ҚАТТЫ ӘСЕР ЕТЕТІН УЛЫ ЗАТТАР


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАҚЫРЫБЫ:

ҚАТТЫ ӘСЕР ЕТЕТІН УЛЫ ЗАТТАР

ТЕКСЕРГЕН: ШЫНЫБЕКОВА Ш.

ОРЫНДАҒАН: ҚОЙШЫБАЕВА М.

АЛМАТЫ-2007

ҚАТТЫ ӘСЕР ЕТЕТІН УЛЫ ЗАТТАР

Химиялық обьектілерде болған апаттар аса қатерлі апаттардың қатарына жатады. Себебі ондай апаттар адамдарды, жан-жанурларды, өсімдік әлемін жаппай жоятын улы заттар шығуымен сипатталады.

Улы заттектер /сильно действующие ядовитые вещества/ жаппай қыру қаруларының біріне жатады. Бұлардың негізін химиялық қосындылар құрайды. Олар адамдарды, жан-жануарларды, ауаны, жер бетін, техниканы, суды және азық-түлікті улайды.

Жаппай қыру мақсатында қолданғанда олар тамшы, сұйық, тқман, түтін не бу күйінде болуы мүмкін.

Улы заттпен зақымдаудың бірнеше ерекшеліктері бар:

• аз уақыт ішінде жаппай улауға болады;

• ауа, жер кеңістігінде үлкен аумақта улай алады;

• аэрозоль, бу түрінде қорғануы нашар үйлерге, бөлмелерге кіріп кетеді.

• әр түрлі жағдайда, әр түрлі орындарда /тұйық, желсіз жерлерде/ ұзақ сақталуы мүмкін.

Улы заттармен зақымданудың жолдары:

• уланған ауамен демалғанда;

• улы тамшылардың теріге не көзге тиюі;

• уланған заттарды ұстағанда;

* уланған азық-түлікті не суды пайдаланғанда.

Улы заттардың ішіндегі көп кездесетіні әрі қатерлісі хлор мен аммиак.

Хлор жасыл-сары түсті өткір исі бар газ. Хлор ауадан екі есе ауыр, сондықтан хлор бұлты жер бауырлап ұшады.

Оның қайнау температурасы - 34, 6°С. Яғни, хлор қыс кезінде де газ түрінде де қала береді. 5-7 атм қысымында тез қысылып, жасыл-сары түсті сұйыққа айналады. Суда жақсы ериді. Өндірістің түрлі салаларында кеңінен қолданылады. Ауыз сулармен ағын суларды тазарту, зиянсыздандыруға қолданылады.

Адамдардың тыныс алу жолын зақымдайды және өкпені ісіндіреді. Ал мөлшері көп болғанда 5-25 минут ішінде адам өледі.

Бірінші көмек: противогаз кигізу керек, ол аймақтан адамды тез арада таза ауаға шығарып, оттегімен демалдырған жөн. Тыныс алу жолдары зақымданғанда нашатыр спиртін искеткен дұрыс. Көзін, мұрнын, аузын 2-пайызды соданың ерітіндісімен жуған дұрыс. Хлор ауаға тарағанын естігенде үйдің жоғарғы қабатына шығып кетуге тырысу керек. Хлор тараған территориядан тез өтіп, жел соққан жаққа кетуге тырысыңыз. Бірақ жүгірмеңіз. Жердің шаңын көтеруге болмайды. Хлормен уланған адамға нашатыр спиртін иіскету керек. ЪІстық сүт, шай беріп жылы жерге науқасты орналастыру керек.

Аммиак - нашатыр тәрізді иісі өткір, туссіз газ. Суда жақсы ериді. Аммиактың ауамен араласқан түрі /1:3 мөлшерде/ қопарылыс жасауға қабілетті. Адамның тыныс мүшелеріне, көзіне қатты әсер етеді. Аммиактың жоғары концентрациясы адамның нерв жүйесіне қатты әсер етеді. Теріні, көзді күйдіріп не үсіріп жібереді.

Аммиактың ауаға тарағаны туралы хабар болғанда өзіңіз тұратын үйіңіздің не жүмыс бөлмеңіздің есік-терезесін, саңылауларды ылғал матамен, мақтамен тығыздап жабу керек, газ, электр жүйелерін тез ажырату қажет.

Өндірісте арнайы противогаздарды пайдаланады, мақтадан жасалған ауыз жапқыш 100 минутқа дейін көптеген улы заттардан өміріңді сенімді сақтайды. Бірақ ол аммиактың, метилхлоридің, венилхлоридтің улы заттарынан сақтауы екі талай. Егер болмаған жағдайда дәкені, мақтаны сулап, сол арқылы демалу керек. Киімнің түкті, мақталы жері, бөкебай, киімнің жағасы, жеңі де тыныс алу органдарын сақтайды.

Аммиактың буымен уланған адамды ол жерден тез алып шығып, оған сірке қышқылының ерітіндісін немесе судың жылы буын иіскету керек. Зақымданған жерді химиялық пакеттегі ерітіндімен сүртеді, немесе сабынды сумен жақсылап жуады.

Аптечканың /АИ-2/ № 2 үясындағы таблетканы ішу керек.

Химиялық зақымданған аймақтан шыққаннан кейін толықтай не жартылай санитарлық тазалықтан өту керек.

НЕРВ ЖҮЙЕСІН ЗАҚЫМДАЙТЫН ФОСФОРОРГАНИКАЛЫҚ УЛАНДЫРҒЫШ ЗАТТАР

Виикс-газдары. Олар аз мөлшерде буланатын түссіз сүйық түрінде кездеседі. Оның иісі болмайды. Суықта қатпайды. Суда баяу ериді - 5, ал органикалық еріт-кіштер мен майларда жақсы ериді.

Ашық жатқан су көздерін /көл, өзен/ өте үзақ уақыт бойы - 6 айға дейін зақымдандырады. Адамның терісіне, тыныс жолдары, киіміне сіңу арқылы уландырады.

Жазды күні бір жерде 7-15 тәулік бойы, ал қысты күні 2-3 айға дейін сақталып улайды.

Зарин - бүл түссіз немесе сарғыштау түрде кез-десетін, ауада жақсы буланып үшатын, қыста қатпайтын сүйық зат. Оны кез келген мөлшерде суға немесе орга-никалық еріткіштерге араластырып қолданады. Судың әсеріне түрақты қарсылық көрсететіндіктен түйық су көздерін үзақ уақыт бойы уландырады. "Адамның терісіне, киіміне тез сіңіп кетеді. Оның буы 20 км-ге дейін тарайды. Ойлы жерлерде жазда бірнеше сағатқа, қыста 2 тәулікке сақталады.

Осы тәріздес улағыш заттың бірі - Зоман. Ол да теріге өтіп, тыныс алу органдарын улайды. Организмге сіңіп алғаннан кейін орталық нерв жүйесіне зардабын тигізеді. Өлтіргіш қуаты бар кезінде адам жүректің сал болып ісінуінен өледі.

Қорғаныс жолы: теріні қорғау қүралдарын және противогаз пайдалану, панаханаларға, арнайы баспаналарға жасырыну.

Улы заттардың барлығын химиялық байқау қүрал-дары арқылы анықтайды.

Теріні күйдіріп, іріңдететін улағыш заттардың бірі -Иприт.

Ол сарымсақтың иісі бар сарғыш немесе қара қошқыл түсті сұйық зат. Органикалық еріткіштерге жақсы ериді. Әр түрлі лакты бояу жағылған заттарға, резинаға, саңылаулы материалдарға, адамның терісіне оп-оңай сіңіп кетеді. Адам терісі 2-3 сағатта қызарады да, жараға айналып 20-30 тәулік бойы жазылмайтын жара пайда болады.

Адам Иприттің буымен демалғанда бірнеше сағаттың ішінде-ақ ауыра бастайды да, тез арада өкпесі қабыньш, ісініп, тынысы тарылып, адам түншығып өледі.

Қорганыс куралдары: противогаз, тері қорғау қүрал-жабдықтары және арнайы баспаналар.

Синиль қышқылы. Бүл тез буланып кететін түссіз зат. Ашық жерде тез буға айналып үшып кетеді. Қату температурасы - 14°С, адам синиль қышқылы тараған ауаны жүтқаннан уланады.

Қорганыс жолы: противогаз, арнайы баспаналар пайдалану.

Синиль қышқылы химиялық қүралдар арқылы анық-талады.

Түншықтырғыш улы зат (газ) - фосген.

Бүл түссіз газ түрінде болады, ауадан 3, 5 есе ауыр. Шіріген шөптің иісі шығады. Буланған кезде адамды уландырады. Тегіс жерде 30-50 мин, ал ойлы жерлерде 3 сағатқа дейін сақталады. Адамды тыныс алу органдары арқылы зақымдайды. Мүнымен уланған адамға қолдан тыныс алдыруға болмайды. Бүл газдан қорғану жолы противогаз бен баспананы пайдалану.

ӘСЕРІ КҮШТІ УЛЫ ЗАТТАР (ӘКУЗ)

ӘКУЗ - шаруашылық мақсатта қолданылатын зат, оларды қалай болса солай сақтау немесе төгілуі адамдардың жаппай улануына алып келуі мүмкін.

ӘКУЗ - жабық ыдыста қысыммен сақталады, ыдыс кирағаннан кейін қысым атмосфера қысымына дейін төмендейді.

ӘКУЗ - қайнайды (қайнау температурасы +20°С) және атмосфераға газ немесе бу түрінде бөлінеді. Олар үлкен қашықтыққа таралады. Сондықтан химияльгқ қауіпті обьектіге жақын түратын халық онда қандай ӘКУЗ-дың пайдаланылатындығын білуге тиіс. Химия-лық зақымдау ошағының көлемі, оның адам терісіне тамшы сүйық түсуі және бумен демалу нәтижесінде болуы мүмкін.

Химиялық қауіпті обьектідегі апат туралы дабыл жарияланғанда немесе қоршаған ортада улы заттар қауіп туғызғанда төмендегі іс-қимылды істеу қажет:

- улы заттардың тарағандығы жөнінде хабар келген соң тез арада противогаз және сол сияқты жеке қорғану қүралдарын пайдалану керек;

- жақын жердегі панаханаға немесе арнайы жасыры-натын орынға, ал олар жоқ болса, жақсы қымталған үй-жайға жасырынады;

Зақымдалған аумақпен жүрген кезде мына тәртіп-терді мүлтіксіз сақтау қажет:

- жүгірмей және шаңдатпай тез жүру;

- төтенше жағдай үйымдарының өкілінің бүйрығына дейін қорғаныс қүралдарын шешпеу керек, жыраларды, шүңқырларды, батпақтарды, тонельдерді және улы зат жинақталып қалатын басқа да орындарды айналып өту;

- зардап шеккендерге, балаларға, сондай-ақ өз бетінше қозғалмайтын қарттар мен балаларға қажетті комек көрсету.

ӘКУЗ төгілген кезде көсетілетін немесе істелінетін іс-әрекеттер;

Хлор - төгілген кезде (ол ауадан ауыр) ең биік орындарды көтерілу қажет:

а) егер сіз төменгі қабаттағы пәтерде болсаңыз, жоғарғы қабатқа көтеріліңіз;

ә) егер сіз көшеде (далада) болсаңыз, биіктеу жерге шығыңыз.

Аммиак тогілген кезде (ол ауадан жеңіл) тез буланып жоғары көтеріледі, яғни төмен жерлерді таңдау қажет (жертөле) .

Химиялық зақымдау туралы дабылды естіген бойда жеке қорғаныс қүралын тез киіп, озіңіз түрған ғимаратты қымтаңыз:

- есек пен терезені жақсылып қымтаңыз;

- ондағы саңылауды шүберекпен, жапсырғышпен, пленкамен немесе ылғал қағазбен жабыңыз.

Егер дабыл сізді көшеде келе жатқан кезде берілсе, ықтимал зақымдану аумағанан шығып, желге қарсы жүріңіз.

Тыныс органдарын қорғау үшін, тыныс органдарын аммиактан, метилхлоридтен және винилхлоридтен және басқа улы заттардан 30-100 минут бойы қорғайтын противогаз кию керек.

Аммиак сумен жақсы жайылады (суланған мақта-дәкі таңғышы көмектеседі) .

Егер противогаз жоқ болса, тыныс органдарын қорғау үшін сумен немесе ауыз суының 2% (хлор төгілген кезде) және лимон (бор) қышқылының 5% (аммиак төгілген кезде) ертіндісімен шайылған кез келген матаны пайда-ланыңыз.

Тыныс органдарын хлордан қорғау үшін өзіңіздің немесе балаңыздың сүйық дәретімен шайылған мата таңғышын пайдаланыңыз.

Халықты ӘКУЗ-мен ықтимал зақымдану аумағынан көшуі негізінен улы бүлт жақындағанға дейін жүргізіледі.

Улы зат төгілген орынға аммиак суын, әк түнбасын, кальциленген соданың ертіндісін немесе 60-80% және одан артық концентрациядағы каустикті қүяды (шамамен 2 л. ертіндіге Ікг хлор) суды немесе ертіндіні ыдырату үшін су шашыратқыш, өрт машиналарын, жылжымалы автожанармай стансаларын, сондай-ақ химиялық қауіпті обьектідегі гидрант немесе арнайы жүйе қолданылады.

Аммиак көп төгілсе, жайылған сүйықты топырақпен қоршайды, ал төгілген жерді әлсіз қышқыл ертіндісін себеді, сумен шаяды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зиянды химиялық заттардың адам ағзасына қосарлы әсері
Химиялық қауіптілік
Қауіпті және зиянды факторларды жіктеу
ҚӘУЗ түрлері
Өндірістік химиялық биологиялық қауіпті улардың организмге және қоршаған ортаға әсері
Халықты қатты әсер ететін улы заттар
Қатты әсер ететін улы заттар /ҚӘУЗ/
Зиянды өндірістік факторлар,олардың жұмысшыларға және қоршаған ортаға әсері
Химиялық қару жайлы
Удың жануарлар ағзасына әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz