ҒАСЫР ІНДЕТІ - СПИД
ҒАСЫР ІНДЕТІ – СПИД
Мамырдың 21-і СПИД індетінен қайтыс болғандарды халықаралық еске алу
күні болып жарияланған екен. Ал біздің елімізде бұл ажалды індеттен 318
адам қайтыс болыпты. Емі – адам өлімімен шектелетін аждаһалы індет бүгінгі
күні есірткіні инемен егетіндер, жезөкшелер және нашақорлар арасында күн
санап артып барады. Алматы қалалық Жұқтырған қорғаныш тапшылығы белгісі
(ЖҚТБ-СПИД) орталығының мәліметтеріне қарағанда, соңғы төрт айдағы алынған
өсім дерегі бойынша, республика бойынша 6221 адам АҚТҚ (ВИЧ) дертін
жұқтырып, олардың ішінде 382-сі ЖҚТБ (Жұқтырған қорғаныш тапшылығы белгісі)
індетімен аурытандығы анықталып отыр.
Бұл тіркелгендері ғана, ал тіркелмей жүрген, ауруының бар екенін де
білмей жүргендер қаншама?! ЖҚТБ (СПИД) дүниежүзінде 20 миллионнан астам
адамның өмірін қиған екен. Әлем ғалымдары алдағы 20 жылда бұл аурудан 70
миллионнан астам адам өмірмен қоштасады деп болжап отыр. Негізінде ЖҚТБ
ауруын жұқтырушылардың 75,3 пайызын нашақорлар, 15,9 пайызын жезөкшелер
құрайды екен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының мәліметі бойынша,
елімізде 250 мың нашақор,20 мыңдай жезөкше, 100 мыңдай гомосексуалист бар
көрінеді. Оның үстіне, орта есеппен алғанда осы індетпен ай сайын көбейіп
жатыр дейді Алматы қалалық СПИД орталығының врач-эпидемиологы Дәмет
Әнесқызы. Яғни бұл мәселеде қол қусырып қарап отыра берсек, қалай қырылып
қалғанымызды бірақ білерміз. Ең қауіптісі – қазіргі кезде ажал себуші індет
ақырындап жанұялардың босағасынан аттауы мүмкін деп қауіптеніп отыр
мамандар. Осы орайда біз Алматы қалалық СПИД орталығының алдын-алу
шараларын қалай атқарып жатқандығын білмек ниетте сол мекеменің врач-
эпидемиологы Дәмет Аманжоловамен әңгімелескен едік. Ол кісінің әңгімесі
төмендегідей өрбіді:
Жалпы бұл дерт туралы 1981 жылдан бері ғана нақты дерек алып отырмыз
ғой. Алматы қаласындағы осы аты жаман дертті жұқтырғандар саны 1987 жылдан
бергі есаеп бойынга 1104-ке жетті. Бұл дертті жұқтырушылар ақырғы айларда
көбею үстінде. Соңғы 2005-тің қараша, желтоқсан айларында, сонымен бірге
2006 жылдың 4 айында орта есеппен алғанда ай сайын 40-50 адам аталған
дертті жұқтырып тіркеліп жатыр. Мәселен, менің есімде бар. 2000 жылы
Алматыда бір жылдың ішінде 15-ақ адам болған. Одан кейін 34, келесі жылы
92, 187 адам тіркелген. Мұның ішінде республика бойынша, 75,3 пайызы
есірткіні инемен егу арқылы тұтынатындар болса, 15,9 пайызы жыныстық
қатынас арқылы жұқтырған. Мысалы, Алматыда көрсеткіш 83,7 мен 12,5-ті
құрайды.
Республика бойынша, 3 адам, оның бірі алматылық, екеуі қарағандылық,
қан құйғанда зақымданған, ол бірақ 1997-1998 жылдары болған оқиға. Қазір
мұндай жағдай бізде тіркелмеген. 2000 жылдары Алматыда онкологиялық аурумен
ауыратын бір әйелге қан құйған. Сол құйған қан арқылы СПИД дертін жұқтырып
алады. Жаңағы үшінші адам осы. Қазіргі күні тікелей қан құю процесіне жол
жоқ.
Жүкті әйелдердің арасында республика бойынша, бізде 446 әйел тіркелген,
олардың 228-і дүниеге нәресте әкелді. Сол нәрестелердің 19-ы ВИЧ
диагнозымен қазір тіркеуде. Ал 77-і тіркеуде тұр. ВИЧ жұқтырған нәрестелер
1-2 ай, 3 айдың ішінде қайтыс болады. Ал жаңағы 228 баланың 125-і аталған
дерттен ада дүниеге келді. Дегенмен, бұлар екі жасқа дейін бізде есепте
тұрады. Туғанда, бір айлығында, жарты жылда, бір жылда келіп, ақралып
тұрады. Негізі, бір жасқа дейін бізде есепке тұруға тиіс. Бірақ кейбір
аналар күдіктеніп, екі жасқа дейін бізге алып келіп тұрады. Ал біздің
бағдарламамыз бойынша бір жасқа дейін тексерілген балада ВИЧ ауруын тексеру
мақсатындағы нәтижелі болып тұрса, біз оны өзіміздің есебімізден шығарамыз.
Яғни бір жасқа дейін балада аталған аурыдың белгілері білінбесе, онлда ол
бала шешесіндегі ауруды жұқтырмаған деуге толық негіз бар. Дегенмен
Новосибирскіде 5-ке келген баладан ВИЧ анықталған.
Көбісінің күйеулері нашақор. Солардан жұқтырған. Кейбір әйелдер кімнен
жұқтырғанын да білмей қалады. Мәселен, Сайын көшесінде тұрған бір әйел
болған бізде. Сол әйел жүкті болған кезде қанын алып тексерткенде ВИЧ
инфекциясын жұқтырғандығын біледі. Біз ондай адамдарға психо-әлеуметтік
кеңес беріп тұрамыз. Сол әйелге біз айттық, өзің ВИЧ жұқтырып алғансың,
орта есеппен 10-13 жыл ғана өмір сүресің. Ал балаң ВИЧ дертіне оң нәтижелі
болып туса, бір жыл ма, бір айдан кейін бе, бәрібьір қайтыс болады. Ал
жұқтырмай сау боп туса, ертең сен қайтыс болғаннан кейін, балаң жетім
қалады, сондықтан ойлан! дейміз. Бірақ жасанды түсік жасат деп талап
етпейміз, біз тек кеңес берушіміз, қалғанын олар өздері шешеді.
Сайын көшесіндегі қыздар осы қатерлі дерттерді жұқтырса да, жұқтырмаса
да қауіпті топтарға жатады. Олардың ішінде, мысалы Алматы қаласы бойынша,
50 әйелден ВИЧ дертінің белгілері анықталды. Қазір бізде, Алматы қалалық
СПИД орталығында олардың 19-ы есепте тұр. Бұлар тұрақты түрде айтқан
уақытта келіп, қан тапсырып тексеріліп тұрады. Дәрі-дәрмек керек болса, біз
тегін түрде беріп тұрамыз. Сосын бізде күндізгі стационар бар. Сонда келіп
ем қабылдайтындар да бар. Бірақ, өкінішке орай анықталмағандардың ішінен 12-
сі әлі келген жоқ. Анонимді түрде тапсырғаннан кейін, артынан оларды біздер
таба алмай қаламыз. Біз олардың қазіргі күні қай жерде тұрып жатқандықтарын
да білмейміз. Олар мүмкін Ташкентте жүр ме, жоқ осы өзіміздің арамызда
басқаларған жұқтырып жүр ме, ол жағын біз білмейміз. Жезөкшелердің
көпшілігі Өзбекстаннан келеді, ақша табу үшін... Сайын көшесіне біз
аптасына екі рет шығып, тексеру жұмыстарын жасап отырамыз. Мүшеқаппен
қамтамасыз етеміз, есірткіні инъекциялық тұтынушылар болса, оларға міндетті
түрде шприц үлестіреміз. Әркімнің өзінің инструменті болуы керек қой.
Мәселен, бұл аурудың диагностикасы 1991 жылдан басталды дедік. Сол
кезден бастап дүниежүзінде 65 миллион адам осы ауруды жұқтырса, 25 жылдыңғ
ішінде ресми дерек бойынша, соның 25 миллионы қайтыс болды.
Қазір шетелде ВИЧ инфекция дамып жатқан жоқ, керісінше, түсіп жатыр.
Өйткені, кезінде көбі бұл аурудың алдын-алуды білмей, түсінбей қалды ғой.
100 пайыз мүшеқап қолдану қажеттілігін, есірткіні тұтынғанда әркімнің өз
шприцасы болуы керектігін ұқпай қалды. Кейбіреулер түрмеде жатқан
кездерінде шприц қолданып, есірткімен әуестенген. Дегенмен, бізде бұл ауру
шоғырланған күйінде түр.
Дегенмен, бізде де қазір бұл ауру шоғырланған күйінде тұр. Жалпы
халыққа тарап жатқан жоқ, мәселен, стомотологияда, емханада қан құйып
таралып жатқан жоқ. Персинг, құлақ тесу дегеннен таралып жатқан жоқ.
Эпидемилог дәрігер ретінде біз осы алдын-алу шараларын жүргізіп жатырмыз.
Дегенмен, жезөкшелердің ішінде кездесіп жатқандығына құрық сала алмай
отырмыз. Өйткені, солардың жартысы, жартысынан көбі иньекциялық
жолмен есірткі тұтынады.
Аптасына екі рет рейд жасаймыз. Олардың "жұмыс орындарына" барамыз.
Олар біздің машинамызды таниды, келеді. Үгіт-насихат жұмыстарын жүргіземіз.
Біздің айтқандарымызды, шамалары келгенше, орыңдайды.
Бірақ олардың мінез-құлықтарын өзгерте алмаймыз ғой. ҚР СПИД індетіне
қарсы іс-әрекет жөніндегі бағдарлама негізінде жұмыс істеп келе
жатқанымызға 5 жылдай уақыт болды. Ол бағдарлама 2001-2005 жыл аралығына
негізделіп жасалған еді. Жаңасы дайындалып жатыр. Ол шықса жұмыс бағытымыз
да басқаша орын алатын шығар деп ойлаймын. Біз аталған індеттің алдын-алу,
осы аурудың тарқамауын қадағалаймыз.
Біздің жұмысымыз осы.
Мәскеулік профессор Покровскийдін айтуы бойынша бұл ауру ОРВИ, тұмау
ауруының белгілеріне ұқсайды. Алғашқы белгілері адам денесіне бөрткен
шығады, іші өтуі, дене қызуы көтерілуі мүмкін, бездері шошиды, салмағы
10 пайызға дейін азаяды деген сияқты симптомдар болады.
3-6 айдан кейін анықталады, қанынан анықталады.
Бағдарлама бойынша біз мектептерде жұмыс істейміз. Мектептерде 5-ші
сыныптан бастап валеология сабағында СПИД туралы сабақ жүргізілетін, 5-7
сынып аралығында үш сағат болса, 8-11 сынып аралығында 12 сағат. Қазір
ол сағаттарды қысқартып тастады, бірақ класс сағатына жүктелді. Көреміз
енді нәтижесі қандай болатынын. Дегенмен, өзіміз шығып түрлі семинар
тренингтер өткізіп тұрамыз. Волонтерларды, мұғалімдерді, сынып же-
текшілерін дайындаймыз. Қазір біздің орталықта осы айдың ішінде екі семинар
болмақшы. Жекеменшік мектептерді өзімізге тартып жатырмыз. Со-ларға 6
сағаттық семинар-тренингтер өткіземіз. Аудан мектептерінде айына
төрт рет семинар сағаттарын өткізіп, сынып жетекшілерін дайындау:
үстіндеміз. Өйткені, олардың бәрі валеолог емес қой, олар әр пәннің
оқытушысы, сондықтан оларды үйрету керек. Институттарда, ЖОО-да да жиі
семинарлар болып тұрады. Олар лекцияға, түрлі акцияларға, шақырады
біздерді. Түрлі КВН жүргізіп жатады, біз әділқазылық жасаймыз, СПИД туралы
түрлі ақпараттар таратамыз.
Осы індеттерді жұқтырған адам белгілі бір уақыт аралығында ем қабылдап
тұра ма және олардың өмір сүру ұзақтығы жоғарыда айтып өткен профессор
Покровский айтуы бойынша, орта есеппен 11-12 жыл өмір сүре алады дейді.
Бірақ шетелде 17-20 жыл өмір сүріп жатқандар бар. Дегенмен олар вирусқа
қарсы ем қабылдап отырады. Бізде де бар ол, бірақ аз. Осында есепте тұрған
75 адам қазір ем алып жатыр. Қазір бізде 14 жасқа дейінгі бір бала бар.
Үйіне барып, педиатрымыз қарап тұрады. Оған шешесінен жұққан. Қалған
балаларымыз аман.
Алматы бойынша ВИЧ - инфекциясын жұқтырған 43 жүкті әйел тіркелген,
оның 17-сі босанып, оның ішіндегі бір нәрестеде ВИЧ нәтижелі болып тұр.
Студенттердің арасында бізде, Алматы бойынша он адам есепте тұр.
Олар өз еріктерімен тексерілген жоқ, олар әртүрлі себеппен келіп
тексерілді. Осылардың бесеуі қыз бала, олар жүкті болғанда қан тапсырған,
сонда анықталған.
ЖҚТБ (жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі) – СПИД (синдром
приобретенного имуннодефицита) алғаш рет 1980 жылы АҚШ-та тіркелді. Сол
жылы қыста Нью-Йорк университетінің ауруханасына Саркома Капоша деген
диагнозбен бірнеше адам түскен. АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде бұған дейін
мұндай ауру өте сирек кездесетін еді: 100 миллион халыққа 1-2 оқиға және 60
жастан асқа ер адамдарда ғана. Бірақ сол жолы жастары 30-ға жетпеген
аурулардың көбі 20 ай ішінде көз жұмған. 1981 жылы Лос-Анджелосте бір топ
гомосексуалистер пневмоцистік пневмониямен ауырып, бұл дүниемен қош
айтысады. Ал АҚШ-та 1981 жылы тура осындай 116 оқиға тіркеліпті. Іле-шала
аталмыш ауру гемофилиямен ауырғандардың арасынан кезікті. Банкаға құйылған
қаннан адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы табылды. Алғашында
дәрігерлер жаңа ауруға Жолсыздардың ауруы немесе гейлердің рагы деген
айдар тақты. Гомосексуалдардың ауруына билік орындары назар аудармады.
Гейлердің барлығы көз жұмғаннан кейін дерт өзінен-өзі жойылады деп ойлады.
Алайда... 1983 жылы француз ғалымы Л.Монтанье ашқан АҚТҚ инфекциясының
ғұмыры ұзақ болатын...
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне жүгінсек, АҚТҚ
инфекциясын жұқтырғандардың саны бүгінгі күні 60 миллионнан асып кеткен.
Оның ішінде шамамен 3,5-4 миллионы – 15 жасқа толмаған балалар.
Күн сайын әлемде шамамен 14 мың адам аты-тегі белгісіз ауруды жұқтырады
екен. АҚТҚ әр минут сайын 15-20 жас аралығындағы 5 адамға байқаусызда
беріледі. Жер ғаламшарының 15-49 жас аралығындағы әрбір 100 тұрғыны
қатерлі қоздырғыштың алдында дәрменсіз.
АҚТҚЖҚТБ-ға шалдыққан аурулардың 95 пайызы жуығы Сахара шөлінің
оңтүстігіндегі дамушы елдерде тұрады. Күнкөріс деңгейі жоғары елдерде күн
сайын 75 мыңнан астам адам эпидемияның тырнағына ілігеді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 4 мыңнан астам адам қорғаныш тапшылығының
қоздырғышын жұқтырған. Олардың ішінде 200-ден астамы ЖҚТБ-мен ауырады.
Әзірше еш емі жоқ дерт жұмыр жердегі адамдарға ажал сеуіп тұрған 5
тажалдың бірі. Күш-қуаты жөнінен ол ежелгі инфекция - маляриядан (ұшық
ауруы) кейінгі орында.
ЖҚТБ (СПИД) – бұл жүре пайда болатын иммундық жетіспеушілік. Ал АҚТҚ
(ВИЧ) ЖҚТБ-ға шалдығудың соңғы сатысы. Адам ағзасында пайда болған
қоздырғыш иммундық жүйенің маңызды клеткалары – лимфоциттерді (оларды Т-4
хелпер деп атайды) жояды. Кез келген адамның қанындағы бір текше
миллиметрде 800-ден 1200-ге дейін лимфоциттер болады. Егер де бұл
клеткалардың саны 500-ге азайса, ондайда адам әртүрлі қоздырғыш микробтар
алдына дәрменсіздік танытады. АҚТҚ көптеген жылдар бойы адам ағзасында өмір
сүріп, аурудың алғашқы белгілері пайда болғанша өзге адамға жұғуы мүмкін.
Бір қорқыныштысы, қоздырғыштың белгісі адамның бойынан табылғаннан бастап
ауру дамығанша 10-15 (не одан да көп) жыл (егер емделмесе) өтуі ықтимал.
Мамандардың сөзіне сенсек, аталмыш ауруды жұқтырған жан саналы түрде өзінің
денсаулығын қадағаласа, оның өмірі де ұзара түспек. Оны айтасыз санитарлық-
гигиендік ережелерді қатаң сақтайтын аурумен бірге тұру да қауіпті емес
екен.
Аты жаман ауру көбіне мынадай жолдармен таралады: парентаральдық
(есірткі қабылдағанда бір инені бірнеше рет қолдану) – 5-10%;
гетеросексуалдық (анальдық, оральдық, вагиналдық жыныстық қатынаста) – 70-
80%; ауруханалық (адамнан адамға қан құю кезінде) – 3-5%, жатыр-ішілік
(әйелден баласы жатырда жатқанда немесе туғанда) – 5-10%;
гемотрансфузиондық (дәрігерлер ауру адамды қарағанда) – 0,1%,
гомосексуалдық және бисексуалдық – 5-10%.
Ал АҚТҚ инфекциясын қансорғыш жәндіктер (маса, шыбын, кене және тағы
басқалар) жұқтыра ма? Әлемнің көптеген елдерінде жүргізілген зерттеулер
көрсеткендей, қауіпті қоздырғыш ызылдаған шыбынның, мазасыз масаның,
жабысқақ кененің не өзге де қансорғыш жәндіктердің ағзасында көбеюге
дәрменсіз. Себебі, маса адамды шағар кезде өзінің бұрынғы құрбанының
қанын емес, сілекейін бүркіп-шашады. Осы кезге дейін ғалымдар малярия мен
сары безгек сияқты аурулар кейбір жәндіктердің сілекейі арқылы сау адамға
жұғуы мүмкіндігін дәлелдеді. Өйткені, жоғарыда аталған аурулардың
қоздырғыштары масаның не шыбынның сілекейінде тұрақтап, көбея алатын
көрінеді.
Соңғы кездері АҚТҚ-ны жұқтырған жүкті әйелдер деген сөз тіркесін жиі-
жиі айтатын болдық.
ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық
орталықтан алынған мәліметтерге үңілсек, 2005 жылдың 1 қаңтарына дейін
елімізде 259 жүкті әйелден АҚТҚ инфекциясы табылғарн. Олардың ішінде 139-
ынан (!) қауіпті қоздырғаш жұққан сырқат сәбилер өмірге келді. Бақытсыз
бөбектердің 67-і – қарағандылық, 25-сі павлодарлылық, 10-ы – алматылық, 9-ы
– қостанайлық.
Жаңа ғасырдың басында ЖҚТБ-ны зерттеуші ғалымдар жаңалық ашты. Ол
жаңалық – Ретравир атты препарат. Сәтімен қолданыла бастаған ретравир
әйелдің жатырына біткен балаға қоздырғышты жұқтырмайтын қасиетке ие.
Препарат әйелдің жүктілігі анықталған күннен 36 апта өткеннен кейін барып
қолданылады. Ем-дом сәтімен жүзеге асса, белгілі бір уақыттан соң ауру
әйелдің қанындағы қоздырғыштардың саны кеміп, оның шаранаға жұғу қаупі 8%-
ға дейін төмендейді. Ал бұл күнде ешбір препарат қолданбаған жағдайда жарық
дүниенің есігін ашпаған бала 30-40% АҚТҚ-ны жұқтырғаны анықталып отыр. АҚТҚ
инфекциясын жұқтырған астаналық 6 әйелдің 1-уі өткен жылы дені сау сәбиді
туғаны тіркелді.
ЖҚТБ (СПИД) кейінгі жылдары Оңтүстік-Шығыс Азияны, Шығыс Еуропаны,
Балтық бойы мен ТМД елдерін жаулауда, Қазақстан бұл тізімде соңғы орындарда
тұрғанымен, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz