СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ЗАРДАПТАРЫ


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӨСІМДІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ БИОХИМИЯСЫ

ЭКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ТАҚЫРЫБЫ:

СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ЗАРДАПТАРЫ

ТЕКСЕРГЕН: ҚОЙБАҒАРОВА Б. Х.

ОРЫНДАҒАН: АКИМОВА Г.

БАҒАСЫ:

АЛМАТЫ-2007

ЖОСПАРЫ:

1. ЕЛІМІЗДЕГІ ІРІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АПАТТЫ АЙМАҚ

2. СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚ АЛАҢЫНДАҒЫ ЖАРЫЛЫСТАР

3. СЕМЕЙ ӨҢІРІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ

4. СЕМЕЙ ӨҢІРІНДЕГІ ТҰРҒЫНДАРҒА КӨРСЕТІЛЕТІН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК

5. ҚОРЫТЫНДЫ

6. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Семей ядролық полигонын ашу туралы шешімді КСРО Министрлер Кеңесі шешімімен 1947 жылғы 21 тамызда қабылдады.

1948 жылдың шілде айында полигонға әскер бөлімдері мен құрылысшылар келе бастайды. Осы кезден бастап «Мәскеу-400» деп аталған қала салу жұмысы аса құпия жағдайда кең ауқыммен жүргізіледі.

1949 жылғы 29 тамыз күні Семей ядролық полигонында алғашқы жарылыс жасалды.

Осы күннен бастап КСРО әскери-өнеркәсіп кешені Қазақстан тұрғындарына қарсы жарияланбаған соғысты бастап кетті. Бұл ядролық қасіреттің басы еді, ол 40 жылдан астам уақытқа созылды. Қазақстан аумағында барлық жиынтық қуаты 50 мегатоннадан асатын 470 ядролық жарылыс жасалды. Биыл қазақ даласында алғашқы ядролық жарылыс жасалғанына 57 жыл толды. 1991 жылғы тамыздың 29-ында халықтың жаппай талап етуімен әлемдегі аса ірі полигондардың бірі жабылды. Қазақстан өзінің тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап сыртқы саясатының бейбіт жолын таңдап алды. Ядролық сынақтар тоқтатылды. Енді қазақ даласы, қазақ топырағы қорқынышты жер асты дүмпулерінен тітіркенбейтін болды. Полигон жабылды. Жабылғанымен де, қазақ ұлтына Абайдай, Шәкәрімдей ұлы азаматтарын сыйлаған дарқан дала бұрынғыша қауіпті болып отыр. Тек сол қауіптің әлпеті ғана өзгерген. 40 жыл бойы жарылыстан көз ашпаған қазақ даласының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жатқан зардаптары жан түргігерлік. Әр түрлі деректерге сүйенсек, Семей өңірінде полигон жұмыс істеген жолдары жасалған ядролық жарылыстардың жиынтық қуаты 1945 жылы американдық бомбаның қуатынан 2, 5 мың есе күшті екен.

Сол қайран қазақ даласының сынақтан кейінгі зардаптарына тоқталсақ. Бұрынғы Семей ядролық полигоны Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлігінің жалпы алғандағы 18 мың 500 шаршы шақырым жерін қамтып жатыр. Бұл полигон Шығыс Қазақстан облысының 54 пайызына, Павлодар облысының 39 пайызына, Қарағанды облысының 7 пайызына өз залалдарын бүгінгі күнге дейін тигізіп жатқан көрінеді. Сонымен бірге зардап шеккен жерлердің көлемі полигонның өзінен 16 есе үлкен шамамен 304 мың шаршы шақырым. Полигонның жұмыс істеген 1949-1989 жылдары аралығында осы аймаққа жалпы саны 468 ядролық жарылыс өткізілген. Олардың 125-і атмосфералық (26-сы жерүсті, 91-і ауада, 8-і биіктіктегі) жарылыс болса, 343-і жерасты (215-і көлденең қазбалы, 128-і ұңғылы) сынақтар. Яғни, Мұрат Ибраевтың мәліметі бойынша кезіндегі қызыл империяның барлық ядролық сынақтарының үштен екі бөлігі қазақ даласында жасалған.

Семей өңірінің радиактивті заттармен ластануы өте жоғары дедік. Осы жерлерде шоғырланған 154 өнеркәсіп орындарынан жылына 294 мың тонна улы зат қоршаған ортаға шығарылады. Мәселен, мыс 100 РЗШ, қорғасын 100 РЗШ, мырыш 300 РЗШ, хром 100 РЗШ, кобальт 50 РЗШ, никель 50 РЗШ, т. б. ауыр металдардың шекті мөлшерінің тіркелгені «Атамекен» газетінің кезекті сандарында жарық көріпті.

Алдағы тамыз айында біздің жерімізде алғашқы ядролық жарылыс жасалғанына 56 жыл толады. Ол қаралы күнді сәл кейінірек, яғни қараша айында еске аламыз.

Осыдан дәл 50 жыл бұрын осы өңірде алғаш рет сутегі бомбасы сынақтан өткізілді. Біздің ғалымдарымыз, полигон жұмыс істеген жылдары осында жасалған ядролық жарылыстардың жиынтық қуаты 1945 жылы американдықтар Хиросимаға тастаған бомбаның қуатынан 2, 5 мың есе күшті екенін дәлелдеген болатын.

Солай бола тұрса да кезінде «бейбіт жарылыстар» деп айдар таққан қасыреттің зардаптарына қарағанда әлем жапон трагедиясы туралы әлдеқайда көп хабардар. Иә, қырып-жоятын қаруды сынауды біз бірінші болып тоқтатып, полигонды жаптық.

Әлеуеті жағынан дүниежүзі бойынша төртінші орынды иеленетін қолымыздағы зымырандық-ядролық қарудан адамзат тарихында тұңғыш бас тартқан ел де біздің еліміз. Бұл қадамдар мемлекетіміз бен оның басшылығынан ерекше ерлік пен жауапкершілікті талап етті. Табиғатқа, қоршаған ортаға, бәрінен бұрын Семей полигоны өңірінде тұратын адамдардың өмірі мен денсаулығына келтірілген залалдың деңгейін мойындаудың маңызы да бұдан бір мысқал кем болмағаны ақиқат. Сондықтан бүгін Сіздер мен біздер талқылағалы отырған мәселенің мемлекетіміз үшін экономикалық және әлеуметтік қана емес, сондай-ақ моральдық мәні де зор екендігін қадап айтуға тиіспіз. Біз бұл зіл батпан мұраға еркімізден тыс ие болдық, ал оны кейінгі ұрпаққа қалдыруға ешқандай қақымыз жоқ. Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда-ақ, яғни халқымыздың тұрмысы ауыр, экономикамыз тұралаған кезеңнің өзінде Президент Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды.

Экономикалық ауыртпалықтарға, тапшы бюджетке қарамастан, 1992 жылы « Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Бүгінгі күн таразысына салсақ, мұны саяси акт деп бағалауға болар еді. Бұрынғы Кеңестер Одағының әрекеті үшін халқымыздың алдындағы бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуы жас тәуелсіз мемлекеттің алғашқы батыл қадамдарының бірі болды.

Ол кезде объективті себептерге байланысты еліміз қабылдаған шешімдерін қаржы ресурстарымен қолдауға қауқарсыз болды.

Сол кезде 1991 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президенттің қызметіне кірісуіне орай өткен салтанатты отырысында Нұрсұлтан Назарбаев: «Біздің қай-қайсымыз болсын өтпелі кезеңнің қиыншылықтарын - бағаның өсуін, инфляцияны, тапшылықты, тұрмыс деңгейінің құлдырауын бастан кешіріп отырмыз. Елдің тұрмысы жақсы деп айта алмаймын. Ол таяу арада жақсара қояды деп уәде де бергім келмейді.

Егер бұл туралы айтпасам, Сіздердің алдарыңызда шындықты бүгіп қалғандай болар едім. Бізге ертеңгі күнге деген сеніммен, асқан шыдамдылықпен ғана осы жолды жүріп өтуге тура келеді . . . Біз қолдан шығаруға болмайтын тарихи мүмкіндікпен бетпе-бет келгенімізді сезінуіміз керек. »- деген еді.

Бүгінгі күні уақыт сынынан өттік деп толық сеніммен айтуға болады. Біз мүмкіндікті пайдалана алдық. Ендігі жерде еліміздің ауыртпалықты көп көрген өңірлерінің, соның ішінде бұрынғы Семей полигоны аумағының да әлеуметтік проблемаларын, ең бастысы бұрынғы империяның эксперименттерінің еріксіз құрбаны болған адамдардың проблемаларын нақты әрі тиімді шешетін кез келді.

Полигонға байланысты проблемаларды халықаралық ғылыми қауымның кеңінен қатысуынсыз шешу мүмкін емес екенін естен шығармағанымыз жөн. Атом қаруын бір жерде жарты ғасырға жуық сынаудың зардаптарын жинақтап беретіндей тәжірибе әзірге әлемде болған емес.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Хатшысының Бас Ассамблеяның 53 сессиясында жасаған баяндамасында атап көрсеткеніндей, «полигондағы іс-шаралардың қоршаған ортаның экологиясына және ауыл шаруашылығына айтарлықтай әсері мен салдары болды.

Ядролық сынақтар табиғат ландшафтын, қалыптасқан экологиялық жүйені бұзып, ауыл шаруашылығына зиян келтіре отырып, тікелей полигон аумағына ғана емес, полигонға іргелес жатқан жерге де залалын тигізді. Полигонға жақын жердегі фермалар өндірген сүт пен еттің радионуклидтермен ластануының тіркелген мөлшері кейде ортаның ластану деңгейінен де, қауіпсіздік нормасынан да айтарлықтай жоғары болатын еді”.

Бұл 1998 жылы айтылған болатын. Бірақ бүгінде сол өңірде өндірілетін тамақ өнімдерінің радионуклидтермен ластану деңгейі жол берілетін мөлшерден аспайтынына кім кепілдік бере алады?

Бүгінде мамандар елімізде миллионнан астам адамның ядролық сынақтардан зардап шеккендер деп танылғанын растайды. Алайда мен мұның түпкілікті статистика екеніне күмәндімін. Өйткені сынақтар осы аумақта тұрған және қазір де тұрып жатқан адамдарға ғана емес, олардың балалары мен немерелеріне де зардабын тигізеді. Мұны цифрлар көрсетіп отыр. Бала туу кемуде, ал балалардың туа біткен кемістігі, керісінше, көбеюде. Осындай жағдайға қарамастан өңірде ауруханалар саны кеміп, олардағы орындар азайып кеткен.

Асқан зұлымдықпен жасалған сынақтардан зардап шеккен азаматтардың мәртебесін анықтауда заңдық тұрғыдағы проблемалар әлі де бар.

Ал полигонға іргелес аумақтарды шаруашылық мақсатқа белсенді түрде пайдалану жалғасып келеді. Ол жерде мал жаю, шөп шабу және басқа да ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу реттелмеген. Сөйте тұра неғұрлым залалданған учаскелердің пайдалануға қолайлы картасы да жоқ.

Біз осы және басқа да мәселелерді бүгін жан-жақты талқылауымыз қажет.

Осы проблемаға қатысты барлық мәселелер бойынша заңнамалық базаны егжей-тегжейлі зерделеп, оның кемшіліктерін анықтауымыз және оларды жоюдың неғұрлым оңтайлы тәсілдерін табуымыз керек. Барлық мүдделі мемлекеттік органдар және бүкіл қоғам осыған дейін атқарылған істі ой елегінен өткізіп, ядролық сынақтардың зардаптарын жою мәселесіне жаңа, кешенді, қазіргі заман талаптарына сай келетін көзқарас қалдыптастыруы қажет.

Мемлекет әлеуметтік мәселелерге қашан да зор көңіл бөліп келеді. Президенттің Қазақстан халқына ақпан айындағы Жолдауы мұның жарқын мысалы болды, оған сәйкес енді біраз күннен кейін-ақ жұрт жүргізілген экономикалық және әлеуметтік реформалардың нәтижесін іс жүзінде сезінетін болады.

Бірақ бұл - халқымыздың әл-ауқатын тұрақты түрде арттыруға бағытталған үлкен жұмыстың бастамасы ғана. Ал бүгінгі парламенттік тыңдаудың тақырыбы - оның маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Семей ядролық полигонында 40 жыл бойы ядролық қаруларды сынақтан өткізудің соңы дені сау адамдардың орны толмас ауруға шалдығып, қоршаған ортаның бүлінуіне әкеп соқтырды, халықтың арасында өлім мен ауру көбейді . Семей полигоны территориясына жататын Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары экологиялық апат аймағына жатқызылды.

Ядролық сынақтың ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын мұнлы нәтижесін айтпасқа болмайды. Осы салдарды жоюда, халықты емдеу, сауықтыру, қалпына келтіру мен территорияның әлеуметтік-экономикалық дамуын әлеуемттік қорғауда арнайы мемлекеттік бағдарлама жасалды. (1992 жылдың 18 желтоқсанындағы «Семей ядролық сынақтан өткізу аймағында сынақтан өткізу салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңын қараңыз) .

Ядролық сынақтан зардап шеккендерге мыналар жатады:

  • әуе және жер асты ядролық жарылыстары кезеңінде радиоактивті қалдықтармен былғанған территорияда тұрған, жұмыс істеген, қызметте болған азаматтар;
  • 1966-1990 жылдар аралығында әуе және жер асты ядролық жарылыстары кезеңінде радиоактивті қалдықтармен былғанған территорияда тұрған, жұмыс істеген, қызметте болған азаматтар;
  • 1949-1990 жылдары әуе және жер асты ядролық жарылыстары кезеңінде радиоактивті қалдықтармен былғанған территорияда тұрған, жұмыс істеген, қызметте болған азаматтар;
  • Қазақстан Республикасының 1992 жылдың 18 желтоқсанындағы «Семей ядролық полигонын сынақтан өткізу кезінде зардап щеккен азаматтарды әлеуемттік қорғау туралы» Заңының баптарында көрсетілгендей, сынақ кезеңінде сол аймақта ата-анасының біреуі болғандардың балалары;

Радиациялық қауіпке сәйкес аймақта тұрған кезеңін анықтайтын және фактісін анықтайтын құжаттар

Ядролық сынақтан зардап шеккендерге жеңілдіктер мен төлемдерге мүмкіндік беретін арнайы куәлік беріледі . Куәлікті алу үшін Семей ядролық қаруды сынақтан өткізу аймағындағы сынақ салдарынан зардап шеккендерге төленетін бірреттік мемлекеттік ақшалай төлемдерін төлеуге байланысты азаматтарды тіркеу ережесіне сәйкес міндетті тіркелу қажет . Сәйкес аймақтарда тұрғандығын анықтайтын құжаттар қатарына мыналар жатады:

  • Мұрағат анықтамалары, ауылдық халықтық депутаттар Кеңесінің, тұрғын үй-экспоуатациялық басқармасы, үйбасқармасы, ауыл әкімдерінің, пәтер иелерінің анықтамалары;
  • Еңбек кітапшасы;
  • Оқу орнын бітіргендігі туралы диплом;
  • әскери билет.

Радиациялық қауіпті аймақтар түрлері

Ядролық сынақ салдарынан зардап шеккендерге олардың тұрған аймақтары бойынша жеңілдіктер беріледі . Оларды мынадай аймақтарға бөледі:

  • төтенше радиациялық қауіпті аймақ

Саржал ауылдық кеңесінің Абай районы, Долон және Бөденелі ауылдық кеңесінің Бесқарағай районы, Семес облысының Сарапан елді мекені мен Иса Жаңасемей районы.

  • жоғары радиациялық қауіпті аймақ

Абай, Абыралы, Бесқарағай елді мекендері, Семей облысының Жаңасемей районы, Ақжар және Павлодар облысының Малдар ауылдық кеңесінің Май районы

  • өте жоғары радиациялық аймақ

Шұбартау, Жаңа шүлбі, Бородулиха, Шар, Жарма, Аягөз аудандарының елді мекендері, Семей облысының Курчатов қаласы, Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданы, Павлодар облысының Май ауданы, Шығыс Қазақстан облысындағы Лениногорск және Өскемен қаласы, Таврия, Глубоковский, Шемонайха аудандары

  • аз мөлшердегі радиациялық аймақ

Семей облысының Мақаншы, Үржар, Таскескен; Көкпекті, Ақсуат аудандары, Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы, Павлодар облысының Лебяжа ауданы, Шығыс Қазақстан Облысының Зырян, Самар, Серебрянск, Зайсан және трабағатай аудандары

  • Әлеуемттік-экономикалық жеңілдік алған аймақ

Павлодар облысының Баянауыл ауданы.

Ядролық сынақ салдарынан зардап шеккендерге берілетін жеңілдітер мен төлемдер

  • Бірреттік ақшалай өтемақы

Ядролық сынақтан зардап шеккен азаматтарғы бірреттік шығын өтемақысы беріледі, аймақтар бойынша:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптары
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР АРАЛ ЖӘНЕ СЕМЕЙ АЙМАҚТАРЫ
Әскери-космостық кешеннің Ресей және Қазақстан Республикасы территориясындағы орналасуы және әрекеттері
Семей ядролық полигоны
Семей ядролық полигон сынақтарының зардабы
Семей ядролық полигоны туралы
Семей ядролық полигонының экологиялық проблемалары
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері
Әлемдегі ең ашық-шашық полигон
Ғаламдық экологиялық мәселелер (Арал және Семей аймақтары)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz