ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

Табиғат - бар тіршілік, бүкіл әлемнің сансыз көп формаларын қамтитын әр алуандығымен, үйлесімділігімен, көркемдігімен ерекшеленетін жаратылыс дүниесі; адамның өмірлік және танымдық-эстетикалық ғибраттану ортасы. Табиғат кең мағынасында универсум, материя, ғаламмен ұштас түсінік, сонымен катар адамзат қоғамының өмір сүру ортасы деген мағынаны да білдіреді. Бұл ретте табиғат адамзаттың жаратылыс игіліктерін игере отырып, табиғи ортаны меңгеру әрекеті мен жаратылыстану ғылымының объектісі.

Өндіріс үшін ең қажетті нәрсе - ресурс. Өндірісте қолданылатын ресурстар өндіріс факторлары қызметін атқарады. Ресурстар өндіріске тікелей қатысты болып, белгілі бір нәтиже беретін болса ғана өндіріс факторы қызметін атқарады.

Ресурстар төмендегідей топтарға бөлінеді:

- экономикалық (функционалды) ;

- потенциалды

Экономикалық ресурстардың қатарына:

- табиғи ресурстар;

- еңбек (жұмысқа қабілетті кездегі халық)

- материалдық (өндіріс нәтижесі болып саналатын адам қолынан шығарылған барлық өнімдер) ;

- қаржылық (өндірістің ұйымдастырылуына халықтың бөлген қаражаты) ;

- ақпараттық (экономикалық өнім шығаруға керекті ғылыми, ғылыми-техникалық, технологиялық, т. б. интеллектуалды игіліктер) ;

Табиғат байлықтары, табиғи қорлар - адамзат қоғамының материалдық, ғылыми, рухани және мәдени мұқтажын қамтамасыз ететін табиғаттың құрамдас бөліктері. Табиғат байлықтары - қоғамның мүмкіндіктері мен мұқтаждықтарының өзгеруімен, ғылым мен техниканың дамуымен байланысты тарихи түсінік. Табиғи шикізаттарды көп мөлшерде тұтынатын өндіргіш күштердің жедел өркендеуіне байланысты табиғат байлықтарының негізгі түрлерімен өндірісті қамтамасыз ету қоғамның басты міндетіне айналды. Табиғат байлықтарының негізгі түрлері мен өндірісті қамтамасыз ету қоғамның басты міндетіне айналды. Табиғат байлықтарының минералдық, климаттық, су, топырақ, өсімдік, жануарлар дүниесі, жердің ішкі жылуы, т. б. түрлері болады. М и н е р а л д ы қ р е с у р с т а р : отын-энергетикалық материалдар (мұнай, табиғи газ, көмір, жанғыш тақтатас, шымтезек, уран кентастары) ; кентастар (темір, мыс, қорғасын, мырышғ, марганец, т. б. ) ; тау-кен химия шикізаты (ас, калий, магний тұздары, фосфорит, күкірт), табиғи құрылыс материалдары мен асыл тастар (мәрмәр, гранит, алмас, кәріптас, т. б. ) ; гидроминералдар (жер асты минералды сулары) болып бөлінеді. С у қ о р л а р ы н а жер беті сулары (мұхит, теңіз, өзен, көл, бөген), жер асты сулары, мұздықтар, батпақтар, атмосферадағы су буы жатады. К л и м а т т ы қ қ о р л а р ғ а күн мен жел энергиясы, жауын-шашын түрлері, т о п ы р а қ қ о р л а р ы н а ауыл шаруашылығына жарамды топырақ түрлері, б и о л о г и я л ы қ қ о р л а р ғ а өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, р е к р е а ц и я л ы қ қ о р л а р ғ а табиғи-рекреациялық нысандар, ұлттық саябақтар, қорықтар, табиғи демалыс орындары, т. б. жатады.

Табиғи ресурстар - адам қолымен жасалынбаған, адам өмір сүруіне ешбір байланысы жоқ, белгілі мөлшерде адам игіліктерін қанағаттандыру мақсатында қолданылатын табиғаттың ажырамас бір бөлігі. Табиғи жағдайлар адамның өндірістік қызметіне мүмкіндіктер тудырады. Олардың қатарына күннің жылуы, жердің ішкі жылуы, рельеф, климат жатады. Өндірістік күштердің белгілі сатысында табиғи жағдайлар табиғи ресурстарға айналады. Мысалы, жел энергияны өндіруде қолданылады. Адамның қызметінің өндірістік немесе бейөндірістік қызметінде қолданылатын күштерді табиғи ресурстар дейміз.

Табиғи ресурстар қолданылуына байланысты төмендегідей бөлінеді:

- шынайы (өндірістік процеске тікелей қатысты) ;

- потенциалды (қазіргі таңда қолданылмайтын) ;

Табиғи ресурстар өз кезегінде:

- сарқылатын (таусылатын) ;

- сарқылмайтын (таусылмайтын) ;

- ауыстырылатын (заменимые)

- ауыстырылмайтын (незаменимые) болып бөлінеді.

Таусылғаннан кейін қ а л п ы н а к е л м е й т і н қ о р л а р ғ а жер қойнауындағы кен байлықтары - отын-энергетикалық, металды (қара, түсті, асыл және сирек кездесетін және радиоактивті металдар), бейметалды қосылыстар (өнеркәсіптің металлургиясы, химиялық және басқа салаларға арналған шикізаттары), құрылыс материалдары, жер асты сулары жатады. Ұзақ геологиялық уақытта, бірнеше миллиондаған жылдар бойында түзілген бұл ресурстардың қайтадан қалпына келу мүмкіндігі жоқ деуге болады. Сарқылмайтын ресурстар үш топтан тұрады:

- ғаламдық (космические) - (күн радиациясы, теңіздік толқын тасуы мен тартылуы) ;

- климаттық (атмосфералық ауа, жел, су энергиясы) ;

- су ресурстары.

Т а у с ы л м а й т ы н қ о р л а р ғ а Жер планетасына қатысты сыртқы процестер мен құбылыстар жатады: атмосфералық ауа, гидросфера, күн мен жел энергиясы, Ай мен Күннің тартылу күшіне байланысты теңіз суының толысуы мен қайту энергиясы кіреді. Қазіргі кезде табиғат байлықтарын тиімді пайдалану және адамзатты өне бойы ресурстармен қамтамасыз ету өте күрделі мәселенің бірі болып отыр.

Ғылыми-техникалық төңкерістің жаңа кезеңінде экология мен ресурстарды үнемдеу мәселелері көбінесе ұлттық сипаттан жоғары тұрғандықтан дамыған елдерде осы салаларда құрылатын басқару жүйесі үш деңгейден тұрады, олар: ұлттық мемлекет нарығы, қоғамдық институттар, мемлекетаралық ұйымдар. Көптеген халықаралық экономикалық байланыс агенттерінің қатысуымен көп жақты экологиялық келісімдер жасау табиғатты пайдалануды басқарудың сапасын арттырудың және тұрақты дамуды қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады. Олар қоршаған ортаны бұзатын заттарды пайдаланудан, қауіпті қалдықтарды тасымалдаудан туындайтын зиянды зардаптароға жол бермеу, биологиялық алуан түрлілікті сақтау, т. б. күрделі ғаламдық мәселелерді шешу үшін неғұрлым тиімді. Қазақстанда табиғат және оның байлығы халқымыздың өмірі мен қызметінің және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының, әл-ауқаты артуының табиғи негізі, қайнар көзі болып табылады. Кеңестік кезеңде әміршілдік басқару жүйесінің өктемшіл саясатының салдарынан Қазақстан жерінде экологиялық қасірет аймақтары: Семей ядролық полигоны, басқа да жасырын әскери сынақ орындары, Арал теңізінің суалуы сияқты экологиялық апат аймақтары қазақ халқының өмірі мен денсаулығына, тіршілігіне қатерлі қауіп төндірді. Осыған орай Қазақстан азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндеттеліп, экологиялық саясаттың негізгі жалпы ұстанымдары конституцияда тұжырымдалды (38-бап) . «Қоршаған ортаны қорғау туралы» ҚР Заңы (15. 7. 1997) қабылданып, онда қазіргі және келешектегі ұрпақтарымыздың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздері мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің экономикалық тетіктері айқындалды. Сондай-ақ мемлекетімізде табиғатты пайдаланудың түрлі бағыттары бойынша экологиялық бағдарламалар әзірленді. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган құрылып, қоршағ, ан орта сапасының өлшемдері, шаруашылық қызмет пен өзге де қызметке қойылатын экол. талаптар айқындалды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындарда экологияны қорғауды ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері
Жерге орналастыру жобалау
Алматы облысы Ескелді ауданы
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия жайында
Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қорғау мәселелері
Табиғат қорларының экономикалық бағалануы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ЖІКТЕМЕСІ МЕН СИПАТТАМАСЫ
Табиғат пайдалану төлемдері
Жоба алды жұмыстар
Жер ресурстарын басқарудың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz