РАДИАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАР



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӨСІМДІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ БИОХИМИЯСЫ
ЭКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ТАҚЫРЫБЫ:
РАДИАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАР

ТЕКСЕРГЕН: ҚОЙБАҒАРОВА Б.Х.
ОРЫНДАҒАН: ИСАЕВА ГАУҺАР

БАҒАСЫ:_____________

АЛМАТЫ-2007

РАДИАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАР

Радиациялық ластанудың басқа ластанудан көп айырмашылығы бар. Қысқа
толқынды электромагниттік сәуле шығару мен зарядталған бөлшектерді бөліп
шығаратын тұрақсыз химиялық элементтердің ядросы – радиактивті нуклидтер.
Міне осы бөлшектер мен шығарылған сәулелер адамның организміне түскенде
жасушаларды бұзады, соның нәтижесінде түрлі аурулар пайда болады.
Радиациялық ластанудың негізгі көздері – альфа, гамма және бэта сияқты
радиактивті сәулелер. Ионданған сәулелер адам, жануар организмінде ақуыз,
фермент және басқа да заттардың өзгеруіне, яғни сәуле ауруының дамуына
әкеліп соғады.
Сәуле ауруы адамның сыртқы мүшелерінің зақымдануынан және радиациялық
ластаушылардың ішкі органдарға түсуі нәтижесінде болады.
Радиоактивтік ластану - өткен ғасырдың 40-шы жылдары уранның ыдырау
реакциясы ашылғаннан бастап пайда болған. Атом энергиясын американдықтар
соғыс мақсатында, ал 1945 жылдан бұрын Кеңес дәуірінде оны бейбіт мақсатқа
пайдалана бастады. Атом энергиясын пайдалану кезінде сақтандыру шаралары
қоса жүргізілді. Өйткені, атом қондырғылары жұмыс істеу кезінде, адам
өміріне қауіпті радиоктивті шлак түзіледі. Ал оны залалсыздандыру оңай
шаруа емес. Радиоактивтік қалдықтарды теңізге, мұхитқа, өзенге тастауға
рұқсат етілмейді. Әрине, бұл жағдай кейбір капиталистік елдерде
сақталмайды. Мәселен, Ирландия жағалауы қазір ядролық үйіндіге айналған.
Жыл сайын мұхит түбіне радиоактивтік қалдықтар тасталып жатыр. Көптеген
дамыған елдерде атом өнеркәсібі кәсіпорындарында белгіленген санитарлық
нормаға дейін радиоактивті заттардың концентрациясын азайтатын тазарту
қондырғылары салынған. Қалдықтар баллондарға салынып цементтеледі де,
арнаулы жерлерге тасталады. Атом энергетикасының мәселелері миллиондаған
адамдарды ойландыруда. Атом электростанциядағы аппараттарға немқұрайлы
қарауға болмайды, олардың ойламаған жерден апатқа ұшырауы – объективтік
шындық. Солардың бірі – Чернобыль ядролық апаты. Чернобыль апаты айналадағы
орта мен халықтың денсаулығына қатты әсер еткен, атом энергиясындағы еш
уақытта болмаған апат. Чернобыль апаты кезінде атмосфераға 50 МК
радиоактивті заттар шығарылған және ауданы 3000 км болатын жерге таралған.
Еліміздің Семей ядролық сынақ аймағы жайында тоқталып кетейік. Мұнда 40
жылдан астам уақыт ішінде 500-ден астам жер асты және жер бетінде түрлі
жарылыстар болып, жарылған заттардың қуаты Чернобыль апаты кезіндегі
жарылғыш заттардың қуатынан бірнеше мың есе асып кеткен. Осы жарылыстың 27-
сі атмосферада, 113-і жер бетінде, ал қалғаны жер астында жүргізілген.
Олардың радиоактивті қалдықтары жарты миллион адамға зиянын тигізгені
белгілі болып отыр. Семей полигонынан басқа Қазақстан жерінде 27 әр түрлі
термоядролық сынақтар өткізілетін әскери полигондар болғанын жасыруға
болмайды. Олар негізінен Батыс Қазақстандағы Азғыр, Тайсойған, Нарын
полигондары.
Адамдар күнделікті тұрмыста да түрлі тұрмыстық техникалардан,
компьютерлерден, рентген аппараттарынан да сәуле алады. Мысалы, адам баласы
телевизор қараудан бір жылда 0,5 мбэр сәуле алса, компьютер мен рентген
аппараттарынан бір жылда 370 мбэр сәуле алады.
Атмосфераның озон қабатының жұқаруы күн радиациясы сәулесінің жер
бетіне өту қаупін туғызуда. Міне, осы кезде ядролық энергияны пайдалану
адамзат алдында көптеген мәселелерді шешуді талап етуде.
Сәуле ауруы сыртқы мүшелердің зақымдануынан және радиациялық
ластаушылардың ішкі органдарға түсуі нәтижесінде болады. Сәуле ауруының
дәрежесі алынған сәуленің мөлшеріне байланысты балалар, қарт адамдар мен
ауру адамдар сәуле ауруын көтере алмайды. Адамдарда 50 рентген мөлшеріндегі
сәуледен сәуле ауруы байқалмайды. Ал, 100 рентгеннен бастап сәуле ауруы
дами бастайды.
Сәуле ауруы өзінен алынған сәуленің мөлшеріне қарай ауыр және созылмалы
болып бөлінеді. Адамдар екі-үш рет сәуле алғанда ауыр сәуле ауруына
ұшырайды, ал аз мөлшерден ұзақ уақыт сәуле ауруына шалдығады.
Сәуленің әсер ету мөлшеріне қарай төрт дәрежедегі сәуле ауруы болады: 1-
дәрежесі жеңіл түрлі 100-200 рентген мөлшерінде; 2-ші дәрежесі орташа – 200-
300 рентген; 3-ші дәрежесі ауыр – 300-500 рентген мөлшерінде, 4-ші дәрежесі
өте ауыр – 500 рентгеннен астам мөлшерде сәуле алған кезде болады.
Сәуле ауруы төрт кезеңде жүреді: бірінші кезең – сәуленің организмге
әсері оның мөлшеріне қарай болады. Оның ең алғашқы белгілері: әлсіздік, бас
айналу, бас ауру, жүрек айну, құсу, іш өту, терінің бозаруы, қан қысымының
секірмелі болуы, естен тануы болады. Екінші кезең – бірінші кезеңнен кейін
уақытша аурудың жағдайы жақсарады. Бұл кезеңді латентті кезең, яғни,
жағдайдың жақсы болып көріну кезеңі деп атайды. Алған радиация мөлшері көп
болса, бұл кезең қысқа болады да екі күннен – үш жетіге дейін созылады.
Әлсіздік, терлегіштік, тәбетінің төмендеуі, ұйқысының бұзылуы байқалады
және қанда өзгеріс болады. Үшінші кезең - өте жоғары мөлшерде сәуле алғанда
сәуле ауруының асқыну кезеңі басталады. Аурудың температурасы көтеріліп,
ішіне қан құйылады, жаралар пайда болады, бадамша безі асқынып, седі, қан
ұюы бұзылады да жұқпалы аурулар дами бастайды (өкпенің қабынуы, дизентерия,
іш өту, қанның бұзылуы, т.б.). Төртінші кезең – сәуле ауруының жеңіл түрі,
бұл осы кезеңде ауру жазыла бастайды. Ауыр түрі болса, онда адам бірінші
кезеңде өліп кетеді. Орташа және ауырлау түрінде адамның жазылуы бірнеше
айға созылып қан азаяды, қан қысымы көтеріледі және организмнің әлсіздігі
байқалады.
Егер тамақ не су арқылы радиоактивті заттар адамның ішкі органдарына
түссе, онда адамға 25-30 г активтелген көмір, 50 г күкірт қышқыл барийді
немесе 25-30 г балшық суын ішкізеді. Адсробент радиактивті заттарды қанға
өткізбей сіңіріп алады. Одан әрі 15-20 минуттан соң 2-3 литр су беріп
құстырып, асқазанын жудырады. Осыдан соң тағы да адсорбент беріп, іш
айдайтын дәрімен ішек-қарнын тазалатады. Адам баласы сәулемен қатар әр
түрлі жарақат алса (күйік, сынық, т.б.) онда ең алдымен жараға әр түрлі
микробтар түспейтіндей етіп алғашқы көмек көрсетіледі. Құсқысы келіп, басы
аурып, басы айналғанда этапирзин немесе аэрон таблеткаларын береді. Сәуле
алғанын біле салып 3-4 сағаттан соң тетрациклин, биомицин береді, сонымен
қатар сульфадемизин, этазол, фталозол сияқты дәрілерді де береді. Егер
ішінде қан құйылған жағдайда тез қимыл жасатпай 5% хлорлы кальций
ертіндісін 4 сағат сайын бір ас қасықтан беру керек. Сәуле аурумен ауырған
адамдарға сорпа, әр түрлі жеміс шырынын немесе көп су ішкізу керек. Аздап
тұз қосылған су беріп, ауруларды аз-аздан жиі тамақтандыру керек.
Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераның радиациялық ластануы өте
үлкен қауіп тудырып отыр. Қазіргі кезде радиоактивті заттар өте кең
қолданылуда. Осы элементтерді тасымалдауда болатын немқұрайдылықтың
нәтижесінде өте күшті радиациялық ластану болады. Мысалы, атом қаруын
сынақтан өткізу биосфераның радиациялық ластануына әкеліп соғады.
Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысынан бастап, түрлі атом электр
станциялары, мұз жарғыш кемелер, ядролық қонлдырғылары бар сүңгуір
қайықтарды кең түрде пайдалана бастады. Өнеркәсіп пен атом энергиясын
пайдаланатын мекемелер дұрыс жұмыс істегенде қоршаған ортаның радиоактивті
нуклидтермен ластануы өте аз мөлшерде болады. Осы атомдық энергияны
пайдаланатын мекемелерде авария болған кезеңде жағдай өзгеше болады.
Радиациялық ластану нәтижесінде түскен радиоактивті шөгінділердің, өзі
бірнеше мыңдаған километрге дейін таралады. Қазіргі кезде әскери
өнеркәсіптің радиоактивтік қалдықтарын сақтау мен жою мәселесі тұр. Ол
қалдықтар жыл санап қоршаған орта үшін аса қауіпті бола түсуде.
Тарих тұңғиығына үңіле кететін болсақ, басқаларды радиоактивті
қалдықтарды мұхит түбіне тастады деп кінәлаған кеңестер империясы Қазақстан
жерінде 40 жыл бойы ауада, жер астында атом және сутек бомбаларын жарып
келді. Қазір белгілі болғандай, атом жарылыстары жалғыз Семей полигонында
емес, Қазақстанның басқа облыстарында да болыпты.
Ресейге бағынатын сынау полигондары осы күнге дейін Батыс Қазақстан,
Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Жезқазған, Алматы, Талдықорған, Семей т.б.
облыстарда жұмыстарын тоқтатқан жоқ. Олардың атқан ракеталары адасып
Қызылқоға, Махамбет аудандарының қой отарларына жақын келіп жарылып жатады.
1993 жылы қыркүйек айында Атырау қаласының маңына келіп түсті.
Ресей әскерлері пайдаланатын Қазақстандағы толып жатқан Уран қазатын,
өңдейтін кәсіпорындарда жұмыс істеу тәртібі сақталмай, қоршаған ортаға,
адамдарға көп зиян тиюде. Қазақстан Ресейдің радиоактивті қалдықтарын
көметін өңірге айналды. Сұраусыз, ұлықсатсыз Ресей кәсіпорындары
радиоактивті қалдықтарын алып келіп, Уақытша деген сылтаумен жер бетінде
бос үйіп, жер қазып, көмбе жасауды ұмытып кетіп жатыр.
Ұзақ жылдарға созылған қасарысқан үнсіздіктен кейін бірнеше мың
радиоактивті қалдықтар салынған контейнерлерді Ресейдің теңіздерге
жасырғаны белгілі болды. Одан бері көп уақыт өтіп, контейнерлер шіріп,
теңіз суы ластану қаупі төнгендіктен Финляндия, Швеция, Норвегия, Польша,
Жапония, Корей Республикасы алаңдаушылық білдіріп, Ресейден тиісті шара
алуын, тастаған жерлерін көрсетуде талап етуде.
1993 жылы қазан айында сұйық радиоактивті қалдықтарды жасырын, түп
қараңғысын жамылып Жапон теңізіне тастауы Ресей империясының басқалармен
есептеспейтінін, олардың мүддесімен санаспайтынын әлемге тағы әйгілі етті.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Радиоактивті қалдықтар
Ауаның радиактивті ластануы
Қысқа толқынды электромагниттік сәуле шығару элементтердің ядросы - радиактивті нуклидтер
Атом энергиясы
Қоршаған ортаның экологиялық ластануы
Радиация туралы
Радиэкология және биосфера
Топырақтың азуы немесе эрозиясы
Радиациялық ластану
Сұйық радиобелсенді қалдықтарды қайтара өңдеу әдістері
Пәндер