ОРМАН РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ӨСІМДІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ БИОХИМИЯСЫ
ЭКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
ТАҚЫРЫБЫ:
ОРМАН РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
ТЕКСЕРГЕН: ҚАРМЫСОВА А.
ОРЫНДАҒАН: ҚОЙБАҒАРОВА Б.Х.
2-топ, 1-курс, қазақ филологиясы, қазақ
тілі және әдебиет бөлімінің
студенті
БАҒАСЫ:
АЛМАТЫ-2007
ЖОСПАРЫ:
1. ОРМАНДАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ.
2. ОРМАНДАРҒА РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ҚЫСЫМНЫҢ ӘСЕРІ.
3. ТРОПИКТІК ОРМАНДАР МӘСЕЛЕСІ.
4. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРМАН ҚОРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕСІ.

Ормандардың экологиялық қызметін бағалауда олардың қоршаған ортаға
әсерінің екі түрін атап көрсетуге болады: биогеохимиялық (Вернадский
бойынша, тірі заттың бірінші ретті қызметі) және механикалық немесе
физикалық (тірі заттың екінші ретті қызметі). Биогеохимиялық қызмет әр
түрлі физиологиялық процестердің (фотосинтез, минералдық қоректену,
транспирация, қоршаған ортаға әр түрлі ұшқыш заттарды бөліп шығару және
т.б.) жүзеге асуы арқылы көрінеді. Механикалық қызметі биомасса, оның
көлемі арқылы, сонымен қатар алып жатқан ауданы және негізінен бірлестіктің
іші мен одан тыс территорияда арнайы экоклиматты түзу, ауадағы заттарды
тұндыру қызметі арқылы көрінеді.
Бірінші қызметі органикалық заттың түзілу жылдамдығына байланысты. Ұзақ
өмір сүретін ағашты өсімдіктер көп мөлшердегі биомассаны түзуге
қабілеттілігіне байланысты, ортаға әсер ететін фактор болып табылады.
Ормандардың көміртегіне қатысты қызметі. Атмосферадағы көміртегінің
артық мөлшерін шығару арқылы парниктік эффект мәселесін шешуде адамдар
орман экожүйелерінен үміттенеді. 1 толнна (абсолюттік құрғақ слмақ) өсімдік
өнімі түзілуі үшін 1,5-1,8 тонна көмірқышқыл газы сіңіріліп, 1,1-1,3 тонна
оттегінің бөлініп шығатыны белгілі. Өнімділігі орташа орманға есептесек, 1
га орман жылына 6-7 тонна көмірқышқыл газын сіңіріп, 5-6 тонна оттегін
бөліп шығарады.
Ормандардағы көмірқышқыл газының орасан көп мөлшерінің концентрациясы
ағаштардың биомассасының үлкен болуына байланысты. Жер шарының
өсімдіктерінде жиналған көміртегінің бүкіл массасы ның 92% орман
экожүйелерінде жиналған. Құрлықтың басқа жүйелерінде көміртегінің тек
шамамен 7%, ал мұхиттың өсімдік ағзаларында – 1%-дан кемі шоғырланған.
Көміртегінің көп мөлшері ормандардың өлі органикалық затында (детрит),
топырақ гумусында және орман батпақтарының торфтық қабатында сақталған.
Сондықтан, көміртегінің байланыстыру процестерін жылдамдату үшін
ормандардың ауданын кеңейту мен өсімділігін арттыру шаралары қолға алынуы
қажет.
Өкінішке орай қазір жер шарында ормандардың ауданы мен биомассасының
кемуі адамзатты толғандырып отыр. Бұл олардың тек көміртектік функциясын
ғана емес, басқа да көптеген функцияларының орындалуына әсер етеді.
Ормандардың ауа тазартудағы қызметі. Атмосферадағы көміртегі балансына
әсер етумен қатар, ормандар ауадағы басқа да бөгде заттарды жоюға
қабілетті. Ауаны ластаушы заттардан тазарту оларды сіңіру арқылы да
(бірінші ретті), физикалық тұндыру (екінші ретті) арқылы да жүзеге
асырылады.
Өсімдіктердің бірінші ретті қызметі ластаушы заттарды, соның ішінде улы
заттарды (күкіртті ангидрид (SO2)) денесінде жинауы арқылы көрінеді. Улы
заттар кейін топыраққа түскен жапырақтармен немесе басқа жолмен ағзадан
шығарылады. Мәліметтер бойынша 1 кг жапырақ маусымда 50-70 г күкіртті газ,
40-50 г хлор және 15-20 мг қорғасынды сіңіре алады. Азоттың қос оксиді және
аммоний тұздары түріндегі қосылыстары аз мөлшерде сіңіріледі де, тамырдан
тыс үстеме қоректендіру (жапырақ арқылы) факторы болып табылады. Бірақ бұл
заттардың артық мөлшері, басқа да ластаушы заттар тәрізді өсімдіктердің
тұрақтылығын төмендетіп, оларды уландырады.
Екіиші ретті қызметімен негізінен ауадагы бөлшектерді тұндыру
байланысты. Бұл процесс құрғақ күйде де (ауырлық күшінің әсерінен), ылғалды
атмосфералық жауын-шашында немесе су буында еріген күйде де жүруі мүмкін.
Орман алабында орманды емес жермен салыстырганда ауаны тазарту
интенсивтілігі 20—30 есе жоғары болады. Ауа жоғары дәрежеде шаңданған
кезде, 1 га орман жылына 50—60 т шаңды сіңіріп, тұнбаға түсіре алады. Танап
қорғайтын орман белдеуі ауаны топырақтың жел эрозиясының өнімдерінен
тазартуында осы эффект қолданылады.
Орман шуды кемітеді, дыбыстың таралу қашықтығын төмендетеді.
Өсімдіктердің ластаушыларды нейтралдауы мен олардың өсімдіктердің
тіршілік қызметіне зиянды әсер етуі қатар жүреді.
Ормаидардың климаттық және метеорологиялық қызметі. Ормандар
метеорологиялық факторларга да әсер етеді. Олар атмосфералық құбылыстарға
әсер ете отырьш, өзіне тән ерекше ортасын түзеді. Ме-теорологиялық
көрсеткіштердің өзгеруі орманнан тыс жерлерге де таралады. Осы қасиетіне
байланысты ормандарды топырақты, егіс танабын, жолдарды, тұрғылықты
жерлерді қорғауда пайдаланылады.
Орман мен ашық жерлердегі ауаның температурасы мен ылғалдығы арасында
айтарлықтай айырмашылықтар жоқ. Тек жазда ашық ауа райы ке-зінде ғана
ормандарда 2—5°С төмен болуы мүмкін. Орташа алғанда жазда орманда 1—2°С
ғана салқын. Қыста орманда едәуір жылы болады.
Ормандар күн радиациясына көп әсер етеді. Ашық жердегі күн радиациясын
100% ден алсақ, онда орманның жарық сүйгіш өсімдіктер (қарағай, қайың
және т.б.) белдеуіне 10—15%, ал көлеңке сүйгіш ағаш түрлерінен
тұратын (шырша, самырсын) орман белдеуіне тек 3—5% ғана жарық
түседі.
Орманда ауа мен топырақтың жоғары қабатында ылғалдылығы жоғары болады.
Орман астындагы топырақтың терең қабаттары болса, шөптесін өсімдіктер
бірлестігімен салыстырғанда құрғақ.
Орман өзінен алшақ жатқан жерлерге де әсер етеді. Орман белдеуінің
шекаралас жатқан территорияларға әсер ету дәрежесі агаштардың биіктігіне,
тығыздығына байланысты.
Адамдар ерте кездердің өзінде өзен суының және құдықтагы судың
деңгейінің ормандардың болуына тәуелді екенін байқаған. Әсіресе, XIX
ғасырдың аяғы мен XX гасырдың басында ормандар мен су мәселесіне көп көңіл
бөліне бастады. Орман грунт суларымен қоректендіреді. Олар беттік су
ағысының көп мөлшерін жер астына өткізеді. Грунт сулары өзендерді
қоректендіре отырып, олардагы су деңгейінің қыс пен жазда жоғары болуын
қамтамасыз етеді. Көктемде және жаздық жауын кезінде өзендерге су ормансыз
жерлерден беттік ағыс бойынша келеді. Бұл судың топырақ эрозиясының өнімі
мен басқа да агенттермен ластануына әкеледі.
Ормандардың грунт суларын арттырып, беттік ағысты кемітуінің негізгі
себебі, ондагы топырақтың су өткізгіштігінің жақсы болуына (жабын
қабатымен, тамырлармен қопсытылған) және оның бетіне ылғалдың біртекті
түсуіне байланысты.
Ормандар күшті экожүйе ретінде өздігінен тазару мен техногенездің
бұзушы күштеріне қарсы тұру қабілетінің жоғары болуымен сипатталады.
Орман экожүйелерін ластанған суларды тазарту үшін де қолданады. Ені 30
м орман белдеуі арқылы өткен суда аммоний тұздарының мөлшері 5 есе аз, S02
— 6 еседен астам, фосфор мен калий 10 есе кеміген.
Орман экожүйелері судың бактериалдық және физикалық қасиеттеріне
қолайлы әсер етеді. Егіс танабынан алынған жауын суының колииндексі (1 л
судағы ішек таяқшасының саны) 18-ге тең, ал 45 метрлік орман белдеуі арқылы
өткенде 9-га дейін кеміген. Судың мөлдірлігі 5 есе артқан.
Орман кесілгенде, оның су қорғау және басқа да қасиеттері жойылады.
Екінші реттік сукцессия нәтижесінде орман қалпына келсе, бұл қасиет те
қалпына келеді.
Өсімдіктердің тікелей су қоймасындагы суды тазартудағы маңызы зор.
Америкада осы мақсатта гиацинттердің бір түрі қолданылады. Бізде шахталар
мен шайынды суларды тазалауда қамыс, рогоза пайданылады.
Аитропогеңді қысым жағдайыңда ормаңдардың тұрактылығын сақтау мәселесі.
Ормандардың қоршаған ортаны тазарту функциясы, олардың зақымдануымен,
тұрақтылығының төмендесуімен, жойылуымен байланыс-ты. Ормандардың
зақымдануының жалпы заңдылықтары мен одан қорғау іс-шаралары төмендегідей:
1. Ормандардың зақымдануы күкіртті ангидрид пен оның туындыларымен
(күкірттің триоксиді, күкірт қышқылы) ластанудан болады. Сонымен
қатар азот тотықтары, фтор, хлор, фотохимиялық смог өнімдері
де айтарлықтай зиянды әсер етеді.
2. Улы заттар өсімдіктерге не құрғақ түнбалар түрінде, не
қышқылдық жауын шашынға айналғанда әсер етеді. Ең
алдымен ассимиляциялаушы аппарат зақымданады (жабын ұлпалары,
хлорофилл, клеткалық құрылымдарға әсер етеді). Сонымен қатар
токсиканттар, әсіресе қышқылдық жауын түрінде, өсімдіктердің әр
түрлі бөліктерінен биогендік және басқа да заттардың сілтіленуі,
топырақтың қышқылдануы, тамыр жүйесінің улануы мен бұзылуы арқылы әсер
етеді. Жер асты мүшелеріне минералдар мен қосылыстардан (саз)
токсиканттардың әсерінен бөлініп шығатын алюминий күшті уландырушылық әсер
етеді. (Альцгеймер ауруы).
3. Улы заттардың өсімдіктерге әсері баяу (созылмалы) улану немесе
күюі түріндегі күшті зақымданулар түрінде болуы мүмкін. Ормандардың жойылуы
да баяу (сиректену және толық ыдырау) немесе бірден (катастрофа) болуы
мүмкін.
4. Улануға және жойылуға көбіне қылқан жапырақты ормандар ұшырайды. Бұл
құбылыстың себебі — ұзақ өмір сұретін (5—7 жыл) қылқанның улануы. Сондықтан
қылқанжапырақты ағаштардың „зақымдануының бірінші белгілеріне қылқанның
өмір сүру уақытының кемуі мен ағаштың қылқандарының санының кемуі жатады.
Тұрақты түрлерге көгілдір шырша жатады. Сондықтан бұл ағашты қалаларда жиі
өсіреді.
5. Жалпаң жапырақты ағаштардан улы заттардың әсерінен емен, бук және
басқа қатты сүректі ағаштар тез зақымданады. Жұмсақ, жапырақты ағаштар
(қайын) тұрақтырақ. Сондықтан қалаларда, өндіріс орындарының айналасында
олар қылқан жапырақты ормандарды ауыстырады. Өте күшті ластанған жерлерде
жапырақты ағаштарды жағдай талғамайтын шөптесін өсімдіктер алмастырады.
6. Улы заттарға қыналардың сезімталдығы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz