Семей экологиясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Семей экологиясы

1998 жылғы 28 қаңтар күні “Атамекен” газетінде осы басылымның бас редакторы Жолдығали Бақытовтың “Алатау” бағдарламасының комментатор-жүргізушісі Ақын Ордабаевтың сұрақтарына берген жауабы жарияланды. Халық сүйіп оқитын “Атамекен” газетіндегі бұл мақалада айтылған пікірлер бүгінгі таңда халқымызды қатты толғандырып отырған миллиондардың жүрек-жарды ойымен үйлесімін тапты десек қателеспейміз. Осы мақалада мынадай жолдар бар. “ . . . Егер атом бомбасының зардабынан булінген ол жерлерді радиация уынан тез тазартпасақ бұл әлі талай ұрпақтың түбіне жетеді. Жергілікті басшылар осы туралы дабыл қаққан халықтың өтінішіне құлақ асар, бүлінген жерді тазартар деп жүргенде тұтас облыстың жабылып қалуы әлсіз үміттің тамырын балтамен кескендей болды. Енді оны Шығыс Қазақстан облысының басшылары ойлай қояды дегенге өз басым көп сене қоймаймын. Ойласа да қаржы таба қоюы екі талай”.

Мен осы сөз өте дұрыс айтылған деп санаймын. Себебі мұндай жанайқайдықазір тек газет арқылы айту керек. Біздің бұрынғы Семей облысында “Семей таңы” дейтін облыстық газет болды. Бұл басылымда облыстағы жағдаймен қоса Семей полигонындағы жарылыстар талай рет жан-жақты сөз болды. Газет үніне АҚШ-тың эколог-мамандары да құлақ асты. Бірақ осы қазақ тілінде шығатын газетке Шығыс Қазақстан облысының әкімшілігі тарапынан ешқандай көмек болмады. Халықтың үнін, жаңалықтың жырын еститін Семей өңірі өткен қантар айы бойы мылқау жағдайда болды. Осы газетке қаражат таба алмаған облыс әкімшілігі енді Семей облысындағы полигонды заласыздандыруға қаржы бөліп, білек сыбана іске кірісуі екіталай.

Ал Семей талай жыл қазақ мәдениетінің орталығы болғанмен қазір күннен күнге семіп, азып-тозып барады. Радиациядан зардап шеккен қайсыбір аудан тұрғындары Семейге ағыла көшіп кеп жан сауғалауда. Қымбат та болса дәрідәрмекті жұрт Семейден іздейді. Оған халі жетпей, аудандарда ит өлместің күнін кешкендердің саны да біршама баршылық.

Тағы бір ашындыратын жәй, облыстық экология және табиғи ресурстар басқармасының Өскеменге ауысып, ал Семей облысының экология басқармасының игі жұмыс бағдарламалары, ұзақ жылғы ізденістесінің бүгенде ошкімге қажет болмай аяқсыз қалғандығы. Семей жерінің радиациялық зардаптары Өскеменге қарағанда қауіптілеу. Бұл жер кешегі әскери-өнеркәсіптік кешеннің орталығы, атомның уын қақалғанша жұтқаны белгілі. Сондықтан экологиялық жағдай Өскеменнен гөрі Семейде аса өткір сезіледі. Облыстар біріктірілгенмен ондағы құрылымдардың қажеттілігіне ешқандай талдау, сараптау болмады. Бәрі де құр дабырамен жүргізілді. Біздің ойымызша 40 жылғы ядролық полигонның орталығы болған жерде толыққанды экологиялық басқарма болғаны жөн. Және ол Шығыс Қазақстан облыстық экологиясының Семейдегі бөлімі болса да оның дұрыс жұмыс жасауына барлық жағдайды жасау керек.

Біреулер осыны айтып отырған кім деп сұрауы да мүмкін. Мен күрек ұстап тас қалаушы, бетоншы, балташылықтан бастап көп жыл құрылыс саласында жұмыс істедім. Осындай қызметтің бірталай саласынан өтіп барып құрылыс тресінің бас маманы, кейшннен бас инженер болып істедім. Кәсіби мамандығым инженер-құрылысшы. Жастау жігіт кезімде Өскеменнің “№10 почта жәшігі” деп аталатың құпия заводында еңбек еттім.

Ал 1980 жылдардың басында облыстық “Семей таңы” газетіне журналист болып келіп, сонда 18 жыл бойы қызмет атқардым. Семей полигоны туралы көптеген конференция, жиындарға қатыстым. Талай-талай мақала жазып, атом зардаптарын зерттеушілердің бірімін. “Алматыда барлық газет картотекасы бар, сонда сіздің мақалаларыңыз түргел сақталған” дейді бір танысым. Бірақ мен оларды іздеген емеспін.

Мен сол полигонда 25 жыл бойы атомдық сынақтар жүргізгенде оны басқарған генерал-майор Сафоновты, одан кейін Курчатовтағы радиация бөлімін зерттеген Смағұловты, Бойконы тағы басқалармен жақсы таныспын.

Полигондағы сынақ тоқтатылған соң онда ең алдымен еліміздің Президенті болды. Онда кейін ілешала журналистерді Камал Смайылов бастап апарды апарды. Полигондағы небір сорақылықтарды көргенде еріксіз жағамызды ұстадық. Онда темір буға, тас бетон сұйық суға айналады екен. Бұл сұмдықты қазір де біреу біледі, біреу білмейді.

Алғаш рет Семейде 1949 жылдың тамыз күні ауада атом бомбасы жарылып, бұл жер-көкті күңірентті. Мен ол кезде 12 жаста едім. Зәреқұтымыз қалған жоқ. Ал 1950-ші жылдарда бұл жерде сутегі бомбасы сыналды. Бұл бомба сыналған кезде бомба жасаушылар жер астында қазылған үңгірге тығылып, бақылап жатты. Сол жерлерді кейін көргенімде жердің беті диаметрі 35 километр мөлшерде күлге айналыпты. Не бір өскен өсшмдік жоқ, тіпті бір түйір құмырсқа, қоныз да жоқ сұмдық көрініс еді бұл. Аттасаң табаныңның астынан қатты қабыршықтар бырт-бырт сынады.

Жерді осындай еткен неғылған сұрапыл ыстық. Мен тас бетонды ең мықты материал санайтынмын. Соның еріп құймақ боп кеткенін көргенде шошығаннан жағамды ұстап “ астапыралла” дедім.

Ал жер бетін ластаған радиация одан өткен сұрапыл болды. Оны әскерилер өздері де мойындады. Бірақ олар “біз бұйрық бойынша жұмыс істедік қой, қайтейік” деген сөзді көлденең тартады. Соның ішінде !Семей қаласына ешқандай зақым келген жоқ” деген желеу қоса айтылады. Бұл қате пікір. Себебі қала сутегі бомбасы сыналған жерге іргелес тұр. Осы бомба сыналғанда бұл жерден 600 километр қашықтықта тұрған Өскеменнен “сәулеленуге ұшырадық” деген айқай шыққанын талай рет естідік қой. Бірақ семейліктер де, өскемендіктер де өздері туып өскен, өнген ата бабаларының жері жүрсе де “сабыр түбі сары алтын” алда мемлекетіміз бізді, полигон зардабын шеккендерді ұмытпас, қамқорлар деген сенімде, үмітте болды. Сондықтан бүкіл ел-жұрт өздері отырған мекенің тастап басқа жаққа босып кетпеді. Бұл миллионға жуық адамның ортақ пікіріне айналған шындық.

Рас, Президентіміздің 29 тамыз 1991 жылғы полигонды жабу туралы Жарлығынан кейін үкімет тарапынан бірталай іс жүзеге асырылды. Оның ішінде ел тіршілігін жақсарту жағы көзделгендері де болды. Бірақ 1992 жылғы 9 маусымда қабылданған №513 қаулы бойынша қабылданған үкімет программасы іске аспай қалды. Сондықтан да болар қазір ядролық полигон жері қандай жағдайда, қандай табиғи өзгерістер болып жатыр, ел тағдыры болашақта қандай болады, бұл туралы ләм-мим жоқ.

Ал өмір шіркін бір орында тұрмайды ғой. Қазір ізденіс те, іс те керек. Әзір ауқымы мол жүргізілген не зерттеу, немесе табиғи ортаны қалыптастыру жұмыстары жоқ. Еститіміз - бұл бағытқа белгіленген ешбір қаражат жоқ. Кезінде радиация мәселесінде талай істерге мұрындық болған семейлік экологиялық мекемені Өскемен бүгінде тыңдай бермейді. Бұл ашы болса да ақиқат шындық. “Ауруын жасырған өледі” деген сөз бар. Осының кебін кешу нағыз сор ғой.

Өткен жылы ел Президенті Н. Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының сессиясында еліміздегі экологиялық ахуал жөнінде сөз сөйледі. Онда Семей полигоны жөнінде де айтты. Бұл сөзге біз қатты риза болдық.

Біріккен Ұлттар Ұйымындығы бұл-туралы ендігі баяндаманы оның Бас секретары Кофи Аннан жасақшы.

Енді семейліктер осыдан зор үміт күтіп отыр. Ал бұл өнірде, тіпті Шығыс Қазақстанда да экологиялық жағдай өте ауыр. Ал бұл тайға таңба басқандай көрініп те, білініп те тұр. Ал сонда Семейдегі шалажансар күй ткешкен ауданаралық экологиялық басқарма осынау ұшан-қиыр мәселелерді шешуге мұрындық бола ала ма? Семейге ел қасіретіне объективті, сабырлы, салқынқанды, табанды түрде қарап, оны тиісті жерге жеткізіп және осы қасіреттің тездеп, жүйелі түрде жойылуына қызмет шстейтін арнайы, толық қанды экологиялық мекеме керек емес пе? Реформа деген осы екен деп шалған жерлердегі мекемелерді жауып тастап, қазір “ойбай, дұрыс істемеген еқенбіз!” деп отырған денсаулық сақтау министрлігінің қателігін қайталағаннан не табамыз?

Атом жарылысы болған кезде ол жерге бүкіл Менделеев кестесіндегі элементтердің бәрі түзілетіні белгілі. Оның бәрі радиация шығарады. Осының ішіндегілері “Цезий -137” мен “Стоций-ұқ” және “Плутоний-әіұ” адам өміріне өте қауіптілері екен. Олардың жоғалуына жүздеген жылдар қажет. Тіпті қайсыбірінің сәулененуі мыңдаған жылдарды қамтиды. Соның бәрі әлі күнге жымжылас жабулы қазан тәрізді. Осыны зерттейтін Курчатовтағы ядролық орталыққа қарайтын радиациялық қауіпсіздік және экология институты 1996 жылы жазда, далалардан топырақ, өсімдіктер жинап, аз-маз жұмыс істеді. Оған бұрынғы Экология және биоресурстар министрлігі қаржы бөлді. Бірақ қазір бұл іс тоқтап қалды. Мұндай қарқынмен жұмыс жүргізсек бұрынғы СЕМЕй обласының атомдық сынақтардан көрген зардаптарын зерттеуге және қартасын жасауға әлі бір ғасырдан артық уақыт қажет.

Атом бомбасын ауада сынаудың зияндылығы өз алдына, оны жер бетінде сынау одан да сорақы боп шықты. Семейден таяқ тастам жерде Шаған және Ащысу атты өзендер түйісетін жер бар. Сонда кезенде “Минводхоз СССР” деген министрліктің атом энергиясын пайдаланып көл жасауға, кана казуға, 1954 жылы жер бетінде атом бомбасы сынағын бұрқ еткізді. Құдай салмасын диаметрі үш жүз метр жердің топырағы алынған көл пайда болды. Бұл қыс мезгілі болатын. Күн түсіп тұрған жап-жарық Семей қаласын әл-сәтте көзге түрсе көренбейтін қараңғылық басты. Шаң-тозаң ешнәрсені көсетпей тастады. Әрине, шаң-тозаң радиациялы сәуле шығаратын нағыз пәленің көзі ғой.

Халықаралық экологиялық тазалықты бақлаушы “Гринпис” ұйымы бұл жарылысты ең сорақы деп бағалады. Кезінде АҚШ-та атом энергиясының қуатымен қызу бағдарламасы “Плаушер” деп аталды. Оны қазақшаласақ “Соқа” деген сөз шығады. Американ ғалымдары мұндай ғылыми теорияны дамытқанмен іс жүзінде пайдаланбады. Ал бізде бұл жарылыстың қайғылы айғағы болып - атом көлі қалды.

Семейде, Курчатовта, АҚШ оқымыстылары, әйгілі медицина ғалымдары көптеген конференциялар өткізді. Біз оларға көкейтесті сұрақтарды да көптеп қойдық. Ядролық жарылыстардың адамның өсіп-өрбуіне тигізер зияны мол, ол адамның қанша мөлшерде радиациялық сәулеленуіне тікелей қатысты деген жауаптар алдық. “Бізде, -дейді Американың медицина ғалымының докторлары мен профессорлары, -атомсынағы 1942 жылы басталды. Соның анық-қанығына жету үшін бесінші ұрпаққа дейін тосуымыз керек. Оған әлі талай жылдар керке, белгіленге адамдарымыз бар, соларды зерттейміз”.

Жапон оқымыстылары мен журналистері де Семейге көптеп келді. Олар да Хиросима мен Нагасаки зардаптары әлі тексеріліп біткен емес, ұрпақтар зерттелуде дегенді айтты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Трутовик саңырауқұлақтары Семей аумағының ағаш түрлерінің экологиялық жағдайының көрсеткіші ретінде
Экология ғылымы туралы ақпарат
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері. Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы туралы ақпарат
Қазақстан экологиясы
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері. Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы. Қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдар
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері туралы ақпарат
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
Мал азықтық өсімдіктері экологиясы туралы негізгі мәліметтер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz