Шарын өзенінің суы мен жәндіктерінің ауыр металмен ластануы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
Шарын өзенінің суы мен жәндіктерінің ауыр металмен ластануы

Реферат 3
Кіріспе 7
1.Әдебиетке шолу 8
1.1.Ауыр металдар-өзендерді ластаушы негізгі заттар 9
1.2.Ауыр металдардың су организмдеріне әсері 12
1.3.Қазақстан өзендері және олардың сапасы 14
1.5.Зерттелетін аймақтың физико-географиялық сипаттамасы 17
1.5.1.Шарын өзенінің гидрологиясы мен гидрографиясы 17
1.5.2.Шарын өзені бассейнінің климаттық көрсеткіштері 19
1.5.3.Аймақтың топырақ жамылғысы мен биотасы 20
1.6. Бассейн суын ауыл шаруашылығы мен энергетика мақсатында пайдалану 21
2.Зерттеу әдістері 23
2.1.Ауыр металдарды анықтау әдістері 23
2.2.Атомдық-абсорбциялық әдіс 25
2.2.1.Қондырғының құрылымдық үлгісі 26
2.2.2.Басқа әдістерден ерекшелігі 28
3.Зерттеу объектісінен үлгілер жинау және оларды іріктеу,дайындау мен
анализдеу 29
3.1.Су үлгісін алу 29
3.2.Жәндіктер үлгісін жинау мен іріктеу және оларға сипаттама 30
3.3.Су үлгісін дайындау 31
3.4.Жәндіктердің үлгісін дайындау 32
3.5.Үлгілердің анализі 32
4.Анализ нәтижелері 34
5.1.Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау 38
5.1.Су құрамындағы ауыр металдардың мөлшері 38
5.2.Жәндіктер денесіндегі ауыр металдардың мөлшері 39
5.3. Алынған нәтижелерді талқылау 40
Қорытынды 41
Қолданылған әдебиеттер тізімі 42

Реферат

Бітіру жұмысы бетте сипатталып жазылған.
Бітіру жұмысында 7 кесте, 2 схема келтірілген.
Жұмысты бітіру барысында 45 ғылыми әдебиет пайдаланылды.
Негізгі түйінді сөздер: үлгі, су, жәндік, ауыр металл, элемент,
концентрация, табиғи деңгей, шектеулі рауалды концентрация, атомдық-
абсорбция, спектрофотометр.
Жұмыс істеу барысында атомдық-абсорбциялық спектрофотометрия әдісінің
құрылысы мен жұмыс істеу принципі толық меңгерілді. Соның нәтижесінде Шарын
өзенінің суы мен жәндіктерінің ауыр металдармен ластану деңгейі анықталды.
Зерттеу жұмысы экология және топырақтану кафедрасында атқарылды.

Мазмұны

Кіріспе
1.Әдебиетке шолу
1.1.Ауыр металдар-өзендерді ластаушы негізгі заттар
1.2.Ауыр металдардың су организмдеріне әсері
1.3.Қазақстан өзендері және олардың сапасы
1.4.Зерттелетін аймақтың физико-географиялық сипаттамасы
1.4.1.Шарын өзенінің гидрологиясы мен гидрографиясы
1.4.2.Шарын өзені бассейнінің климаттық көрсеткіштері
1.4.3.Аймақтың топырақ жамылғысы мен биотасы
1.5.Бассейн суын ауыл шаруашылығы мен энергетика мақсатында пайдалану
2.Зерттеу әдістері
2.1.Ауыр металдарды анықтау әдістері
2.2.Атомдық-абсорбциялық әдіс
2.3.Қондырғының құрылымдық үлгісі
2.4.Басқа әдістерден ерекшелігі
2.5.Калибрлі және реактив ерітінділерін дайындау
3.Зерттеу объектісінен үлгілер жинау,оларды дайындау,анализдеу
3.1.Су үлгісін алу
3.2.Жәндіктер үлгісін жинау мен іріктеу және оларға сипаттама
3.3.Су үлгісін дайындау
3.4.Жәндіктер үлгісін дайындау
3.5.Үлгілердің анализі
4 Анализ нәтижелері
5.Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау
5.1.Су құрамындағы ауыр металдардың мөлшері
5.2.Жәндіктер денесіндегі ауыр металдардың мөлшері
5.3.Алынған нәтижелерді талқылау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Кез-келген елде даму проблемасының шешімін табуы тиімді экологиялық
жоспарлауды талап етеді.Бұл әсіресе шешімін таппаған әлеуметтік және
экологиялық проблемалардың ауыр жүгін мұрагерлікке алған Қазақстан үшін
өзекті мәселе. Қазақстан жері бүгінгі таңда жан ауыртар экологиялық
проблемаларымен әлемге танылып отыр.Сондай экологиялық проблемалардың бірі
- еліміздегі гидросферасының ластануы. Еліміздегі гидросфераның ластануы
өндіріс пен техниканың дамуына, яғни антропогендік әсердің күшеюіне
байланысты болып отыр. Антропогендік әсер әсіресе тұщы су көздеріне көп
зиянын келтіруде. Бәріміз білетіндей дүние жүзі су қорының 3 пайызы ғана
тұщы суға тиесілі. Ал соның тек 0.3 пайызын адам өз өмірінде пайдалана
алады. Қазіргі кезде осы аз мөлшердегі тұщы судың жағдайы мәз емес.
Тұщы судың негізгі көздері өзендер. Ал өзендер қалдық сулармен,
өндірістің қатты қалдықтарымен, пестицидтермен, ауыр металдармен және де
басқа заттармен ластануда. Осындай ластануға ұшырап отырған өзендердің бірі
- Шарын өзені. Бұл аймақта негізінен ауыл шаруашылығы дамыған. Сондықтан
өзеннің бірнеше ластаушы көзін ажыратуға болады. Олар: пестицидтер, ауыр
металдар, шайынды сулар тағы басқалары.
Менің негізгі мақсатым:
Шарын өзенінің суы мен жәндіктерінің құрамындағы ауыр

металдарды анықтау.
Міндетім:
- су және су жәндіктерінің үлгілерін жинау әдістерімен танысу;
- Судағы ауыр металдардың мөлшерін атомдық - абсорбциялық спектрометрдің
көмегімен анықтау әдісін игеру;
- жәндіктердің денесіндегі ауыр металдардың мөлшерін атомдық - абсорбциялық
спектрометрдің көмегімен анықтау әдісін игеру;
- алынған нәтижелерді есептеуді игеру;
- Шарын өзенінің экологиялық жағдайына баға беру.

1.Әдебиетке шолу

1.1.Ауыр металдар-өзендерді ластаушы негізгі заттар

Адамзат қоғамында қоршаған ортаны ластаушы заттардың ішінде ерекше
орынды полютанттар, яғни ауыр металдар алады.
Ауыр металдарға Д.И.Менделеев кестесіндегі атомдық салмағы елуден
жоғары қырықтан астам химиялық элемент кіреді.(1)
Н.Реймерстің классификациясы бойынша: ауыр металдар тығыздығы 8гсм
асатын металдар тобы.
Ауыр металдардың қоршаған ортаға түсуінің табиғи және техногенді
көздерін бөліп қарайды. Табиғи көздеріне тау жынысы, вулкандық газдар,
орман өрттері, ал техногенді көздеріне түсті және қара металургия,
электростанциялар, автотранспорт, мұнай мен көмір жағу жатады.(6)
Ауыр металдардың басқа ластаушы заттардан айырмашылығы-оларға
“өздігінен тазару” түсінігінің тән еместігі.(2)
Ауыр металдарды қауіптілік деңгейіне байланысты 3 класқа бөледі:
1-класс – аса токсикалық: Cd,As,Hg,Pb,Zn;
2-класс - токсикалық: B,Co,Cu,Nі,Cr,Mo;
3-класс - әлсіз токсикалық: Ba, Va, Mg, Sr;
Бірақ табиғатта химиялық элемент токсикалық немесе токсикалық емес
болмайды, оның токсикалық немесе токсикалық емес концентрациясы
болады.(2,27)
Енді жоғарыда айтылған ауыр металдардың кейбір өкілдеріне тоқтала
кетейік.
Кадмий – периодтық системаның ІІ-б тобының екінші элементі. Оның
табиғаттағы тұрақты түрі – Cd2+. Таза кадмий – көкшіл түс араласқан ақ
күмісті металл.
Кадмий және оның қосылыстарын гальваникалық жабындыларды алуға,
бояуларды, пластмасса стабилизаторларын алуда және басқа да мақсаттарда
пайдаланады.
Әлемде табиғи көздерден кадмийдің жылдық түсуі - 8.43*105 кг. Ал
атмосфераға шығындысы – 7.19*105 кг, мұның 76% түсті металургия, ал қалғаны
кездейсоқ лақтырыстардан шығады. Жаңбыр суындағы кадмий концентрациясы 50
мкгл дейін жетеді. Ал судағы концентрациясының жоғарлығынан Жапонияда
“итай-итай” ауруы пайда болған.(5)
Мышьяк – Vб топтың элементі, электрондардың әр түрлі мөлшерін
тасымалдау реакцияларына қатысуға қабілетті.
Мышьяк қоршаған ортада кеңінен таралған. Ол токсикалығы әр түрлі
органикалық және органикалық емес қосылыстар түзеді. Сонымен қатар ол
арсенит деп аталатын оксиқышқылдарды түзеді. Бұл оксианиондар негізінен
табиғи судағы мышьяктың химиясын анықтайды.(2,5)
Мышьякты медициналық препараттар алу үшін, жартылай техникалық
қондырғыларда, инсектицид ретінде қолданады.
Мышьяк қалдықтарының көп бөлігі өзендер мен көлдерге түседі екен.
Дүние жүзілік мұхиттағы мышьяктың жалпы мөлшері – 2.8*109 .
Мышьяк және оның қосылыстары биосферадағы тірі организмдерге
концерогенді және мутагенді әсер етеді.(2)
Қорғасын – металдық қасиеті анық көрінетін ІV топтың элементі.
Қорғасынның алкилді және арилді қосылыстары бар. Олардың біреуі –
тетраэтилқорғасын бензиннің қосындысы ретінде кеңінен қолданылады.
Қорғасынның атмосферадағы шығындылары соңғы жүз жылдықта өсіп,
4265*103 тоннаға жетіп отыр.(5)
Судың құрамындағы қорғасынның орташа концентрациялары 1 мкгл болатын
өзен суы мен мұхитқа жылына суда еритін қорғасынның шамамен 40*103 тонна
қосылады. Өзен суының түйіршікті фазасында жылына 2800*103 тонна, жұқа
дентритте 10*103 тонна кездеседі.(19)
Қорғасынның қоршаған ортаға түсуінің табиғи көзі – желдік шаңдар, ал
техногенді көздері бәрімізге белгілі өндіріс пен техниканың қарқынды дамуы.
Сынап-ІІб топтың үшінші мүшесі, 250С температурада сұйық металл.
Токсикалық қасиеттеріне байланысты келесі топтарға жіктеледі: элементарлы
сынап, органикалық емес қосылыстар, алкил сынапты қосылыстар және
органикалық сынап қосылыстары. Қоршаған ортада Hg0, Hg1+және Hg2+бір-бірін
алмастырады.
Геологиялық уақыт бойынша қоршаған ортаға 1.6*1010 тонна сынап
түскен. Осы мөлшердің 0.1 пайызға жуығы мұхиттарда еріген күйде кездеседі.
Ластанбаған тұщы сулардағы еріген сынап концентрациясы - 0.02-0.1мкгл, ал
теңіздерде 0.01-0.03 мкгл.(13)
Мыс - электр және жылу өткізгіштігі жоғары металл. Ол табиғатта жеке
және сульфид, арсенид, хлорид және карбонат түрінде кеңінен таралған.
Адамзат қазіргі кезге дейін жер қыртысынан 307 млн тонна мыс өндірген.
Мыстың атмосфераға шығуы жылына 75000 тонна, оның 5000-13000 тоннасы
атмосфералық жауын – шашын және құрғақ қону арқылы мұхиттарға түседі.
Мұхиттарда мыс 1500-78000 жылға дейін ыдырамай жатуы мүмкін.(10)
Мыс суда 3 түрлі формада болады: коллоидты, еріген және жүзіп
жүретін.
Мыстың еріген формасының концентрациясы тұщы суда 0.5-1 мкгл, ал
жоғарғы мөлшері тау-кен қазбаларында 500-2500 мкгл түрінде кездеседі.(5)
Хром – ақ, қатты, жылтыр, 18600С температурада балқитын металл.
Қазіргі кезде бұл металл кеңінен қолданылып , қоршаған ортаға едәуір зиянын
тигізуде. Экспериментальды нәтижелер Cr6+ мутагенді әсері бар екенін
дәлелдеген, ал кальций хроматының концерагендік әсерінің жоғары екені
дәлелденген.(23)
Антропогендік іс-әрекеттердің нәтижесіндегі ауыр металдар судың терең
горизонттарына және шамалы қашықтыққа миграцияланады.
Ауыр металдар гидросфераға тек тікелей жолмен емес, сонымен қатар
атмосфералық жауын-шашын,құрғақ қону арқылы да келіп түседі. Адамның
интенсивті және ойланбай істеген әрекеттерінің нәтижесінде бүгінгі күні
таза су көздерін табу өте қиын.(1,36)

1.2.Ауыр металдардың су организмдеріне әсері

Сулы ортада мекендейтін ағзаларды гидробионттар деп атайды.
Гидробионттарды төмендегідей экологиялық топтарға бөледі: нектон, планктон
және бентос.
Нектон (грек тілінен аударғанда (nektoc-жүзетін) - су түбімен тікелей
байланысы жоқ, еркін орын ауыстыратын, жүзіп жүретін ағзалардың жиынтығы.
Нектондық ағзаларға балықтар, ескекаяқтылар, қосмекенділер және белсенді
орын ауыстыратын бунақденелілер жатады.
Планктон (грек тілінен аударғанда planktos - қалықтаушы) - негізінен
су ағысының көмегімен қозғалатын, жүзетін ағзалар. Олар жылдам және
белсенді орын ауыстыруға қабілетсіз. Планктон ағзалар плейстон және нейстон
болып бөлінеді.
Плейстон - денесінің бір бөлігі суда, екінші бөлігі су бетінде
жүретін ағзалар.
Нейстон – су бетінде жүзіп жүретін ағзалар.
Бентос – (грек тілінен аударғанда bentos-тереңдік) су қоймаларының
түбінде мекендейтін ағзалардың жиынтығы.(22)
Көптеген зерттеу нәтижелері бойынша судың ауыр металдармен ластануы,
олардың гидробионттар ағзасына жинақталуына әкеледі. Жинақталған заттардың
концентрациясы қоректік тізбектің әр сатысында 10 рет өседі. Сонда тірі
организмдердің ұлпаларындағы ауыр металдардың концентрациясы қоршаған
ортадағы мөлшерінен 1000 рет асып түседі. Мысалы: қорғасынның
планктондардағы концентрациясы қоршаған ортадағыдан 300 рет, ал
молюскаларда 4000 рет жоғары.
Гидробионттар ауыр металдарды әр түрлі мөлшерде жинақтайды. Бұл
айырмашылықты бір жүйеге келтіру қиын. Бірақ шартты түрде жануардағы ауыр
металдың аккумуляциясын макро, микро ,деконцентрант деп үшке бөлуге болады.
Бұлай бөлу биологиялық жинақталу коэффициентіне (Кd) байланысты.
Биологиялық жинақталу коэффициенті деп отырғанымыз-гидробионттар
денесіндегі ауыр металдар концентрациясының детритті ильдегі мөлшеріне
қатынасын түсінеміз (құрғақ салмаққа). Макроконцентрант жануарларда Кd2,
микроконцентранттарда Kd=12, ал деконцентрант жануарларда Kd1.
Кейде төмендегідей классификация қолданылады:
1. жинақтаушылар-зерттелетін химиялық элементтің концентрациясы
қоректік субстраттағыдан жоғары.
2. ыдыратушылар-элементтің концентрациясы қоректік субстраттағымен тең,
яғни биологиялық жинақталуы бірге тең.
3. тазартушылар-элемент мөлшері қоректік субстраттан аз, биологиялық
жинақталуы бірден аз. Қоректік тізбекті зерттеліп жатқан элементтен тазарту
қабілеті бар.(11)
Ауыр металдарың гидробионттарда жинақталуы жайлы жұмыстар көптеп
жүргізіліп жатыр. Сондай зерттеулердің бірі Балтық теңізінде өткізілген.
Зерттеу нәтижелері бойынша гидробионттардың ішінде моллюскалар мен жоғарғы
бентостағы шаян тәрізділер ауыр металдардың жоғарғы концентрациясын
иеленетінін көрсетті.(17). Су өсімдіктері мен организмдеріне кейбір
металдардың әсерін қарстырайық. Мыс ластанған судағы балдырлардың құрғақ
салмағында 10-100 мгкг дейінгі мөлшерде болады. Су өсімдіктерінің мысты
сіңіруі, оның қорек ортасындағы алғашқы құрамына байланысты. Ал мыстың тұщы
су омыртқасыздарындағы мөлшері 5-200 мгкг көлемде болады. Планктонды
омыртқасыздардың мысты сіңіру темпі оның судағы концентрациясына
байланысты, ал бентостық организмдер үшін ол түбіндегі жинақталған
мөлшеріне байланысты(5). Қорғасынның органикалық қосылыстарының
омыртқасыздардағы мөлшері алуан түрлі. Мұның себебі организмдердің қоректік
тізбектегі орнына байланысты болу керек. Ал су өсімдіктеріне қорғасынның
кез келген қосылыстары токсикалық. Мысалы: қорғасын хлоридінің 0.002-0.25
мгл мөлшері өсімдіктердің өсуін тежейді.(21)
Ауыр металдардың токсикалық қасиеті судың температурасына,
тығыздығына байланысты. Қорғасын қосылыстарының токсикалық қасиеті
температура жоғары болған кезде өседі, ал судың қаттылығы токсикалық
қасиетін төмендетеді.
Кейбір гидробионттар толеранттылығы жоғары болғандықтан ауыр
металдардың судағы мөлшеріне бейімделіп кетеді.(1,21)

1.3.Қазақстан өзендері және олардың сапасы

Қазақстанның кең байтақ территориясында көлемі әр түрлі 85 мыңнан
астам өзен бар. Мысалы, ұзындығы 500 км –1000 км асатын 14 өзен бар. Ал
ұзындығы 11-50 км дейінгі өзендер жалпы өзендер санының 80 пайызын құрайды.
Осы өзендердің барлығын жалғастырса, ұзындығы 200000 км асады, сонда жер
бетінің әрбір 100 шаршы километрін ұзындығы 0.8 км өзен алып жатады екен.
Мұндай салыстыру есебі республикамызда судың өте аз екендігін
көрсетеді.(8,26)
Қазақстан өзендерінің жалпы ағысы жылына орта есеппен 112 млрд м3 деп
бағаланады. Олардың таралуы біркелкі емес.Негізінен еліміздің оңтүстік,
оңтүстік-шығыс бөлігі көбірек сумен қамтамассыздандырылған.(7)
Еліміздегі өзендердің суының толығуы мұздықтарға байланысты. Жалпы
мұздықтардың ауданы 2000 км 2, көлемі 98 км3 тең.(2)
Гидрохимиялық зерттеулер Қазақстанның барлық өзендерінде 1934 жылдан
бастап жүргізіліп келеді.(9)
Судың сапасы деп оның қандай пайдалануға жататынын анықтайтын судың
құрамы мен қасиеттерінің сипаттамасын түсінеміз.
Санитарлық тұрғыдан судың микробиологиялық және паразиталогиялық
көрсеткіштері алынады.
Судың сапасын анықтағанда оның температурасы, мөлдірлігі, түсі, исі,
дәмі тағы басқа қасиеттері есепке алынады(15). Көптеген зерттеулерге
қарағанда (Қазақстан Ғылым Академиясының география институты) Нұра, Ертіс,
Шу, Сарысу тағы басқа өзендердегі ауыр металдардың мөлшері шектеулі рауалды
концентрациядан (ШРК) бірнеше есе асып түсетіні белгілі болып отыр.
Еліміздегі түрлі аудандардағы су көздерінің санитарлық жай-күйі, ондағы
өнеркәсіптің шоғырлануына ,сипатына және халықтың тығыздығына байланысты
бірқатар өзгешеліктері болады.(16) Мысалы, Елек өзені – Оралдың негізгі
саласы Ақтөбедегі хром зауыты мен фосфор химиялық зауытының әрекеттерінен
ластанады. Өзендегі хром (VІ) концентрациясы нормадан 51 рет, бор 118 рет
артық.(3) Бұл су сапасының қаншалықты өзгергенін көрсетеді. Судың сапасын
ұлттық гидрометеорологиялық гидропосттар бақылайды. Сол бақылаулардың 2000
жылғы мәліметтері төмендегідей. Барлық 44 зерттеуден кейін
республикамыздағы өзендердің тоғызы, көлдердің екеуі және су қоймаларының
екеуі таза, ал алты өзен мен бір су қоймасы лас су көздеріне жатқызылды. Ал
2001 жылдың 3-кварталында Казгидрометтің бөлімдерінің бақылауларының
нәтижесі елімізде ең лас өзен Ертіс екенін көрсетті. Оның негізгі себебі
сол аймақтағы өндірістің көптігі, өзеннің басқа мемлекет территориясынан
басталуы болып отыр.(3)
Сулардың ластану дәрежесі судың ластану индексімен бағаланады, судың
ластану индексі су сапасының өзгергенін көрсетеді.(СЛИ)(3)

СЛИ өсуіне байланысты су сапасының критерилері

Кесте
1

Сапа класы Су сапасының сипаты СЛИ өсуі
1 Өте таза 0.3
2 Таза 0.3-1
3 Орташа ластанған 1.0-2.5
4 Ластанған 2.5-4.0
5 Лас 4.0-6.0
6 Өте лас 6.0-10
7 Қауіпті лас 10

Су көздерін ластайтын заттардың ШРК-сы

Кесте 2

Ластаушы зат аты Балық шаруашылығына Тұрмыстық қолдануға Қауіптілік
арналған ШРК ,мгл арналған ШРК ,мгл класы
Cr(3+) 0.005 0.5 3
Cr(6+) 0.02 0.05 3
Pb 0.1 0.03 2
Hg 0.0001 0.0005 1
Cd 0.005 0.001 2
As 0.05 0.05 2
Cu(2+) 0.001 1.0 3
Фенол 0.001 0.001 4
Мұнай 0.05 0.3 4

1.5.Зерттелетін аймақтың физико-географиялық сипаттамасы

1.5.1.Шарын өзенінің гидрологиясы мен гидрографиясы

Шарын өзенінің бассейнінің ауданы 14000 км2 асады, оның 6930 км2
Қырғызстан Республикасының территориясында, ал Қазақстан Республикасының
Алматы облысында 8260км2 орналасқан(12). Өзеннің ірі салаларына Темірлік,
Шет-Мерке, Орта-Мерке, Кеңсу, Қарқара, Кеген тағы басқалары жатады.
Шарын өзені өз бастауын Кетмен жоталарының оңтүстік бөлігінен ағып
шығатын Шалкедесу және Теріскей Алатаудан басталатын Қарқара өзендерінен
алады. Жоғарғы бөлігінде ол кезінде тау көлі болған, қазір Шарын өзені
бастауының далаларына айналған кең көлемді, батпақты аумақтан ағып өтеді.
Төмендей келе өзен терең шатқал арқылы солтүстікке қарай ағып, Іле өзеніне
келіп құяды. Ол - Іле өзеніне келіп құятын суы мол ірі салалардың бірі.
Шарын өзенінің бірнеше атауы бар: ол жоғарғы бөлікте Шалкедесу, Қарқара,
Кеген деген атқа ие, ал орта бөлігінен бастап Шарын өзені деп аталады. Бұл
өзеннің жалпы ұзындығы 1972 км тең және 72 саласы бар. Олар әртүрлі
гидрографикалық көрсеткіштері бойынша 3-кестеде сипатталған.(18)

Шарын өзенінің негізгі салаларының гидрографикалық
сипаттамасы.

Кесте 3

Өзендердің аты Құятын жері Ұзындығы,км Еңіс,%
Шарын Іле 170 7.7
Шарын-Кеген Іле 346 3.9
Шалкедесу Жоғалады 50 20
Қарқара Шарын 65 20
Кеңсу Шарын 43 40
Орта-Мерке Шарын 34 59
Шет-Мерке Шарын 34 47
Темірлік Шарын 58 35

Шарын өзенінің суы Күнгей Алатауының қарымен толығады. Ол қыста
12.8%, көктемде 33.8%, жазда 31.1%, күзде 19.3% ағысқа ие.(4)
Өзеннің су жинау ауданы –7310 км2. Бассейндегі мұздықтардың саны-20,
ал ауданы – 2.4 км2, ал бассейннің қату коэффициенті –0.0003м.(33)

1.5.2.Шарын өзені бассейнінің климаттық көрсеткіштері

Шарын өзені бассейнінің климаты континентальды. Мұның себебі Тянь-
Шань тауларының ылғал көзі – Атлант мұхитынан біршама арақашықтықта
орналасқанына байланысты. Сонымен қатар бассейннің климаттық жағдайы Іле
бассейнінің басқа региондарымен салыстырғанда құрғақ.
Бассейн территориясының климатына интенсивті күн радиациясы тән
.Радиацияның жылдық ағыны жазық аудандарда 135-150 ккалкв.см,ал тау
етегімен таулы аймақтарда бұлттылықтың жоғары болуына байланысты радиация
ағыны 125-130ккалкв.см азаяды.(35)
Температура және жауын-шашын режиміне байланысты бассейннің 4
климаттық белдеуін ажыратуға болады:
1.Жазықтық белдеу Іле өзенінің сол жақ жағалауынан тау етегіне 700 метрге
дейінгі территорияны қамтиды. Қысы суық, жазы ыстық, әрі құрғақ, яғни
континентальды.
2.Тау етегі белдеуі 700-ден 1500 метрге дейінгі территорияны алып жатыр.
Төмен континентальдығы және төмен температура тербелістерімен айқындалады.

3.Тау ішілік белдеу абсолютті биіктігі 1200-1500 метрге жететін
Шалкедесу, Кеген, Қарқара қазандығымен Жалаңаш жазығының батыс
бөлігін қамтиды. Климаты континентальды.
4.Тау белдеуі 1500 метр биік территорияны қамтиды. Климаты анық көлденең
зоналы.
Атмосфералық жауын-шашын бассейн территориясында тегіс түспейді. Оның
негізгі себебі физико-географиялық жағдайларға және жер бедерінің формасы
мен жартастардың экспозициясына байланысты. Қордағы су қоры 30мм-ден
аспайды.
Ауа ылғалдылығы. Жылдың суық мезгілінде ауаның ылғал ұстағыштығы
төмен, ал булармен қаныққандығы жоғары болады. Жаз айларында бұл қатынас
керісінше өзгереді. Ауаның жылдық абсолюттік орташа ылғалдылығы жазық
аймақтарда 5-5,5 мб-дан 7,3 мб-ға дейін өзгереді, ал таулы аудандарда
абсолютті биіктіктің жоғарлауына байланысты орташа есеппен 6 мб-3,5 мб-ға
дейін азаяды.(33,25)

1.5.3.Аймақтың топырақ жамылғысы мен биотасы

Өсімдік-топырақ жамылғысының жиынтығы бассейннің геоморфологиялық,
геологиялық және климаттық жағдайларының әртүрлілігімен сипатталады.
Топырақ пен өсімдік жамылғысы биіктік белдеу бойынша аздап өзгереді. Осыған
байланысты бассейн территориясын бірнеше биіктік белдеуге бөлуге болады:
Биік таулы белдеу (3000 метрден жоғары). Территорияда өсімдік
жамылғысы аз,кей жерлерде тіпті кездеспейді. Тастар мен жартастарда
балдырлар мен қыналар кездеседі.Төменірек тау-шалғынды топырақтарда
альпілік шалғындардың фрагменттері таралған.Сонымен қатар қыналар мен
мүктер де бар.Жануарлар әлеміне келетін болсақ , бұл аймақта кемірушілерден
тышқандар,суырлар,құстардан – жартас кептері,альпілік галка,сұр құр
тіршілік етеді.
Орта таулы биіктік белдеу 3000-2200 метрлік абсолюттік биіктікті
қамтиды. Бұл белдеудің жоғарғы бөлігінің күңгірт тау-шалғынды топырағында
альпілік және субальпілік шалғындар, күңгірт түсті шымды топырағында
аршалар өседі. Одан төмен шыршалы орман орналасқан. Жануарлар әлемі біршама
алуантүрлі. Мұнда борсық, қабан, үй және орман тышқандары, суыр, тоқылдақ,
жапалақ, үкі тағы басқа жануарлар кездеседі.
Төменгі биіктік белдеуге 2200-1600 метр абсолюттік биіктік тән.
Топырағы-тау қара топырағы және қызғылт. Өсімдік жамылғысы ақселеу, бетеге
және астық тұқымдас-әртүрлі шөпті шалғын. Берілген белдеудің жануарлар
әлемінің көпшілігін бауырымен жорғалаушылар құрайды. Сонымен қатар қасқыр,
түлкі, борсық, ал құстардан құр,орман кептері,қырғауыл тағы басқалары
тіршілік етеді.
Келесі белдеуге шөл-далалы зона кіреді (1600 метрден төмен). Бұл
белдеуге сұр-құба топырақта өсетін өсімдіктерге жусан, тасбұйырғын және
астық тұқымдастар тән. Дала тасбақасы, тышқан және құстардан қараторғай
кездеседі.(25)

1.6. Бассейн суын ауыл шаруашылығы мен энергетика мақсатында пайдалану

Бассейн аймағында елді-мекендер орналасқандықтан өзен суы суармалы
егін шаруашылығында кеңінен қолданылады. Шарын макрогеосистемасында
суармалы 6 массив бар. Олар: Шалкедесу, Қарқара, Бестөбе, Ұзынбұлақ,
Жалаңаш және Шарын өзенінің дельтасы. Суармалы жерлердің көлемі 2005 жылы
Шалкедесуда 7,6 мың га-дан 12,68 мың га-ға, Қарқарада 3,82 мың га-дан 11,71
мың га-ға ал Шарын өзені дельтасында 18,65 мың га-дан 45,77 мың га-ға дейін
жоғарлайды деп болжануда.(24) Сонымен қатар өзендегі су қорын энергетика
көзі ретінде қолдануға болады. Шарын өзені бассейнінің су энергетикалық
потенциалын (Казгипроводхоздың анықтауы бойынша) 4-кестеден көруге болады.

Шарын өзені бассейнінің су энергетикалық ресурстары

Кесте
4

Бассейн аты Есептелген өзендердің жалпыЖалпы потенциалды су
өзендердің саны ұзындығы,км энергетикалық қоры
Күштілігі,мың.кЭнергия,млн.квт.са
вт ғжыл
Шарын 69 1739 730 6392

Кестеден көріп отырғанымыздай Шарын өзені басейнінің су-энергетикалық
потенциалы жоғары, әсіресе таудан шыққанға дейінгі орта ағысында байқалады.

Өзенде су электр станцияларының құрылысын жүргізетін бөліктер бар,
бірақ олар қазіргі кезде толығымен қолданылмай отыр (28). Негізінде 4 су
электр станциясын салу жоспарланған(20,28).(5-кесте)

Шарын өзенінде салуға жоспарланған су электр станциялары

Кесте 5

Су тарату жүйесінің Орташа су Ағыс көлемі,млн*м3 Ағыс
деңгейі шығыны,м3сек модулі,лсек,км2
Бестөбе 28,0 883 5,45
Мойнақ 28,8 908,4 5,42
Ақтоғай 32,9 1037,7 5,35
Мойынтоқай 35,6 1122,8 4,78

2.Зерттеу әдістері

2.1.Ауыр металдарды анықтау әдістері

Қоршаған ортадағы дәлірек айтқанда топырақтағы, өсімдіктегі, судағы
және т.б ауыр металдардың мөлшерін анықтаудың бірқатар әдістері бар.(36)

Эмиссиялық әдіс

Эмиссиялық әдіс – металдарды анықтаудың жалынды фотометриялық әдісі,
онда тотықтырғыш және жанғыш газ (ацетиленпропан) орналасқан. Талдауға
алынған ерітіндінің өте ұсақ тамшыларынан құралатын аэрозольді газ
жолындағы атомдар эмиссиясына негізделген. Жоғарғы температура әсерінен
металдардың оңай иондалатын атомдары белгілі толқын ұзындығы бар сәулелерді
шығара бастайды. Сәулелену екпінділігіне байланысты ерітіндідегі элемент
мөлшерін анықтауға мүмкіншілік бар.
Жалынды-фотометрия әдісі сілтілік немесе сілтілі емес топырақ
элементін анықтауға қолданылады. Осы әдіс арқылы рубидий, цезий, стронцийді
анықтауға болады. Әдістің кемшіліктері :аспаптың көрсету жолының
температураға тәуелділігі, көрші спектор сызығының таңылуы. Осы жерде
белгілі элементті анықтау үшін басқа элементтің кедергі келтіруі мүмкін
(оның концентрациясы анықталатын элементтің концентрациясынан анағұрлым
жоғары болған кезде).

Поляграфиялық әдіс

Элементтерді және олардың концентрациясын поляграфиялық әдіспен
анықтау поляризациялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мойнақ су электр станциясы салынуына байланысты Шарын өзені аңғарының табиғаты мен жануарлары әлемінде болуы ықтимал өзгерістер
Колорадо үстіртіндегі Колорадо өзенінің аңғары
Мұхиттың зерттелу тарихы
Адамзат қоғамының табиғи ресурстары мен қамтамасыз етілу проблемалары
Шарын өзенінің гидрологиясы мен гидрографиясы
Ауыр металдармен ластану
Көл түрлеріне анықтама және олардың кезеңдері
Қазақстанда қалыптасқан су экологиясының ахуалдары
Алматы облысы бойынша орналасқан туристік обьектілермен танысу
Су тапшылығы мәселесін шешу
Пәндер