Сөйлеудің онтогенез бен филогенездегі дамуы.


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе 4

1 Сөйлеу туралы ұғым 6

1. 2 Сөйлеу түрлері 9

1. 2. 1 Ауызша сөйлеу 9

1. 2. 2 Жазбаша сөйлеу 10

1. 3 Сөйлеу қызметтері 11 1. 4 Сөйлеу мәдениеті 12

2 Онтогенездегі сөйлеудің даму ерекшелігі 15

2. 1 Онтогенездегі ауызша сөйлеу кезіндегі даму ерекшеліктері 15

2. 2 Онтогенездегі жазбаша сөйлеу кезіндегі даму ерекшеліктері 20

3 Филогенездегі сөйлеудің даму ерекшелігі 25

Қорытынды 30

Қолданылған әдебиеттер тізімі 31

Кіріспе

Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның да, қоғамдық ой-санасын дамытып жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады. Сөз ойлы да, мәнерлі де болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді "сөзі мірдің оғындай екен" дейді. Ескі қазақ жұртының ғүлама ғалымы Жүсіп Баласағүн "Ақылдың көркі тіл, тілдің көркі сөз" деп тауып айтқан. Тіл арқылы жеке адамның тәжірибесі, санасы ұжымның басқа мүшелерінің игілігіне айналады. Ал жеке адамның жеке санасы да сыртқы ортаның ықпалымен, оқу- тәрбие процесінің әсерінің нәтижесінде үздіксіз дамып отырады. Бұл екеуінің дамуы бір-бірімен шарттас. Адамдардың арасында қатынас құралы ретінде тілдің қызмет атқаруы, оның негізгі қызметі. Тіл, сондай-ақ, адам сана-сезімінің, психологиясының көрсеткіші де. Тіл адамды қимыл-әрекетке де итермелейді. Бұл оның атқаратын екінші қызметі [1] .

Адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды. Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалды. Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатын қабілетке ие болды. Сөйлеу адам сапасының басты белгісі. Ол бізді жануарлар дуниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан қуаты. Сөйлеу мен сананың пайда болып, біртіндеп қалыптасуын тек биологиялық жағдайлардан емес, ең бастысы коғамдық- әлеуметтік, тарихи факторлардан іздестіруіміз кажет. Сана мен тіл адамзат қоғамының тарихи дамуының, олардың іс-әрекетпен айналасуының, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білудің нәтижесі [4] .

Зерттеу тақырыбының мақсаты: сөйлеудің адамда, сонымен қатар жалпы адамзат тарихында, яғни онтогенез бен филогенездегі даму ерекшеліктерін көрсету, сонымен қатар сөйлеудің қоғамда алатын орнын айқындау.

Зерттеу тақырыбының пәні: психолингвистика.

Зерттеу тақырыбының нысаны: сөйлеудің онтогенез бен филогенездегі дамуы.

Зерттеу тақырыбының міндеттері: біріншіден, сөйлеудің түрлері мен қызметтеріне тоқталып, әрқайсысын жеке талдау; екіншіден, қоғам үшін сөйлеудің өмірдегі маңыздылығын атап өту; үшіншіден, сөйлеудің онтогенез бен филогенездегі даму ерекшеліктерін талдап; әрқайсысына жеке тоқталу.

Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Сөйлеу - пікір алысу процесінде жеке адамныц белгілі тілді пайдалануы. Бір тілдің өзінде сөйлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін. Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін, пікір алысу үшін қызмет етеді. Сөйлеу процесі арқылы адам өзінің білімін, практикалық тәжірибесін байытып қана қоймай, сонымен қатар ғасырлар бойы жинақталған қоғамдық тәжірибені меңгеруге де мүмкіндік алады. Ойдың тілі сөз. Біз сөз аркылы ғaнa неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре аламыз.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, 3 негізгі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Сөйлеу туралы жалпы ұғым

Адам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, ой алмасады. Бұл үшін сол ұлттъң, тілдің грамматикалық ережелеріне сәйкес сөз тіркестерін пайдаланады.

Адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды. Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалды. Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатын қабілетке ие болды. Сөйлеу адам сапасының басты белгісі. Ол бізді жануарлар дуниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан қуаты. Сөйлеу мен сананың пайда болып, біртіндеп қалыптасуын тек биологиялық жағдайлардан емес, ең бастысы коғамдық- әлеуметтік, тарихи факторлардан іздестіруіміз кажет. Сана мен тіл адамзат қоғамының тарихи дамуының, олардың іс-әрекетпен айналасуының, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білудің нәтижесі.

Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның да, қоғамдық ой-санасын дамытып жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады. Сөз ойлы да, мәнерлі де болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді "сөзі мірдің оғындай екен" дейді. Ескі қазақ жұртының ғүлама ғалымы Жүсіп Баласағүн "Ақылдың көркі тіл, тілдің көркі сөз" деп тауып айтқан. Тіл арқылы жеке адамның тәжірибесі, санасы ұжымның басқа мүшелерінің игілігіне айналады. Ал жеке адамның жеке санасы да сыртқы ортаның ықпалымен, оқу- тәрбие процесінің әсерінің нәтижесінде үздіксіз дамып отырады. Бұл екеуінің дамуы бір-бірімен шарттас. Адамдардың арасында қатынас құралы ретінде тілдің қызмет атқаруы, оның негізгі қызметі. Тіл, сондай-ақ, адам сана-сезімінің, психологиясының көрсеткіші де. Тіл адамды қимыл-әрекетке де итермелейді. Бұл оның атқаратын екінші қызметі.

Тілдің бұл екі қызметі өзара тығыз байланыста болады. Олар үнемі катарласа, бірі екіншісін демеп, кейде карама-карсы бағытта жүріп отырады. Мәселен, "Мұғалім келді" деген сөйлемде мұғалімнің келгені жөнінде айтылса, "мұғалім келді ме?" деген сөйлем екінші бір адамды осыған жауап қайтаруға мәжбүр етеді.

Әрбір адам кішкентай кезінен бастап айналасындағы адамдармен пікірлеседі, өзінің күнбе-күнгі сөйлеу тәжірибесінде тілдің мағыналық жағын меңгереді, біртіндеп сөздік қоры молайып отырады. Алғашқы кезде бала көптеген дыбыстарды, жеке сөздерді үлкендерге еліктеу арқылы үйренеді. Осы кездегі сөздері көбінесе жеке, нақтылы болып келеді. Өсе келе өз ана тілінің негізгі сөздік қорын, сол тілдің, ішкі заңдылықтарын үйренеді, кейін есейе келе тілдің дамуы коғам дамуының көп ғасырлық тарихи кезеңдерінде қалыптасып отыратын құбылыс екенін аңғарады.

Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Сөйлеу - пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. Бір тілдің өзінде сөйлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін. Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін, пікір алысу үшін қызмет етеді. Сөйлеу процесі арқылы адам өзінің білімін, практикалық тәжірибесін байытып қана қоймай, сонымен қатар ғасырлар бойы жинақталған қоғамдық тәжірибені меңгеруге де мүмкіндік алады. Ойдың тілі сөз. Біз сөз аркылы ғaнa неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре аламыз (М. Жұмабаев) .

Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс кабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Жеке сөздерді кабылдаудың өзі оны үғынуды кажет етеді. Кабылдау мен үғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірінсіз-бірі іске аспайды. Интонацияны кабылдау сөйлеу аппаратында, адамның мәнерлі қозғалыстарында түрліше реакция тудырады. Мәселен, бұйрық интонациясы бойынша іс орындалса, тілек интонациясына келісу немесе келіспеушілік білдіреді. Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт. Бұларсыз сөйлеу өзінің қызметін дұрыстап атқара алмайды. Мұның біріншісі - сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі - оның, мәнерлілігі делінеді. Сөйлейтін сөзде мазмұн болмаса, ол өзіндік сөздік мәнін жояды. Сөздің мазмұндылығыы дегеніміз екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындылығы. Ойы саяз кісі бос сөзді болады, оның сөзі де айқын, таза болмайды.

Сөздін мәнерлігі дегеніміз - адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы. Халық жақсы сөйлейтін адамдарды "сөзі өмірдің оғындай екен" дейді. Мәнерлі сөйлей білудің мұғалімдік мамандық үшін маңызы зор. А. С. Макаренко бұл жөнінде: "Балалар сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек", - дейді.

Сөйлеу әрекеті тиісті анатомиялық аппараттардың (тіл, ерін, таңдай, ауыз қуысының бұлшық еттері т. б. ) дүрыс қызмет істеуін қажет етеді.

Сөйлеу әрекеті үлкен ми сыңарларының, анализдік, синтездік қызметінің нәтижесі. Бұл, біріншіден, сөйлеу оргаңдарындағы козғалыстарды, жазылған әріптердің түрлерін, тілдегі дыбыстарды нәзік талдаудан; екіншіден, сөздік сигналдардың бөлшектенген элементтерін байланыстырудан көрінеді. Физиологиялық тұрғыдан сөздің мәнін И. П. Павлов былай түсіндіреді: "Егер айналадағы дүниеден алынатын біздің түйсіктеріміз бен елестеріміз шындықтың бірінші сигналдары болып табылатын болса, онда тіл ең әуелі сөйлеу оргаңдарынан ми қабығына баратын кинестезиялық тітіркенулер, екінші сигналдар - сигналдардың сигналы болып табылады. Олар шындықтан дерексіздену болып табылады да, жалпылауға мүмкіншілік береді, ал бұл соңғы бізге ғана тән ең жоғары ойлауды құрайды"[14] .

Француз ғалымы Брока "адамдардың ми сыңарларының сол жақ бөлігінде (маңдай қыртысының төменгі жағында) адамның дыбыстап сөйлей алуын басқарып тұратын жүйке орталығы бар, ал сөзді қабылдау көптеген анализаторлардьң (көру, есту, қозғалыс т. б. ) бірлескен қызметін қажет етеді" дейді. Неміс ғалымы Верникс басқа біреудің сөзін есіту мидың сол жақ сыңарындағы самай бөлігінің арт жағында орналасқан жүйке орталығының қызметіне байланыстылығын айтады.

Сөзді қабылдау, оның мәнісіне түсінуде мидың есту, көру, сипау, сипай-сезу, қозғалыс зоналарының бірлескен қызметін реттестіріп отыратын сол жақ ми сыңарының төбе, самай, желке бөліктерінің қызметі де ерекше. Сөйлеу қабілеті мидың анатомиялық функциясына байланысты болып келетіндігін мына мысалдан жақсы көруге болады. Егер оның сол жақ бөлігі зақымданса, адам сөйлей алмайтын жағдайға душар болады. Мұндай құбылысты ғылымда афазия деп атайды, Мұның бірнеше түрі бар. Мәселен, бірінде сөйлеу органдары толық, сақталғанмен, қиналып сөйлейді, тілі күрмеледі, дыбыс, үн шығару қиынға соғады. Екінші бір түрінде адам өзі сөйлей алғанмен, басқа біреудің айтқанын түсінбейді. Мидың бір жеріне қан кұйылу, оның тамыраирының тығындалуы, жарақаттанып қабынуы, icy т. б. афазияның пайда болуына себеп болатын факторлар.

Мұның емін логопед-дәрігерлер жасап отырады.

Сөздік сигналдарды дұрыс анализдей алу адам психикасы дамуының түрлі кезеңдерінде турілше көрінеді. Маселен, жас баланың алғашқы кезде дыбыстарға қайтаратын жауап реакциясы жалпылама түрде, яғни генерализация сипатында болады. Балаға "сағат" деген сөзді айтқанда немесе сағатқа қарап сөйлегенде, сол сағатқа ұксас дыбыстардың жиынтығына назар аударады да, дыбыстың қалай шығып жатқанын дұрыс айыра алмайды. Бұл жағдай баланың ми қабығының анализдік, синтездік жұмысы әлі жөнді жетілмегендігін, яғни онда сөзді дұрыс қабылдау, түсіну әлі мардымсыз екендігін көрсетеді. Сөзді жалпылай алу - адам ойлауы мен сөйлеуінің ең басты ерекшелігі. Бала мұндай қабілетке тілі шығып, жүре бастағаннан кейін біртіндеп ие болып отырады.

"Сөйлеу", "тіл", "қарым-қатынас" ұғымдарының мән-мағынасы жақын болғанмен, ғылыми тұрғыдан бұлар бір-бірінен ажыратылады. Қарым-қатынас адам іс-әрекетінің ауқымды саласы, ол өмір сүрудің, тыныс-тіршіліктің негізгі арқауы. Сөз бен сөйлеуге қарағанда оның аясы кең, ауқымды. Адам тек сөйлесу арқылы ғана қарым-қатынас жасамайды. Ол айналасындағылармен түрлі ым-ишара (жест), белгі, таңба (Морзе әліппесі, стенографиялық жазу, эсперанто т. б. ) арқылы да бір-біріне ақпарат (мағлұмат) бере алады. Тіпті, қас қағу иық пен иекті қозғалту, басты шайқау тағы басқа осы секілді толып жаткан атрибуттар да қарым-қатынастық қызмет атқарады. Халқымыз "ымға тусінбеген дымға түсінбейді" деп өте тауып айтқан. Тіпті күлу мен күлімсіреудің де, жылау мен жыламсыраудың да қарым-қатынастық қызмет атқаратыны белгілі. Сөйлесу қарым-қатынастың негізгі түрі. Мұның неше түрлі нұсқалары болады. Мәселен, қызмет бабы жоғары адаммен сөйлесу рәсімі бір түрлі болса, отбасында, құрбы-құрдастарымен пікірлескенде кісі басқа формада сөйлейтін болады. Осы айтылғанға орай сөз арқылы пікірлесу тікелей, жанама, әзіл- қалжың, эмоциялы, интеллект (ақыл - парасат) түрінде көрініп отырады. "Қарым-қатынас", "сөйлеу" ұғымдарының мән-мәнісін негізінен психология ғылымы қарастырады.

"Тіл" үғымының да (дыбысты тіл) ауқымы кең, ол, көбінесе, қоғамдық ғылымдарда (тарих, социология, этика, педагогика т. б. ) жиі қолданылады. Тіл жеке адамның еншісі ғана емес, ол бүкіл адамзатқа ортақ қоғамдық құбылыс. Тіл арқылы әр қоғамның ғасырлар бойына жинақтаған рухани мұрасы ұрпақтан ұрпаққа (ауызекі - фольклорда, жазба турде) жеткізіліп отырылады. Ал "сөз". сөйлеу жеке адамның өзіндік ерекшелігі. Ол жас балада, ересек, не қарт адамдарда, әртүрлі мамандық иелеріңде сөз саптаулары түрліше көрінеді. Психология тіпті есі кіресілі-шығасылы адамдардың да сөйлеу ерекшеліктерін зерттеумен айналысады. Басқа ғылымдар сөйлесудің осы жақтарын қарастырып жатпайды, олар тіл үғымын адамзат қоғамына ортақ құбылыс ретінде әр қырынан сөз етеді.

1. 2 Сөйлеу түрлері

Пікірлесудің қандай түрлері болса да, сөйлеу формалары арқылы жүзеге асып отырады. Пікір алысудың нақтылы мақсаты мен жеке жағдайларына қарай сөйлеу түрлі ерекшеліктермен көрінеді. Осы айтылғандар тұрғысынан сөйлеу бірнеше түрлерге бөлінеді. Алдымен сыртқы және ішкі сөйлеу болып үлкен екі топқа жіктеледі.

Сыртқы сөйлеу ауызша (бұл тілдің ең көп және кең тараған түрі) және жазбаша сөйлеу болып, ал ауызша сөйлеудің өзі диалог және монолог.

1. 2. 1 Ауызша сөйлеу

Ауызша сөйлеу - сөйлеудің негізгі түрі болғандықтан оның қалған түрлері де соның төңірегіне құрылады. Мәселен, жазу сөзіндегі әріптер ауызша сөздің түрлі дыбыстарын белгілейді. Былайша айтқанда, жазу сөзі ауызекі сөздің кағаздағы таңбасы, оның ерекше бір варианты.

Ауызша сөйлеудің негізгі бір түрі - диадогтық сөйлеу. Диалогтық сөйлеу дегеніміз екі немесе бірнеше адамның тілдесуі. Диалог сөздің кейбір психологиялық ерекшеліктері төмеңдегідей:

Диалог сөз бөгелмей еркін айтылады, ол ойды кең жайып жатуды тілейді;

Үнемі кезектесіп айтылатындықтан ықшам келеді, тек әңгімелесуші адамдардың өздеріне ғана түсінікті болады. Мәселен, "келе жатқан тоғызыншы" деген сөйлемді осындай нөмірлі автобусты күтіп тұрган адамдар ғана түсіне алады;

Диалогтық логикалық жағы (жоспарлылығы, дәлелділігі т. б. ) кемдеу болады;

Диалог сөз ым-ишаралармен, бет пен көздегі мәнерлі қозғалыстармен (қолдың, ауыздың, көздің, қабақтың қозғалысы т. б. ) толықтырылады.

Монологтық сөйлеу дегеніміз бір адамның сөзі, яғни баяндамашының, лектордың сөздері. Монолог өзге тән кейбір психологиялық ерекшеліктері төмендегідей:

Монолог сөз үнемі белгілі жоспарға сәйкес құрылады, бұл алдын-ала даярлықты тілейді;

Монолог сөздерге логикалық жағынан қатаң талаптар қойылады (мәселен, баяндамашы мен лектор сөзінің мағышиіылыгы мен түсініктшігіне ерекше көңіл боледі) ;

Монолог сөз мәнерлі, адамға әсер ететін мометтерді (сөзді сазына келтіріп айту) көбірек кажет етеді.

Диалог және монолог сөздер көбінесе беттің мимикасының өзгеруімен, ымдау сипатындағы түрлі қозғалыстармен қосарланып отырады. Орынды ымдар біздің сезімімізді мәнерлі етумен қатар, оның өзімізге де, жұртқа да түсінікті болуына жағдай туғызады. Бірақ, осындай ым-ишаралардың дербес күйінде аса үлкен маңызы жоқ. Адам мұны көмекші құрал ретінде ғана пайдаланады.

Ауызша сөйлеуде (оның диалог жоне монолог түрлерінде де) актив және пассив сөздер болады. Актив сөздер күнбе-күнгі жиі қолданылатын сөздер. Пассив сөздер тілімізде сирек пайдаланатын, мағынасын түсінгенмен, күн сайьш айтылмайтын сөздер. Мұндай сөздерге көбінесе ғылыми-техникалық атаулар және ескірген сөздер жатады. Актив сөздің мол болуы адамның сөйлеу әрекетіне, айналысқан кәсібіне байланысты. Егер ересек адамдардың актив сөздері орта есеппен 6000-7000 болып келсе, жазушылар мен ақындардың, ғалымдардың актив сөздері 1- 13000 сөзге жетіп отырады. Мәселен, Шекспирдің сөздік қоры 12000-дай болған.

1. 2. 2 Жазбаша сөйлеу

Сөйлеудің ерекше бір түрі - жазбаша сөйлеу. Жазбаша сөйлеу арнаулы әдістер арқылы меңгерілетін сөйлеудің түрі. Мұны игеру адамға оңайлықпен түспейді. Жазбаша сөйлеу адам баласы хат танырлықтай дәрежеге жеткенде, ауызша сөйлеудің біршама дамыған кезіңде ғана пайда бола бастайды.

Жазбаша сөйлеудің кейбір ерекшеліктері:

Жазатын адамның қасында сөйлесетін адам болмағандықтан, мұнда ешбір ым-ишара қолданылмайды.

Жазбаша сөйлеудің логикалық жағына аса қатаң талап қойылады. Мәселен, белгілі тақырыпқа шығарма жазған кезде адам осындай талаптарды орындауға тырысады, көп ойланып, толғанады. Өипейінше бұдан нәтиже шығару қиын.

Жазуда грамматиканьщ ережелері де кдтты ескеріледі.

Жазу кезінде адам катты зейін қойып, әр сөзін ойлап құрастырады, мағыналы сөз іздейді. Бұл үлкен ой жұмысын кажет етеді. Мәселен, адам өзінің туьісқандарына, таныстарына хат арқылы ойын білдіргенде осы жағдай байқалады. Жазбаша сөйлеудің түрлері мен стильдері әр алуан. Олардың бастылары ғылыми, публицистика, көркем әдебиет, іс-қағаздық т. б. сөздер. Сөйлеудің жеке бір түрі - ішкі сөйлеу. Ішкі сөйлеу деп тілдік материалдар негізінде дауыстамай-ақ сөйлей алушылықты айтады. Әр ұлттың өкілі қандай бір нәрсе туралы ойласа да, алдымен өз тілінде ойлайды. Осындай кезде адам ішкі сөйлеуді пайдаланады. Ішкі сөйлеу адамдармен тікелей карым-катынас жасауға арналмаған. Оны адам өзінің ойлау әрекетінің ішкі мақсаты үшін пайдаланады. Ішкі сөйлеуді сөйлеу аппаратының жасырын жұмысы деуге болады. Өйткені мұнда оның жұмысы жөнді еленбейді. Тек тиісті аспаптармен зерттегенде ғана сөйлеудің осы түрінің де кинестезиялық тітіркендіргіштерге орай туып отыратыңдығы анықталған. Ішкі сөйлеу жөніңде И. М. Сеченов былай дейді: "Бес жастағы баланың ойы сөзбен немесе сыбырлап сөйлеумен немесе тіпті тілдің козғалуы, еріннің жыбырлауымен айтылады. Мұның өзі ересек адамдарда да (тек түрлі дәрежеде болуы мүмкін) жиі кездеседі. Мен тіпті өзімнен де білемін: ойымның ауыздың жабық, қозғалмайтын күйінде тілсіз сөйлеумен, яғни ауыз куысында тілдің бұлшық еттерінің қозғалуымен, қоса қабаттасуы өте жиі болады. Барлық жағдайда да басқалардың алдында бір ойға баса назар аударғым келсе, оны алдымен дереу сыбырлап айтып аламын". Ішкі сөйлеу өте қысқа, икемді болып келеді. Өйткені адам әркез өз ойлауының мазмұнын жақсы біліп отырады, сондықтан ішкі сөйлеуге ұзақ тұжырым жасап жатудың кажеті де болмайды.

1. 3 Сөйлеу қызметтері

Сөз негізінен екі қызметті атқарады: коммуникативтік және сигнификативтік. Осы қызметтеріңе орай сөз тілдесу құралы және ой мен сананың көріну формасы ретінде танылады.

Сөздің негізгі сипаты оның мағынасында, семантикалық мазмұнында екені белгілі. Адам тілінің әрбір дара сөзі қандай да бір затты өрнектейді, оны атаумен біздің санамызда нақты бір заттың не құбылыстық бейнесі пайда болады. Осынысымен де адам тілі жануарлардың кысқа мерзімді қылықтық күйін білдіретін аффектік "тілінен" ажыратылады. Жануарлар "тілі" ешқашанда нақты бір затты белгілі дыбыстық өрнекпен таңбаламайды, таныта алмайды. Сөздің бұл қызметі сигнификативтік қызмет деп аталады. Сөздің белгілеу қызметі - нақты ұлт өкіліне түсінікті сөздерден құралған тілдің қызметі. Осы қызмет нәтижесінде адам әр түрлі заттардың бейнесін жанама түрде санада тұрғыза алады. Осыдан адам танымы еселеніп, байиды, яғни адам өзіндік сана қорында заттың тікелей бейнесін сақтап, таниды, оған қоса сол заттың таңбалық баламасымен де байланысқа келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұғынымды ойлау
Ресейдегі салыстырмалы психология және зоопсихология
Адамның даралық психологиялық сипаттары
Органдардың филогениялық өзгеру принципі
Зоопсихологияның пәні мен әдістері
Сын жане күмандану тұрғысынан ойлау
Зоопсихология ғылымы
Баланың психикалық дамуының оның тілінің дамуына байланыстылығы
Ойлаудың тарихи түрлері
Даярлық тобы балаларының ойлау қабілетінің деңгейін анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz