АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ҚАЗІРГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӨСІМДІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ БИОХИМИЯСЫ

ЭКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ТАҚЫРЫБЫ:

АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ҚАЗІРГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ

ЖАҒДАЙЫ

ТЕКСЕРГЕН: ҚОЙБАҒАРОВА Б. Х.

ОРЫНДАҒАН: ТУРАИСОВА А.

1-курс, қазақ филологиясы, парсы-ағылшын бөлімінің студенті

БАҒАСЫ:

АЛМАТЫ-2007

ӨНДІРІС ҚАЛДЫҚТАРЫ

Ірі өнеркәсіп пен қалалар, т. б. құрылыстар кешенң көбінесе суы мол, адамдар үшін қолайлы жерге салынады. Ол үшін ормандар қырқылып, құнарлы жерлер пайдаланылады. Осының бәрі қоршаған табиғи ортаға өзімен бірге өндіріс қалдықтары мен түрлі тұтыну қалдықтарын көбейтіп үлкен проблема туғызады. Қалдықтарды біз көбіне қоқсықтар дейміз. Ал әрбір отбасындағы бір адам тәулігіне 1, 2-1, 4 кг қоқыс шығарады.

Нағыз тұрмыстық қалдықтарға: қағаз, тамақ, шыны, металл, тоқыма бұйымдары, пластмасса, резина өнімдерінің қалдықтары т. б. жатады. Осы қалдықтарды біз күнделікті шығарып отырамыз.

Ал өнеркәсіп қалдықтары көлемі мен зияндылығы жөнінен өте күрделі әрі қауіпті болып келеді. Олар су, дала, орман, т. б. кешендерді ластап, айнала қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Бұдан бүкіл тіршілік атаулы және адамдар ауруға шалдығуы мүмкін.

Қалалар жағдайында қалдықтарды қайта өңдеп, тұрмыста пайдалану жұмыстары жүргізіледі. Көбіне металл қалдықтар балқытылып, қайтадан жаратуға келсе, пластмассадан жасаған бұйымдарды жоюға тура келеді.

Қалдықтардың көбін құрылыс материалдарын шығаруға, шикізат өндіруге жұмсайды. Ал кейбіреулерінен кәдімгі тыңайтқыштар алынады. Органикалық қалдықтар құрамында қоректік элементтер: азот, фосфор, кальций, магний, калий көп болады.

Өндіріс және тұрмыс қалдықтарын залалсыздандыру халықаралық проблема. Ең бастысы зиянды заттарды пайдалы заттарға айналдыру. Ол үшін үлкен қалаларда қалдықтарды өңдейтін зауыт салынуы керек. Алғашқы осындай зауыт 1981 жылы ГФР-де ашылған. Оның қуаттылығы - тәулігіне 300 т, ал жылына 75 мың т қоқыс өңдейді.

Қазір Ұлыбритания, АҚШ, Жапония, Швеция, т. б. елдерде қалдықты өңдеудің жетілдірілген технологиясы қолданылады.

Жезқазған жерінің батыс бөлігінде ракета сынықтары шашылмай жатқан жер жоқ деуге болады. Бір ғана бұрынғы Қарсақпай кеңшарының аумағында ондаған жерге жиналган (жиналмағаны қаншама) космос техникасының қалдықтарының жалпы салмағы20-30 мың тонна көлемінде. Тіршілік пен тілшілік қарекетімен өзіміз өр жылдары жүріп өткен жерлерде ракета сынықтарын (тіпті құлаған тұтас ракеталарды) Жәйрем қалашығының оңтүстігіндегі Кенжебай-Самай жайылымынан бастап, облыстың батысындағы Бозшакөл өңірінен, одан да әрі жатқан Торғай облысының Ақкөл атырабынан, Ақтөбе облысының Балта шабындығының төңірегінен кездестірдік.

Еліміздегі экологиялық дағдарысқа химия, мұнай, металлургия, отын өнеркәсібінің жедел және көп мөлшерде дамуы да әсерін молайтып отыр. Жыл сайын Қазақстандағы су қоймаларына химиялық қоспалармен ластанған 6 млрд. м 3 ағын су құйылады, 3 млн тонна зиянды заттар ауа қабатына сіңеді, 200 млн. тонна қатты қалдықтар қоқысқа тасталады. Басқа да шикізат көздерін игеру ауаны ластаумен катар жүргізілуде, олардың қатарына мыс, қорғасын, мырыш, күміс, хромм, ванадий, фосфорит, барит, сурьма, тас көмір, мұнай, т. б. кен орындары жатады. Ірі өндіріс орны болмаса да Алматыда да ауаның қалыптан тыс ластануы байқалады. Бұл, әрине, қаланың географиялық орналасқан орнына байланысты. Онсыз да ауа алмасуы нашар каланың кұрылыстары оның жолына азын-аулақ бөгет болуда. Мысалы, тау аралық ауа қозғалысының жолында тұрған аумаққа "Самал" ықшам ауданының салынуы осыны аңғартады. Оның орнына Фурманов, Достық көшелерінің аралығындағы Медеуден келетін ауа қозғалысының жолында тұрған осы ауданға үлкен бақ, парк жасаса, ол қаланың өкпесіне айналған болар еді.

Қазақстанда қазіргі кезде қалдықтарды өңдеу проблемасы әлі шешілмей келеді. Көптеген қалаларымыз (Қарағанды, Екібастұз, Рудный, Жезқазған, Риддер, т. б. ) өнеркәсіп қалдықтары тау-тау болып үйіліп жатады. Оны өңдеу баяу жүргізілуде. Осының бәрі желмен, сумен, ауаға, топыраққа тарап, қоршаған ортаны ластап жатыр.

1994 жылғы мәлімет бойынша Қазақстанда жинақталған қалдықтар 20 млрд тоннадан асып кеткен. Оның үстіне жыл сайын шамамен өнеркәсіптерден 1 млрд қалдық шығарылып, тұрмыстық қалдықтар 14 млн тонна құрайды. Қалдықтардың ішінде ең улысы түсті металлургия кәсіпорындарынан бөлінеді. Олардың көлемі республика жерінде 54 млн деп есептелінеді.

Қалдықтарды өңдеу Қазақстан бойынша Алматы қаласында ғана жүзеге асырылуда. Республикада өнеркәсіп-тұрмыстық және басқа да қалдықтарды есепке алу, оларды залалсыздандыру, көму шаралары өте нашар дамып келуде. Оның үстіне мұндай қалдықтар ешқандай қоршаусыз ашық аспан астында жатуда.

Республика жерінде соғыс полигондары болған аумақтар 30 млн тоннадан асады. Мұндағы соғыс техникасының қалдықтары, ракета сынықтары, бақылау объектілері ешбір көмусіз, шашылып жатыр. Олар негізінен - Семей, Нарын, Азғыр, Тайсойған, Байқоңыр ғарыш айлағы, Сарышаған сынақ полигондары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арал теңізінің зерттелу тарихы, экологиялық жағдайлары
Арал теңізі зерттелу тарихы, географиясы және игеру мәселелері
Каналды бетонмен каптап, жылына
Арал аймағының экологиялық жағдайының әлеуметтік әсері
АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ҚАЗІРГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ
Арал өңірінде табиғи-шаруашылық кешенді экономикалық орнықты дамыту
Арал теңізінің зерттелуі
Арал өңірінде табиғи-шаруашылық кешенді экологиялық орнықты дамытудың ғылыми негізі
Арал теңізінің экологиясы жайында
Солтүстік Арал теңізінің экологиялық күйі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz