ӨСІМДІКТЕР МЕН ЖАНУАРЛАРДЫ ҚОРҒАУ


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАРЫ:

1. Өсімдіктер мен жануарлар.

2. Өсімдіктер мен жануарларды қорғау - әрбір азаматтың міндеті. .

3. «Қызыл кітап» - экологиялық жаршы.

4. Табиғи қорықтар.

5. Биосфералық қорықтар.

6. Қорытынды.

7. Әдебиеттер тізімі

ӨСІМДІКТЕР МЕН ЖАНУАРЛАРДЫ ҚОРҒАУ

Жаһандану кезеңінде адамдар өсімдіктер мен жануарларды өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мөлшерден тыс, табиғатқа орасан нұқсан келтіре отырып пайдаланып отыр. Мәселен, жыл сайын мыңдаған гектар ормандар, сирек кездесетін аңдар мен шөптесін өсімдіктер жойылып жатады. Жануарлардың көптеген түрлері тіпті жоғалып кетіп те жатыр.

Техносфераның биосфераға жасайтын қысымының ең маңызды көрінісі - табиғи экожүйелердің кедейленуі, яғни биоалуантүрліліктің кемуі болып табылады.

Биоалуантүрлілік - тек маңызды шаруашылық ресурсы ғана емес, ол биосфераның тіршілік етуінің шарты болып табылады.

Рио-де-Жанейрода өткен (1992 ж. ) БҰҰ конференциясында қабылданған үш арнайы Мәлімдемелер мен Конвенциялардың екеуі биологиялық ресурстар мен биологиялық алуантүрлілікті сақтаусыз тұрақты даму мүмкін емес екенін көрсетті.

Қазір адамның азық-түлік ретінде қолдануға болатын бірнеше мың түрлер белгілі. Бірақ іс жүзінде өсімдіктер мен жануарлардың 200-250-ден аспайтын түрлері пайдаланады. Ауылшаруашылық өнімдерінің басым көпшілігі 12-15 өсімдік береді.

Жабайы түрлер - табиғи экожүйелерден алынатын бағалы өнім көзі және әсіресе, ауылшаруашылық жануарлары мен өсімдіктерінің жаңа қолтұқымдары мен іріктемелерін шығаруда маңызы зор.

Негізі, ғалым П. Ревель мен Ч. Ревельдердің айтуы бойынша, дүние жүзінде жалпы 20 жылдың ішінде миллионнан астам түрлер мүлдем жойылып кетеді.

Міне, осындай кезде, жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерді қорғау үшін, олардың сирек түрлерін анықтап, қорғауға алу үшін түрлі іс-шаралар жүзеге асырылады. Мәселен, «Қызыл кітап». «Қызыл кітап» - экология жаршысы. Ондағы жан-жануарлар тізімі әрдайым ауысып отырады. Негізгі принцип: қалпына келген жануарлар мен өсімдіктер тізімнен шығып отырса, сирек, жойылуға бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар тиісінше бұл кітаптан өз орнынан алады.

Қызыл кітап - (Red Data Book), халықаралық табиғат қорғау одағының (ХТҚО) «Қызыл кітабы» - халықаралық дәрежедегі құжат. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан-жылға азайып, не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 жылы Париж қаласында алғаш рет құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 жылы ЮНЕСКО-ның жанынан халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабы 1966 жылы тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның бірінші томында сүтқоректілердің 211 түрі, екінші томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966-1971 жылдары Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, екінші басылымы, 1972 жылы үшінші басылымы жарияланды. 1978-1980 жылдары төртінші басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның бірінші томы - сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, екінші томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, үшінші томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, төртінші том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал бесінші томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25 мың түрі тіркелді. 1980-жылдары бұрынғы томдар негізінде «Қызыл кітап» қайта шыға бастады. 1983-жылы шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлар туралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде, соңғы Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабын» шығаруға құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік федерация т. б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітапқа табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.

«Қызыл кітап» туралы пікірді ағылшын табиғат зерттеушісі Питер Скотт айтқан болатын. 1963 жылы Халықаралық Қызыл кітаптың алғашқы басылымы, одан соң 1966-1975 жылдар аралығында 5 томы жарық көрді. 1978 жылы КСРО-ның «Қызыл кітабы» шықты. Қазақ КСР-ның алғашқы «Қызыл кітабының» жануарларға арналған бөлігі 1978 жылы, ал 1981 жылы өсімдіктерге арналған бөлігі жарық көрді.

«Қызыл кітапқа» белгілі бір түрді енгізу үшін ғалымдар әр жануарлардың, не өсімдіктің бес санатын анықтаған. Осы санатқа сәйкес келген жағдайда ғана ол түр «Қызыл кітапқа» енгізілген. Ол санаттар төмендегідей:

I санат - жойылып бара жатқандар. Олар туралы соңғы 50-жылда ешқандай деректер жоқ. Мысалы, Қызыл қасқыр, қара күзен, қабылан, Қызылқұм арқары, құдыр т. б.

II санат - саны азайып бара жатқандар (жақын арада жойылып кетуі мүмкін) . Мысалы, Балқаш алабұғасы, сары құтан, жұпар, құлан, т. б.

III санат - сирек түрлері (қазір жойылып кету қаупі жоқ, бірақ өте сирек кездесетіндер) . Мысалы, қар барысы, сілеусін, жарқанат, бұлдырық, қара тұрпан, қара ләйлек, т. б.

IV санат - белгісіздер (толық зерттелмеген түрлер) . Мысалы, шұбар кесіртке, қара шұбар жылан, т. б.

V санат - қалпына келгендер (қорғау жұмыстары нәтижесінде қайта көбейген түрлер) . Мысалы, кіші аққу, көк құс, т. б.

«Қызыл кітапқа» енгізілген жануарларды аулауға, өсімдіктерді жоюға тыйым салынған. «Қызыл кітап» - мемлекеттік құжат. Сондықтан оған енген жан-жануарларды оқып-үйрену, білу - баршаның міндеті болып табылады.

«Қызыл кітапқа» енген аң мен құстарды, өсімдіктерді біле отырып, біз оны зерттеуші ғалымдарға көмектесеміз. «Қызыл кітап» әрбір отбасы мен мектептің кітап сөресінде тұруға тиісті. Сол арқылы біз оларды қорғауға үлес қосатын боламыз.

Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай-күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген. Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б. ғ. к. Ю. А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.

Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды. Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады. Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы- орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.

Табиғатты қорғаудың негізгі факторларының бірі - ерекше қорғауға алынған территориялар.

Қорықтар - Толық қорғаудың жетілдірілген түрі, себебі, оған табиғи комплекс кіреді де табиғат ресурстарын шаруашылықта пайдалануға рұқсат берілмейді.

Белгілі бір шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып, табиғаттың ерекше объектілерін қорғауға алынған жүйені ұйымдастыру түрі - қорғалымдар болып табылады.

Табиғи тіршілік ортасын қорғайтын категориялардың бірнеше табиғи сабақтар жатады. Олардың негізгі міндеті - халықты рекреациялық қамтамасыз ету.

Табиғи тіршілік орталарын қорғаудың әр түрлі формацияларының ішінен қорықтардың орны ерекше. Себебі, қорықтар алуантүрлілікті қамтамасыз ететін маңызды звено болып табылады. Бірақ, XX ғасырдың екінші жартысында қорық - өзгермеген табиғаттың эталоны деген принцип бұзылып отыр. Атмосфераның өндірістік улы қосылыстармен, радиациялық ластану, олардың тасымалдануы - біздің планетамыздың кез келген бөлігіне міндетті түрде әсер етеді.

ҚАЗАҚСТАН ҚОРЫҚТАРЫ

Қазір Қазақстан территориясында төмендегі қорықтар жұмыс істейді.

Ақсу-Жабағылы. 1926 жылы құрылған, ертеден келе жатқан қорық. Талас Алатауының солтүстік-батыс бөлігін алып жатыр (оңтүстік Қазақстан облысы) . Ауданы 73 мың га. Территория құрамында тұрғын жерлер жоқ. Физико-географиялық ерекшеліктеріне байланысты екіге бөлінеді.

Бес өсімдік белдеулеріне бір мыңнан астам өсімдіктер, құстардың 130-дан астам түрлері, сүтқоректілерден арқарлар, маралдар, суырлар және т. б. кіреді.

Барсакелмес. Арал теңізінің солтүстік бөлігінде Барса-келмес аралында орналасқан. 1939 жылы құрылған. Аралдың ауданы 198 шаршы км. Аралдың флорасына 130-дан астам өсімдіктердің түрлері кіреді. Жануарлар түрлері көм емес. Сүтқоректілердің алты түрі, амфибиялардың екі түрі және құстардың 110 түрі тіршілік етеді. Олардың барлығы 1927 жылы сырттан әкелінген сайғақтар, қарақұйрықтар, құландар, құм сарышұнағынан басқалары аборигенді түрлер болып табылады.

Наурызым. 1931 жылы Қостанай облысының Жетісу ауданында орналасқан. Ауданы 100 мың га. Қорықта 151 құстардың, 25 сүтқоректілердің, рептилиялардың 5 түрі, амфибиялардың 2 және балықтардың 8 түрі кездеседі.

Алматы. 1934 жылы құрылған. Алматы облысының Шелек ауданында орналасқан. Іле Алатауының тау жотасының топырақ жабыны альпілік өсімдіктер жабыны бар таулы-шалғындық топырағына жатады. Өсімдіктердің 1300 түрінен астамы кездеседі. Жануарлар әлеміне құстардың 200 түрі, сүтқоректілердің 62, амфибиялардың 3 түрі, рептилиялардың 16 және балықтардың 8 түрі кіреді.

Қорғалжын. 1958 жылы құрылған. Ауданы 237 мың га. Ақмола облысының Қорғалжын ауданында орналасқан. Қорық Қорғалжын мемлекеттік қорықтық аңшылық шаруашылығымен байланысты. Қорықта ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Әсем Қорғалжын көлдерінің тізбегі қызғылт фламинго популяцияларының ұя салуының ең солтүстік орны болып табылады. Су құстарының табиғи резерваты ретінде маңызы зор.

Марқакөл. 1976 жылы құрылғанг. 71 мың га территорияны алып жатыр, оның 44 мың га-ын Марқакөл көлі алып жатыр.

Қорық территориясына Азутай жотасының солтүстік беткейлері және Күршім тау жотасының оңтүстігі кіреді. Марқакөл ойпатының өсімдіктер жабыны өте бай және алуан түрлі. Оның құрамына жоғары сатыдағы өсімдіктердің бір мыңнан астам түрлері кіреді. Жануарлар дүниесі де өте бай, құстардың 232 түрі мекендейді, олардың 125 түрі ұя салады.

Бетпақ-дала. Сары өзені мен Балқаш көлінің арасында территорияда орналасқан. Ол Қазақстанның төрт оңтүстік облыстарының территориясына кіреді.

Қаратау (Қызылқұм қорығы) . Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс және Шардара аудандарының территориясында орналасқан көлемі 150, 6 мың га 1990 жылы Шымкент облыстық Атқару Комитетінің шешімімен құрылған. Қаратау қорығы Қаратау тау жоталарының өте бай табиғатын қорғауға арналған. Мұнда өсімдіктердің шамамен 1, 5 мың түрлері кездеседі. Өсімдіктердің эндемик түрлерінің саны бойынша Қаратау тау жоталары республикада бірінші орында түр.

Биосфералық қорықтар. Соңғы жылдары қорғау алынған территориялардың бір формасы болып табылатын биосфералық қорықтар көптеп құрыла бастады.

Биосфералық қорық Жердің әр түрлі аймақтарының табиғи комплекстерінің (биогеоценоздарының) эталоны болып табылады. Олар экожүйелерге жыл бойы және көпжылдық зерттеулер жүргізу мен биосфераға антропогенді әсердің мониторингін жасау үшін жақсы база болып табылады. Биосфералық қорық қорықтық белдеу, буферлік белдеу мен интенсивті шаруашылық белдеуінен тұрады. Аталған белдеулердің барлығы бір типті ландшафтта және бір-бірінен онша алыс емес ара қашықтықта орналасу қажет.

Биосфералық қорықтар туралы конвенция 1974 жылы ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының жұмысшы тобы ұсынған. Биосфералық қорықтар құру 1976 жылы басталып, 1995 жылдың наурызында оған 82 орналасқан 324 резерв кірді.

Әрбір биосфералық қорық үш элементтен тұруы қажет.

1. Қорықтық белдеу. Биологиялық алуантүрлілікті сақтау мақсатында ұзақ уақыттық қорғауға алынған территория. Онда ең аз бұзылуға ұшыраған экожүйелерді бақылау, ғылыми-зерттеулер, яғни келтірмейтін қызмет, мысалы білім беру саласында жүргізіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау
Биология кабинетінде тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру
Экология ғылымының зерттеу объектісі - адам мен қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастарды, табиғи тепе-теңдіктің бұзылуын, табиғи қорлардың сарқылуын, олардың себеп-салдарын анықтау
Биология сабағында оқушылардың қызығушылығын арттыру
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚЫЗЫЛ КІТАП
Биогеоценоз және экожүйе туралы түсінік
Жануарлар құқығы
Өсімдікпен қабылданатын жарықтың сандық және сапалық сипаты
Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау
ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz