ӨНДІРІСТІК ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯНДЫ ӘСЕРІ


АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ӨСІМДІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ БИОХИМИЯСЫ
ЭКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
ТАҚЫРЫБЫ:
ӨНДІРІСТІК ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯНДЫ ӘСЕРІ
ТЕКСЕРГЕН: ҚОЙБАҒАРОВА Б. Х.
ОРЫНДАҒАН: ДОСТЕКОВА Г.
БАҒАСЫ:
АЛМАТЫ-2007
ӨНДІРІСТІК ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ ҚОРШАҒАН
ОРТАҒА ЗИЯНДЫ ӘСЕРІ
Республикада өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың мониторингін, оларды сақтауды, ұқсатуды және кәдеге жаратуды қамтып қалдықтарды басқарудың мемлекеттік жүйесі жоқ.
Қазақстанның аумағында өндіріс пен тұтыну қалдықтарының 20 млрд тоннадан астамы, оның ішінде 6, 7 млрд тонна улы заттар жинақталған, әрі олардың ұлғаю үрдісі байқалуда.
Бұл ескірген технологияларды қолданумен, сапасыз шикізатпен және онымен, кәсіпорындардың, өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратумен қайта құнарсыздандыруға қаражат салуға құлықсыздығымен түсіндіреміз.
Улы қалдықтарды қоса алғанда өндіріс қалдықтары әлі күнге көбінесе тиісті экологиялық нормалар мен талаптарды сақтамастан, түрлі жинақтағыштарда қойылып, сақталады. Осының нәтижесінде көптеген өңірлердің топырағы, жер асты және жер үсті сулары қарқынды ластануға ұшыраған. Жиналған қалдықтардың үнемі ұлғайып отырған көлемі жаңа техногендік ландшафтар қалыптастырады. Үйінділер мен террикондар биіктігі өскен сайын олар шаңның қарқынды көздеріне айналады.
Қатты тұрмыстық қалдықтардың негізгі массасы құрауыштарға бөлшектенбестен шығарылып, ашық күресіндерге тасылады және қойылады, оның 97%-ы, Қазақстан республикасын, табиғат қорғау және санитарлық заңнамасы талаптарына сай емес. Оларды орналастыру және жайғастыру жобасын және қоршаған ортаға әсері бағаланбастан жүргізілген.
Республикада қатты тұрмыстық қалдықтардың шамамен тек 5%-ы ғана кәдеге жаратылады немесе жағылады.
Өндірістік немесе тұрмыстық қалдықтарға байланысты проблемаларды шешу үшін өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды басқаруды жетілдіру жөніндегі салалық және өңірлік бағдарламаны әзірлеу қажет. Осы бағдарламалар шеңберінде қатты қалдықтарды басқару құрылымын реформалау, қалдықтардың жинақталуын кемітуге бағытталған нормативтік құжаттарды әзірлеу және енгізу, қалдықтарды басқарудың есебін жүргізу және бақылау жүйесін ұйымдастыру, қалдықтарды ұқсату және қайта пайдалану жөніндегі үлгілік бағдарламаны әзірлеу, неғұрлым таза өндірісті енгізу жөніндегі ғылыми зерттеулерді жүргізу, қалдықтарды ұқсату жөніндегі қызметі жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілерге ақпараттық қолдау көрсету, қалдықтарды басқарудың үдемелі жүйелеріне мамандарды оқытуды ұйымдастыру, өндірістік қалдықтарды көму мен өнеркәсіптік және басқа да ағынды суларды жерге төгу шарттары бойынша республика аумағын аудандарға бөлу көзделуі тиіс.
Ірі өнеркәсіп пен қатар т. б. құрылыстар кешені көбінесе суы мол, адамдар үшін қолайлы жерге салынады. Ол үшін ормандар қырқылып, құнарлы жерлер пайдаланылады. Осының бәрі қоршаған табиғи ортаға өзімен бірге өндіріс қалдықтары мен түрлі тұтрыну қалдықтарын көбейтіп үлкен проблема туғызады. Қалдықтарды біз көбіне қоқыстар дейміз. Ал әрбір отбасындағы бір адам тәулігіне 1, 2-1, 4 кг қоқыс шығарады.
Нағыз тұрмыстық қалдықтарға: қағаз, тамақ, шыны, металл, тоқыма бұйымдары, пластмасса, резина өнімдерінің қалдықтары, т. б. жатады. Осы қалдықтарды біз күнделікті шығарып отырамыз.
Ал өнеркәсіп қалдықтары көлемі мен зияндылығы жөнінен өте күрделі әрі қауіпті болып келеді. Олар су, дала, орман т. б. кешендерді ластап, айнала қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Бұдан бүкіл тіршілік атаулы және адамдар ауруға шалдығуы мүмкін.
Қалалар жағдайында қалдықтарды қайта өңдеп, тұрмыста пайдалану жұмыстары жүргізіледі. Көбіне металл қалдықтары балқытылып, қайта жаратуға келсе, пластмассадан жасалған бұйымдарды жоюға тура келеді.
Қалдықтардың көбін құрылыс материалдарын шығаруға шикізат өндіруге жұмсайды. Ал кейбіреулерінен тыңайтқыштар алынады. Органикалық қалдықтар құрамында қоректік элементтер: азот, фосфор, кальций, магний, калий көп болады.
Өндіріс және тұрмыс қалдықтарын залалсыздандыру халықаралық проблема. Ең бастысы зиянды заттарды пайдалы заттарға айналдыру. Ол үшін үлкен қалаларда қалдықтарды өңдейтін зауыт салынуы керек. Алғашқы осындай зауыт 1981 жылы ГФР-де ашылған. Оның қуаттылығы - тәулігіне 300 т, ал жылына 75 мың т қоқыс өңдейді.
Қазір Ұлыбритания, АҚШ, Жапония, Швеция, т. б. елдерде қалдықты өңдеудің жетілдірілген технологиясы қолданылады.
Қазақстанда қалдықтарды өңдеу проблемасы әлі шешілмей келеді. Көптеген қалаларымыз (Қарағанды, Екібастұз, Рудный, Жезқазған) өнеркәсіп шоғырланған жерге салынған. Өнеркәсіп қалдықтары тау-тау болып үйіліп жатады. Оны өңдеу баяу жүргізілуде. Осының бәрі желмен, сумен «ауаға», топыраққа тарап, қоршаған ортаны ластан жатыр.
Қалдықты өңдеу Қазақстан бойынша Алматы қаласында ғана жүзеге асырылуда. Республикада өнеркәсіп, тұрмыстық және басқа да қалдықтарды есепке алу, оларды залалсыздандыру мен көму шаралары өте нашар дамыған. Оның үстіне мұндай қалдықтар ешқандай қоршаусыз ашық аспан астында жатыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz