ПОПУЛЯЦИЯ ЭКОЛОГИЯСЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӨСІМДІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ БИОХИМИЯСЫ

ЭКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ТАҚЫРЫБЫ:

ПОПУЛЯЦИЯ

ЭКОЛОГИЯСЫ

ТЕКСЕРГЕН: ҚОЙБАҒАРОВА Б. Х.

ОРЫНДАҒАН: АБДРАХМАНОВА Ш.

БАҒАСЫ:

АЛМАТЫ-2007

ПОПУЛЯЦИЯ ЭКОЛОГИЯСЫ

-Популяция дегеніміз - белгілі бір географиялық территорияда тіршілік етуге бейімделген, генетикалық шығу тегі бір, бір түрге жататын особьтар жиынтығы. Популяция латынның "попилус" - "халық, топ" деген мағынаны білдіреді.

Әрбір жеке түрдің өзіне тән таралу аймағы болады. Олардың сол аймақтағы тобы, сан мөлшері әртүрлі болуы мүмкін. Популяцияның сан мөлшерінің аз немесе көп болуы түрдің шығу тегіне, тарихына, аралдың көлеміне т. б. көптеген себептерге байланысты.

Организмдердің популяцияларын жан-жақты зерттеуші экологтар С. С. Шварц, А. М. Гиляров, А. В. Яблоков, т. б. өздерінің еңбектерінде популяцияға қазіргі тұрғыдан анықтама береді. Мәселен, С. С. Шварц (1969) популяция дегеніміз - "Орта жағдайларының өзгерісіне ұзақ уақыт бойы өзінің тұрақты санын ұстап тұратын бір түрге жататын организмдердің элементарлы топтары" деп анықтама береді. Ал, А. В. Яблоков өзінің еңбегінде " . . . белгілі бір территорияны мекендейтін бір түрге жататын организмдердің эволюциялық даму жолы ұқсас топтары" дейді. АМ. Гиляров өзінің әріптестерінің идеяларын дамыта келіп, популяцияға біршама жаңа қөзқарасты анықтама беруге тырысады:

Популяция - белгілі бір территорияны мекендейтін шығу тегі бір, ұзақ жылдар бойы табиғаттағы санын тұрақты ұстап келе жатқан бір түрге жататын организмдер жиынтығы. Популяция ішінде үнемі тіршілік үшін күрес басқа туыстық топтармен мүмкіндігінше шектелген формалар тіршілік етеді. Олар бір-бірінен - жергілікті, экологиялық, географиялық популяциялар деп бөлінеді. Популяцияларды осылайша жіктеу Н. П. Наумов жүйесіне негізделеді.

Популяция - биологиялық бірлік ретінде өзінің белгілі құрылымы, қасиеті және атқаратын функциялары арқылы ерекшеленеді. Популяция құрылымы ондағы особьтар санымен және кеңістікте таралуымен сипатталады. Ал, популяцияның функциясы басқа биологиялық жүйелермен ұқсас келеді. Популяцияға тән қасиеттерге өсу, даму, көбею, орта жағдайларьшың өзгерісіне бейімділігі, генетикалық шығу тегі, экологиялық жағдайлары жатады.

Элементарлы (жергілікті) популяция - табиғаты бірегей кішігірім территорияларды мекендейтін бір түрге жататын особьтар жиынтығы. Элементарлы популяциялардың табиғаттағы саны, даму эволюциясы мен ұзақтығы биоценоздың күрделі немесе қарапайымдылығына, бірегейлігіне байланысты болады.

Табиғатта жергілікті популяциялардың араласып кетуі бір-бірінің арасындағы шекараны жойып, түрлердің ұсақтап кетуіне әкеліп соғады.

Экологиялық популяция - жергілікті популяциялардьщ жиынтығы негізінде қалыптасады. Олар негізінде түр ішіндегі топтары болғандықтан белгілі бір биоценозда тіршілік етуге бейімделген. Мәселен, кәдімгі ақ тиін көптеген ормаңдарда кең таралған. Сондықтан олардың "қарағайлық", "шыршалық" немесе т. б. экологиялық популяциялары көптеп кездеседі. Олар бір-бірімен нашар жекеленгендіктен генетикалық алмасулар элементарлы популяцияларға қарағанда сирек ұшырасады.

Географиялық популяция - географиялық жағдайлары бірегей территорияларды қамтитын, особьтар топтарын құрайтын экологиялық популяциялардан тұрады. Географиялық популяциялар салыстырмалы түрде бір-бірімен нақты шектелген әрі өсімталдығы, особьтар формасы, экологиялық қатарлары, физиологиялық мінез-құлқы және басқа да қасиеттері арқылы ерекшеленеді. Популяциялардың осылайша ұзақ жылдар бойы жекеленуі бірте-бірте географиялық раса немесе жаңа түр формаларын дүниеге алып келуі мүмкін. Ондай түрлерді географиялық түр тармағы, раса немесе сол түрдің синонимі ретінде қарастырады. Мәселен, кәдімгі ақ тиіннің 20 дан астам географиялық популяциясы бар. Табиғатта популяцияның шекарасы мен дене тұрқы оның қандай территорияны мекендейтіндігінде емес, популяцияның өзінің жеке қасиеттерімен сипатталады. Н. П. Наумовтың зерттеулері бойьшша популяциялардың ұсақ территорияларға таралуы олардың көптүрлілігін және генфонын байытады деп тұжырымдайды. Осыған байланысты табиғатта абсолютті популяция болмайды. Өйткені, әрбір түр өзінің даму эволюциясы барысыңда уақыт пен кеңістікке қатысты миграция (орын ауыстыру) кезінде бір-бірімен араласып отырады. Ал, өсімдіктер болса тозаңдарының жел арқылы немесе өсімдіктер арқылы кең таралып жатады. Нәтижесінде, түр шегіндегі популяциялардың әр түрлі формалары қалыптасып отырады. Сондықтан популяцияга экологиялық тұрғыда толық анықтама берілген жок. Осы бағытта С. С. Шварцтың көзқарасы қолдауға тұрарлық бағыт. Онда: "Популяция дегеніміз жеке түрдің сандық және сапалық параметрлерімен сипатталатын түр ішіндегі тіршілік формалары ұқсас особьтардың топтары" - деп анықтама беріледі.

Популяцияның табиғаттағы саны мен тығыздығы. Популяцияның саны мен тығыздығы оның қасиеттерін сипаттайтын негізгі көрсеткіш болып саналады. Популяцияның саны дегеніміз - белгілі бір көлемдегі немесе территориядағы особьтардың жалпы саны. Организмдердің саны табиғатта тұрақты болмайды. Оның аз немесе көп болуы особьтардың өсімталдығы мен шығынына (өлуі) байланысты.

Популяцинның тығыздығы - белгілі бір көлемдегі немесе кеңістіктегі особьтардың саны мен биомассасьшың салмағымен өлшенеді. Мәселен, 1 гектардағы шыршалардың саны 150 немесе 1 м 3 көлемдегі су дафниялардың биомассасы 0, 5 г.

Популяцияның тығыздығы олардың санына байланысты өзгеріп отырады. Тығыздық шексіз өсуі мүмкін емес. Ол үшін особьтардың кең таралуына қолайлы жағдай мен кеңістік болуы керек. Организмдердің кеңістікте таралуы олардың шектеуші факторы кездеспейінше жүре беруі мүмкін. Осыған орай, популяциялардың кездейсоқ, біркелкі және топтанып таралу жолдары бар.

Кездейсоқ таралу - тек бірегей ортаға тән кұбылыс. Мәселен, егістіктерде зиянкес жәндіктердің таралуы алғашында кездейсоқ болғанымен бірте-бірте көбейе түсіп, топтану немесе шашыранды таралу сипат алады.

Организмдердің топтанып таралуы жиі кездеседі, әрі кездейсоқ та болуы мүмкін. Мысалы, ормаңдарда ағаштар алғашында топтанып кездессе, бірте-бірте біркелкі өсе бастайды. Өсімдіктердің таралуы спора, тұқым, жеміс арқылы жүзеге асады. Ал, жануарлардың таралуы активті немесе пассивтті (болу) болуы мүмкін. Мәселен, активті таралу түлкі, бұғы, т. б. тұяқты аңдарда жиі қездеседі. Пассивті таралу көбінесе баяу козғалатын жануарларға тән. Активті таралатын организмдерде шекаралық шектеу болмай қалады, ал пассивті организмдерде айқын байқалатын шекаралық аралдар жиі кездеседі. Оларды біз қос мекенділер, бауырымен жорғалаушылар, моллюскалар тіршілігінен көреміз.

Популяциялардың ареалының кең немесе тар болуы организмдердің дене мөлшері, қозғалу активтілігі, қорек қорына, т. б. көптеген абиотикалық факторларға байланысты болады. Мәселен, кәдімгі шөптесін жерлерде насекомдардың саны мыңдаған особқа жетуі мүмкін. Ал, керісінше ірі хайуанаттар мен үлкен ағаштардың популяцияларын саны мен тығыздығының тұрақты болмауы адамиың іс әрекетіне де тығыз байланысты. Сол сиякты қоректік факторлардың да ролі ерекше. Оны біз ақ тиін, қоян, кекілік, кырғауыл, т. б. организмдердің табиғаттағы саны корек аз болған жылдары күрт азайып кететінен байкаймыз. Сондықтан, табиғатта популяциялардың саны ешкашанда тұрақты болмайтыны заңды құбылыс. Бірақ, кейбір жағдайларда популяциялардың саны бір бағытта күрт көбейіп немесе азайып кетуі мүмкін. Бұл процестер табигатта жиі кездеседі. Оның себептері көп. Оларға - түрдің генетикалық шығу тегі, орта факторлары, өсу жылдамдыгы, бәсекелестік, қоректің мол болуы, т. б. жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Популяциялар экологиясы - демэкология
Жалпы экология
Экологиялық мәселелер жайлы
Ағза мен орта.Ағзаға әсер етуші 2 фактолар мен олардың әрекеті
Экология ғылымының даму кезеңдері
Дара организмдер экологиясы
Биоэкологиялық зерттеуледің жаппай сипат алу кезеңі
Популяция экологиясы және популяция
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері туралы ақпарат
Демэкология популяциялар экологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz