Топырақ түзілу процестері және оған әсер ететін факторлар
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бµлім
Топырақ түзілу процестері және оған әсер ететін факторлар.
Топырақтың механикалық құрамы, морфологиялық, химиялық жғне физикалық
қасиеттері.
Топырақты мекендейтін экологиялық топтар.
Топырақ ортасының жауын құртының тіршілігіне ғсері.
Жауын құртының топырақтың түзілуіне, құрылысы мен химиялық құрамына,
араласуына және беткі қабаттарға шығарылуына ғсері.
Қорытынды
Қосымшалар
Қолданылған әдебиеттер
Топырақ түзілу процестері және оған әсер ететін факторлар
Топырақтың ерекшелiгi: Топырақ - ауа ортасымен байланысқан құр- лықтың
борпылдақ,жұқа жоғарғы қабаты.Жердiң бұл қабығы өз қалыңдығына қарамастан
тiршiлiктiң таралуында маңызды роль атқарған.Топырақ литосфераның көптеген
қабаттары секiлдi жай ғана қатты дене емес,ол ауа және сумен қоршалған
қатты бөлiктерден құралған күрделi 3 фазалы жүйе. Ол газ қосындылары және
су ерiтiндiлерiмен толтырылған қуыс,сондыктан онда микроорганизмдер және
микроорганизмдер тiршiлiгi үшiн қолайлы әр түрлi жағдайлар жасалынады.
Топырақтағы температуралық ауытқулар ауаның жерге жақын қабаттарымен
салыстырғанда тұрақты,ал жер асты грунт сулары мен жауын-шашынның түсуi
ылғалдылықтың қорын құрайды және құрлық пен су ортасы арасындағы аралық
ылғалдылық режимiн қамтамасыз етедi. Топырақта жануарлардың өлекселерi мен
солған өсiмдiк қалдықтарынан органикалық және минералды заттардың қоры
жинақталады.Осының бәрi топырақта тiршiлiктiң бар екенiн көрсетедi.
Топырақта құрлық өсiмдiктерiнiң тамыр жүйесi жинақталған.
Топырақтың шамамен 1м2 кабатына жүз млрд-тан астам қарапайымдылардың
клеткасы млн-даған коловратка және тихоходтар, ондаған млн
нематодтар,ондаған және жүздеген мың кенелер және алғашқы қанатсыз
насекомдар,сондай-ақ коллембол мыңдаған басқа буынаяқтылар,он мың
энхитреид,ондаған және жүздеген жауын құрты,моллюска және басқа да
омыртқасыздар келедi.
Сонымен қатар топырақтың 1см2-тын ондаған және жүздеген млн
бактерия,микроскопиялық саңырауқұлақтар,актиномицеттер және басқа да
микроорганизмдер құрайды.Жарық түсетiн жоғарғы қабаттың әрбiр грамында жүз
мыңдаған жасыл,сары-жасыл,диатомды және көк-жасыл балдырлардың
фотосиндездеушi клеткалары тiршiлiк етеді.Топыраққа өлi компоненттермен
қатар тірі организмдерде тән.Сондықтан В.И.Вернадский топырақты табиғаттың
биокосты денелерiне жатқызады,себебi онда тiршiлiк бар және ол топырақпен
тығыз байланысты.[5]
Топырақ - тау жыныстарының,судың,ауаның әр түрлi тiрi және өлi
ағзалардың бiрiккен әсерiмен табиғи өзгерген"беткi" немесе сыртқы қабат.
Қысқаша айтқанда топырақ деп үстiнде өсiмдiктер өнiмiн алуға болатын жер
құрғағының яғни құрлықтардың жоғарғы қопсыған қабатын айтамыз. Сонымен
литосфераға биосфера мен атмосфераның әсер етуiнен түзiлетiн, құнары бар
жер қыртысының беткi қабаты топырақ екен.
Топырақтың түзiлуi және онда қарашiрiктiң,фосфордың,калийдiң,тағ ы
басқа өсiмдiкке қажетті қоректiк элементтердiң қоры жиналуы үшiн бiрне- ше
мыңдаған жылдар бойы физико - географиялық жағдайлар кешенiнiң әсерлерi
қажет.
Тау жыныстарының үгiлуiнен шыққан қалдықтар мен тiрi ағзалардың және
олардың тiршiлiгiнде бөлiнген заттардың ұзақ уақыттар бойы өзара әсерiнен
жүретiн процестi топырақ түзiлу процесi дейдi.Бiр ғана физикалық немесе
химиялық үгiлуден өсiмдiкке қажеттi қоректiк заттары бар топырақ
түзiлмейдi.Күл мен азот қоректiк заттары болатын топырақ тек қана көптеген
микроорганизмдер мен өсiмдiктер және жануарлар әсерлерiмен, адамның
өндiрiстiк еңбегiмен жасалады.
Топырақ түзiлу факторлары. Топырақтың түзiлуi үшiн В.В.Докучаев
негiздеген:
1)тау жыныстарының физикалық және химиялық үгiлулерi;
2)өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi;
3)климат;
4)рельеф;
5)топырақ түзушi аналық жыныс;
6)топырақтың жасы және академик В.Р.Вильямс дәлелдеген
7)адамның өндiрiстiк әсерi факторлары керек болады,бұлар
өзара тығыз байланыста жүредi.
Өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi. Жерде өсiмдiктер пайда болғанға
дейiн тау жыныстарының үгiндiлерi сумен жуылып желмен кедергiсiз көшiп
отырды.Өсiмдiк пайда болғаннан кейiн (мұнан 1,5млрд жылдай бұрын протерозой
эрасында) жер қайта өзгердi.Үгiндiлерде өскен балдырлардың қалдығында
қымыздық қышқылды көп бөлетiн қыналар орналасып,үгiндiлердiң ұсақталуын әрi
қарай жүргiздi. Қыналар қалдығында аз да болса құнар жасалып, жоғары
сатыдағы өсiмдiктердiң өсуiне мүмкiндiк туды, органикалық заттардың түзiлуi
мен ыдырауы үздiксiз жүрiп топырақ пайда болды.Өсiмдiктердiң терең тараған
тамырлары минералдық заттарды жердiң төменгi қабаттарынан беткi қабатка
тасып, жинап қоректiк заттардың қорын жасады. Мұнымен қоса құрамында азоты
бар органикалық заттар ұдайы көбейiп отырды. Нәтижесiнде аналық жыныстың
беткi қабатында жинақтаушы аккумулятивтiк немесе құнарлы қабат құрылды.
Өсiмдiктермен қатар топырақ түзiлуiнде әртүрлі жануарлардың, әсіресе
омыртқасыздардың рөлi зор болды. Мысалы,топырақ құрттары өз ағзаларынан
жылына 100 тга топырақ өткiзiп байытып отырады. Омыртқалылар (тышқандар,
кесiрткелер тағы басқалар) топырақтың органикалық және минералдық
бөлiктерiн араластырып,құнарлы қабатты қалыңдатады.
Климат топырақ түзiлу процесiне тiкелей атмосфералық қалдықтар,
температура, сол сияқты өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi арқылы әсер етедi.
Мұны тундра зонасынан айқын көруге болады. Мұнда атмосфералық қалдықтардың
аз мөлшерiне қарамай төменгi қабаттың мәңгi тоң болуына, ауа-райының
салқындығына байланысты топырақ күштi батпақтанып, көгiлдiр түс алған,ал
климаты қолайлы орманды-далалы зонада қара топырақтар жиналған.
В.В.Докучаев климаттың әсерiнен экватордан полюстерге қарай топырақтардың
көлбеу зоналарының,таудың етегiнен шыңына қарай тiк зоналардың ауысып отыру
заңдылығын ашты.
Рельеф топырақтың гранулометриялық құрамына, қоректiк заттар мен су
режимдерiне, түзiлу жылдамдығы мен сипатына әсер етедi. Рельефтiң жоғарғы
бөлiгiнде сумен шайылу және желмен ұшу арқылы ұсақ минералдық және
органикалық заттар азаяды да iрi,қиыршық тасты кедейленген топырақтар
қалады. Оларда ыза су жер бетiнен қашық болғандықтан терең тамырлы орман
ағаштары өседi де, топырақ күлгiнденедi. Төменгi рельефте жоғарыдан шайылып
келген тозаң бөлшектер, коллоидтар, тұздар көп жиналады. Гранулометриялық
құрамының ауыр болуына, ыза судың жақын тұруына байланысты ағаштар нашар
өседi. Ал шалғындық шөп өсiмдiктерi қою өсiп, қарашiрiк жиналып, топырақ
қара түс алады.
Аналық жыныс.Топырақтың гранулометриялық құрамы, оның ерiтiндiсiнiң
реакциясы, карбонаттылығы, топырақ жаратылуының бағыты мен жылдамдығы осы
аналық жыныстарға байланысты. Мысалы, карбонатты жыныстан кальциймен бай
лёсс микроструктуралы топырақ түзiледi.
Топырақтың жасы. Солтүстiк жарты шарда ерте жаратылған топырақтар
өзгерiске көп түстi. Топырақтар жасын абсолюттiк және салыстырмалы жастар
деп бөледi. Абсолюттiк жас деп, сол топырақтың бастапқы түзiлуiнен бергi
жасын айтады. Салыстырмалы жас деп, абсолюттiк жасы бiрдей, бiрақ рельефке,
жыныстардың құрамы өзгерiске түскен топырақтың жасын айтады.
Адамның өндiрiстiк әсерi. Қазiргi уақытта адамның топыраққа қатынасы
шешушi фактор болып есептеледi. Адам саналы қатынаста топырақтың табиғи
құнарына жасанды құнар қосып тиiмдi құнарлықты арттырады.
Топырақтың механикалық құрамы,
морфологиялық, физикалық және химиялық қасиеттері
Жер бетiнде топырақ түзiлу процесi ұзаққа созылған биогеохимиялық
айналымның жемiсi. Топырақтың түзiлуiмен байланысты жер шарының ұсқыны да
өзгередi, яғни жер бетiн жасыл өсiмдiктер әлемi басады. Одан соң
топырақтың микро және өлi табиғат арасындағы тропикалық қарым - қатынастар
топырақ түзiлу процесiн, оның физикалық, химиялық және механикалық
құрылымын жақсарта түстi. Мәселен топырақтың жоғарғы қабаттарында
өсiмдiктерге қажеттi азот, калий, кальций, фосфор және тағы басқа химиялық
элементтер жинақталады. Ал топырақ ылғалы өз бойына оттегi, ерiген тұздар,
минералды заттарды сiңiрiп, сiлтiлiк немесе қышқылдық ортаны
қалыптастырады. Осылайша топырақ әлемiнде үздiксiз алмасулар жүредi.
Нәтижесiнде топырақтың аймақтар мен зоналарға тән климаттық фактор
жиынтығы, рельефi, аэроция гидротермиялық режимi қалыптасып, сол жердiң
биоценоз жиынтығын құрайды.[4]
Топырақтағы жағдайлардың әркелкiлiгi негiзiнен тiк бағытта көрiнедi.
Тереңдiк пен қатар топырақта тiршiлiк ететiндердiң өмiрiне әсер ететiн
маңызды экологиялық факторлар да тез өзгередi. Ең алдымен бұл топырақ
құрылысына қатысты. Мұнда морфологиялық және химиялық қасиеттерiне
байланысты 3 негiзгi горизонт бөлiп көрсетiледi:
1. жоғарғы шiрiндi-аккумулятивтi қабат.(А)Бұл қара-қоңырлау
түстi қабатта өсiмдiк тамырларының көпшiлiгi тараған.Сондай-ақ өлген
жапырақтар мен сабақтар түсiп шiридi де, қарашiрiк пайда болады. Ол топырақ
құнарлығы үшiн өте маңызды құрылым. Топырақтың бұл қабаты қара шiрiк қабаты
деп аталады. Бұл қабаттарда органикалық заттар өзгерiске түсiп жинақталады
және олардың қосылыстары, оңай еритiн тұздар жаңбыр суымен төменгi
қабаттарға жуылып кетедi.
2. жуылу немесе иллювиальдi қабат. (В) Мұнда қара шiрiк аз
болғандықтан бұл қабаттың түсi ашық болып келедi. Жоғарғы қабаттардан
жуылып келген заттар тұнады және өзгерiске ұшырайды. Осы заттардың бiр
бөлiгi шөгедi, ал кейбiреулерi өзара және осы жыныс бөлшектерiмен қосылып
жаңа қоспалар жаңа топырақ минералдарын құрайды.
3. аналық жыныс немесе топырақ түзетiн қабат. (С)
Әр горизонттың деңгейiнде әр түрлi қасиеттерiмен ерекшеленетiн бөл-
шектi қабаттар бөлiнедi. Мысалы: қылқан жапырақты және аралас орман
климатты зонада А горизонты бiрнеше қабаттарға бөлiнген.
А0-өсiмдiк қалдыктары жинақталған қара түстi гумусты қабат.
А1-органикалық заттар минералды заттармен араласқан қабат.
А2-кремний қосылыстары басым болатын, ал барлық ерiген заттар топырақ
профилiнiң тереңдiгiне жуылған ашық - сұр түстi қабат. Бұл қабаттардың
құрылысы мен химиялық қасиеттерi әр түрлi, сондықтан топырақта тiршiлiк
ететiндер бiрнеше сантиметрге жоғары немесе төмен орын ауыстыруы, олардың
басқа жағдайларға тап болуына әкеледi.
Топырақтың механикалық құрамы деп әр түрлi түйiршiк бөлшектерiнен
тұратын топырақ құрамын айтады. Топырақтың механикалық құрамы 5 фракциядан
тұрады: тастар, малта тастар, құмдар, шаң, тозаң.
1. Тастар - диаметрi 10-3 мм аралығындағы бөлшектер.
2. Малта тастар - диаметрi 3-1 мм аралығындағы бөлшектер.
Бұл 2 фракция құрылысы,қасиеттерi сақталған тау жыныстарының сынықтары
болғандықтан топырақ қаңқасы деп аталады, топырақтың физикалық қасиеттерiне
әсер етедi.
3. Құмдар - диаметрi 1-0,05 мм,минералдық негiзiнен кристалдық
кремне- қышқылдық кварцтық слюданың бөлшектерi, химиялық процестерге
қатыспайды, тiкелей өсiмдiк қорегi емес, силикаттық тау жыныстарының соңғы
үгiнділерi.
4. Шаң - 0,05-0,001 мм, негізінен кварцтың және бірінші
минералдардың (далалық шпаттардың, слюдалардың, жалған мүйiздiң, т.б.)
қоспасынан тұрады. Мұнда физикалық химиялық процестер әлсiз жүредi.
Сондықтан да структура жасауда топырақтың пассивтi бөлiгiне жатады. Орташа
және ұсақ шаңдардың суды, ауаны өткiзгiзтiгi нашар болады.
5. Тозаң - диаметрi 0,001мм-ден ұсақ коллоидты бөлшек. Бұлар
топырақтың өте активтi, жылжымалы заттар қосындылары бар саз бөлiгiн
құрайды. [7]
Жануарлар тiршiлiк ете алатын топырақ бөлшектерiнiң арасындағы
қуыстардың көлемi тереңдiкке байланысты тез кiшiреедi. Мысалы, шалғынды
топырақтағы қуыстардың орташа диаметрi 0-1см, ал 2-3см тереңдiкте 1мм-ге
тең болады. Одан сайын тереңдегенде топырақ қуыстары кiшiрейе түседi.
Топырақ тығыздығы да тереңдiкке байланысты өзгередi. Органикалық заттардан
құралған борпылдақ қабаттар көбiрек. Бұл қабаттардың айырмашылығы мынада:
органикалық заттар минералды бөлшектердi iрi агрегаттарға желiмдестiредi
нәтижесiнде арасындағы қуыстардың көлемi үлкеедi. Негiзiнен жуылған
коллоидты бөлшектермен цементтелген иллювиальдi В горизонты басқалармен
салыстырғанда тығыздау. [5]
Ылғалдылық топырақта әртүрлi күйде кездеседi:
1. Байланысқан су - бұл топырақтың минералды химиялық құрамына кiретiн
өте тығыз байланысқа түскен су. Ол топырақ бөлшектерiнiң жоғарғы бөлiгiмен
берiк ұсталады.
2. Қылтүтiктi су - топырақ қылтүтiктерiн ұсақ саңылауларды толтырып әр
түрлi бағытта жылжитын су. Оны өсiмдiктер оңай сiңiре алады.
3. Гравитациялык су - iрi қуыстарды толтырып тұратын өз салмағымен
топырақтың жоғарғы қабатынан төменгi қабатына жылжитын сулар. Өсiмдiктер
оңай сiңiредi, бiрақ өз салмағымен тез жылжитындықтан өсiмдiктер көп
пайдалана алмайды. Сондықтан ол жер асты ыза суының қорына қосылады.
4. Бу күйiндегi су - бұл топырақ кеуектерiне әр түрлi температурада
судың булануынан пайда болған су. Бу күйiндегi су өсiмдiктерге сiңбейдi, ол
тамшыға айналған кезде ғана жақсы сiңiрiледi.
Су құрамы әр түрлi уақытта және түрлi топырақта бiрдей емес. Егер
гравитациялық су көп болса, онда топырақ режимi су қоймаларының режимiне
жақын болады. Құрғақ топырақта тек байланысқан су болады, ал осы жағдай
топырақ режимiн құрлыққа жақындатады. Дегенмен тiптi құрғақ топырақтағы ауа
жер бетiндегiден ылғалдырақ ,сондықтан жердiң жоғарғы бетiндегiлерге
қарағанда топырақта тiршiлiк ететiндерге кеуiп кету қаупi төмен.
Топырақ ауасының құрамы өзгермелi.Тереңдеген сайын оттегi құрамы
азайып,көмiрқышқыл газының концентрациясы көбеедi. Топырақта iрiтiп-
шiрiтетiн органикалық заттардың болуына байланысты топырақ арасында аммиак,
күкiртсутек, метан және т.б. токсиндi заттардың концентрациясы жоғары
болуы мүмкiн. Топырақты су басқанда немесе өсiмдiк қалдықтарының интенсивтi
шiруi кезiнде анаэробты жағдайлар туындауы мүмкiн.
Температура ауытқулары тек топырақтың жоғарғы бетiнде байқалады.
Ауаның жерге жақын қабаттарымен салыстырғанда топырақ бетiндегi
температуралық ауытқулар күштiрек. Дегенмен әр см тереңденген сайын
тәулiктiк және мерзiмдiк температуралық өзгерiстер азая түседi және 1-1,5м
тереңдiкте тiптi де бақыланбайды. Бұл ерекшелiктердiң барлығы топырақтың
экологиялық жағдайларының бiркелкi еместiгiне қарамастан оның әсiресе
қозғалатын организмдер үшiн тiршiлiк ортасы болып табылатындығын көрсетедi.
Топырақ профилiндегi ылғалдылық пен температураның өзгергiштiгiне
қарамастан топырақ жануарлары қозғалыстарының арқасында өздерiне қолайлы
орта жасай алады.
Топырақты мекендейтін экологиялық топтар
Топырақтың бiркелкi еместiгi әр түрлi көлемдегi организмдер үшiн түрлi
орта болып табылады. Микроорганизмдер үшiн топырақ бөлшектерiнiң үлкен
суммарлы беткi қабаты аса маңызды себебi мұнда микробтардың көптеген бөлiгi
жинақталады. Аэробтар, яғни ауамен тыныс алушылар, анаэробтар оттегіні
қажет етпейтіндер, органикалық және минералды қосылыстарды тұтынушылар
секiлдi әр түрлi функциональды топтарға топырақ ортасының күрделiлiгi әр
түрлi жағдай тудырады.Микроорганизмдердiң таралуына топырақтың жұқа,
жiңiшке қабаттары тән, себебi бiрнеше мм-дiң бойында экологиялық зоналар
ауысуы мүмкiн.
Микрофлора мен микрофауна - дене тұрқы өте кiшкентай микроскопиялық
организмдер. Негiзiнен органикалық заттар ыдыратушы бактериялар,
саңырауқұлақтар, қарапайымдылар мен көк-жасыл және жасыл балдырлар. Олар
топырақпен өсiмдiк және жануарлар арасында қоректiк тiзбектер арқылы
табиғаттағы зат және энергия айналымдарының негiзгi қозғаушы күшiне
айналады. Микрофауна,яғни ұсақ жануарлар үшiн топырақ - шағын су қоймасы
болып табылады, себебi олар су жануарлары. Олар гравита- ционды немесе
капиллярлы сумен толтырылган топырақ қуыстарында тiршiлiк етедi, ал
өмiрiнiң қалған бөлiгiн микроорганизмдер секiлдi топырақ бетiнiң ылғалды
қабықтың жұқа қабатшаларында адсорбцияланған күйде өткiзедi. Ал бұлардың
көптеген түрлерi кәдiмгi су қоймаларында да тiршiлiк етедi. Дегенмен
топырақтағы формалары тұщы сулардағымен салыстырғанда ұсақтау, сонымен
қатар олар қолайсыз периодты өткiзу үшiн инцистірленген күйде көпке дейiн
тұра алатын қабiлетiмен ерекшеленедi. Тұщы су амебасының көлемi 50-100 мкм
болса, топырақта тiршiлiк ететiн амебаның көлемi 10-15 мкм. Әсiресе
талшықтылардың өкiлдерi ұсақ, кейде ғана олардың көлемi 2-5 мкм болады.
Топырақ инфузорийi де ұсақ көлемдi және де денесiнiң формасын тез өзгерте
алады.
Мезофауна - дене тұрқы алдыңғыларға қарағанда iрiлеу, топырақ
қабаттарында еркiн тiршiлiк етуге бейiмделген ағзалар.
Мезафауна, яғни ауамен тыныс алатын iрiлеу жануарлар үшiн топырақ
шағын үңгiр болып табылады. Топырақ мезафауна өкiлдерiнiң көлемi -0,1-ден 2-
3мм. Бұл топтарға негiзiнен буынаяқтылар, жұмыр құрттар, жәндiктердiң
личинкалары, кенелердiң көптеген тобы, ұсақ омыртқасыз жәндiктер, алғашқы
қанатсыз насекомдар (коллемболдар, протуралар) қанатты насекомдардың ұсақ
түрлерi, көпаяқты симфилдер және т.б. жатады. Бұларда қазуға деген арнайы
қабiлеттерi жоқ. Олар топырақ қуыстарының қабырғасында артқы аяқтарының
көмегiмен немесе құрт тәрiздi ирелеңдеп жорғалайды. Су буымен қаныққан
топырақ ауасы дене жабынымен тыныс алуына мүмкiндiк бередi. Көптеген
түрлерiнде кеңiрдек жүйесi жоқ. Мұндай жануарлар кебу процесiне сезiмтал
болып келедi. Олар үшiн ауа ылғалдылығының ауытқуларынан қорғанудың негiзгi
тәсiлi - тереңге қарай қозғалу болып табылады.Бiрак топырақ қуыстарымен
тереңге миграция жасау мүмкiндiгi қуыс диаметрiнiң тез кiшiреюiмен
шектеледi, сондыктан топырақ қуыстарымен қозғалу тек ең ұсақ түрлерге тән.
Тыныс алуды қамтамасыз ететiн қалың қабырғалы сауыт және эпикутикуламен
бiрге қарапайым кеңiрдек жүйесi, жабындарының өткiзбейтiн бөлiгi, денесiнде
қорғаныш қабыршақтардың бар болуы секiлдi мезафаунаның iрi өкiлдерiнiң
топырақ ауасы ылғалдылығының уақытша төмендеуiн көтеруге мүмкiндiк беретiн
бейiмделу қабiлеттерi бар.
Топырақтың су басу кезеңiн мезафауна өкiлдерi ауа көпiршiктерiнде
өткiзедi. Ауа жануар денесiнiң айналасында суланбайтын жабыны, түктерi және
қабыршақтары есебiнен ұсталады. Ауа көпiршiктерi ұсақ жануарлар үшiн
"өзiнше физикалық желбезек" қызметiн атқарады. Тыныс алу қоршаған ортаның
диффузионды ауа қабатындағы оттегiнiң есебінен жүзеге асады.Микро жане
мезафауна өкiлдерi топырақтың қысқы қатуын көтеруге қабiлеттi өйткенi
олардың көптеген түрлерi төмен температураның әсер ететiн қабаттарынан
төменгi қабаттарға кете алмайды.
Макрофауна - дене мөлшерi 2-ден 20мм-ге дейiн жететiн iрi топырақ
жануарлары. Оларға насекомдардардың личинкалары, көпаяқтылар, бұзаубас,
жауын құрты және т.б. жатады. Топырақ - олар үшiн қозғалысқа механикалық
ыңғайсыздық тудыратын тығыз орта. Топырақта бұл iрi формалар табиғи
скважиналарды кеңейтiп, топырақ бөлшектерiн ысыру немесе жаңа жолдарды қазу
арқылы қозғалады. Қозғалудың бұл 2 әдiсi жануарлардың сыртқы құрылысына iз
қалдырады.
Жердi қазбай-ақ топырақтың жiңiшке скважиналарымен қозғалу мүмкiндiгi
тек кiшкене көлденең сызықты денелi түрлерге тән. Олар ирелеңдеген жолдарда
күштi иiлуге қабiлеттi. (көпаяқтылар-костянкалар және геофильдер). Жауын
құрты, маса - көпаяқтылардың личинкалары және т.б.өз денелерiнiң арқасында
топырақ бөлшектерiн жинап алдынғысын ұзартып және жiңiшкертiп топырақтың
тар қуыстарына кiредi,содан соң денесiнiң алдынғы бөлiгiн бекiтiп, оның
диаметрiн үлкейтедi. Кеңейген бөлiкте бұлшықет жұмысының есебiнен күштi
гидравликалық сығылмайтын қысымнан iшкi қуыста сұйықтық түзiледi: құрттарда
- целом қапшықтарының құрамы, типулидтерде - гемолимфа. Топыраққа қысым
дене қабырғалары арқылы берiледi,сөйтiп жануарлар скважиналарды кеңейтедi.
Оның үстiне олар артында ашық жол қалдырады, бұл буланудың молаюна және
жыртқыштардың аңду қаупiнiң жоғарылауына әкеледi. Көптеген түрлерде
топырақта қозғалыстың экологиялық тиiмдi типiне бейiмделу дамыған,яғни қаза
отырып қозғалады да жолының артын жабады. Қазу топырақ бөлшектерiн қопсыту
және кемiру арқылы жүзеге асады.Әр түрлi насекомдардың личинкалары бұл үшiн
бастарының алдыңғы бөлiгiн, мандибула және алдыңғы аяқтарын,хитиннiң қалың
қабатына бекiген және кеңейген түктерi мен өсiндiлерiн қолданады. Денесiнiң
артқы бөлiгiнде ысыруға арналған берiк фиксациялы бейiмделушiлiктерi
дамыған - итерушi,ысыратын тiреуiш, тiсше,iлмек. Жолдарының артын жауып
жүру үшiн кейбiр түрлердiң соңғы сегменттерiнде арнайы қысымдалған аймақ
болады. Ол аймақ хитиндi тiсшелермен жиектелген.
Осындай аймақ короед - қоңыздардың қанат үстi артқы бөлiктерiнде де
түзiледi және мұны олар артынан жолдарын жабу үшiн қолданады. Жолдарының
артын жаба жүрiп топырақты мекендеушi жануарлар үнемi өз денелерiнiң буына
қаныққан жабық камерада болады.
Бұл экологиялық топтардың көптеген түрлерiнiң газ алмасу органдарының
көмегiмен жүзеге асады, сонымен қатар газ алмасу жабын арқылы да
толықтырылады. Кейбiр түрлердiң тек терi арқылы тыныс алу мүмкiндiгi бар.
Мысалы, жауын құрты, энхитреид.
Қазатын жануарлар қолайсыз жағдай туындаған қабаттардан кетiп қала
алады. Құрғақшылықтарға қарай өтедi, әдетте беткi қабаттардан 10см төменге
түседi.
Мегафауна - бұл iрi жер қазғыштар, негiзiнен сүтқоректiлер қатары
жатады. Бұл түрлер өмiрiнiң барлығын топырақта ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz