Популяциялар экологиясы туралы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ПОПУЛЯЦИЯЛАР ЭКОЛОГИЯСЫ КУРСОВАЯ
(демэкология)

ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ 3
Популяциялар экологиясы 4
Даралардың кеңістікте таралуы 5
Популяциялардың жыныстық және жастық құрылымы 6
Популяция санының динамикасы 8
Биотикалық факторлар 9
Биотикалық қатынастардың түрлердің санын реттеудегі маңызы 12
Бәсекелестік ығыстыру ережесі 13
ҚОРЫТЫНДЫ 14
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 15

КІРІСПЕ

Популяциялар экологиясы

Экологияда популяция дегеніміз — бір-бірімен өзара қарым-қатынаста
болатын және үлкен территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын
даралар тобы. C.С. Шварцтың берген анықтамасы бойынша: популяция — бұл
қоршаған ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайында санын тұрақты ұстап
тұруға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген белгілі бір түрдің
ағзаларының элементарлық тобы. Популяция ұғымын латын тілінен аударғанда
populus - халық, тұрғындар деген мағына береді. Популяцияларға өсу, даму,
үнемі өзгеріп отыратын жағдайда тіршілігін сақтауға қабілеттілік тән. Яғни
популяциялардың белгілі бір генетикалық және экологиялық сипаттамасы
болады.
Таралу типін білудің популяцияның тығыздығын іріктеп алу әдісімен
бағалаудың маңызы зор.
Іріктеп алу деп популяция тығыздығын бағалауға арналған эксперименттер
қатарын атаймыз.
Іріктеу санын п белгілейміз. Егер әр іріктеудегі даралардың орташа
санын m деп белгілесек, онда даралардың кеңістікте таралу сипатын
көрсететін s2 дисперсияны мына формула бойынша анықтайды.
Л_
и-1 ' мұндағы: s2 — таралу шамасы;
х — шамасының орташа m ауытқуы
(дисиерсия);
п — әр эксперименттегі даралар саны. Бірқалыпты таралу жағдайында s2
нөлге тең болады. Себебі әр іріктеудегі даралар саны түраңты және орташаға
тең.
бірқалыпты
s2 = 0

Популяцияның негізгі қасиеттері
іріктеу саны
m мен жеткілікті
кездейсоқ
s2 = m
Кездейсоқ таралу кезінде орташа дисперсия s2 тең (п - болғанда).

Даралардың кеңістікте таралуы

Популяциялардың күйі мен тіршілігі популяцияның жалпы орнына және
олардың кеңістікте орналасуына байланысты болады.
Популяцияны құрайтын даралардың кеңістікте таралуы әр түрлі болуы
мүмкін. Ол дараларды қолайлы және қолайсыз физикалық жағдайларға байланысты
таралу кезінде дисперсия орташадан артық немесе бәсекелестік қатынастарға
реакциясын көрсетеді. Даралар мен олардың топтарының таралуы кездейсоқ
болса олардың айырмашылығы да үлкен болады.
бірқалыпты және топтық болып бөлінеді. Ағзалардың

топтық s2 m
Даралардың бірқалыпты таралуы табиғатта өте сирек кездеседі. Ол
көбінесе әр түрлі даралар арасында бәсекелестікке байланысты болады. Мұндай
таралу тіпті жыртқыш балықтар мен территориялық инстинкті анық байқалатын
балықтарда болады. Бірқалыпты таралуға мысал ретінде Ла-Манш құмды
жағалауларында тіршілік ететін тақта желбезекті былқылдақ денелілер де
мысал бола алады.
Кездейсоқ таралу тек біртекті ортада және жиналуға қабілеті жоқ
түрлерде байқалады. Мысалы, ұн құртының ұнның ішінде таралуы кездейсоқ
болады.
Топтық таралу — табиғатта жиі кездеседі. Топтардың өзі кездейсоқ
немесе жиналып таралуы мүмкін. Әсіресе ағаштардың орман кеңістігіндегі
таралуы жақсы зерттелген. Егер ормандагы ағаштар бір түрге жататын
бастапқыда олар әдетте жинақталып топтанып таралады да, уақыт өте келе
олардың таралуы бірқалыпты бола бастайды. Ал орманның қалыңдығы түрішілік
бәсекелестік нәтижесінде кемиді. Аралас өсімдіктер бірлестігінде басылатын
түрлер әдетте топтанып, ал доминантты түрлер бірқалыпты таралады. Кез
келген популяция төмендегі қасиеттермен сиаатталады.
Популяциялар саны берілген территория немесе көлем бірлігіндегі
даралардың жалиы саны. Ол еш уақытта тұрақты болмайды және ол көбею
(өсімділік) мен өнімнің интенсивтілігінің қатынасына байланысты. Көбею
процесінде популяцияның өсуі жүреді де өлім оның санының кемуіне әкеледі.
Популяцияның тығыздығы популяция алып жатқан аудан немесе көлем
бірлігіне шаққандағы даралар санымен (немесе биомассамен) анықталады.
Мысалы, ағаштың 150 түбінің 1 гектарда өсуі осы популяцияның тығыздығын
сипаттайды.
Туылу - көбею нәтижесінде уақыт бірлігінде пайда болған жаңа даралар
саны. Тірі ағзаларға көбеюге деген мүмкіндік берілген. Бактериялар әрбір 20
минут сайын бөлінеді. Мұндай жылдамдықпен көбейгенде бір жасуша 36 сағатта
бүкіл планета бетін жауып шығатын ұрпақ бере алады. Бір бақ-бақ өсімдігінің
барлық тұқымдары өнетін болса 10 жылда өзінің ұрпақтарымен бүкіл дүние
жүзін алып кетер еді. Іс жүзінде үлкен өнімділік еш уақытта жүзеге аспайды.
Өлім — белгілі бір кезеңде өлген даралардың caны. Өлімнің үш типін
бөліп көрсетуге болады (7-сурет). I барлық жастағы өлімді сиааттайды
(гидра); II даралардың дамуының ең ерте кезеңде өлімінің жоғары болуымен
(айқұлақ); III ересек (қарт) даралардың өлімінің жоғары болуымен
сипатталады (адам).
Тірі даралар%

Ұрпақтың өмірінің ұқсастығы (шартты) 1 сурет. Өлім қисықтары (D.
Макфродий бойынша)
Популяцияның өсімі — туылу мен өлімінің арасындағы айырма; өсім оқ
немесе теріс болуы мүмкін.
Өсу жылдамдығы — уақыт бірлігіндегі орташа өсім. Erep R(, арқылы
берілген түрдің бір дарасының өміріндегі беретін ұрпақтарының орташа санын
белгілесек (таза көбею жылдамдығы), онда:
R() 1 популяция өседі (ұсақ жануарларға тән);
R() = 1 популяция саны тұрақты;
R() 1 кеміп бара жатқан популяция (кәсіптік жануарлар).

Популяциялардың жыныстық және жастық құрылымы

Жыныстық құрылым популяциядағы жыныстардың қатынасын көрсетеді. Бұл
көрсеткіштің арғы-жағы жыныстың көбеюі басым түрлер үшін маңызы зор.
Аталықтар мен аналықтардың жасы және жынысгық жетілу жагдайлары популяция
санын ұстап тұруға әсер етеді. Аталықтар мен аналықтардың қоректенуі, өмір
ырғағы және мінез-құлқы әр түрлі болуы мүмкін.
Мысалы, көптеген масалардан байқағанымыздай, кенелердің аналықтары —
қансоргыштар, ал аталықтары гүлдің тозаңымен қоректеаеді немесе сусардың
аналығы аталығымен салыстырғанда барлық азық-түлік түрімен де қоректене
береді, ал аталығы негізінен тиінмен, ірі құстармен қоректенеді.
Популяцияиың жастық құрылымы тек жасы мен әр түрлі топтардың қатынасын
ғана емес, бұл қатынастың жыл маусымдарындағы биогеоценоздардың ауысуы
кезеңіндегі өзгерістер, популяцияның жаңару жылдамдығын жастық топтардың
қоршаған ортамен өзара әсерін көрсетеді:
жаңадан туылған;
2) жас - өсіп келе жатқан даралар, жыныстық жетілмеген;
3) жартылай ересек - жыныстық жетілуге жақын;
4) ересек - жыныстық жетілгеа жануарлар, көбейетін немесе
физиологиялық жағынан көбеюге қабілетті жануарлар;
5) қартайған - көбеюге қабілеті жоқ даралар.
Әдетге популяцияда барлық жастық топтар болады. Олар біртіндеп бір-
біріне өтіп отырады және үнемі жаңарып отыруы популяцияның оптималды санын
ұстап тұруды қамтамасыз етеді. Кей жағдайда бұл қатынас бұзылуы да мүмкін:
қандай да бір жастың топтың санының кемуі популяцияның деграциясына немесе
керісінше, шектен тыс артуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Жастық топтардың
сандық қатынасы популяция күйінің және оның биогеоценоздың болашағының
көрсеткіші болып табылады. Жастық пирамидалардың негізгі типтерінің мысалы
8-суретте көрсетілген.
К'пгы

әр түрлі жастық топтардағы даралардың салыстырмалы саны (%): а) жаг
даралардыц гпіп.иіыц isoii Гюлуы (балыңтар); ) жас даралар гаііының орташа
болуы (бүгы); ") жаг даралардың гапыиыц аз болуы (гііл).
8-гурот. Жастық пирамидалардың негізгі типтері
Адам популяциясын да жыныстық-жастық құрылыммен сипаттауға болады.
Неғұрлым жыныстық-жастық құрылым күрделі болса, соғұрлым популяцияның
бейімделушілік мүмкіндіктері жоғары болады.
Ғалымдар түр ретінде адамға тән өмірінің орташа ұзақтығы 110—120 жас
деп есептейді.
Ертедегі Рим мен Ертедегі Грецияда орташа жас, бар болғаны 25 жас ғана
болғаны туралы дерек бар. Орта ғасырларда ол 30 жасқа дейін көтерілді.
Қазір өркениеттің дамуына байланысты дүние жүзіндегі орташа жас көрсеткіші
артып келеді 1950 жылы ол жалпы алғанда 50 жас болса, 1990 жылы — 63 жас
болған.

Популяция санының динамикасы

Популяцияның саны негізінен бір-біріне қарама-қарсы екі құбылыспен
анықталады — туу және өлім.
Популяциядагы даралар санының көбею процесі теориялық жағынан алғанда
шексіз өсуге қабілетті -биотикалық потенциал (экспоненциалдық қисық) (А),
бірақ қоршаған орта жағдайлары бұл өсуді шектейді іс жүзіндегі өсу
логистикалық қисықпен (Б) сипатталады. Теориялық және іс жүзіндегі өсудің
арасындағы айырмашылық ортаның қарсылығын сипаттайды (9-сурет).
Даралар-саны

9-сурет. Популяцияның санының өсуінің экспоненциалды (А) және
логистикалық (Б) қисықтары
Популяцияның жалпы саны маусымдық, көпжыл-периодты емес (мысалы,
зиянкестердің санының шектен тыс күрт артуы) өзгерістерге ұшырап отырады.
Популяция санының осындай өзгерістері оның санының динамикасы болып
табылады.
Популяция санының ауытқуының төмендегі шартты себептерін атап
көрсетуге болады:
1) азық мөлшерінің жеткілікті болуы популяция санының артуына әкеледі,
бірақ өсудің максималды шамасында азық шектеуші фактор болады. Азық қорының
жетіспеуі популяция санының кемуіне әкеледі;
2) популяция санының артуы мен кемуі мекен ету ортасы үшін бірнеше
популяциялардың бәсекелесу процесінде байқалуы мүмкін;
3) жыртқышпен, жемтік паразиттер иесі арасындағы күрделі өзара
қатынастар популяция санының ауытқуының бір себебі бола алады;
4) Абиотикалық факторлар (температура, ылғалдылық, ортаның химиялық
құрамы және т.б.) популяциялар санына көп әсер етеді және олардың едәуір
ауытқуларын туғызады.
Популяция тығыздығына, белгілі бір оптимумы болады. Осы оптимумнан
ауытқу пайда болғанда оны реттеудің популяция ішілік механизмдері іске
қосылады.
Популяция ішілік реттеуші механизмге эмиграция жатады. Эмиграция —
берілген ареалдың қолайсыздау бөліктеріне популяцияның бір бөлігінің орын
ауыстыруы. Тіләннің кейбір түрлерінде популяция тығыздығының артуы қанатты
даралардың пайда болуына әкеледі де, олар басқа территорияға орын ауыстыра
алады. Тығыздық артып кеткен жағдайда бірқатар сүтқоректілер (әсіресе
тышқан тәрізді кемірушілер) мен құстарда да эмиграция байқалады.
Популяция тығыздығы оптималды деңгейден төмендеген жағдайда олардың
көбею кезіндегі өнімділігі артып, ерте жыныстың жетілуге әкеледі.
Популяция санын реттеудің кейбір механизмдері түрішілік бәсекелестікті
болдырмауы мүмкін. Мысалы, егер құстар өзінің ұясын әнімен белгілейтін
болса, басқа жұп жерге ұя салады. Көптеген сүтқоректілердің салған
белгілері әр жануардың аң аулайтын территориясын белгілейді. Бұл
құбылыстардың барлығы түрішілік бәсекені жойып, популяцияның тығыздығының
шектен тыс артып кетуіне кедергі жасайды. ИИ. Шмальгаузен (1884—1963)
барлық биологиялық жүйелер белгілі бір дәрежеде өздігінен реттелуге, яғни
гомеостазы қабілетті (грек тілінен аударғанда homoios ұқсас, сол, stasis —
қозғалыссыз, тұрақты) болады деді. Гомеостаз — тірі жүйелердің, соның
ішінде популяциялардың қоршалған ортаның өзгермелі жағдайын тұрақты
динамикалық тепе-теңдікті ұстап тұруға қабілеті. Динамикалық тепе-теңдік
дегеніміз популяция санының белгілі бір орташа шама шекарасында ауытқуы.
Гомеостаз терминін 1929 жылы ғылымға енгізген У. Кеннон.
Ен алдымен әрбір жеке дара, содан соң ғана популяция гомеостатикалық
жүйе болып табылады. Популяция санын реттеудің маңызды механизмше гтпесс-
реакциялар жатады.
Қандай да бір факторлардың қолайсыз әсеріне жауап ретінде ағзада екі
типті реакция пайда болуы мүмкін. Арнайы зақымдаушы агенттің табиғатына
байланысты (мысалы, салқын температура әсер еткенде жылу өндірудің артуы),
және жалпы реакция, ағзаның өзгерген жағдайларға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы экология
Экология ғылымының өрлеу кезеңі
Экология
Экологиялық пирамидалар
Экологиялық дүниетаным
Экология түрлері
Популяцияның тығыздығы, статикалық сипаттамалары, реттелеу
Экология және тұрақты даму пәні, мақсаты мен міндеттері
Демэкология немесе популяциялар экологиясы
Экологиялық қалыптасу тарихы мен кезеңдері
Пәндер