Отын – энергетикалық кешен


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе3

Отын - энергетикалық кешен4

Қазақстанның отын-энергетикалық қорыньң жағдайы мен болашағы12

Қатты отын қорлары және оларды пайдалану мүмкіншілігі13

Мұнай және газ қорлары және оларды пайдалану болашағы18

Қазақстан отын-энергетикалық кешенін (ОЭК) басқаруды жетілдіру21

Энергетикада баға түзуді қалыптастыру23

Отынның сатылатын түрлері28

Қорытынды32

Қолданылған әдебиеттер33

Кіріспе

Қазақстан егемен ел ретінде даму барысында экономикалық өзгерістердің әр түрлі сатыларынан өтіп келеді. Басты мақсат - нарықтық қатынастарды қалыптастыру. Осы қиын жолда едәуір жетістіктер де бар. Ұлттық валюта тұрақтанды, өркениетті сауда жөнделуде, ол бастапқы кезде орын алған жабайы баспа-бас тауар алмасуды ығыстыруда. Республика дүниежүзілік нарыққа шықты және дүниежүзілік экономикалық қауымдастыққа интеграциялануда.

Халықтың көзқарасы өзгеруде. Жұрт бизнеске ұмтылып, өз істерін ашып күн көрістерін ойластыруда. Нарық кісілерді еңбектенуге және өзі үшін өнімді еңбектенуге ынталандырады.

Қазақстанның табиғи қорлары, ең алдымен, оның отын-энергетикалық қорлары және техникалық, интеллектуалдық мүмкіндігі - ұлттық дәулеті болып табылады.

Бұл курстық жұмыста Казақстанның отын ресурстары сипатталған. Отын ресурстары мүмкіншілігі және оның даму үрдісі ел экономикасының болашағын анықтайды. Сондықтан ОЭК туралы ақпарат жеткілікті нақты және дәл болса еліміздің дүние жүзіндегі орны мен келешегін болжауға көмектеседі.

Отын - энергетикалық кешен

Дүние жүзінің энергетикалық қоры

Энергетика - дүниежүзілік энергетикалық шаруашылықтың бір бөлігі.

Дүниежүзілік энергетиканы талдаудың маңызды бір қыры шетелдердің келіп жатқан Қазақстан энергетикасында қолданудың мүмкін аймақтарын және Қазақстан отын-энергетикалық кешенінің мүмкіншілігін шетелдік энергетиканың дамуы мен қалыптастыруында пайдалануды анықтау.

Өзіндік даму жолына түскен және едәуір отын-энергетикалық қорға ие Қазақстан үшін барлық дүниежүзінің және жеке мемлекеттер ен дамуының негізгі үрдістерін талдауды жүйелі түрде жүргізіп тұру өте маңызды. Бұл әсіресе ұзақ мерзімді энергетикалық және дүниежүзілік нарыққа шыққанда қажет. Дүниежүзіндегі органикалық отынның шығарылатын қоры 6, 3 трлн. т. ш. о. деп бағаланады да отын түрлері бойынша былай бөлінеді:

Тас және қоңыр көмір 4850 млрд. т. ш. о. 76%

Мұнай және шық 1150 млрд. т. ш. о. 19%

конденсат

Табиғи газ 310 млрд. т. ш. о. 5%

1 кг шартты отын жанғанда 29, 3 МДж жылу бөлінеді деп есептелінеді. Органикалық отынның дәлелденген қоры жер шарының алқаптары бойынша біркелкі тарамаған. Егер дәлелденген көмір қоры негізінде Азияда (Қытай, Ресей, Қазақстан) шоғырланса, ал мұнай қорлары Таяу шығыста, табиғи газ Ресейде, Таяу және Орта Шығыста шоғырланған.

Органикалық отынның дәлелденген қорының ішінде қатты отын, яғни көмір, басым. Көмір дүниежүзілік отын - энергетикалық теңестікте (баланста) маңызды орын алады. Көмірдің ең үлкен қорының болуы дүниежүзілік алғашқы энергияның үштен бірін және электр энергия өндіру үшін пайдаланатын жанарғының 40 пайызын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жақын болашақта Азия мен Австралияда, соның ішінде дүниеде көмір өндіру бойынша 8-ші орын алатын Қазақстанда, көмір негізгі энергия көзі болып қала береді.

Негізгі көмір өндіретін елдерде 1993 жылы көмір өндіру және экспорт былай сипатталады:

Ел: Ел
Өндіру: Өндіру
Экспорт: Экспорт
Ел: Қытай
Өндіру: 1138
Экспорт: 20
Ел: АҚШ
Өндіру: 775
Экспорт: 68
Ел: Ресей
Өндіру: 417
Экспорт: 20
Ел: ОАР
Өндіру: 182
Экспорт: 53
Ел: Австралия
Өндіру: 178
Экспорт: 132
Ел: Польша
Өндіру: 130
Экспорт: 20
Ел: Қазақстан
Өндіру: 76
Экспорт: 21
Ел: Ұлыбритания
Өндіру: 68
Экспорт: 0
Ел: Германия
Өндіру: 64
Экспорт: 4
Ел: Канада
Өндіру: 35
Экспорт: 28

Энергия тасығыштармен халықаралық сауда елеулі өсті. Дүниежүзілік нарыққа шығарылған энергия тасығыштар мөлшері 4 млрд. т. ш. о. немесе дүние жүзінде бір жылда өндірілген алғашқы энергетикалык, қорлардың үштен біріне жетті. Энергетикалық қорлармен дүниежүзілік сауда көлемі жылына 6%-ке өседі.

Африка (73, 1) Қиыр Шығыс және Австралия (44, 1)

Бұрынғы ССРО (57) оның ішінде Ресей (49) Қазақстан (53) Еуропа (18) Сол. Америка (87) Орта және Оңт. Америка

(78, 9) Таяу шығыс (659, 5) Сауд Арабиясы (261)

Мәліметтер млрд. баррелмен келтірілген

1-сурет. Өнделмеген мұнай қоры

Отын мен энергияны жалпы дүниежүзілік тұтыну соңғы кезде 0, 9%-ке артты, бірақ 1993 ш. о. /кісі болған үлестік энергия тұтыну 2, 5%-ке кеміді. Бұны дүниежүзілік энергия өндірудің өсу қарқынымен салыстырғанда сол кезеңде халық санының тезірек өсуімен (негізінде дамушы елдерде) және ТМД елдерін қоса Орта және Шығыс елдеріндегі энергия тұтынудың абсолюттік және салыстырмалық төмендеуімен түсіндіруге болады.

Энергия қорларын өндіру және тұтыну қарқындарының айырмашылығына байланысты дүниежүзілік энергетикалық теңестік құрылымында белгілі өзгерістер болды - жалпы энергия тұтынудағы қатты және сұйық отындар үлесі біраз төмендеді, сол уақыт арасында газ және алғашқы электр энергия үлесі өсе түсті (жалпы өндіріске қатысты, процент) :

:
1989ж: 1989ж
1992ж: 1992ж
: Қатты отьн
1989ж: 31, 0
1992ж: 29, 3
: Сұйық отын
1989ж: 6, 8
1992ж: 6, 4
: Газ
1989ж: 22, 9
1992ж: 24, 3
: Энергия
1989ж: 9, 3
1992ж: 10, 0

Дүниежүзілік энергия теңестігінде газ үлесінің өсуі негізінде оны электр энергияны өндіруге көбірек пайдаланудан болғаны баршаға мәлім.

БҰҰ-ның статистикасы бойынша уранның дүниежүзілік өндірілуі 36000 т-ға жетті, оның үштен бірі Солтүстік Америкада (төрттен бірі АҚШ-та), 19%-і Африкада (негізінде ОАР мен Нигерияда), соншама Азияда (негізінде Қазқстан мен Өзбекстанда) және ширегіндей Еуропада (негізінде Ресей, Украина және Францияда) өндірілді.

1990-2010 жылдар аралығында дүние жүзі халқы 1, 4% деп қабылданған, ал өткен 20-жылдық кезеңге болжау жасағанда халық санының және экономикалық баға динамикасы есепке алынды.

Бірінші энергетикалық қорға қажеттіліктің ең төмен өсу қарқыны Орталық және Шығыс Еуропа, Ресей және бұрынғы КСРО жерінде пайда болған тәуелсіз елдер үшін Қазақстанды қоса болжамдалып отыр.

Егемен мемлекет болған бұрынғы 15 республикалардың үшеуі (Ресей, Түркменстан, Қазақстан) 1995 ж. отын - энергетикалық қорлардың нетто-экспортерлары болды. Тағы екі ел (Өзбекстан мен Әзербайжан) негізінде өздерін энергия қорларымен қамдады, ал қалған 10 ел энергия қорын сырттан іздеуге мәжбүр болды.

Энергия қорларымен қамдау мәселесін тиімді және түбегейлі шешуді ТМД елдеріне интеграция жолында іздеген жөн. Дүниенің бұл алқабында отын - энергетикалық кешен көп жылдар бойы біртұтас жүйе ретінде қалыптасқаны белгілі ТМД алқабында әрбір отын түрі жеткілікті және ТМД - экспортер, әсіресе мұнай мен газдың. Энергия қорларының экспорты жоқ дегенде 2010 жылға дейін өседі.

Болжау бойынша алғашқы энергия қорларының экспорты бұл алқаптан 2000 ж. 270 млн. т ш. о., 2010 ж. 370 млн т. ш. о. құрайды. Мұнайдың таза экспорты 2000 жылға дейін қазіргі деңгейде (80 млн. т-дай) сақталады да 2010 жылы 130 млн. т-ға дейін өседі.

Табиғи газдың таза-экспорты 2000 жылы 200 млрд. м 3 -қа дейін, ал 2010 жылы 320 млрд. м 3 -қа дейін жетеді. Экспортер елдер қатарына Әзербайжан мен Өзбекстан қосылады.

МЭА (Международное энергетическое агентство - Халықаралық энергетикалық агенттік) жасаған болжау бойынша 2010 жылы дүние жүзінде электр энергияны өндіру 20450 млрд. кВт сағ. болады, ол 1990 жылмен салыстырғанда 70% артық. Бұл болжау бойынша электр энергияны өндіру және тұтыну қарқынының өсуі алғашқы энергия қорларын өндіру және тұтыну қарқынымен салыстырғанда айтарлықтай жоғары болады. Дүние жүзінде электр станциялардың қондырылған қуаты 2010 жылы 3600 млрд. кВт құрайды, қуат өсімінің 2/5-І 24 елге - ОЭСР мүшелеріне, қалған 3/5-і 186 басқа елдерге келеді.

Энергия қорларының дүниежүзілік бағаларына келсек олардың динамикасы Халықаралық энергетикалық агенттіктің пікірі бойынша төмендегідей болады: долл. /т. ш. о.

:
1990 ж.: 1990 ж.
1995 ж.: 1995 ж.
2000 ж.: 2000 ж.
2010 ж.: 2010 ж.
: Өңделмеген мұнай
1990 ж.: 122, 69
1995 ж.: 85, 71
2000 ж.: 115, 94
2010 ж.:
: АҚШ-та шығарылған табиғи газ Еуропаға газ импорты Жапонияға газ импорты
1990 ж.: 56, 23 97, 16 13б, 49
1995 ж.: 64, 45 79, 61 108, 23
2000 ж.:

80. 89 10ё, 77

145, 16

2010 ж.: 98, 65 129, 24 175, 71
: АҚШ-та шығарылған
1990 ж.: 78 46
1995 ж.: 29 77
2000 ж.: 33, 76
2010 ж.: 35 92
: Еуропаға көмір импорты
1990 ж.: 61І02
1995 ж.: 54І51
2000 ж.: 57, 93
2010 ж.: 61, 56

МИРЭС жариялаған дүниежүзілік энергетиканы болжаудың максималдық және минималдық нұсқалары бойынша мәліметтер

1-кесте 1993 жыл

Көрсеткіш: Көрсеткіш
Өлшем бірлігі: Өлшем бірлігі
1990жылғы ақиқатмәліметтер:

1990

жылғы ақиқат

мәліметтер

2020 жылға дейін болжау: 2020 жылға дейін болжау
Көрсеткіш: Максималдық нұсқа
Өлшем бірлігі: минималдық (экологиялық) нұсқа
Көрсеткіш: Жалпы мәліметтер:
Көрсеткіш: Халық саны млн. адам
Өлшем бірлігі: 5292
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 8092
2020 жылға дейін болжау: 8092
Көрсеткіш: Экономикалық өсуі:
Көрсеткіш: Жалпы ішкі өнім
Өлшем бірлігі: трлн. АҚШ долл.
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 21, 0
2020 жылға дейін болжау: 64, 7
55, 7
Көрсеткіш: Жалпы ішкі өнім 1 тұрғынға
Өлшем бірлігі: АҚШ долл.
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 3972
2020 жылға дейін болжау: 8001
6884
Көрсеткіш: Алғашқы энергетикалық қорға қажеттілік:
Көрсеткіш: Жиынтық
Өлшем бірлігі: млн. т. ш. о.
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 12593
2020 жылға дейін болжау: 24610
16120
Көрсеткіш: Меншікті
Өлшем бірлігі: млн. т. ш. о. /кісі
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 2374
2020 жылға дейін болжау: 3060
1988
Көрсеткіш: Электр энергия қажеттілігі
Өлшем бірлігі: млрд. кВт. сағ
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 11608
2020 жылға дейін болжау: 23000'
Көрсеткіш: Экономикалық энергия сіңіргіштігі
Өлшем бірлігі: кг. ш. о/долл
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 60
2020 жылға дейін болжау: 39
29
Көрсеткіш: Экономикалық электр сініргіштігі
Өлшем бірлігі: кВт. сағ/долл .
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 0, 55
2020 жылға дейін болжау: 0, 4Г
Көрсеткіш: Дүниежүзілік энергетикалық теңестіктің құрылымы:
Көрсеткіш: Көмір
Өлшем бірлігі: % жинаққа
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 26, 3
2020 жылға дейін болжау: 28, 2
18, 9
Көрсеткіш: Мұнай
Өлшем бірлігі: % жинаққа
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 31, 0
2020 жылға дейін болжау: 26, 7
25, 7
Көрсеткіш: Табиғи газ
Өлшем бірлігі: % жинаққа
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 19, 5
2020 жылға дейін болжау: 21, 2
22, 1
Көрсеткіш: Атом энергиясы
Өлшем бірлігі: % жинаққа
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 5, 0
2020 жылға дейін болжау: 5, 7
6, 1
Көрсеткіш: Су энергиясы
Өлшем бірлігі: % жинаққа
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 5, 3
2020 жылға дейін болжау: 5, 8
5, 9
Көрсеткіш: Жанғыртылатын энергия көздері
Өлшем бірлігі: % жинаққа
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 12, 9
2020 жылға дейін болжау: 12, 4
21, 3
Көрсеткіш: Алқаптар бойынша алғашқы энергетикалық қорларға қажеттілік:
Көрсеткіш: Солтүстік Америка
Өлшем бірлігі: млн. т. ш. о.
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 3095
2020 жылға дейін болжау: 3494
2615
Көрсеткіш: Латын Америкасы
Өлшем бірлігі: млн. т. ш. о.
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 825
2020 жылға дейін болжау: 3190
1869
Көрсеткіш: Батыс Еуропа
Өлшем бірлігі: млн. т. ш. о.
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 2091
2020 жылға дейін болжау: 2594
1886
Көрсеткіш: Орталық және Шығыс Еуропа
Өлшем бірлігі: млн. т. ш. о.
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 418
2020 жылға дейін болжау: 515
379
Көрсеткіш: ТМД елдері
Өлшем бірлігі: млн. т. ш. о.
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 2069
2020 жылға дейін болжау: 2394
1830
Көрсеткіш: Таяу Шығыс және Солтүстік Африка
Өлшем бірлігі: млн. т. ш. о.
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 453
2020 жылға дейін болжау: 1853
1131
Көрсеткіш: Африка Сахара шөлінен Оңтүстіктеу
Өлшем бірлігі: млн. т. ш. о.
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 380
2020 жылға дейін болжау: 1829
869
Көрсеткіш: Тынық мұхит алқабы
Өлшем бірлігі: млн. т. ш. о.
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 2635
2020 жылға дейін болжау: 6989
4273
Көрсеткіш: Оңтүстік Азия
Өлшем бірлігі: млн . т. ш . о.
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 637
2020 жылға дейін болжау: 2648
1287
Көрсеткіш: Зиянды заттардың ауаға шығуы:
Көрсеткіш: Күкірт
Өлшем бірлігі: млн. т.
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 64, 6
2020 жылға дейін болжау: 98, 1
42, 8
Көрсеткіш: Азот
Өлшем бірлігі: м л н . т .
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 24, 0
2020 жылға дейін болжау: 37, 9
20, 9
Көрсеткіш: Көміртек
Өлшем бірлігі: млн. т.
1990жылғы ақиқатмәліметтер: 5. 9
2020 жылға дейін болжау: 11, 5
6, 3

Ескерту: * - орташа нұсқа бойынша

Көк жиектің ар жағында не бар? Болашаққа көз салып болжау жасауға талайлар ат салысуда. Әрбір цифрдың астарында қаншама ұжымдар мен дарынды ғалымдардың ойы, тәжірибесі, еңбегі жатыр. Әр санның астарында көптеген халықтың болашақта болу-болмау тағдыры елестейтіні ақиқат.

Қазіргі уақытта жер халқының 30% тұратын өнеркәсіптік елдер дүниежүзілік энергияның 70%-ін тұтынады. Бұған олар қыруар еңбектің арқасында жетті. Бірақ жердің энергетикалық мүмкіншілігі және оны пайдаланғандағы туатын экологиялық қиыншылықтар бүкіл жер халқының мүддесі болғандықтан ХХІ-ғасырда оларды әділ бөлу мәселесі туындауы мүмкін.

Қазіргі алғашқы энергия теңестігінде оның жанатын көздері - мұнай, көмір, газ 90%-ін алады. Бұл үрдіс әлі көп жылдар бойы сақталады. Қоғамдық пікір және экономикалық жағдай атом энергиясына қарсы болады.

Осы себептен "Шелл" компания сарапшыларының пікірі бойынша, энергия коктейлінің құрылымы кеңейеді. Жаңғырылатын энергия түрлері 2030 жылдары қатты дамиды. Бұл экология мәселелерін шешуге көмегін тигізеді. Энергия тұтыну жылына 2%-ке өсіп 2060 жылы бір кісіге шаққанда мұнайдың баламалық 3, 4 т. деңгейіне жетеді, бұл Жапониядағы қазіргі тұтыну деңгейіне сәйкес. Дүниежүзілік қоғамдастағы энергия ағындары 3-суретте көрсетілген.

Қазақстанның отын-энергетикалық қорының жағдайы мен болашағы

Қазақстан қазіргі кезде және болашақта алғашқы энергетикалық қормен өзін-өзі қамдап сыртқа сатуға шығара алатын елдердін қатарына жатады, ондай елдер дүние жүзінде көп емес. Жердің құрғақ аумағының 1, 8% алып жатқан біздің Республикада дүниежүзілік отын қорының 0, 5%-тейі шоғырланған, ол 30 млрд. т. ш. о. құрайды. Одан көмір үлесіне 80%, мұнай мен газ шығына 13%, табиғи және ілеспе газға 7% келеді, ол 1-суретте көрсетілген.

Көмір (80%)

1-сурет. Қазақстанның органикалық отын қоры

32

Республиканың отын-энергетикалық кешенінің мүмкіншілігі әлі жеткілікті толық пайдаланылмай отыр. Мысалы, 1993 жылы өзіндік өндіру арқылы Қазақстан электр энергиямен 90%, мазутпен 87%, бензинмен 86%. дизельдік отынмен 74%, табиғи газбен 42% қана қамданды. Бұл жағдай бұрынғы ССРО-ғы Республика халық шаруашылығын сол Республика мүддесімен санаспай бір орталықтан жоспарлаудың салдары.

Отын - энергетикалық қорлар Қазақстан жерінде орналасуы біркелкі емес: көмірдің негізгі қорлары Қазақстанның Солтүстік және Орталық бөлігінде шоғырланған, Батыс алқап мұнай мен газдың айтарлықтай қорына ие, Оңтүстік Қазақстанда өте ірі төменгі Іле қоңыр көмір кені мен бірнеше ұсақ газ және көмір кендері бар.

Негізгі су энергетикалық қорлар Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда шоғырланған.

Зерттелуі және өнеркәсіптік пайдалануға дайындығы бойынша теңестік отын - энергетикалық қорларын мына категорияларға бөледі:

А- барланған және өндіруге дайындалған (өнеркәсіптік өндірілетін) ;

В - өнеркәсіптік өндіруге дайындалған (геологиялық негіздедген салыстырмалы барланған және шекарасы белгіленген, алдын ала өндірілген) ;

С1 - геологиялық зерттеу негізінде анықталған (бұрғылап барланған) :

С2 - геологиялық болжау негізінде анықталған.

VІІІ категорияның А+В+С, қосындысы кеннің өнеркәсіптік қоры болады, ол отын - энергетикалық кешеннің дамуын болжағанда есепке алынады.

Қатты отын қорлары және оларды пайдалану мүмкіншілігі

Қазақстанда көмірдің дүниежүзілік өнеркәсіптік қорының 3%-ы шоғырланған. Көмір өндіру көлемі бойынша Қазақстан дүниежүзінде 8-ші орын, ал ТМД елдерінің ішінде Ресей мен Украинадан кейін үшінші орын алады.

Қазақстанда барлығы 100-ден артық көмір кендері ашылған, олардың геологиялық қоры 176, 7 млрд. т., бірақ жақсы зерттегендері 40-тай, олардың өнеркәсіптік қоры 34, 1 млрд. т.

1993 жылдың басындағы Қазақстанның теңестік (баланстық) көмір қоры 38, 63 млрд. т. деп есептелді, ол геологиялық қордан 22% құрайды.

1. 2. 1-кестеде көмір қорының Қазақстан аумағында орналасу құрылымы көрсетілген.

Солтүстік және Орталық Қазақстанда Қарағанды (9. 3 млрд. т), Торғай (5, 3 млрд. т) және Екібастұз (12, 5 млрд. т) ірі көмір алабтары (бассейндері) орналасқан.

Казақстанның барлық көмірін екі түрге бөлуге болады: тас және қоңыр көмір. Тас көмірлерге жататын көмірлердің ылғалды күлсіз массасының жоғары жану жылулығы 24000 қаж/кг-нан көп және ұшпа заттардың шығымы 9%-тен артық болады. Қоңыр көмір ылғалды күлсіз массасының 24000 қаж/кг-нан аз жоғары жану жылулығымен және жұмыстық ылғалдың 30-40% мөлшерімен сипатталады.

Қазақстан аумағында көмір қорының орналасу құрылымы

2-кесте

Аты: Аты
Геологиялық қор: Геологиялық қор
Теңестік қор: Теңестік қор
Аты: Шығыс Қазақстан
Геологиялық қор: 4, 5
Теңестік қор: 3, 04
Аты: Батыс Қазақстан
Геологиялық қор: 2, 9
Теңестік қор: 1, 79
Аты: Солтүстік Қазақстан
Геологиялық қор: 81, 8
Теңестік қор: 18, 52
Аты: Орталық Қазақстан
Геологиялық қор: 54, 5
Теңестік қор: 14, 8
Аты: Оңтүстік Қазақстан
Геологиялық қор: 33, 0
Теңестік қор: 0, 48
Аты: Барлығы республика бойынша
Геологиялық қор: 176, 7
Теңестік қор: 38, 63

Жалпы теңестік қордың негізгі бөлігі - 24, 3 млрд. т. тас көмірге келеді (1. 2. 2-кесте), оның 6, 1 млрд. т (25%) - кокстауға жарайтын көмірлер. ТМД-да жалпы көмір шығарудың 20%-ін, ал кокстенетін көмір шығарудың 16%-ін Қазақстан қамтамасыз етеді.

Қазақстанның теңестік көмір қорының құрылымы

3-кесте

Аты: Аты
Теңестік қор: Теңестік қор
Оның ішінде: Оның ішінде
Аты:
Теңестік қор:
Оның ішінде: А+В+С,
С2
Аты: Қоңыр көмір
Теңестік қор: 14, 33
Оның ішінде: 12, 39
1, 94
Аты: Тас көмір
Теңестік қор: 24, 30
Оның ішінде: 21, 75
2, 55
Аты: оның ішінде кокстау үшін
Теңестік қор: 6, 12
Оның ішінде: 5, 82
0, 31
Аты: Барлығы республика бойынша
Теңестік қор: 38, 63
Оның ішінде: 34, 14
4, 49

Тас көмір Қарағанды, Екібастұз, Қушекі кен орындарында шығарылады. Кокстенетін көмір тек Қарағанды кен орнында ғана шығарылады және оның үлесі, алап бойынша өндірілген көмірдің 55%-ін құрайды.

Қоңыр көмірлер көбінесе Солтүстік Қазақстанда негізінде Торғай және Майкүбі алаптарында шоғырланған.

Қазақстанда 01. 01. 1996 жылы 24 көмір шахтасы және 11 көмір карьері жұмыс істеді, олардың жалпы жобалық қуаты 162 млн. т болған. Бұл кәсіпорындарда 1992 жылы 126, 8 млн. т. көмір шығарылды, оның ішінде 93, 5 млн. т ашық тәсілмен, ал 1995 жылы көмір шығару 83, 2 млн. т, оның ішінде ашық тәсілмен шығару 68, 8 млн. т болды. Көмір өндіру деңгейінің төмендеуі экономиканың тұрақсыздануына байланысты.

Ашық тәсілмен жылына 400 млн. т көмір шығаруға жарайтын жалпы болжаулық қор Республикада бар, ал ашық тәсілмен шығаруға жарайтын өнеркәсіптік қор 21 млрд. т және Екібастұз (51%), Торғай (26, 4%), Майкүбі (8, 8%) және Шұбаркөл (7%) көмір алаптарында шоғырланған. Қазіргі ашық тәсілмен шығарылатын көмір деңгейіне есептесе бұл қор Қазақстанға 200 жылдан артық уақытқа жетеді.

Көмірді ашық тәсілмен шығару жер астынан шығарумен салыстырғанда 3-5 есе арзан. Мысалы, 1995 жылы екібастұз көмірін шығару қарағанды көмірін шығарудан 5 есе арзанға түсті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның отын-энергетикалық қорыньң жағдайы мен болашағы
Қазақстандағы энергия ресурстары
Қазақстанда электр стансалардың даму болашағы
Отын энергетика кешеннің балансы
Отын энергетикалық кешені
Өнеркәсіп. Өнеркәсіп түрлері
ЖЭО - ның цехтары мен негізгі қондырғылары
Дүние жүзінің отын - энергетика кешеніне сипаттама
Отын - энергетикалық ресурстар
Павлодар қаласы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz