АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
1.1 Алматы қаласының физика-географиялық сипаттамасы
1.2 Бақылау бекеттерінің сипаттамасы
1.3 Атмосфераны ластау көздері
ТҰЖЫРЫМ
2 АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАНЫҢ ЛАСТАНУ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ
2.1 Зерттеу әдістемесі
2.2 Атмосфералық ауаның ластану деңгейінің сипаттамасы
2.3 СО, SO2, NO2 концентрацияларын өлшеу
2.4 Поллютанттардың атмосфералық ауаның ластану деңгейіне әсер етуін
моделдеу
2.5 Атмосферада поллютанттардың таралуын есептеу
2.6 Поллютанттардың жерге жақын концентрациясын есептеу
ТҰЖЫРЫМ
3ЛАСТАНУДЫ БОЛЖАУДЫҢ ЭКОЛОГИЯ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ
3.1 Шығарындылардың келтірген зияны үшін төлем ақыны анықтау
3.2 Болжаулы мәліметтер бойынша келтірген зиян үшін төлем ақының азаюын
есептеу
3.3 Шығарындылардың эффективті төмендеуін есептеу
ТҰЖЫРЫМ
4 ЕҢБЕК ҚОРҒАУ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.1 Алматы қаласының физика-географиялық сипаттамасы.
Қазақстан Республикасының оңтүстік астанасы-Алматы қаласы өзінің
физика-географиялық және табиғи-климаттық сипаттамасы уникалды болып,
экологиялық ерекшелігін территориясында түрлендіріп келеді.
Алматы Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік тау етегінде, Үлкен Алматы
және Кіші Алматы өзендерінің аралығында орналасқан. Алматы жер шарындағы
осындай ғажап биіктік орын алған біраз қалаларының біріне жатады. Теңіз
деңгейінен Алматы қаласының ең солтүстік нүктесі 670 метр биіктікте белгі
алып, ал ең аласа нүктесі 970 метрде орналасқан. Оның табиғи-климаттық
жағдайының әртүрлілігі осындай ғажап қаланың тігінен орналасуына
байланысты. Қатал солтүстік және ыссы оңтүстік табиғи зоналары Алматы
қаласында қосылған сияқты. Сібір аққайыңы мен Тань-Шань шыршасы, жүзім
сабағы мен шабдал көршілесіп тұр.
Барлық табиғи белдеулер-солтүстік шекарадан асатын шөлейт даладан
оңтүстіктен асатын мұздыққа дейін қалалық картада белгіленген.
Қаланың климаты континенталды болып келеді және тау-алқап
циркуляциясының ықпалымен сипатталады. Желдің барлық бағытында қала
аэродинамикалық көлеңке атауында болып шығады, жыл бойы 95%-дан астам
толық штилді күндер бақыланады, штилдің жазда қайталануы 45%, ал қыста 70%.
Қыс мезгілінде қала үстінде температурасы қуатты және ұзаққа созылған
инверсиялары пайда болады. Тұманның пайда болуы атмосфералық ауа қабатының
вертикалды араласуын болғызбайды. Қоспаның тарқауына аласа қайнар көздердің
лақтыруынан климаттық ерекшеліктер қолайсыз жағдайлар жасайды, зиянды
заттектер атмосфералық жер қыртысының қабатында жиналады.
Күрделі ландшафттық-географиялық шарттар қала келбетінің жаңа жоспарын
анықтайды. Қаланың белгілі бөлігін тұрғын массивы алып жатыр. Қаланың орта
бөлігінде барлық мәдени тұрмысқа тағайындалған мекемелердің 70%-ы
орналасқан. Райымбек көшесінен солтүстігіне қарай өнеркәсіп және кіші
этажды құрылыстар басым келеді. Қала жоғары сейсмикалық және қауіпті сел
зонасында орналасқан.
Алматы қаласының қоршаған ортаның экологиялық жағдайы ауаның ластану
деңгейі бойынша табиғатты қорғау шараларының дамуына қарамастан
республикамыздың қолайсыз қалаларының біріне жатады. Алматы қаласы дүние
жүзіндегі ең лас 10 қалалардың ішіне кіреді. Алматы қаласының атмосфераға
шығаратын зиянды заттектерінің мөлшері және олардың топырақ құрамындағы
мөлшері Өскемен қаласынан кейін екінші орында. Егер бұрын жүздеген
өндірістік өнеркәсіптер түтіндесе, қазір олардың орнын жүз мыңдаған
автокөліктер алады. Автокөліктердің 60%-ы тиімсіз пайдаланады (бір
жүргізушіні ғана тасиды), қалалық АЗС-тар жанармай маркасын көтеру үшін
экологиялық зиян қорғасын қоспаларын пайдаланады. Жүйелі түрде көмір
тотықтары мен формальдегидтердің рұқсат етілген концентрациялары
жоғарылайды. Көп мөлшерде азот диоксиді, фенол, шаң, күкірт қоспалары және
басқа улы заттектер кездеседі. Орта есеппен жылына қала атмосферасына газ
және шаң түрінде 180 мың тонна зиянды заттектер шығарылады.
Атмосферада жылына бір тұрғын адамға 35 кг зиянды заттектер келеді.
Ауада зиянды заттектердің концентрациясы шекті рұқсат етілген нормалардан
әлдеқайда асады. Ауада қорғасын, кадмий, хром, азот диоксиді, фенол, күшән
және формальдегид көп кездеседі. Осы жылдың басында ауадағы шаң рұқсат
етілген нормадан 1,4-1,8 есе, фенол - 1,4-1,8 есе, формальдегид - 1,8 есе,
көмір оксиді - 1,1 есе асып кетті.
Кесте 1 – Тұрғылықты жердің ауасында зиянды заттардың шекті рауалы
концентрациясының мөлшері
Ластаушы Шекті рауалы концентрациялар, мгм3
қоспалардың
аталуы
Максималды бір жолдық Орта тәуліктік (ШРКо.т.)
(ШРКм.б.)
2 3
1
Шаң 0,5 0,15
Күкірт диоксиді 0,5 0,05
Көмір оксиді 5 3
Азот диоксиді 0,085 0,04
Азот оксиді 0,4 0,06
Формальдегид 0,035 0,003
Фенол 0,01 0,003
Бенз(а)пирен 0,1 мкгм3
Кадмий 0,3 мкгм3
Мыс 2,0 мкгм3
Никель 1,0 мкгм3
Қорғасын 0,3 мкгм3
Мырыш 50,0 мкгм3
Күзде және көктемде күкіртті газ концентрациялары, қыста - көмір
тотықтарының жоғарылуы Алматы қаласына тән құбылыс. Өндірістік
өнеркәсіптерінің шығарындылары мен автокөліктер шығаратын газ құрамында
азот тотықтарының концентрациялары болады. Былтыр газ және шаң түрінде 170
мың тонна зиянды заттектер қала атмосферасына шығарылды. Олардың үлкен
бөлігі жылжымалы көздерінің үлесіне тиеді. Қоспалар ылғалданған жағдайда
одан да уытты заттектер пайда болады. Тез арада күкіртті газдың күкіртті
ангидридке дейін, ал одан ары қарай күкірт қышқылының пайда болуына дейін
тотығу реакциясы жүреді. Қала ауасының ластануы көп мөлшерде тұмшаның пайда
болуы - өнеркәсіптер, автокөліктер мен ауа райының өзгеруінен жүздеген
тонна зиянды заттектерді алып келеді (қорғасын, көмір тотықтары) .
Қаланың экологиялық жағдайын құрайтын элементтер комплексінде
қорғасын, күміс, сынап, күшән, берилий, ванадий, кадмий, мыс, мырыш,
молибден және қалайы көп мөлшерде кездеседі.
Қала территориясында экологиялық қиыншылықтарды бақылау үшін мына
комплексті көрсеткіштер (топырақ пен қардың ластануы, шаңды шығарындылар,
өнеркәсіп шығарындыларының құрамы) арқылы қаланың бес ауданның әртүрлі
металдармен ластану интенсивтілігі белсенді: оңтүстік бөлігінде минималды
көрсеткіштен орташаға дейін, орталық және солтүстік бөліктерінде жоғары
және өндіріс зонасында максималды болатынына көз жетті. Қаланың оңтүстік
бөлігінде бұл үлкен трассалардың қиылысуы мен өндірістік зоналарда
орналасқан өнеркәсіптердің шығарындыларымен байланысты. Қаланың солтүстік
бөлігіндегі аудандар Белинский көшесі мен Сейфуллин даңғылының арасында
және Сүйінбай көшесінің бойыда орналасқан. Қаланың таза аудандары оңтүстік
бөлігінде – Ботаникалық бақ, Академиялық қала, ҚазҰУ территориялары болып
саналады.
Алматы қаласының атмосфералық ауасының экологиялық жағдайы 2005 жылдың
1-ші жартысы бойынша жоғары атмосфераның ластану индексімен (АЛИ)
сипатталады. Шаң – 1,3 ШРК, формальдегид – 7,5 ШРК, азот диоксиді – 1,5
ШРК, фенол – 2,0 ШРК, көмір оксиді – 1,0 ШРК. Қалған ингридиенттер бойынша
АЛИ 0,3-0,4 шамасында.
Комплексті ластану индексі мына формула бойынша есептелінеді [ 1]
(1)
Мұнда qiор – i затының концентрация периодының орташа көрсеткіші; сі -
өлшемсіз мөлшер, і – заттың зияндылығын күкірт қостотығының зияндылығына
дейін апарады.
Көп мөлшерде шаңдалған аудандар ТЭЦ-1 – 2,0 ШРК, плодоконсервный
зауытының маңы – 1,3 ШРК, автомагистраль маңы (Райымбек даңғылы, Сейфуллин,
Тимирязев көшелері) – 1,4. Плодоконсервный зауытының маңында азот
диоксидінің мөлшері – 2,5 ШРК, автомагистраль маңында (Райымбек, Сейфуллин,
Рысқұлов даңғылдары) - 2,6 ШРК, Айнабұлақ 3 ықшам ауданында және ТЭЦ-1 –
1,5 ШРК. Формальдегид бойынша көп ластанған аудандарға ТЭЦ-1 маңындағы
автомагистральдар (6,7 ШРК), Райымбек даңғылы мен плодоконсервный зауытының
маңы (3,3 ШРК). Фенол мөлшері 1,3 ШРК Айнабұлақ 3 ықшам ауданында, ТЭЦ-1
маңындағы автомагистральде – 2,3 ШРК. Райымбек, Сейфуллин, Тимирязев
көшелерінің бойында қоспалардың мөлшері – 1,8 ШРК, ҚазҰТУ маңында – 1,0
ШРК. Ауада күкірт диоксиді мен азот оксидінің мөлшері нормадан сәл ғана
асқан.
Алматыда SO42 -ның ( ТЭЦ, пештердің шығарындысы ) Алматы 1, аэропорт,
Кіші Алматы маңайында (Медеу жақта), АХБК айналасында, ВАЗ жақта, ал HCO3
–тің концентрациялары АХБК, Асфальтобетон ұйымының маңында белгіленді.
Атмосфераның жерге жақын қабатында 7-12 мк Рч дейін өсіп, табиғи фоннан
оның деңгейі жоғары болуда.
Атмосфералық ауаның ортажылдық ластану динамикасының деңгейі 1990-2000
жылдары ШРК бойынша 3-ші кестеде көрсетілген, ал атмосфераның ортажылдық
ластану динамикасының деңгейі 1995-2001 жылдары ШРШ бойынша 1- суретте
көрсетілген.
Сурет 1 1993- 2002 жылдары атмосфераның ортажылдық ластану
динамикасының деңгейі
1.2 Бақылау бекеттерінің сипаттамасы.
Атмосфералық ауаның ластану деңгейін бақылау қоршаған ортаның
температурасына тәуелді болмай жылдың кез-келген мезгілінде өткізіледі. Үш
бақылау бағдарламасы орнатылады: толық, толық емес, қысқартылған. Толық
бағдарлама бойынша бақылау қажетті ақпараттар алу мен ортатәуліктік
концентрацияларды сағат 1, 7, 13, 19 жергілікті уақыт бойынша өлшеу. Толық
бағдарлама бойынша бақылау атмосфералық ауада шаң, күкіртті газ, көмір
тотықтары, азот тотықтары және әртүрлі қоспаларды өлшеу үшін қолданады.
Толық емес бақылау бағдарламасы бойынша зерттеулер сағат 7, 13, 19
өткізіледі.
Қысқартылған бақылау бағдарламасы бойынша сағат 7 мен 13 зерттеулер
өткізіледі. Қысқартылған бақылаулар температура -45 0С – ден төмен
аймақтарда өткізіледі.
Қолайсыз метеожағдайлар кезінде сынама алу тәулік бойы әр үш сағат
сайын алыну керек.
Өндірістік өнеркәсіптер орналасқан жерлерде бақылауларды өткізу үшін
кең бағдарлама бойынша әрдайым болатын және арнаулы әдістер қолданады. Ауа
сынамасы желдің бағыты бойынша шығарынды көзден 0,2-0,5, 1, 2, 3, 4, 6, 8,
10, 15 және 20 км аралықта алынады.
Факел астында сынама алу жер бетінен 1,5 м биіктікте 20-30 минут
аралығында, сынама алу ортасындағы интервал 10 минут болу керек
Алматы қаласының ауасын 10-20 тұрақты бекеттер бақылау керек. Ал оның
орнына ауаның ластану деңгейін 3 стационарлы бекеттер (№1, №5, № 9, №12, №
16) бақылайды. Казгидрометтің қаржы мөлшерінің жетпеуінен қалада көп жылғы
бақылау орындары жұмыстарын тоқтатты. Бүгінгі күні қала әкімшілік апараты
қалалық аймақты қорғау ұйымымен бірігіп, қаржы табу жоспарын іске асыруда.
Бақылау мәліметтерін талдау нәтижесінде Алматы қаласының ауа
бассейнінде формальдегид, шаң, көмір оксиді, азот диоксиді және фенол
концентрациялары бар екені анықталды.
Атмосфералық ауада зиянды заттардың шоғырлануына әкелген таралуға
қолайсыз метеожағдайлар – жылы, құрғақ және желсіз ауа- райы, тұман. Бөлек
қоспалармен ластанатын атмосфералық ауа бассейіні деңгейінің сипаттамасы
төменде берілген.
Қалқымалы заттар (шаң). 5 бақылау бекеттерінде шаңның мөлшері ШРК-дан
асады. Ең жоғарғы мәндер №5 бекетте (плодоконсервный зауытының маңы) -1,3-
5,7 ШРК және №12 бекетте (автомагистраль, ТЭЦ-1) -1,2-3,2 ШРК-ға тең. Басқа
бекеттерде ШРК 1,1-ден 2,6-ға дейін өзгерді.
Күкірт диоксиді. Күкірт диоксидінің орта тәуліктік концентрациясы
санитарлық нормадан асқан жоқ.
Азот диоксиді. Ең жоғары орташа тәуліктік мәндер №9 және №2
бекеттерінде белгіленген. Бұл жерде азот диоксидінің концентрациясы 1,0-1,7
ШРК шамасында болды. Басқа бекеттерде нормадан тыс концентрация белгіленген
жоқ.
Формальдегид. Атмосферада формальдегидтің құрамы 1,7 ШРК-дан 12,3 ШРК-
ға дейін өсті. №9 және №12 бекеттерде формальдегидтің жоғары
концентрациялары белгіленді. Олар 12,3 ШРК және 8,0 ШРК –ға тең болды.
Фенол. Атмосфераның фенолмен ластануында үлкен өзгерістер белгіленген
жоқ 1,7-2,0 ШРК.
Бұрыңғы жылдары ірі өндіріс орындарының атмосфераның ауасын ластаудағы
үлесі жоғары болса, бүгінгі күні олар тоқтап тұрғанымен шағын мекемелердің
көбеюі салдарынан ауа құрамының ластануы көбеймесе азайған жоқ : пеш жағу,
салярка жағу, нан пісіретін мекемелер, СТО, АЗС, диірмендер т.б.
Сурет 2 - 2005 жылдың бірінші жартыжылдықта Алматы қаласының
метеоорталығының бақылаулар мәліметі бойынша радиациялық гамма – фон
бақылау уақыты Гамма –фонның мәні, мкЗВсағ
орташа мәні максималды мәні минималды мәні
қаңтар 0,13 0,16 0,09
ақпан 0,13 0,18 0,09
наурыз 0,14 0,17 0,11
сәуір 0,14 0,17 0,10
мамыр 0,15 0,18 0,11
маусым 0,15 0,19 0,12
1- жартыжылдық 0,14 0,18 0,10
Сурет 2- Алматы қаласының бақылау бекеттерінің орналасуы
Кесте 3 – Алматы қаласының 2005 жылдың 1 тоқсаны бойынша ауа бассейінінің
ластануы
бекеҚоспалар аталуы Орташа Максималды ШРК-дан ИЗА
т концентрация концентрация астын
нөмі қоспалар
рі концентрац
иясы
%
мөлшерінде
мгм3 ШРК-ң мгм3 ШРК-ң
жоғар-лау жоғарыла
ы уы
Шаң 0,89 0,97
1,6 1,16 1,27
Күкірт диоксиді 0,20 0,27 0,38
0,29 0,49
Көмір оксиді 0,82 0,78 1,10
0,76 1,02
Азот диоксиді 2,31 2,50 2,69
2,67 1,68
Азот оксиді 0,3 0,2
0,5 0,5 0,2
Фенол 0,53 0,49
0,63 0,51 0,79
Формальдегид 8,57 6,93 5,69
9,93 13,73
ИЗА 13,12 11,6
11,27 15,03 18,50
Республика бойынша өндірістердің нарықтық дамуы мемлекеттік
масштабтағы бар қиыншылықтарымен кездеседі. Біздің мемлекетіміздің негізгі
қиыншылығы – экологиялық проблемалар. Қазіргі уақытта қаланың әртүрлі
зоналарында негізгі экологиялық аномалиялар жойылған. Қоғамның әлеуметтік
жағдайы мен әл – ауқатының дамуы методикалық және технологиялық тәсілдерді
реттеу мен жалпы өндірістердің және автокөліктердің шығаратын зиянды
заттектерінің деңгейін төмендетуімен байланысты.
Дамыған мемлекеттерде ортаның ластануының жыл сайын келтіретін зияны
жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) 3-5% құрайды, ФРГ- да ол 8 % -ға дейін жетеді.
АҚШ-та қоршаған ортаны қорғау үшін кететін шығындар -2% , Жапонияда – 4% ,
Францияда – 1,2%.
2001 жылы жылжымалы көздер бойынша 1,4 млн. тонна шығарындылар
шығарылды. Тек Ертіс өзеніне ғана 120 млн. м3 ақаба сулары тасталды, бұл
республика бойынша барлық тастандыларының 60%-ын құрайды. Судағы темір,
қорғасын, мырыш, селен, марганецтің мөлшерлері белгіленген нормалардан 10
есе артық. Ластаушылардың ішінде металдар басым (19 түрі), азот
қосылыстары, күкірт және басқа уытты заттектер. Сонымен қатар қала бойынша
атмосфераны ластайтын зиянды заттектердің 80% – ын 300 мың автокөліктер
береді.
Адамдардың қолайсыз экологиялық жағдайларға байланысты ауруға төтеп
беретін қабілеттері төмендеп, үлкен кісілердің ауыратыны 34,5% – ға, ал жас
өспірімдердің 70% - ға дейін өсті.
Алматы сияқты 1,5 миллион тұрғыны бар еліміздегі ең ірі мегаполисінің
экологиясын қорғаудың оңай еместігі барлығымызға да белгілі. Бұл үшін
Алматы қаласының 1999-2015 жылдарға арналған Таза ауа – жанға дауа
кешенді бағдарламасы қабылданған болатын. Осы бағдарламаны жүзеге асыру,
оңтүстік астананың экологиялық ахуалын жақсарту үшін біздің қалалық
басқарма көп жұмыстар атқарып отыр. Оның негізгі міндеті экологиялық
ахуалды жақсарту жоспарының атқарылуына мемлекеттік бақылау жасау болып
табылады. Атап айтар болсақ, 1999-2015 жылдарға арналған Таза ауа – жанға
дауа бағдарламасын жүзеге асыруда ұйымдастыру мен мониторинг жүргіземіз.
Басқарманың ақпарат, мониторинг және жобаны дайындау бөлімі бағдарламаның
жүзеге асырылуын қадағалап, апта сайын қалалық әкімшілігіне есеп беріп
отырады. Осы бағдарламаны жүзеге асыруға тек өткен жылы ғана 442 миллион
теңге бөлінді, бұл 1999 жылмен салыстырғанда төрт есе көп. Мұның ішінде
атмосфералық ауаны қорғауға 70,3, қалдықтарды көмуге 11,5, су ресупстарын
сақтауға 16,2, жасыл желек қорын жақсартуға 114,7 миллион теңге жұмсалды.
Жер жанатты Жетісуда әсем, сұлу, сымбатты, асқар Алатаудың етегіне
бой түзеген, бір кездегі кербез Алматы қазір көк түтінге оранып жатыр
дегенге қалай сенесін. Бірақ факті деген көлденең құбылыс, сенсең де сол,
сенбесең де сол қалпынан өзгермейді.
Республика бойынша атмосфераны қорғауға – 10%, 80% қоршаған ортаның
барлық шығарындыларының ішінен cу бассейініне, қалғаны қатты қалдықтардан
қорғауға жұмсалады. Ауа бассейінінің ластануынан экономикалық зардап – 50%,
су бассейінінен 30%, қатты қалдықтардан – 20%.
Кесте 5 – Алматы қаласының аудандары бойынша зиянды заттардың шығарындылары
Объект Атмосфераға шығарылған зиянды заттардың жалпы көлемі, тжыл
атауы
қатты Газ Соның құрамында
тәріздес
2.1 Зерттеу әдістемесі
Газдарды анализдеу үшін АНКАТ 7654-01 қолданылады. Газоанализаторлар
ауадағы жұмыс істеу зонасында бір немесе бірнеше зиянды заттардың
концентрациясын өлшеу үшін қолданады. Орындау нұсқауларына байланысты
газоанализаторлар келесі заттардың ішінен CO, H2S, SO2, NO2 үш затты бір
уақытта өлшей алады.
Газоанализаторлардың түрі- жылжымалы, автоматты.
Газоанализаторлардың жұмыс істеу принципі-электрохимиялық.
Жұмыс істеу режимі-кезеңді.
Сынама алудың тәсілі-күштеп әсер ету.
Кесте 7 - Өлшеу арналарына байланысты газоанализаторлардың шартты
атаулары мен орындалу тәсілдері көрсетілген.
Белгіленуі Газоанализаторлардың Өлшеу арнасы
шартты атаулары
ИБЯЛ. 413411.010 АНКАТ 7654-01 CO+SO2+NO2
ИБЯЛ. 413411.010-01 АНКАТ 7654-02 SO2+NO2
ИБЯЛ. 413411.010-02 АНКАТ 7654-03 CO+NO2
ИБЯЛ. 413411.010-03 АНКАТ 7654-04 CO+H2S
ИБЯЛ. 413411.010-04 АНКАТ 7654-05 CO+SO2
ИБЯЛ. 413411.010-05 АНКАТ 7654-06 NO2
ИБЯЛ. 413411.010-06 АНКАТ 7654-07 H2S
ИБЯЛ. 413411.010-07 АНКАТ 7654-08 SO2
ИБЯЛ. 413411.010-08 АНКАТ 7654-09 CO
Сурет 4 – Газоанализаторлар градуирлеу сұлбасы

Қала территориясын түр бойынша бөлу шешілетін мәселенің масштабы мен
оның шешілу деңгейіне байланысты. Атмосфераның ластану деңгейін есептеу
үшін жасалған жұмыстың еңбек өнімділігінің және шығындардың азаюы оны
ластайтын көздер санының (N) азаюымен байланысты. Қалада ауаның ластануы
жекелеген автокөліктердің мыңдаған түр есебінен болатынын ескеру керек.
Көздер саны азаюының бір әдісі бұл жекелеген кішігірім көздердің сызықтық
және аудандық көздерге ауыстырылуы, яғни бірнеше көздер топтарын бір шартты
көзге бірігуі болып табылады.
Ауаның ластану деңгейін есептеу мен шешілетін мәселенің күрделілігіне
қарай нақты критерийлер қолданылуы мүмкін. Практикада біріккен көздердің
координаттарына максималды шашыратуға ( L) шектеу қойылады. Сонымен қатар
біріккен көздердің әрқайсысынан максималды концентрацияны алып қашықтық (Xр
) пен қауіпті жылдамдықтар мәндерінің максималды шашырауына шектеу
қойылады. Осы жағдайда автокөлік көзі сызықтық көзге жатады. Осыған
байланысты қала территориясын жеке зоналарға бөлу ластану деңгейімен
ерекшеленетін (шығарынды тығыздығы) ластанудың таралу ұзындығына (көздің
ұзындығы) байланысты. Есептеулер үшін келесі формуланы қолдануға болады:
(2)
Қазіргі кезде Алматы қаласының территориясында келесі аудандар бар
[1,2,4,5,18].
1. Бес аудан автокөліктер отын жағатын құрылғылар мен өндірістердің
шығаратын шығарындылары есебінен болатын топырақтың металдармен ластану
деңгейінің интенсивтілігі (ластау коэффициенті әлсіз к3 3; орташасы к3 =3-
10; күшті к3= 10-30; өте күшті к3= 30-100; максималды к3 100).
2. Төрт аудан техногенді шығарындылардың қоспасы мен ғарыштық шаңның ағыны
нәтижесінде ауа бассейіннің техногенді шаңды ластайды (бірінші аудан орташа
фондық шаңды жүктеме q1= 50...100 кгкм2 тәулікте; екінші -q2= 100...250
кгкм2 тәулікте; үшінші -q3= 250...1000 кгкм2 тәулікте; төртінші -q4=
250...500 кгкм2 тәулікте). Осыған сәйкес бірінші – Абай даңғылы және оған
қарайтын кварталдар; екінші - өндірістік кварталдар кіретін Абай даңғылынан
Райымбек көшесіне дейін; үшінші - өндірістік кварталдар кіретін Райымбек
көшесінен Рысқұлов көшесіне дейін; төртінші - өндірістік кварталдар кіретін
Рысқұлов көшесінен бастап қаланың солтүстік шекарасына дейін.
3. Экологиялық қауіптілігі жоғары 6 аудан белгіленді; топырақ, қар, ауаның
ластануы, шығарындылар құрамы, шаң, күйенің таралуы бойынша ластану
көрсеткіштерінің комплексі бағаланады. Бірінші экологиялық қиын аудан
машина жасау өндірістерінің шығарындыларымен байланысты (Поршень зауыты,
АЗТМ, электровагондарды жөндеу зауыты және төменвольтты аппаратура зауыты).
Олар көп мөлшерде вольфрам, мыс, марганец, хром, жүздеген киллограмм
қалайы, күміс, сынап, кадмий (10...100 фон) шығарады. Шығарындыларға
қарағанда топырақ құрамында көптеген элементтер 10-15 есе кем кездеседі
(молибден, никель, кобальт 50...100 есе кем). Алматы төменвольтты
аппаратура зауыты қала атмосферасына өндірістік шаңдардың 8...23% -ын
шығарады. Цехтарға жақын территориялар күміс, сынап қалдықтарымен (40 фонға
дейін) ластанған. Бұл территорияларда автокөліктер есебінен – қорғасын,
Поршень зауыты мен АЗТМ есебінен – сынап концентрациялары жоғары. Екінші
экологиялық қиын ауданға Асфальтобетон КСМК – 3 және басқа да 10
кішігірім өнеркәсіп орналасқан территория жатады. Бұл ауданға күмістің
аномалиялары тән, отындық мазуттың кең пайдалануының есебінен бүкіл аудан
бойынша сынаптың жоғары концентрациялары кездеседі. Үшінші экологиялық қиын
аудан Райымбек пен Сейфуллин көшелерінің қиылысынан оңтүстік – батысқа
қарай орналасқан. Мұнда фондық концентрациялардан 100 есе асатын қорғасын
топырақ пен қар құрамында кездеседі (табачный комбинат); 10 есе асатын
(тәжірибелі – механикалық зауыт); мыс (жөндеу – подшипниктік зауыт); сынап
– Электроприбор зауыты. Төртінші экологиялық қиын ауданға Саяхат
автобекеті, Эталон зауыты, аумағындағы территорияларымен бірге
полиграфкомбинаты жатады. Бұл ауданға (фондық концентрациядан 10...30 есе
артық) сынаптың жоғары концентрациялары тән. Солтүстік бөлігінде автопарк
территориясымен байланысты. Бесінші экологиялық қиын аудан Рысқұлов
көшесінен солтүстікке қарай Сейфуллин мен Сүйінбай көшелерінің аралығында
орналасқан. Мұнда ТЭЦ-1-дің шығарындылары шөгіліп, топырақ берилий,
қорғасын және циркониймен ластанған. Алтыншы экологиялық қиын ауданға
Алматы-1 теміржол бекетінің территориясы жатады. Мұндағы топырақ құрамында
сынап пен кадмийдің мөлшерлері көп. Бұл аудандағы грунтты суларының
кадмиймен ластануы ШРК-дан 6 есе артық.
Ерекшеленген жоғары қауіпті экологиялық аудандардың көлемі 17,5 км, бұл
жалпы қала территориясының 10% құрайды. Бұдан басқа аудандарда да қиын
экологиялық жағдай орналасқан. Мысалы: Розыбакиев көшесі – Тимирязев,
Розыбакиев көшесі – Рысқұлов, Рысқұлов көшесі – Сейфуллин даңғылы және т.б.
көшелер қиылыстарында.
Атмосфераның автокөліктер шығарындыларымен ластану деңгейінің
тығыздығына байланысты Алматы қаласының территориясын түр бойынша бөлудің
негізіне мыналар кіреді:
Жоғарыда айтылғандай қаланы үш позициядан экологиялық аудандарға
бөлудің бағалау қорытындылары (топырақ ластануының n=5 деңгейімен
қарқандылығы бойынша, техногенді шаңды жүктеу n=4 экологиялық қауіпті
деңгейдегі аудандар n=6), олардың жағымды және жағымсыз жақтары мен
концептуалды бөліну негіздері.
Қаланың аудандары бойынша транспорттық аудандардың қызмет етуінің
деректі беталысы; практика және әртурлі локалды бақылаулар;
Объектінің экологиялық жағдайын анықтаудағы бағалау:
Ластанудың комплексті индексі, жеке экологиялық ерекшеленген объектілер
бойынша орташа статистикалық, фондық және болжаулы шығарындылар;
Алматы қаласын жеке аудандарға бөлу үшін қажетті жалпы
көрсеткіштер (әртүрлі метеорологиялық және рельефті факторлар және де бұл
аудандардағы халықтың тығыздығын есепке алғанда атмосфераның автокөліктер
шығарындыларының ластану деңгейімен ерекшеленетін аудандар).
Қаланың қазіргі экологиялық жағдайын анализдеу қорытындысы бойынша
метеорологиялық факторлар мен автокөліктердің үлкен ағындары және қарқынды
қозғалысының нәтижесінде автокөліктердің орталық магистральдарында
атмосфераны ластаушы концентрациялардың мөлшері жоғары болып, қаланың
орталық бөлігінде ауа ағындарының пайда болуына әкеледі. Ал бұлар жақын
жерде орналасқан кварталдардың кір ауасын сорып, қыста тұмшаның пайда
болуына әсер етеді. Бұған қоса рельефті фактор- ауаның бір орында тұруына
әкеледі (ауаның тазалану деңгейі). Осыған байланысты атмосфераның жалпы
ластанунда автокөліктер шығарындыларының мөлшері 70-80%-ға дейін жетеді.
Жоғарыда келтірілген қаланың экологиялық ерекшеліктері және олардан
шығатын сұраныстар Алматы қаласын аудандарға бөлудің келесі үш комлексті
критерийдің негізінде жатыр:
1. Автокөліктер шығарындыларымен Wоп ластану деңгейінің жоғарылауына
әсер тигізетін метеорологиялық, стратификациондық және рельефті әсер ету
факторларды ескеретін комплексті жалпы структуралық параметр. Бұл
параметрді анықтау үшін келесі аналитикалық баға ұсынылады:
(3)
Жердің рельефін анықтау коэффициентінің үдемелі шамасы жердің 1 км
жерге 50 м-ге дейін өзгеріп туруы. Басты геофизикалық обсерваторийдің
тәжірибелі дәлелденген мәліметтері бойынша алынады. Берілген мәліметтер
бойынша егер жер бедерінің биіктігі h=50 м дейін өзгеріп тұрса, онда
жердің рельефін анықтау коэффициенті =1 тең болады. Бұл мәліметтерге
тән үдемелі шама
Әр эколого- көліктік зонаға сәйкес топографиялық жоспар бойынша
жергілікті еңістік бетін (Li) ,беретін амплитуда ұзындығын анықтау.
Жергілікті жер үсті тау түбегінің мөлшері шартты ұзындықтың фактылы
мәнінің () қатынасы арқылы қарастырылған жер үсті қвбвтына
қатынасын айтады.
Эксперименталды орнатылған шамалардың базалық мәнінің өзгеруі (
h=50 м) 1 км жерге ( L0= 1000 м) tg=0,05 тең. Егер еңістік
беті i=tg=0,05 болса, онда ең қолайлы экологиялық-транспорттық зона
ретінде алынады (Алматы үшін қаланың жоғары жағы), ал Райымбек, Рысқұлов,
Сейфуллин, Сүйінбай және Әуезов көшесі мен Абай даңғылының қиылысы үшін
оның ең жоғары мәндері алынады, яғни i=tg
Cтратификациондық факторларды (kl) ескере отырып атмосферада ластаушы
заттардың миграция деңгейін төмендететін, мөлшерсіз есептеу коэффициенті -
шығыс шама (kм). Бұл коэффициент мониторинг нәтижелері бойынша
есептелінеді. Бұл жерде миграция сөзі ластаушы заттардың ауада таралуы
деген мағынада қолданылады.
Kм ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz