Отын - энергетикалық ресурстар


Отын - энергетикалық ресурстар
Қазақстан өндіргіш күштерінің даму қарқыны мен орналасу ерекшеліктері көбінесе отын - энергетика базасына байланысты. Еліміздің экономикасында бұл кешен шетелдік және отандық инвестицияны өзіне тартатын приоритеттік өнеркәсіп салаларының бірі. Энергиямен қамтамасыз ету деңгейі еліміздің экономикалық даму негізін құруға, ғылыми - техникалық прогресті жеделдетуге және еңбек өнімділігін арттыруда үлкен рөл атқарды. Жан басына шаққандағы электроэнергия өндіру - халықтың экономикалық және әлеуметтік дамуы деңгейін анықтайтын көрсеткіш.
Отын - энергетикалық кешен - күрделі салааралық жүйе, оның құрамына отын өндіру, электр және жылу энергиясы, оларды тасымалдау, тарату және тұтыну, яғни көмір, мұнай, газ, шымтезек, жанғыш тақта, тас және электроэнергетика өнеркәсіптері кіреді. Өндірістік инфрақұрылымға минералдық отынды өндіру, сақтау, тасымалдау және тарату, жоғарғы вольттық электроэнергия линиялары, жылу беретін магистраль жүйесі, мұнай - газ құбырлары жатады.
Қазақстан отын ресурстары қоры бойынша дүние жүзінде сегізінші орынды алады. Тас және қоңыр көмірдің 450 кен орыны бар, оларда 40 млрд. т жуық баланстық қоры шоғырланған. Ал, егер геологиялық қорын есептесек, бұл көрсеткіш бірнеше есе ұлғаяды ( 140 - 160 млрд. т ) . Көмір қоры бойынша Қазақстанның алдында АҚШ, Австралия, Ресей, Қытай, ГФР, Канада, Ұлыбритания, Үндістан, ОАР елдері тұр. 55%-дан астам көмір қоры Солтүстік Қазақстанға, 38% -ға жуығы Орталық Қазақстанның үлесіне тиеді. Қоры жағынан аса ірі кен орындарына Қарағанды, Екібастұз тас көмір, Торғай, Қолжат, Теңіз - Қоржынкөл және Майкөбе қоңыр көмір бассейндері жатады.
Қарағанды тас көмір бассейні ендік бағытта 120 шақырымға созылып жатыр; бойлық бойынша орта есеппен - 30 шақырым. Ауданы 3600 ш. ш. Кен жер астынан қазу және ашық әдіспен ( Бөрлі, Күшекі, Шұбаркөл ) өндіріледі. Бассейннің 1800м тереңдікке дейінгі геологиялық жалпы қоры 43, 4 млрд. т, оның ішінде баланстық қоры - 16, 5 млрд. т (тас көмір - 14, 3, қоңыр көмір - 2, 2 ) . Отынның жануындағы жылулық қасиеті Донбасс ( Украина ), Кузбасс ( Ресей) көмір кен орындарынан кем емес. Орташа күлділігі 23-27% болса да, тас көмірдің калориясы 7-ден 9 мыңға жетеді. Ұшпа заттардың шығуы 18-ден 36%-ға дейін. Көмір кокс өндіруге, жылумен қамтамасыз етуге және химия өнеркәсібін шикізат ретінде пайдаланылады. Геологиялық құрылысы және игеру деңгейіне байланысты бірнеше аймақтарға бөлінеді ( Қарағанды, Долинка, Шахан, Тентек, Шерубай - Нұра, Шұбаркөл ) .
Кеңес үкіметі кезеңінде Қарағанды көмірінің басты тұтынушылары Қазақстан, Оңтүстік және Орталық Орал ( Ресей ), Батыс Сібір жылу электр станциялары мен металлургиялық өнеркәсіп кәсіпорындары болды. Кеңес Одағының ыдырауына байланысты экономикалық байланыстардың өзгеруі Қарағанды көмір бассейнінің дамуына қиын әсер етті. Қазіргі кезеңде бассейн ішкі және коксті көмірді тұтынатын сыртқы рынокқа бағыт жасап отыр. Жекешелендіру процесіне байланысты 1996 - шы жылы 16 шахта және кейбір қосымша кәсіпорындар "Испат - Кармет" ААҚ ( қазір "Миталл Стил Теміртау" ) құрамына берілді, ал 7 шахта жабылды.
Екібастұз көмір бассейні Павлодар облысында орналасқан. Техникалық - экономикалық жағдайлары көбінесе экономикалық тиімділігіне, қазылатын көмірдің қабатының қалыңдығына, тығыздығына, 600м дейін ашық әдіспен өндіруіне т. б. байланысты. Көмірдің баланстық қоры - 13 млрд. т, көмір қабатының жалпы қалыңдығы 100м-ден астам, жану жылулығы 4500-5000 ккал, күлділігі жоғары ( 31-43% ), ылғалдылығы 6-15% болып келеді. Көмірді байыту экономикалық тұрғыда тиімді емес, бірақ ТМД елдерінің ішінде ең арзан ( Канск - Ачинск қоңыр көмір бассейнінен кейін ) энергетикалық болғандықтан, жылу электр станцияларында ( әсіресе жергілікті ) пайдаланылады ( Ақсу, Екібастұз ГРЭС - тері, Қарағанды жылу электр станциялары т. б. ) . Екібастұз көмірін кешенді жолмен пайдалануға болады, оның құрамында басқа өнеркәсіпке керекті шикізаттар ( мысалы, алюминий, құрылыс, химия өнеркәсіптеріне ) бар. Бассейнде үш карьер жұмыс жасайды: " Богатырь " - потенциалдық қуаты 50 млн. т, " Северный " - қуаты 10 млн. т, " Восточный " - қуаты 20 млн. т.
Майкөбе қоңыр көмір бассейні Екібастұз тас көмір бассейнінің оңтүстігінде орналасқан. Аумағы 1400ш. ш. Кейбір кен орындары толығымен зерттеліп, пайдаланылуға берілген. Бассейннің көмірі аз күлділігімен ( 7-25% ), ұшпа заттардың көп шығуымен ( 45%-ға дейін ), жану жылуының деңгейімен ( 4300-4800ккал ), көміртегінің төмен құрамымен ( 78%-ға дейін ) сипатталады. Көмір қабаттары 56 м дейін жетеді, аса тереңдікте орналаспаған, сондықтан ашық әдіспен өндіруге болады. Механикалық тығыздығына байланысты көмір байытуға жарамды. Жоғарғы сапалы энергетикалық көмірді жылу энергетикасы және химия өнеркәсібінде пайдалануға болады. Баланстық қоры - 5 млрд. т.
Торғай қоңыр көмір бассейнінің аумағы 5 мың ш. ш, әлі зерттеліп біткен жоқ, бұл жамдық қоры - 40 млрд. т. Жан - жақты зерттелген кен орындары: Құсмұрын, Егінсай, Қызылтай, Приозерск. Бірінші екі кен орынның үлесіне 80% баланстық қоры жатады. Құсмұрынның көмірі аз күлділігімен, жоғары жану жылулығымен ( калориясымен ) сипатталады. Көмір қабатының орта қалыңдығы 60 м жетеді және ашық әдіспен өндіруге болады. Қазіргі нарықтық экономикалық жағдайға байланысты Торғай бассейнінің кейбір кен орындары жергілікті жерде отынмен қамтамасыз ету үшін игеріле басталды. Торғайдың көмірін жергілікті аймақта пайдалану Қарағанды және Екібастұз көмірінің өзіндік құнынан ( көліктік шығынды қосқанда ) 10 есе арзанға түседі.
Теңіз - Қоржынкөл көмір бассейні Ақмола облысында орналасқан, әлі жеткілікті зерттеліп біткен жоқ және өндірістік пайдалануға дайын емес. Дегенмен, 1996 жылдан бастап Ақмола- Павлодар автомобиль жолының бойында орналасқан. Сарыадыр разрезінде көмір өндіру басталды. Техникалық - экономикалық көрсеткіштері жағынан бұл бассейннің көмірі Екібастұз көмірінен кем түспейді. Бұдан басқа болашағы бар Максимовск, Бөгенбай кен орындарын атауға болады.
Қолжат қоңыр көмір бассейні Алматы облысында орналасқан. Оның геологиялық қоры - 21 млрд. т. болады. Сапасы жағынан тас көмірге жақындау. 1995 жылдан бастап көмір өндіру басталды.
Қазақстанда, жоғарыда айтылып кеткен бассейндерден басқа, Жамбыл облысында Шу қоңыр көмір бассейні, Алматы облысында төменгі Іле қоңыр көмір бассейні, Павлодар облысында Жамантұз, Малайсоры, Қызылтау т. б. көмір кен орындары, Қаражар ( Шығыс Қазақстан облысының Семей аймағы ), Шұбаркөл тас көмір, Қияқты қоңыр көмір кен орындары ( Қарағанды облысы ) бар. Ақтөбе облысында Мамыт ( Ақтөбе қаласының солтүстігінде ), Шұбарқұдық, Бершоғыр ( Мұғалжар тауларында ), Айсан, Мартук көмір кені орындары, Оңтүстік Қазақстанда тас көмір, Алакөл, Шығыс Қазақстанда Кендірлік көмір және жаңғыш тақта тас кен орыны ( қоңыр көмірдің қоры - 1млрд. т, тас көмірдің 1, 5 млрд. т ) ашылған.
Көмірдің көптеген кен орындары Қазақстан өнеркәсіп орталықтары мен тораптарына жақын орналасқан. Сондықтан оларды игеру экономикалық тұрғыда тиімді болып келеді. Мысалы, Қаражыр (Семей өңірі) көмір кен орынын игеру үшін Угольная темір жол тармағы тартылды. Мұнда жылына 2-2, 5 млн. т. көмір өндіруге болады.
Республикада басқа қатты отын түрінен Кендрлік жанғыш тақта тас ( қоры 220 млн. т. ), Солтүстік Қазақстанда - Чернигов ( қоры 30 млн. т. ), Батыс Қазақстанда - Чернозатон кен орындарын, шымтезектің үш кен орыны: Қайындыкөл, Өлгенкөл, Шақырты ( Қостанай облысының солтүстігінде, Тобыл-Тоғызақ өзендерінің аралығында) атап кетуге болады. Жанғыш тақта тас пен шымтезек қорларының өнеркәсіптік қоры, сапасы, маңызы әліде жете зерттелген жоқ. Бұл бағыттағы жұмыстар елімізді отын - энергетикалық өнеркәсібінің құрылымдық және территориялық дамуын жақсартуы сөзсіз.
Қазақстан Республикасы мұнай мен газдың болжамдық және өнеркәсіптік қорынан алғашқы 10 елдің құрамына кіреді. Қазіргі мұнай өндіру технологиясының шамасына қарай қол жетерлік мұнай қоры 2 млрд. 32 млн. т. табиғи газдың қоры 1 трлн. 170 млрд. м шамасында бағаланған. Мамандардың айтуы бойынша, Өзен, Жетібай, Бозащы т. б. кен орындарының қоры қазіргі технологиялық мүмкіндікпен байланысты алғанда 2073 жылға дейін, газ 2167 жылға дейін өндірілуге жетеді деп болжанады.
Қазіргі уақытта республикада геологиялық барланған және барланып жатқан 14 мұнай - газ бассейні және 203 - тең астам көмір сутегі шикізаттарының кен орындары бар. Оларды еліміздің барлық территориясынан кездестіруге болады. Дегенмен, негізгі қорлары Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары және Каспий теңізі жағалауы мен қайраңында ( шельф ) шоғырланған. Елімізде барланған кен орындары Орал - Ембі өзендері аралығында, Маңғыстау және Бозащы түбектерінде, Үстірт қыратында, Арал маңайында және Сарысу өзені аңғарында орналасқан. Баланстық қоры анықталып пайдаланылуға берілген мұнай - газ бассейндері: Орал - Ембі, Маңғыстау, Бозащы, Қарашығанақ, Ақтөбе, Құмкөл, Амангелді ( алғашқы газ өндіру 2003 ж басталды ) және Каспий қайраңы ( 2007 ж алғашқы мұнай өндіріледі деген жоба бар ) . Қоры бойынша ең ірі кен орындары: Теңіз, Қарашығанақ, Жаңажол, Қаламқас, Жетібай, Құмкөл, Өзен. Олардың өндіруге жарамды жиынтық қоры: мұнай - 1, 565 млрд. т газ конденсаты - 650 млн. т. жоба бойынша тек қана Қарашығанақ кен орнынан жылына 12 млн. т. мұнай мен газ конденсаты және 25 млрд. текше м газ өндіруге болады.
Геологиялық барлаулар және игеруге дайындық жүргізіліп жатқан мұнай - газ кен орындарынан: Құрманғазы, Жамбай, Южный, Дархан, Нұрсұлтан, Ұлытау, Ракушечное море, Абай, Исатай т. б. атауға болады, болжамалық қоры 2 млрд. т астамға жетеді. Ірі кен орындарды жекелеп қарасақ, Теңіз өндіруге жарамды қоры 721, 9 млн. т, Өзен (мұнай - газ) - 231, 9, Жаңажол (мұнай - газ конденсат) - 119, 3, Қаламқас (мұнай - газ) - 92, 9 млн. т.
Алғашқы мұнай өндіру өнеркәсібі 1918 ж. Ембі мұнай провинциясында Мақат және Доссор кен орындары игеруден басталды. Ескі мұнай өндіретін кен орындарға Құлсары, Мұнайлыны жатқызуға болады. 1995 ж. Осы мұнайда Матинг кен орыны пайдалануға берілді. 1991 жылдан бастап Қазақстанда және дүние жүзінде ең ірі кен орындарының бірі - Кенбай игерілді. Мұнда өндіруге қолайлы мұнай қоры 75 млн. т дейін бағаланып отыр.
Атырау облысында аса ірі Теңіз мұнай және газ конденсант кен орнын атау керек. Оны игеру және басқару үшін " Теңіз Шевройл " біріккен мұнай - газ компаниясы құрылды. 1995 ж. 3 млн. т мұнай өндірілсе, 2001 ж. 15 млн т-ға жетті ( елімізде барлық өндірілген мұнай 1/3 Атырау облысының 3/4 ), 2006 - 23 млн, 2010 ж. 32 млн. т. мұнай өндіру жобаланып отыр. Өнімді әрі қарай көбейту мұнайды тасымалдау мен тұтынуға байланысты шектеліп отыр. Кеңес үкіметі кезеңінде Қазақстан мұнайын негізгі тұтынушы Ресей болды. Қазіргі уақытта мұнайды құбыр арқылы халықаралық тұтынуға шығару үшін Қазақстан шет елдермен келісімдер жасап жатыр.
Мұнай, газ - конденсант және табиғи газдың шоғырланған қоры Маңғыстау облысында орналасқан. Мұнда мұнай, газ және уран ресурстарының негізінде 60-шы жылдары Маңғыстау территориялық өндірістік кешені құрыла бастады. 1966 ж. мұнай өнімін Өзен, 1967-ші ж. Жетібай кен орындары берді. Кейінгі жылдары Жаңа Өзен, Мұнайшы, Бейнеу, Теңге, Тасболат, Атырау облысы шекарасына жақын жерде Прорва, Боранкөл т. б. кен орындары игерілді. Бұлардың бәрінде мұнаймен бірге табиғи газ қорлары бар. Ол ХХ ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап өндіріле бастады. 80-ші жылдардың басында мұнай Бозащы түбегіндегі " Өлі Қолтық соры " территориясында өндіріле бастады.
Сұйық және газ тәрізді отын ресурстарына Батыс Қазақстан облысы бай. Мұнда Тепловск, Батыс Тепловск, Қарашығанақ мұнай - газ конденсат кен орындары ашылды, яғни дүние жүзінде ірі мұнай - газ провинциясына айналды. 1985 ж. Қарашығанақ игеріле бастап, 1991 ж. 4, 2 млрд. м газ, 4, 4 млн. т мұнай - газ конденсант өндірді. Негізгі тұтынушылары Поволжье және Оңтүстік Оралдағы ( Орынбор газ өңдеу зауыты ) мұнай мен газ өңдеу кәсіпорындары болды. Облыста " Бритиш газ " (Англия), " Аджип " (Италия), " Тексако " ( АҚШ), " Лукойл " (Ресей) және " Қазақойл " біріккен консорциум " Қарашығанақ " интегралдық ұйымы құрылды.
1980 ж. басында мұнай және табиғи газ өнімдерін өндіру Ақтөбе облысында басталды. Мұнда мұнайдың: Кеңқияқ, Әлібекмола, Жақсымай, Шұбарқұдық және табиғи газдың: Бозасай, Ақкөл кен орындарын зерттеуге, өндіруге және болашақта өңдеуге шетел инвесторлары шақырыла бастады. Ақтөбе облысы болашақта аса ірі мұнай - газ провинциясына айналды. Соңғы уақытта зерттеу және игеру жұмыстарына Қытай ұлттық мұнай компаниясы қатысып жүр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz