ресейді теңізге шығаруы және татарлар шабуылдап отырған
оңтүстік территориаларды қауіпсіздікпен қамтамасыз ету. Бірінші жорық
сәтсіз аяқталды. Ресейді жеңіске жеткізу үшін флот еңгізу керектігі
аңғарылды. Флот тез арада Воронеж қаласында салынады. Бұл құрылысты салуда
жеке өзі ат салысады. 1696 жылы Азов жаулап алынады[8:22].
1697 жылы патша Ресейді әскери-теңіз ісі бойынша және техникалық
жоспарда Еуропаға жетуге әлі ерте екенін түсінеді. Петр инициативасы
бойынша Голландияға Ф. А. Головин, П. Б. Возницын және Франс Лефорттың
басшылығымен алғашқы ұлы елшілігі жіберіледі. Елшілік жас боярлардан
құралды. Петр Голландияға теңізші Петр Михайловтың атын жамылып астыртын
елші ретінде барады.
Өндіріс пен сауда жағынан жақсы дамыған Еуропаның бай елдерінің бірі
Голландияда Петр тамыздың басында болып, бірден кеме құрылысының орталығы
Саардам қаласына аттанады. Бұл қалада төрт ай бойы кеме құрылысын үйреніп,
Саардам суднасында жұмыс істейді. Кейін елшілік Англияға аттанады. Бұл
жерге келгеннен кейін уақытының көбін кеме құрылысының орталығы болған
Депфордта өткізеді. Патша Англияда Лондондық мекемелерде болып ағылшын
корольдігінің қоғамында болады. Англияның әлемге әйгілі білім мекемелері
Оксфорд университетінде болып, Гринвичтегі астрономиялық консерваториямен
танысады.[5:63] Осылайша ұлы елшіліктің бір мәселесі сәтті жүзеге асырылды.
Бір уақытта елшіліктің мүшелері құпия антитүріктік коалиция құруға
араласады. Алайда Еуропа мемлекеттері Ресеймен байланысуға қорықты.
1698 жылы Мәскеуде стрелецтердің көтерілісі жөнінде хабардар болып
Петр елге қайтып оралады. Көтерілісті осы кезге дейін болмаған қатыгездік
қантөгіспен басады. Елшіліктен оралған бойда Петр атақты реформаларына
көшеді. Біріншіден боярлардан сақалдарын қыру және еуропалық үлгіде киінуге
бұйрық шығарды. Бұл талаптардан кейін көпшілігі Петрді антихрист деп
есептеді. Осы жағдайдан кейін Петр өзінің бірінші әйелімен Евдокия
Лопухинамен ажырасып, шоқындыру кезінде Екатерина есімін иеленген, патша
тұтқыны Марта Сковронскаяға үйленеді. Бірінші некеден патшада Алексей атты
ұлы қалады. [13:89]
1700 жылы Петр Ресейдің Еуропаға жалғыз жолы Балтық теңізі арқылы өту
екенін жақсы түсінді. Бірақта Балтықта талантты қолбасшылар Карл ХII
басшылығымен қожалық еткен шведтер тұрды. Король Ресейге Балтық жағалауын
сатудан бас тартады. 1700 жылы 19 тамызда Петр орыс азаматтарына
шведтердің қауіп төндіргендерін айыптап шведтерге соғыс ашады. Өз
мақсаттарына жету үшін қулыққа жүгіну арқылы шведтерге қарсы Даниямен,
Норвегиямен, Саксониямен одақтасады. Осылайша солтүстік соғыс басталады. Ол
күшті қарулы күшпен Балтық теңізін жаулап алуға талпынып, 35 мың әскерлерін
Нарваға қоршауға аттандырады. Петрдің Нарваға жорығы сәтсіз аяқталады.
[1:34]
1701 жылы патша шведтерге қарсы 40 мыңдық әскерін жібереді.
Орыстардың шведтерге қарсы соғысы 1709 жылы 29 желтоқсанда үлкен қуаныш
әкелді. 25 сәуірде Шереметовпен бірге патша швед бекінісі Ниеншанцті
алады. 16 мамырда қасиетті Троицк күні, яғни Саарам аралында Санк-Петербург
жаңа қаласы тұрғызылады. Осы жылы 1703 жылы бұл қала Петр өзі жылы қабақпен
Голландиядан экипаж қабылдайды. 1706 жылға таман орыс әскерлерінің саны 90
мың адамға жетті.
Швед әскерлерінің Украинаға жылжуы Петр үшін күтпеген жағдай болды.
Петр Полтава түбінде жүргізген қарулы қақтығыстардан кейін Полтаваны
шведтерден тазартады. [8:191] Полтава түбіндегі жеңістен кейін орыстар
Балтық жағалауын жаулап алуды жалғастыра береді. Австрия императоры өзінің
қарындасын Петрдің ұлы Алексейге тұрмысқа беруге әзірленеді.
1710 жылы Түркия Ресейге соғыс ашады. Ресей бұл соғыста сәтсіздікке
тап болып, 1713 жылы Адрианопольск бейбіт шартқа келіп, нәтижесінде Азов
Түркияға беріледі. Гольштейнде соғыс жүргізуді патша көмекке жіберіп, Дат
короліне тапсырады. Ресейге оралар тұсында Петр солтүстік соғысқа тартқысы
келген жас прусс королімен Ганноверстік курфюрстқа соғады. Король өз
әкесінен үлгі алып, патшаны бейбітке шақырып, Швецияға қарсы қимыл
жасамайды. 1713 жылы жазында Петр 12 мың әскерімен Петербургтан
Гельсингфорсу приставасына жүзіп келіп, одан швед генералын қуып шығып,
Финляндиядан әрі қарай қимылдайды. Оны вице-адмирал Апраксинге тапсырады.
Финляндия астанасы Абоны иемденіп, Апраксин және Голицын швед генералы
Армфельдті талқандайды. Меншиков пайдасына мәмілегерлік жетістіктер түседі.
Ол Голштейн министрі Герцоммен кездесіп, Гольштейн үйімен одақ құру
нәтижесінде жас герцог пен Петрдің қызы Аннамен некелерін қияды. Бұл
ұсыныстар Петрге ұнап, ол одақтастар жинайды. 19 қыркүйекте Штеттин
берілді. Финляндияны жаулап алу сәтті жүріп жатты. Нәтижесінде одақтастар
Карл ХII үстінен шешуші жеңіске жетеді. Осыдан кейін дипломатиялық
жақындасулар басталады. [7:27]
1716 жылы көктемінде Данцигте патша өзінің жиені Екатерина
Иоанновнамен Шепненбургтік герцогпен некелерін қияды. Штеттинде прус
королімен кездесіп, ол Дат королімен Альтонде кездеседі. Олардың арасында
өздерінің әскери және теңіз күштерін Копенгагенде біріктіреді. Петр өзінің
жеке өзінің бақылауына галерлік флотты алып, 17 шілдеде Копенгагенге
келеді. Копенгагенде Петр үш ай болады. Бірақ та орыстардың даттармен одағы
жүзеге аспайды.
Қысты Петр Голландияда өткізеді. Сәуірде Гаагадан Брюсель арқылы
Францияға атанады. Онда корольмен
достық қатынас орнатады. Петрдің Франциядағы сапары Париждіктерді таң
қалдырады. Барлығы орыс патшасының қарапайымдылығына және іскерлігіне, оның
жан-жақтылығына таң қалады. Патшаны Луврге орналастырады. Алайда патшаға ол
тым сәнді көрініп, келесі күні қонақ үйге орналасады. 2 тамызда ол
Амстердамға қайтып оралып, Берлин мен Данциг арқылы Петербургке оралады.
[12:22]
1714 жылы Петр Орталық Азияға зерттеу жұмыстарын жіберді. 1715 жылы
көктемде экспедицияға аттанады. 1717 жылдағы бір экспедиция Хиуада болады
1716 жылы желтоқсанның аяғында Карл ХII Норвегия бекінісін қоршау
кезінде қайтыс болған деген хабар келеді. Швед тағы оның қарындасы Ульрикс
Элеонораға көшеді. Ол Гессен-кассельскийде тұрмыста болатын. Швеция үшін
басқа державалармен одақтасуға үлкен мүмкіндік туды. 1720 жылы маусымда
Швеция мен Дания арасында бейбіт келісімге қол қойылады. 30 тамызда 1721
жылы солтүстік соғысты аяқтайтын бейбіт келісімге қол қойылады. Лифляндия,
Эстляндия, Эзель аралын, Дого мен Мон, Ингерманландия, Корелий мен
Виборгтің бір бөлігін шексіз иелікке алып, қалған Финляндияның бөлігі
Швецияға берілді. [7:132]
Осы уақыттан бастап Ресей жалпы еуропалық саясатта тұрақты, белсенді
мүше болады. Швециядан теңіз жағалауларымен провинцияларды жаулап алу
нәтижесінде Ресей бірден-бір Еуропадағы мықты, күшті державаға айналды.
Ішкі саясатта үлкен өзгерістер енгізеді.Бюрократиялық жүйенің күшеюі
нәтижесінде сенат құрылады. Ол жоғарғы сот және жекелеген заң органдарына
айналды. Коллегия жүйесі пайда болды. Шіркеу сенаттың бақылауына еніп,
патриархалдық пен көптеген шіркеулік тармақтар алынып тасталып, шіркеу
жерлерін секуляризациялау басталды. Орталық билікті күшейткеннен кейін Петр
жергілікті билікті күшейту саясатын жүргізеді. Мемлекет он бір губернияға
бөлінеді. Ол губерниялар өз кезегінде провинцияларға, провинция–уездерге
бөлінеді. Осының әрқайсысының басында жоғарғы шен тұрды. Осындай жүйені
еңгізгеннен кейін, жергілікті басқару оңай жүзеге асты. Ішкіш адамдар
топтан шектетілгеннен кейін, мануфактурада жұмыс күшінің жетіспеу
мәселесіне тап болды. Петр Исаак Ньютон Ұсынған ақша реформасын еңгізді.
1700 жылы Алексей Курбатовтың ұсынысымен Ресейдің қазынасын толтыруға
гербтік (орпендік) қағаз еңгізді. Осы жылдың бірінші наурызынан бастап іс
жүргізуде оның жақ бұрышында екі басты бүркіт салынған арнайы қағаздар
қолданылды. Петр I Ресейдегі күнтүзбені алып тастап, Юлиандық күнтізбе
еңгізді. Сонымен қатар Жаңа жыл бұрын күзде бірінші қыркүйекте тойланса, ол
енді қыста бірінші қаңтарда тойлауды бұйырды. [13:86]
Патшаның бірінші некеден көрген ұлы Алексей Преображенский ауылында
Взямеский князінен кейін неміс тәрбиешісінің қарауында болады. Оны жаңа
мұғалім Гюстен ауыстырады. 1703 жылы Петр ұлын полкке шақырып, оны солдат
(жауынгер) етіп тағайындайды. Алайда Алексейге шешесі жағынан берген
тәрбие, әкесінің ісіне деген өктемшілдік басым болады. Сондай-ақ Меншиков
өз жағынан ханзаданың әкесінен айырылуына әрекет жасайды. Петр әрқашанда
Алексейге өте қатал талаппен қарады. 1718 жылы Петропавл бекінісінде әлі
күнге дейін белгісіз жағдайда Петрдің бірінші некесінен туған Алексей дүние
салады. Кейбір мәліметтерге қарағанда мұрагердің өліміне оны сатқындықта
айыптаған патшаның қатысы бар деген пікірлер туындаған. [2:147]
1722 жылы Ресей Оттомон және Персия империясы арасындағы соғысқа
араласады және бірінші болып Каспийді жаулап алады. Осы жылы Петр
мұрагерлік жөнінде қаулыға қол қойып, ол осы бойынша Ресейдің ендігі
дамуында Петр өзіне мұрагерді өзі тағайындайды. Тақты мұрагерлік бойынша
ешкімде иелене алмайтын болды.
1723 жылы Ресейге Персия ханы әскери көмекте қолдау көрсеткені үшін
Каспий жағалауының шығыс және оңтүстік территорияларын берді.
1724 жылы Петр I өзінің әйелі Екатеринаны императрица деп
жариялайды. Бұл Пётрдің тақты Екатеринаға қалдыру мақсатында жүргізілді.
Екатерина Петрді өзінің сұлулығымен, ақылдылығымен баурап алады. Сондай-ақ
орыс тілін меңгеріп, провослованияны қабылдайды. Ер адам жағынан Петрде
Алексей өлімінен кейін, мұрагер қалмайды. Екатеринадан оның бірнеше
балалары болса да, солардың ішінен тек екі қызы Анна мен Елизавета тірі
қалады. Екатеринаны императрица етіп жариалағаннан кейін, ол Петербургте
қызы Аннаның Гоштин принцімен некесін қияды. Осы кезде Петрдің жасы 53-ке
келді. [13:90]
Қазанның аяғында ол Сестрорецк зауытын қарамақ болып, Систербекке
жүзеді. Алайда сәтсіз сапардан кеме апатына ұшырап, адамдарға көмектеспек
болып, суға түседі. Осылайша жиырма шақты жауынгерлер пен матростарды аман
алып қалады. Таңертеңіне патша әлсіздікті сезініп, кейін Петербургке
оралады.
Петрдің деңсаулығы күннен-күнге нашарлай береді. Оның ағзасына тастай
батқан ауру ушыға берді. 1725 жылы 28 қаңтарда Санк-Петербург қаласында
Пётр дүние салады. Петр Петропавл бекінісінде жерленеді. [3:561]
I Петр аса көрнекті тарихи қайраткерлердің қатарына жатады. Оның
табиғи ақыл иесі болды, көреген, мемлекеттік ой-өрісі кең, батыл, еңбекқор
адам еді. Оның жеке басының қабілеттілігімен нысаналы қызметі қайта
құрулардың табысты болуына көп ықпал жасады. Әскери қайраткер, дипломат
ретінде Петр жағдайды парасатпен пайымдап бағалайтын, онда тұрған мақсатты
жүйелі түрде жүзеге асыра білетін адам еді. Солтүстік соғыстағы барлық
шешуші шайқастар Петрдің өз басының қатысуымен жеңіске жетті. Ол өзінің аса
көрнеті қолбасшысы ретіндегі қабілетін көрсетті. Күрделі де құбылмалы
жағдайда Ресей мүддесін орынды қорғай білген ұлы держава ретінде Ресейдің
халықаралық қатынастары мен беделін нығайта білген ол тұстағы орыс
дипломатиясының едәуір жетістіктері де Петрдің есімімен байланыстырылады.
[28:174]
Петр әр-түрлі өнерпаздыққа көркемөнер мен әдебиетке ғана үлкен зейін
аударып қойған жоқ. Сонымен бірге жаратылыстану ғылымдарына да үлкен зер
салды. Математика, химия, физика, кеме жасау ісі және басқалары саласында
оның бірқыдыру білімі бар еді. Оның чертёждері бойынша көп қарбіректі
кемелер жасалды, бекіністер салынды. Артиллерия зеңбіректері құйылды.Петр
қабілеті адамдарды,кейде тіпті тегі төмендердің өзін көтермелеп отырды.
Сонымен қатар қайта құруларға қарсы шыққандарды қатаң жазадады. Ол орыс
дворяндарының арасынан білімді мамандарды даярлауға үнемі көңіл бөлініп
отырды. Бұл істе едәуір табысқа жетті.
Аса көрнекті қайта құрушы қайраткердің тарихи еңбегін атап
көрсете отырып, оның реформаларының таптық мәнін ескермеуге болмайды. А. С.
Пушкиннің дәлме-дәл атап көрсеткеніндей I Петрге шыдамсыз, әміршіл
помещиктің мінезі тән еді, ал оның қаулы көбінесе қатыгез, өзімшіл
түрде жазылған тәрізді болатын. Дворян ақсүйек патшасы Петр ауыр езгі
туғызған халық көтерілістерін аяусыз басып, жаныштады, орыс және өзге
шаруаларды басыбайлыққа салды, оларды зауыттарға тіркеп берді,
помещиктерге үйлестірді және оларды қатаң қамауға душар етті. Оның өз басы
мінезінің жиренсіздігімен,қатыгездігімен, өзімшілдігімен ерекше көзге
түсті. [16:483]
Ұлы Петр рухани жағынан қарапайым адамдардың бірі еді. Петр алып
адам. Бойы 197,8 см 3 аршын болды. Пасха кезіндегі шоқынуда ол әрдайым белі
ауырғанша еңкеюі керек болды. Ол жастайынан әлді болды.
2. Ресейдің әлеуметтік- экономикалық және саяси дамуы.
XVII ғасырда Ресей елі артта қалған ел қатарында болды. Артта қалушылықты
топырақ –климаттық жағдайының қолайсыз болуы емес, қолайлы теңіз
жағалауына шыға алмауымен сипатталады. Елдің экономикасының құлдырауы Ресей
территориясында шет елдіктерінің интервенцияларының басым болуынан болған
еді.
Артта қалған экономикасына артта қалған қоғамы сәйкес келді.XVII
ғасырдың екінші жартысында Нидерландия мен Ұлыбританияда буржуазиялық
революция бұрқ етіп, капитализмнің даму жолына түскен еді. Батыс Европалық
өзге елдері Франция, Швеция, Данияда феодалдық режим сақталғанымен,
басыбайлық құқық жойылған болатын. [1:7]
XVIIғасырда Ресейде ауыл шаруашылығы халықтың көшіп қонуы мен
сипатталады. Ауыл шаруашылық саласында өндіргіш күштердің өрлеуі ең алдымен
орыс шаруаларының кең байтақ жаңа жерлерді игеру есебінен болды. Халықтың
қоныстануы әсіресе XVII ғасырдың екінші жартысында күшейе түсті.
Шаруалардың шеткері аймақтарға кетулері ел ішінде шаруаларды
крепостнойлыққа айналдырудың және феодалдық езгінің күшеюі мен тығыз
байланысты болды. Патша үкіметі мен феодалдар хылықтың кетуін тоқтауға
әрекет жасап бақты, қашқындарды қудалап қатты жазалады. Шаруалардың және
еңбекші халықтың басқа категорияларының күшімен Сібірьде: Тобыл, Томск-
Кузнецк, Енисей-Красноярск аудандарында айдамалы егіншілік ошағы жасалды.
Жаңа облыстарда егіншіліктің тарауы олардың мұнан былайғы жерде
экономикалық дамуы үшін маңызды зор болды. Егіншілікке үш танапты егіс
басым жүйе болып қала берді. Далалық жерлерде тыңайған жерлерді
пайдаланылды. Сибирьде үш танапты егіс XVII ғасырдың екінші жартысында
енгізіле бастады. Барлық жерде бірдей бұрынғысынша көбінесе қара бидай мен
сұлы егілді. Оңтүстік жерлерде бірте-бірте арта берді. Егіншілік құралдары
бұрынғысынша соқа мен тырма болды. Егіншілік техникасында кертартпалық
басым еді, ол мұның өзі феодализм дәуірінде жалпы тән нәрсе болатын.
Егістік жерлерді көңмен өңдеу әдетке айналды, бұл іс әсіресе Солтүстік пен
орталықта кең өріс алды. [20:248]
Өнімді тікелей өндірушілердің крепостнойлық жағдайы, егіншілік
техникасының тоқырауы ауыл шаруашылық өнімділігінің өсуін мықтап тежеп
отырды және ауыл шаруашылығына тән сипат ретінде оның тұтас алғанда
натуралдылығын сақтады. Сонда да болса XVII ғасырда ауыл шаруашылық
өнімдерінің тауарлық айналысы мен тауарлық өндірісі тұтасынан алғанда
артты. Бұған егіншіліктің жаңа өте мөте құнарлы жерлерге төрлеуі, астықты
тұтынатын орталықтардың қалардың, астық өндіруімен кәсіпшілікпен
шұғылданатын аудандар санының өсуі себеп болды. XVII ғасырда Солтүстікте,
Повольже мен орыс мемлекетінің оңтүстік уездерінде астық өндіретін бірнеше
аудандар пайда болды.XVII ғасырдың соңғы ширегінде рынокқа түсетін астықтың
кейбір бөлігін Сібірьдің ауыл шаруашылығы бере бастайды. Бұл аудандарда
товар өндірушілер ауқатты шаруалар болды. XVII ғасырдың соңғы ширегінде
Ряжск, Рязань,Тула, Орлов және оңтүстіктің басқа уездерінде егіншілік
феодалдар шаруаларда ұлғая түсті. XVII ғасырда ауыл шаруашылығының
дамуындағы жаңа және маңызы құбылыс оның өнеркәсіп және сауда
кәсіпкерлігімен байланысты болғандығын атап өткен жөн. Кейбір ірі феодалдар
ауыл шаруашылықпен қоса қант, смола өндірумен, шарап қайнату, былғары
жасау, кендір сатып алу және сату ісімен тағы басқа шұғылданды. [19:189]
Экономикада натуральдық шаруашылық сипаты бұзылып қолөнер мен ұсақ
товарлы өндіріс дамыды. Бұл өндіріс XVII ғасырдың өнеркәсіп өндірісінің
басым формасы болды. [19:190] Қолөнершілердің арасында өте- мөте көп топ
салығырт өтейтін қолөнершілер посад халқының негізгі бұқарасы болды.
Салғырт өтейтін қолөнершілер тапсырыс бойынша жұмыс істеді, бірақ бұлар
рынок үшін жұмысістеуге қолөнершілердің басқа санаттарынан бұрын көшті.
Сарай маңындағы қолөнершілер патша сарайын әртүрлі мұқтажы үшін жұмыс
істеді; қару – жарақ, әшекейлі бұйымдар, киім – кешек және басқаларын
жасады. Үшінші топқа қазына қолөнершілері яғни мемлекеттік мекемелердің
қарамағындағы, олардың тапсырыстарын орындап, қазынадан ақша мен нан алып
тұратын қолөнершілері жатады. Ірі қорғаныс құрылысы мен мемлекеттік басқа
құрылыстар салу жұмысы қолөнершілердің тіркеп қойылған қолөнершілер деп
аталды. Төртінші тобын тасшылар, кірпішшілер құрады. XVII ғасырдың аяғында
тіркеп қойылған қолөнершілер санаты жойылады, өйткені қазына жұмыстарын
мәрдегерлік әдіспен істеудің аса тиімді және қолайлы екендігі анықталды.
Бесінші топқа жекеменшік қолөнершілер жатты. Бірақ қолөнершілердің бұл тобы
XVII ғасырда едәуір азайды. Феодалдар өздерінің мұқтаждары мен керектерін
көбінесе рынок арқылы қанағаттандыратын болды. XVII ғасырда қолөнерді ұсақ
товарлы өндіріске айналдыру процесі күшті жүрді. Ұсақ өндірушілердің едәуір
бөлігі жеке тапсырыс емес рынок үшін жұмыс істеді. Бірсыпыра орталықтар
өсіп шықты. Бұларда қолөнер өндірісінің белгілі бір салалары шоғырланды.
Темір кенін өндіру және өндеу жөнінде сөз еткенде ең алдымен Тула Серпухов
ауданын атап өткен жөн, бұл ауданда темір ұсталары едәуір көп болды және
темір жасайтын тұңғыш мануфактура пайда болды. Металл өндіру мен метал
өндеудің аудандары Устюжна Железнопольск, Заонежье, Устюк, және басқалары
еді. Москва асыл металдарды өңдеу орталығы болды. Нижегород уезінің Павлов
ауылында металлургия өндірісі туды. Арнаулы базаларда жалпы ресейлік рынок
қалыптасты. Қолөнерді ұсақ товарлы өндіріске айналдыру процесі
шаруашылықтың басқа салаларында байқалды. Техникалық дақылдарды зығыр мен
конопляны өндіру өндеу жұмысымен орыс мемлекетін солтүстік батыс және батыс
аудандары сол сияқты Ярославль, Вологда, төменгі Новгород және басқа
орталықтары шұғылданды. Ярославль былғары өндірісінің аса ірі орталығы
болды. Тері илеу өндірісі негізінен Москвада шоғырланды. [19:190]
Өндіргіш күштерінің дамуында мануфактураның пайда болуы маңызды орын
алды. Бұлардың алғашқыларының негізін XVII ғасырдың 30 – жылдары
шетелдіктер қалаған болатын.[27:28] Кейін оларды орыс көпестіктері мен
помещиктері салдыртты. Олардың саны көп болмағанымен өндіргіш өнімнің
мөлшері рынокта көп болды. Өндірісті ірілендіру және онда жалдамалы еңбекті
пайдалану XVII ғасырда пайда болған мануфактурадан анық көрінді. Сол
кезеңдегі мануфактураның ірі өндіріс формасы: зеңбірек сарайлары, ақша
сарайлары болды. Ақша сарайлары әсіресе XVII ғасырдың 50 – 60 жылдары
өсті, бұл жылдары мыстан орасан көп мөлшерде ақша соғыла бастады. Ақша соғу
процесі егжей – тегжейіне дейін бөлініп қажетті техниканың бәрімен
қамтамасыз етілді. Қару – жарақ палатасындағы жұмыс арнаулы шеберханаларда
ішінара ғана істелді, шеберлердің көпшілігі үйлерінде істеді. Сонымен бұл
бытыраңқы типтегі мануфактура болды. XVII ғасырдың ішінде темір, мыс, алтын
мен күміс кендерін іздеу жұмысы жүргізілді. Шойын қорыту мен темір жасау
зауыттары ең алдымен қазынаның қажетін өтеу үшін пайда бола бастады.
Қолөнер мен ұсақ тауарлы өндіріс ауыл шаруашылық құрал – саймандары мен
тұрмысқа керекті заттар мануфактурамен ойдағыдай бәсекелесті, бұл заттарды
олар рынокқа мол шығарды. [15:234] Москвадағы Хамов сарайы мата
мануфактурасы болды, ол сарай басқармасына бағынды. Москва түбіндегі
аудандарда әйнек зауыттары пайда болды. XVII ғасырда тұз едәуір мөлшерде
өндірілді. Тұз қайнатудың аса ірі орталығы Соль Комская болды. Ғасыр
аяғында бұл жерде 200 – ден астам тұз қайнатқыш жұмыс істеді және жылына 7
миллионға жуық пұт тұз қайнатылды. Бұл саланы игеру барысында күрделі
техника пайда болды. Волганың төменгі ағысындағы көлдерде тұнып қалған
тұзды алу күшейді.
XVII ғасырда мануфактура әлі де аз болды және олар Ресейдегі өнеркәсіп
өндірісін жалпы құрылысына аз да болса елеулі ықпал жасай алмады. Бұлардың
кейбіреулері тез жабылып қалып ұзақ уақыт өмір сүре алмады. Алайда барған
сайын жаңа мануфактуралардың пайда болуы анағұрлым ірі өндіріске деген
пісіп жетілген қажеттің бар екендігін көрсетті. [20:251]
XVII ғасырда ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте өндіргіш күштердің жалпы
өрлеуі аудандарды өндірістік жағынан мамандандыру және қоғамдық бөлінісін
одан әрі күшейе түсуі негізінде ұлттық көлемде сауда байланысы артты,
жергілікті ұсақ рыноктардың бүкіл Ресейлік рынокқа айналуы басталды.
Өндіргіш күштердің дамуы ішкі тұтынудың өсуі сол сияқты Ресейдің Шығыс және
Батыс Европа елдерінің арасындағы маңызды транспорт жолдарында алатын орны
сыртқы сауданың өркендеуіне жәрдемін тигізді.
Интервенция кезінде қаржы жүйесі әбден кері кетті. Қазына қаңырап
бос қалды. Қазынаны толтыру үшін ең алдымен сұрақ ақша мен бестік ақшаны
шұғыл жинау шаралары жүргізілді. Бұл салықтар арқасында мемлекет қазынасына
көп мөлшерде кіріс түсіп отырды. Мемлекет кірісі тек халықты сору есебінен
ғана емес сонымен қатар елде өндіргіш күштердің өрлеу есебінен де өсті.
Еңбекші халық жаңа аудандарды қоныстанды, жер жыртуды ұлғайтты. Өздерінен
кәсіпшілік және сауда жұмыстарын күшейтті, сөйтіп мемлекетке жаңа кіріс
тауып беріп отырды. Интервенция елдің күйзелуі үкіметті XVII ғасырда бүкіл
мемлекет көлемінде жаңа жазу кітаптарын жасауға мәжбүр етті. XVII ғасырдың
ортасынан бастап салық кітаптары жасалып, үй – үйге кіріп санақ алды. Бұл
кітаптар алым – салықтық мақсат емес, салғырт өтейтін халықты құлдыққа
түсіру мақсатын көздеді. Алайда үкімет осы кітаптарды бірсыпыра жаңа салық
жинау үшін пайдалана бастады, салықты үй санына қарай есептейтін болды.
Орыс мемлекетінің қаржысында жанама салық баж салығы мен ішімдік салығы
едәуір орын алды. [15:235]
Елдің өндіргіш күштерінің күй жайында болған өзгерістер өндірістік
қатынастармен бүкіл әлеуметтік құрылысқа әсер етуі керек болды. Феодалдар
топ-сословие болды, бұл топ сословиенің сол кездегі басқа таптардан
өзгешелігі халық қоныстанған жерлерді иеленуге құқығы болды. [20:256] Бұл
үшін феодалдар қызмет адамдары мемлекеттік, ең алдымен әскери қызмет
атқаруға тиісті болды. XVII ғасырда қызмет адамдары негізгі екі категорияға
бөлінді:1) ата тегіге қарай қызмет атқаратындар және 2) ата тегіне
қарамастан үкіметтің қызметке шақырған адамдар. Қызмет адамдар жерге
едәуір дәрежеде емін еркін қожалық ете бастады. Жерді айырбастады,
басқаларға берді. Басқаша айтқанда, поместені сатты, сатып алды. Феодалдар
XVII ғасыр бойына жаңа жерлер басып ала берді. Сарай жерлерін үлестіру
патшаның туған туыстарына үлестіріп беру осы кезенде де байқалды.
Дворяндардың жер иеленуі оңтүстіктегі игерілмеген меңіреу даланы сыйлыққа
беру есебінен де өсті. Бұл жерге крепостниктік жер иелері әсіресе XVII
ғасырдың соңғы ширегінде ағылып келе бастады. Феодалдар жаңа иеліктерін
ішінара өздерінің басқа иеліктерінен басыбайлы шаруаларды әкеліп
қоныстандыру есебінен көбінесе қашқын шаруалар мен жергілікті халықты
басыбайлыға айналдыру есебінен игерді. 1678 жылы санақ кітаптарды өздерінің
әлеуметтік үстемдігін орнықтыру ісіне дворяндардың қандай нәтижеге
жеткендігі жөнінде айқын түсінік береді. Санақ бойынша кітаптарға тіркелген
888 мың салғырт өтейтін үйдің 595(67%) мыңы дворяндардың 118 мыңы(13,1%)
шіркеудің, 83 мыңы (9,3%) сарайдың қарамағында болды,тек 92 мыңы(10,4%)
ғана посадтар мен қара соқалылар болды, яғни салғырт өтейтін халықтың
шамамен 90% басыбайлы феодалдар қарамағында еді. [23:131] Басыбайлық жер
иеленудің ұлғаюы мен нығаюы шаруаларды қанаудың күшеюімен сөзсіз қатар
жүріп отырды. Феодалдық рентаның аралас түрі натуралды оброк пен ақшалай
оброк және бұлармен қатар барщиналық міндеткерліктер өтеуі түрі аса кең
өріс алды. XVII ғасырдың ішінде Мәскеу өлкесінде барщина қысқарып,
шауаларды оброкқа көшіре бастауы және оброкты ақшалай төлеу басымырақ
болады. Феодалдық міндеткерліктің өсуі, екінші жағынан, феодалдардың
әсіресе ірі феодалдардың, кәсіпкерлік істің кейбір түрлеріне айналыса
бастауымен байланысты болды. Феодалдық езгінің күшеюіне үкіметтің қолданған
шаралары жәрдемдесті, бұл шаралар жер иелерінің шаруаларға үстемдігін
арттырды. XVI ғасырда қалыптасып қала берген басыбайлық құқық бұл кезенде
де өз көрінісін тапты. Алайда XVII ғасырда болған оқиғалар, әсіресе
шаруалар соғысы, сол сияқты интервенттерге қарсы халық күресі шаруаларды
басыбайлылыққа салудың барысында кейбір өзгерістер енгізді. Көптеген
шаруалар өздерінің вотчиналары мен помещиктерінен қашып кетті, олардың көбі
казактардың қатарына қосылды. [24:37] XVII ғасырда қара соқалы шаруалар
Поморье уездерінде, сол сияқты Сибирьде сақталды. 1678 жылы санақ кітаптары
бойынша шамамен 50 мың үй қара соқалы шаруалар болды. Қара соқалды
шаруалардың салғырт өтейтін участектері, қара жерлері болды. Осы
участоктер мен кәсіпшілік жер-судан олар мемлекетке төте ақша салығын
төледі. Қара соқалы шаруалардың қауымдық ұйымдары қара соқалы шаруалардың
міндеткерлікті дұрыс өтеулері жөнінде мемлекет алдында жауап берді. Олардың
көшіп қонып жүру бостандығына қысым жасап отырды. Феодалдық қанаудың
өрістегені сонша шаруаларды кедейлік халге жеткізді. Кедей шаруалар
қатарына қара бастылар жатты. Олар мемлекеттің пайдасы үшін шаруалар
салғыртын өтемеді, егістік жер өңделмеді, тек қана помещикке жиі-жиі оброк
төледі. Қара бастылар ішінде қолөнершілер мен сауда адамдары да көп болды.
XVII ғасырдың ішінде посад халқының саны өсе берді. Бұл ең алдымен қала
санының өсуімен байланыстыболоды. Сол кезде қаланың бекініс ретінде және
посадтың сауда өнеркәсіп қаласы ретінде бірінен бірі үлкен айырмашылығы
болды. Посад барлық қалада бірдей болған жоқ. Өте-мөте ірі посадтар елдің
орталық және солтүстік облыстарында еді. Ғасырдың екінші жартысында халық
шамамен 2010 мыңға жеткен орыс мемлекетінің астанасы Москеуде 80 –нен астам
слобода, ел оларда 8500 үй болды, бұлардың халқы қолөнер және саудамен
кәсіп етті. Ғасырдың аяғына таман посад адамдарының саны елдің бүкіл
халқының 3%-нен сәл кемірек болды, ал оның саны XVII ғасырда шамамен 10-12
миллион адамға жетті. Кейде посад типтес едәуір үлкен қоныс болған
селоларда да сауда-өнеркәсіп халқы болды. [19:183]
XVII ғасырда орыс мемлекеті тарихының өткен дәуірлер тарихынан
өзгешелігі, бұл ғасырда тап күресі күшті шиеленісе түсті. [21:76]
Шаруалардың және бұлармен тығыз байланысты қоғамдық басқа жіктердің бас
көтерулері кең өріс алды. Бұл бас көтерулерді көлемі мен күші жағынан
шаруалар соғыстары деп атауға тұрады. Қалалық көтерілістер де болды. Тап
күресінің мұндай шиеленісуіне ел экономикасының жалпы алға басқандығы,
тауар –ақша қатынастары мен рынок байланыстары бүкіл ресейлік көлемде
өркендеуі себеп болды, феодалдардың шаруаларды қанауының және
крепостнойлыққа салуының жалпы күшеюі осы өзгерістерге байланысты болды.
Екінші жағынан орталық өкімет орындарын нығайту алым-салық езгісінің
күшеюімен қатар жүрді. XVII ғасырда тап күресінің барысында қоғамның
крепостниктік –помещиктер және крепостниктік-шаруалар болып негізгі
бөлінуі айқын көрінеді. Жалпы айтқанда XVII ғасырдың аяғында Ресейде халық
саны 13 миллион адам болды. Халықтың басым бөлігі Европалық Ресейдің
ортасында орналасты.[20:201]
Ресейдің саяси өмірінде үлкен өзгерістер болып отырды. Ғасырдың
екінші жартысында абсолюттік монархияға өту басталды. [22:106]
Абсолютизмнің орнауымен байланысты сословиелік-өкілдік монархия дәуірінде
патша өкіметімен қатар өмір сүрген негізгі орта ғасырлық мекемелер құрып
кетті, сол сияқты абсолюттік мемлекетті басқаруда шіркеудің маңызы
нашарлады. XVII ғасырда ресми құжаттар мен публистикада самодержавияның
ежелден келе жатқандығы және оны орнатқандығы жөнінде мәселе идеоллгиялық
жағынан дәлелденді. Патша билігінің тежеусіздігі идеясын әсіресе Алексей
Михайлович патша(1645-1676ж) табандылықпен дамытты. [25:375] В.И.Ленин XVII
ғасырдағы монархияны боярлық думасы бар монархия деп атады. Боярлық думасы
патшамен бірге жұмыс істеді. Патша өкіметінің Боярлық думасымен байланысы
олардың таптық мүдделерінің бір екендігін білдіреді. 1678 жылы мәліметке
қарағанда думаның 88 мүшесінің 45 мың үй крепостной шаруалары болған.
Патшаның өзі ірі жер иеленуші еді. Оның сарай иеліктерінде 88 мың шаруалар
үйі болды. Боярлар думасы боярлардан, Окольничийлық думалық дворяндар мен
думалық дьяктардан құралды. Алғашқы екі шеннің құрамында XVII ғасырда
барлық аристократия бұрынғы ұлы екі үлестік князьдардың үрім бұтақтары
басым болды. Думада думалық дворяндар мен думалық дьяктардың болуы оның
кейбір жағынан бюрократтанғандығын көрсетеді. Шыққан тегі жағынан атақты
адамдар болмаса да Боярлар думасында тәжірибелі іскер адамдар, қиын істерді
жүргізудің білгіштері ретінде думалық дьяктардың маңызы зор болды. XVII
ғасыр бойына Боярлар думасының құрамы өзгеріп отырды, мұның өзінде онда
думалық дворяндар мен думалық дьяктардың саны үнемі артумен болды. 1678-
1679 жылдары думада 42 боярин, 27 окольничий, 19 думалық дворян мен 9
думалық дьяк не бары 97 адам болды.
Шексіз биліктің нығаюы осы Боярлық думанының құрамының өзгеруі болды.
Аристократиялық мекемеге шыққан тегіне қарамай жеке қасиеттері бойынша өту
болды. Бояр аристократиясының маңызының төмендеуі, тексіз адамдардың
санының көбеюі бұл мекеменің патшадан тәуелсіз болғандығының көрінісі
болды. [22:107] Жаңа дельцалар өздерінің аристократияларына бағынышты
болды. Алғашқы кездері Земство соборлары үздіксіз жұмыс істеді, мемлекет
пен патша өкіметін нығайту үшін олар өте көп жұмыс істеді. XVII ғасырдың
екінші жартысынан бастап Земство соборларының бәрі бірдей сословиелік
өкілдік жағынан дұрыс ұйымдастырылмады. Бұлардың көбі өте шұғыл түрде
шақырылды. Сондықтан оларға қатысу үшін жергілікті жерлерден өкілдер сайлау
туралы әңгіменің болуы да мүмкін емес еді. Үкімет кейде жеке сословиелер
өкілдерінен құралқан комиссияларды шақырды, олар өздеріне тікелей қатысы
бар істерді талқылады. Бұл аталған Земство соборларының күйрей бастауы
шексіз монархияның бірден бір көрінісі болды. Олардың жақырылуының
тоқтатылуы патшаның Боярлық думаны қажет етпегендігін айқын көрсетті.
Мәселен Польшамен мәңгі бітім жасау жөніндегі мәселені талқылымақ болғанда
1683 жылы Собор шақырылды. Бұл Соборда тек бір ғана сарайда қызметр істеуші
сословиенің өкілдері болды, бұл сословиелік өкілдік мекемелердің жойылуының
айқын айғағы.
Басқару органдарында үлкен өзгерістер болды. Басқару приказдарының
күрделілігі сонша оны тарихшы ғалымдар топтастырғанда үлкен қиындықтарға
тап болды. Приказ атауы бұйыру деген сөзден шыққан. [22:111] XVII
ғасырда приказдық жүйе өзінің гүлдену шегіне жетті. Бүкіл ғасыр бойына 80-
ге жуық приказ жұмыс істеді. Бұлардың 40-қа жуығы тұрақты приказ болды.
Жаңа приказдар құрылған кезінде әдетте ескілері жойылмады. Приказдарды
ұйымдастыру ісі күні бұрын ойланып шешілген жүйе бойынша жүргізілмеді,
осының салдарынан олардың атқаратын жұмыстары да өте алуан түрлі болды.
Приказдар басқарған мекендер кейбір жағдайларда шым-шытырық былығып кетті.
XVII ғасырда мекемелерді әкімшілік, қаржы , сот мекемелері деп дәйекті
түрде бөлу болған жоқ. Приказдардың ішкі ұйымдасуы біркелкі болды. Бұларды
бастық адамдар басқарды, кейде оларды судьялар деп атады, өйткені
приказдардың көбі сот істерін қарайтын болды. Бастық адамдар приказдардың
маңыздылығына қарай думалық шендерден, Москвалық шенді қызмет адамдарынан
немесе дьяктардан тағайындалды. Дьяктар барлық приказдарда болды. [26:390]
Приказ жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулар мен ережелер сақталмаған.
Приказдар жұмысын ұйымдастыруда біршама берік тәртіп арқылы жүргізілген
тәжірибе мен практика шешуші роль атқарды. Приказдық адамдардың ішінде
әкімшілік тәжірибелері мол және білімді адамдар болды. Жалып мемлекеттік
мәні бар өте-мөте маңызды приказдардың ішінен ең алдымен әскери қызмет
атқаратын адамдарды басқаратын, олардың есебін алатын және тағайындайтын
Разряд приказын атап өту керек. Бұл приказ әскери істі ұйымдастырумен де
шұғылданды. Қаржы жұмысын басқаратын бірыңғай приказ болған жоқ, сөйтіп
қаржы ісімен көптеген приказдар шұғылданды. Кеденді басқарған үлкен кіріс
приказы кабак салығын жинау жұмысы шоғырланған жаңа четверть, қазынаның
өнеркәсібі мен саудасын, ақша соғу ісін басқарған ұлкен қазына приказы
осындай органдар болды. Ғасырдың аяғына таман приказдың жұесінің негізі
кемшіліктері:приказдар жұмыстарына бақылаудың жоқтығы; олардың арасында
жұмыс болудың жүйесіздігі , приказдар санының тым көп болуы сияқты
кемшіліктер айқын көрінеді. XVII ғасырдың аяғында мемлекетті басқару ісінің
жеке салаларын қандай болса да бір приказға біріктіруге аз да болса кейбір
әрекет жасады. Шексіз абсолюттік монархияға тән сипат шіркеудің патша
билігіне бағыну болды. Светтік және діни билік арасындағы қатаң күрес
нәтижесінде драматикалық оқиғалармен ұласқан болатын. Оның шарықтау шегі
Никонның істері болатын. Никон жоғары дәрежедегі билеуші адам. Ол 1652
патриарх болып Алексей Михайлович кезінде белгілі дәрежеге жетті. Шіркеу
реформаларын жүргізу үшін патша әуелгі кезде барлық күшімен Никонның
беделін жалпы әлемдік патриарх, яғнипатриархтардың ішіндегі ең бірінші
патриарх дәрежесіне дейін көтеруге тырысты. Патшаның жоқ кезінде Никон
азаматтық және әскери істерді өздігінен шешіп ұлы государь деп аталды.
Үкіметтің Никонға жалпы саяси пікірмен өзі қолдап жасаған ұлы мәртебе ақыр
аяғында онымен патшаның арасында қақтығысуға әкеп соқты. Ол өзінің
қоластындағыларды, дүниауи және діни адамдарды,соттап жазалады, тіпті
боярларға да тәкәпар қарады. Оның дара билікшіл саясаты патша мен оның
төңірегіндегілердің наразылығын туғызды. Патша мен Никон арасындағы
байланыс 1658 жылы патша патриархқа өзінің ашу-ызасын жариялаған кезде
үзілді. Патриарх Москвадан өзі салдырған Воскресенск монастырына жүріп
кетті, бірақ ол соңынан патриархтың дәрежесінен бас тартпайтындығын
білдірді. Никонның ісі деп аталған іс басталды, ол 8 жылға созылды, үкімет
патриархтан құтылғаннан кейін ғана тынды. Осы жылдардың ішінде Никон шіркеу
өкіметің артықшылығын жоқтап, абсолютизмді нығайтуға кедергі келтірді Никон
патшаның шіркеу істеріне араласуға ешбір құқығы жоқ дегенді үзілді-кесілді
дәлелдеді. Тек 1666 жылы ғана Антиохий және Александрийский патриархтарының
қатысуымен шіркеу соборы болды. Собор патшаның талабын орындай отырып,
Никонды айыптады, оны орнынан түсірудің шіркеулік әдет-ғұрпын жасады. Никон
Феропонт монастырына жер аударылды. [26:431] Никонның орнынан қуылуы
шіркеудің мемлекетке толық бағынуы деген сөз емес еді: шіркеу қызметкерлері
өздерінің жетекші орнын сақтау үшін күресті. Бұлар 1677 жылдан
қызметкерлерін соттау және шіркеу жерлерін меңгеру үшін 1649 жылы Заңдар
жинағы бойынша құрылған Монастырь приказын жойдырды. Патриарх жүйесінде көп
жағдайда жалпы азаматтық өкімет орындарынан тәуелсіз бірсыпыра приказдар
:Разрядтық, Қазыналық және Сарайлық приказдар жұмыс істеді. [14:271]
Петр кезінде құрылып, күшейген тұрақты армия бастауын XVII ғасырдан
алады деумізге болады. XVII ғасырда Ресейдің қарулы күштерін өркендетуге
тән нәрсе ескі поместьелік дворяндық әскерлердің бірте-бірте жойылуы және
солдат, драгун, рейтар полктарының құрылуы болды. Кенет күшейіп кеткен
антифеодалдық халықтық көтерілістерді басып тастау және маңызды сыртқы
саясат мәселелерін ойдағыдай шешу үшін патша үкіметі өзінің ұйымдасуы мен
даярлығы жағынан осы міндеттерге мұқтаж болды. Помьестелік әскер жермен
қамтамасыз етілді. Бұл әскер ақшалай берілетін жалақыны кезінде алып
тұрмады, ұзаққа созылған жорықтарда ол азық-түлікпен, оқ дәрімен нашар
қамтамасыз етілді,оны мобилизациялау қарқыны баяу болды. Поместьелік атты
әскер соғыс ісіне үнемі үйретілмеді. Әскердің әр түрінің ішінде стрелецтер
маңызды орын алды. Бұл дворяндардың атты әскеріне қарағанда, анағұрлым
жауынгерлік қабілетті және жақсы үйретілген тұрақты әскер жаяу әскер
еді.көбінесе посад адамдарынан алынған стрелецтер бірінішден саудамен және
кәсіпшілікпен күнелтті, демек тек жауынгерлік ғана болған жоқ. Екіншіден
XVII ғасырдың екінші жартысынан бастап көбінесе ішкі қорғау әскерлерінің
рөлін атқара бастады. Смоленск үшін соғысқа әзірлене отырып, үкімет
шетелдік саппен полктар құруға алғашқы қадам жасады. Сегіз солдат, бір
рейтар, бір драгун полктары жасақталды; бұл полктардың пайда болуымен
сипатталады. [15:242] Орыс мемлекетінің қарулы күштерін ұйымдастыруда
маңызды кезең және онан арғы жерде тұрақты әскер құруға негіз болды. Речь
Посполитая мен Швецияға қарсы жүргізілген соғыстар қарулы күштерді, ең
алдымен солдат, рейтар және басқа полктардың санын көбейтуді талап етті.
Солдат полктары негізінен алым-салыққа төлейтін шаруалар мен посад
адамдарынан толықтырылды, бұларды тұрақты солдаттық қызметке алды,
полктардың пайда болуы мен қатар әскерге біркелкі қару-жарақ енгізілді.
[27:28]
Уақыт тапшылығы (қажеттіліктері)сондай-ақ мәдениет саласында да
байқалды. XVII ғасыр мәдениетінің барлық сферасында шіркеудің қатысы болды.
Алайда осы кездің өзінде Светтік мәдениетке қызығушылық туа бастады.
Білімді қала тұрғындары мен дворяндар діни білім алудан бас тартып, ғылыми
бағыттарға , әдебиетке, ғылымға ұмтыла бастады. Сурет өнерінде де
өзгерістер байқалып, архитектурада светтік элементтердің жылдары келді.
[1:9]
Патша үкіметінің XVII ғасыр бойындағы ішкі саясаты әрқашан үстем
феодалдар табының мүдделерін қамтамасыз етуге және крепостнойлыққа түскен
шаруалар ен төменгі посад халқының барған сайын етек алып өршіп отырған
қарсылығын басуға бағытталды. XVII ғасырдың ортасына таман ішкі саясаттың
даму ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz