ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӨСІМДІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ БИОХИМИЯСЫ
ЭКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ТАҚЫРЫБЫ:
ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ

ТЕКСЕРГЕН: ҚОЙБАҒАРОВА Б.Х.
ОРЫНДАҒАН: МЕИРКУЛОВА А.

БАҒАСЫ:__________

АЛМАТЫ-2007

ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ

Өсімдіктер – фотосинтез процесінің жүзеге асуы нәтижесінде афтотрофты
қоректенетін, клеткасы тығыз қабықты организмдер; тірі организмдер әлемі.
Өсімдіктер клеткасына жиналатын қоректік затты крахмал деп атайды. Өсімдік
арасында сирек кездесетін гетеротрофты қоректену – эволюциялық даму
барысында екінші қайтара пайда болған бөлігі. Өсімдіктердің көпшілік
түрінде байқалатын бұл белгілер оларды тірі организмдердің басқа әлем
өкілддерінен оңай ажыратуға мүмкіндік береді. Бірақ құрылымдық дәрежесі
төмен организмдердің бір-бірінен айтарлықтай айырмашылығы болмайды. Мыс.,
эвгленді балдырларды зоологтар қарапайымдарға жатқызады. Бір клеткалы
өсімдіктердің бір клеткалы жануарлардан негізгі айырмашылығы –
хлоропластарының болуы мен клеткасының ультрақұрылымдық ерекшеліктерінде
(клетка қабықшасының құрылымы, вакуольдерінің болуы, т.б.). Өсімдіктер
қорегін қоршаған ортадан газ түрінде (фотосинтез) және ерітінді күйінде (су
мен еріген минералды тұздар) сіңіреді. Көптеген өсімдіктердің денесі әр
түрлі кызмет аткаратын органдарға бөлшектенген. Жоғары сатыдағы өсімдіктер
денесінің бөлшектенуі мен дифференциялануы көптеген арнайы құрылымдардың
пайда болуына алып келеді. Мыс, эпифит өсімдіктердің жер асты тамыры
болмайды. Олар тропиктік және субтропиктік ағаштар бұтағының үстінде өсіп,
ылғалды ауа жұтады; ал шөл өсімдіктері ылғал жетпесе солып қалады. Бірақ
жаңбыр жауса болды, оларда фотосинтез процесі жүре бастайды; кейбір
өсімдіктердің сабағында қуыс болады. Онда Ө-ді басқа жәндіктерден қорғайтын
құмырсқалар тіршілік етеді. Ө. құрылысының өзіне тән маңызды ерекшеліктері
олардың өсуі, көбеюі және таралуы аркылы анықталады. Ө-дің құрлыққа таралуы
Жердегі тіршілік дамуының алғашқы кезеңдерімен байланысты. Архейде (3 млрд.
жыл бұрын) көк-жасыл балдырларға ұқсас организмдер, шамамен 2 млрд. жыл
бұрын пайда болса, нағыз балдырлар протерозойда шыққан. Алғашқы жоғары
сатыдағы құрлық Ө-і — ринифиттер силурдың екінші жартысында тіршілік еткен.
Олардың тамыры болмаған (оны ризоидтар алмастырған), ал денесінің
құрылымдық белгісі теломдар (ежелгі Ө-дің жапырақ, сабақка, т.б. органдарға
жіктелмеген цилиндр тәрізді осі) болған. Девонның басында плаунтәрізділер,
қырыққұлақтәрізділер және қырықбуындардың арғы тегі пайда бола бастаған.
Бұларда тамыр мен өткізгіш түтіктердің алғашқы белгілері қалыптасты.
Девонның аяғында ашық тұқымдылар, карбонда ағаш-тәрізді қырыққұлақтар
(пермьде олардың орнын қазіргі қырыққұлақтәрізділер алмастырды), триас пен
юрада қылқан жапырақтылар дамыды. Бор кезеңінде пайда болған
жабықтұқымдылардың кейін Ө. тіршілігі үшін маңызы зор болды. Ө-ге
фотосинтез және бұған байланысты физиол.-биохим. процестер тән. Бұлар Жер
бетінде тіршілік ететін барлық гетеротрофты организмдердің күрделі
қоректену тізбегіңдегі басты бөлік болып саналады. Фитоценоз (белгілі
жағдайға бейімделіп, айналасындағылардан айқын шектелетін өсімдіктер тобы)
құрап, алуан түрлі Жер ландшафтысының қалыптасуына әсер етеді. Ө-дің
катысуымен топырақ, шымтезек, таскөмір түзіледі. Қоршаған ортаға бөлінетін
зиянды газдарды, шаң-тозаңдарды, ауыр металдарды сіңіріп, ауаны тазартады.
Ө-дің адам өмірінде де алатын орны ерекше. Олардан тамақ, киім, отын, дәрі,
кұрылыс материалдары алынады. Бірақ соңғы кезде адамның іс-әрекетінен,
яғни, өсімдік жамылғысын орынсыз, тиімді пайдаланбауынан Ө-дің көптеген
түрі жойылып барады. Қазақстаңда өсетін 6 мыңнан астам Ө-дің 405 түрі
(сирек кездесетін, жойылу каупі бар) қорғауға алынып, Қазақстанның "Қызыл
кітабына" енгізілген.
Қызыл кітабы - халықаралық дәрежедегі құжат. Қызыл кітапқа сирек
кездесетін, жылдан-жылға азайып, не жойылып бара жатқан, сондықтан да
айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері
тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас
кезінде қолға алынды. 1902 жылы Париж қаласында алғаш рет құстарды
қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 жылы ЮНЕСКО-ның
жанынан халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық
табиғат қорғау одағының Қызыл кітабы 1966 жылы тұңғыш рет 2 том болып
шықты. Оның бірінші томында сүтқоректілердің 211 түрі, екінші томына
құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары
тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966-1971
жылдары Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта
толықтырылып, екінші басылымы, 1972 жылы үшінші басылымы жарияланды. 1978-
1980 жылдары төртінші басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның бірінші томы –
сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы,
екінші томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, үшінші томында
қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, төртінші том
балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал бесінші томы жоғары сатыдағы
өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25 мың түрі тіркелді. 1980-жылдары бұрынғы
томдар негізінде Қызыл кітап қайта шыға бастады. 1983-жылы шыққан Қызыл
кітапта омыртқасыз жануарлар туралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі
төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан
өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде, соңғы Қызыл
кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен
бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде
қолдан көбейтілген. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын
шығаруға құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, су құстарын
зерттейтін халықаралық бюро, жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік
федерация т.б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітапқа табиғат қорғаудың негізгі
іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.
Қызыл кітап туралы пікірді ағылшын табиғат зерттеушісі Питер Скотт
айтқан болатын. 1963 жылы Халықаралық Қызыл кітаптың алғашқы басылымы, одан
соң 1966-1975 жылдар аралығында 5 томы жарық көрді. 1978 жылы КСРО-ның
Қызыл кітабы шықты. Қазақ КСР-ның алғашқы Қызыл кітабының жануарларға
арналған бөлігі 1978 жылы, ал 1981 жылы өсімдіктерге арналған бөлігі жарық
көрді.
Одан соң жануарлар туралы қарар қабылданып отырды. Мұндай шараларды
ұйымдастыруда бұрынғы Зоология қазіргі Генеқорлар институтының
қызметкерлерінің де еңбегі зор.
Қызыл кітапқа белгілі бір түрді енгізу үшін ғалымдар әр жануарлардың,
не өсімдіктің бес санатын анықтаған. Осы санатқа сәйкес келген жағдайда
ғана ол түр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экология ғылымы туралы ақпарат
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері туралы ақпарат
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері жайлы мәлімет
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері жайлы ақпарат
Экология ғылымы туралы
Жалпы экология
ЭКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері. Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы туралы ақпарат
Экологияның қысқаша тарихы
Экологияның ғылым ретінде анықтамасы
Пәндер