Өрт сөндіру құралдары мен тәсілдері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Өрт сөндіру құралдары мен тәсілдері

Өрт сөндірудің мынадай тәсілдері бар: суыту (салқындату), сұйылту (су қосу), оқшаулау (айыру) және жану реакциясын тоқтату.

Өрт сөндірудің суыту (салқындату) тәсілі - өрт қабатының ең жоғарғы температурасынан тұтану температурасына дейін сөндіруге негізделген.

Өрт сөндірудің сұйылту (су қосу) тәсілі - арнайы оған жанбайтын газдарды (көміртегі оксиді (IV), азот, су буы) енгізу арқылы ауадағы оттегі құрамын азайтуға негізделген. Бұл тәсілді тағы да ауаны өрт өнімдерімен сұйылту арқылы жүзеге асыруға болады. Олар жабық бөлмедегі өрттерде пайда болады. Жанатын сұйықтықтарды жанбайтындармен сұйылтады (мысалы , сумен) .

Өрт сөндірудің оқшаулау (айыру) тәсілі - оқшаулайтын өртсөндіргіш заттарды (химиялық және үлпілдек химиялық көпіршік, құм, өртсөндіргіш ұнтақтар, жарылғыш заттар, асбесттік, киіз және тағы басқа жапқыштар) қолдану арқылы өрт болып жатқан зонаға оттегінің кіруін тоқтатуға негізделген.

Жану реакциясын тоқтату тәсілі - химиялық тоқтатқыш заттарды (мысалы , бромды метил және этил, фрион) қолдануға негізделген.

Төменде негізгі өртсөндіргіш құралдар туралы қысқаша мінездеме келтірілген.

Су - ең көп таралған және тиімді өрт сөндіретін сұйықтық. Оның кішкене жабысқақтық және беттік тарту қасиеті бар (сол үшін ол, жанып жатқан заттардың саңылауларына және тесіктеріне оңай кіреді) . Сонымен қатар жоғары жылу сыйымдылық (с р = 4 кдж/кг ∙ град ) және бу түзілу жылу ( с = 2257, 2 кдж/кг) қасиеті бар. Өрт алаңындағы ауадан оттегіні ығыстыра отырып, буға айналады. Оның көлемі 1700 есеге көбейеді.

Оның кемшіліктері: тығыздығы кіші, тез жанатын сұйықтықтарды өшіруге жарамайды, электрөткізгішті болғандықтан кернеулі электр қондырғылардағы өрттерді сөндіруге жарамайды.

Өртке су тасымалдау үшін кейбір кәсіпорындарда өртке қарсы су құбырларын құрады. Оларды еденнен 1, 35 м жоғары тұрған шкафта, өртке су шашатын шлангамен бірге сақтайды. Шкафты ысырмамен немесе зырылдауықпен жауып, пломбалайды. Өртке су шашатын шланга мен су құбыры айына бір рет тексеріледі.

Химиялық көпіршік бикарбонат натрийдің судағы ерітіндісінің (NaHCO 3 ) мия сығындысының қосындысымен (сілтілі бөлімі), күкірт қышқылының судағы ерітіндісінің темір малмасының (Fe 2 (SO 4 ) 3 ) (қышқылдық бөлімі) әрекеттесуінен түзіледі.

1-сурет. ОП-5 көпіршік өртсөндіргіші:

1 - сырты (құтысы) ; 2 - стакан (зарядтың қыш-

қылдық бөлігімен бірге) ; 3 - тұтқа;

4 - тетік; 5 - шток; 6 - бүркеу (спрыск) ;

7 - резеңке қақпақ.

Бұл көпіршік көміртек оксидінің көпіршіктерінен (80 %), судан (19, 7 %) және көпіршік түзгіш заттардан (0, 3 %) тұрады. Көпіршік тығыздығы 150-250 кг/м 3 , оның көлемі шыққан өнімдердің көлеміне қатысты 5 есеге көбейеді. Көпіршіктің толық ыдырауына дейінгі шыдамдылығы - 40 минут. Ол электрөткізгіштігінің әсерінен жоғары кернеулі электрқондырғылардағы өрттерді сөндіруге жарамайды. Химиялық көпіршікті алу үшін өрттің ошағын ОП-3 және ОП-5 өртсөндіргіштерін қолданады.

ОП-5 өртсөндіргішімен (1-сурет) кіші алаңдағы өртеніп жатқан материалдарды өшіреді. Оның заряды қышқылды бөлімнен тұрады (күкіртті қышқыл темір тотығы мен күкірт қышқылының қоспасы) . Ол 0, 5 л мөлшерлі стаканда және сілтілі бөлімде (мия сығындысымен екі көмірқышқылды натрий) орналасады. Зарядтың құрамды бөліктерінің араласуы арқылы көміртек оксиді (IV) түзіледі. Ол баллонда едәуір қысым құрады. Соның көмегімен 6-8 метрлік ұзындыққа дейін лақтырады. Өртсөндіргіштің әрекет етуі 1 минутқа созылады.

Өртсөндіргішті әрекетке келтіру үшін оның тетігін (4) тарту керек. Сонымен қатар резеңке қақпақ (7) стаканның (2) мойнынан шығады. Осыдан кейін өртсөндіргіштің төменгі жағынан жоғары қарай айналдырады және зарядты сілтілі бөлімі қышқылмен қосылады. Нәтижесінде көпіршік пайда болады.

Көмір қышқылмен [көміртек оксиді (IV) ] жабық алаңдардағы, ал ашық өрттерде - тек кішігірім алаңдардағы өрттерді сөндіреді. Ол электрөткізгішті емес, сондықтан жоғарғы кернеулі электрқұрылғылардағы өрттерді сөндіруге жарайды. Көмірқышқыл газ [көміртек оксиді (II) ] ештеңе бүлдірмейді, сондықтан оны кітапханаларда, архивтарда, лабораторияларда және тағы басқаларында қолданған орынды.

Өрт сөндіру үшін өртсөндіргіштерде болатын көмір қышқыл сұйықтығын қолданады. 1 кг көмір қышқылдан 509 л көмір қышқыл газы түзіледі. Көмір қышқылмен жабық бөлмелердегі өрттерді және кернеулі өрттерді сөндіреді. Онымен оттекті заттарды, сонымен қатар магний, калий, алюминийді сөндіруге болмайды.

2-сурет. ОУ-2 көмір қышқыл өртсөндіргіші:

1 - темір баллон; 2 - сақтандырғыш;

3 - вентиль маховигі; 4 - сифон түтігі;

5 - диффузор (араластырғыш) .

3-сурет. УП-1М қозғалмалы 1 баллонды

көмір қышқылды өртсөндіргіші.

ОУ-2 қол өртсөндіргіштері (2-сурет) көлемі ОУ-5, ОУ-8 және УП-1, УП-2 қозғалмалы (1 немесе 2 баллонды) (3-сурет) өртсөндіргіштерді кішігірім өрттерді сөндіруге қолданады. Оларды әрекетке келтіру үшін диффузорды (5) өрттің басталған жеріне қарату керек, содан кейін маховикті (3) тоқтағанша бұрап, вентильді (3) ашу керек. Мұндай өртсөндіргіштерді 3 айда 1 рет тексеріп тұру керек. Көмір қышқылы кеміп қалған жағдайда оларды қайта толтыру қажет.

Галоидтуынды заттарды массасының 97 %-ы бромды этилдан және 3 %-ы көмір қышқылынан тұратын қоспа түрінде қолданады. Өрт болып жатқан зонаға түскен бромды этил өрттің экзатермиялық реакциясын тоқтатады. Сұйық, қатты жаңғыш заттарды, ауасыз жанатын (кинопленка), шіріген материалдарды (үпелек, айырушы материалдар), сонымен қатар электрқұрылғыларда көлемі 3 және 7 литрлі ОУБ-3 және ОУБ-7 типті көмір қышқылды - бром этилды өртсөндіргіштерді қолданады. Жоғары жағынан саптамалы спиральды ілгіш (3) оралған темір баллоннан (1) тұрады. Зарядты серпу үшін тұтқасының (4) көмегімен өртсөндіргішке ауа жинайды.

Сілтілі металдардағы өртті кальцийлі содамен майдаланған өтсөндіргіш ұнтақпен сөндіреді. ОПС-6 және ОПС-10 өртсөндіргіш ұнтақтарын сілтілі металдар мен электрқұралдарының кішігірім жану көздерін сөндірге қолданады.

4-сурет. ОУБ-7 көмір қышқыл -

бромэтилды өртсөндіргіші:

1 - баллон; 2 - сырты (құтысы) ;

3 - ілмек; 4 - тұтқа.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өрт тактикасының міндеттері
Өрт сөндіру тәсілдері
Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылының мазмұны мен маңыздылығы
Өрт сөндіру техникалары
Құрылыс құрылымдарын, материалдарды оттан қорғау тәсілдері
Қолда бар өрт сөндіру құралдары
Өрт болған кездегі қауіпсіздігі туралы
Өрт қауіпсіздігі туралы
Өртке қарсы жүйе
Өрт сөндіру әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz