СУ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
СУ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ
Қазіргі кезеңде адам мен оны қоршаған ортаның қарым-қатынасы күрделене
түскені мәлім. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен өндіргіш
күштердің күрт дамуы адамның табиғатқа ықпалын күшейтті. Әсіресе, XX
ғасырдың екінші жартысынан бастап, адам мен табиғат арасында жаңа жағдай
қалыптасты. Адамзат қажетіне керек шикізатқа сұраныс материалдық өндірістің
көлемін арттырды, жер қойнауы мен мұхит байлығы жедел игеріле бастады.
"Табиғатқа бағынбаймыз, оны өз игілігімізге айналдырып, бермесін тартып
аламыз" деген көзқарас қалыптасты. Мұның барлығының жер бетіндегі
тіршілікке тигізетін әсері табиғаттың өзіне тән құбылыстардан — табиғи
өзгеріс пен жел, су тасқыны, жер сілкінісі әсерінен әлдеқайда асып түсті.
Жер бетіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруі, әсіресе, ғылыми-техникалық
өрлеумен тікелей байланысты. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін әлем
елдерінің көбі өнеркәсібін дамыту жолына түсті. Егер соғысқа дейін дамыған
елдер қатары оннан аспайтын болса, соғыс аяқталысымен индустрияландыру
науқаны жаппай етек алды.
Өнеркәсіптің дамуы жер қойнауыңдағы қазбаларды игеруді ұлғайтты. Өз
кезегінде бұл ауаның ластануын күшейтті. Екіншіден, бұл жылдарда дүние
жүзіндегі демографиялық жағдай да үлкен өзгеріске ұшырады. Жер шары бойынша
халық саны тез өсіп кетті. Халықтардың өсуі туралы әлемдік демографиялық
сараптаманы қарап отырсаңыз, бұған көзіңіз анық жетеді. 1700 жылы әлемде
620 миллион халық болса, 1850 жылы ол екі есе өсіпті (1.200 млн), яғни
халықтың екі есе көбеюіне бұл тұста 150 жыл керек болған екен. Ал, бұл сан
содан кейінгі 100 жылдықта-ақ екі есеге көбейген (2.500 млн). Ендігі
кезекте екі есе өсу үшін не бәрі 40 жыл керек болды. Халықтың жылдам өсуі
табиғатқа деген "тұтыну қысымын" өсірді. Табиғат өзінен шыққан шығынды
қайта қалпына келтіріп отыратын уақытының мерзіміне жаңылды. Үшіншіден,
қалалар көбейіп, оларда тұратын халық саны артты. XX ғасырдың басында жалпы
халықтың 10%-ы ғана қалада тұрса, ғасыр аяғында бұл 50%-ға жуықтады. 2001
жылы Қазақстандағы қала халқы 54%-ға жетті. Осынша көп адамның шағын
территорияға жиналуы жерге түсетін салмақты күшейтті, қала мен қала маңының
ластануы ұлғайды. Бір сөзбен айтқанда, адам өзінің өнеркәсіптік
шығармашылығымен қоршаған ортаның процестеріне кеңінен араласып, оларға
кері әсерін тигізді. Қала маңында шоғырланған өндірістік орындардың
қалдықтарының тікелей су бассейніне тасталуы — су ресурстарының шектен тыс
ластануына әкеліп соқты. Ал судың ластануы дегеніміз, ол — адам ағзасының
ластануы, денсаулық мәселесінің шиеленісуімен тікелей байланысты.
Денсаулығы нашар адамның жүмыс істеу қабілетінің төмендеуі, денсаулығын
көтеруге қажет қаражат, дәрі-дәрмек сатып алумен байланысты болса, ол —
әлеуметтік жағына әсерін тигізеді. Бұл әркімнің отбасылық өміріне де нүқсан
келтіретіні түсінікті.
Қазақстанның жері қаншалықты ұлан-ғайыр болса, оның қойнауындағы табиғи
байлық та соншалықты мол әрі алуан түрлі. Ұлан байтақ өлкенің қысы Сібірдің
қақаған аязындай бет қарыса, жазы Орта Азияның аптап ыстығындай ми
қайнатады. Жер бедері бірде тайгаға ұқсаса, бірде шөлге ауысады. Бірде
жасыл желегі жайқалған ойпаттарға кезіксең, ізінше бұйрат-бұйрат, жал-жал
құмды жоталарға жолығасың. Аспанмен таласқан асқар таулар алыстан көз
тартады. Республика территориясын емін-еркін төрт белдемге: орманды дала,
дала, шөлейт және шөл белдемдеріне бөлуге болады.
Ежелден мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабаларымыз жайылымдарды
маусымның өзгеруіне қарай сауатты пайдаланған. Өмірлік тәжірибе оларды
табиғатты сақтауға үйреткен. Жайлауды тақырлап көшкен ауыл келесі жазда жер
қалпына келіп, шөп жетілгенде ғана қайтып келген. Сондықтан да ұзақ
ғасырлар бойы топырақ, өсімдік жамылғыларының қалығтасуында үлкен
өзгерістер болмаған. Қазіргі жағдай тіптен басқаша. Онда пайдаланылған,
тапталған, өсімдіктері жаншылған табиғаттың қайта жаңаруына уақыт
берілмейді. Шөп жетілмей қылтанақтап шығып келе жатқанда-ақ оны қайта
жаншып таптау етек алған. Бір кездері игерілместей болған Қазақстанның кең
байтақ жері бұл күнде экономикалық қуатымызды арттырып отырған өндіргіш
күштердің өсуінің арқасында қоршаған орта жағдайлары ескерілмей, аз
уақыттың ішінде экологиялық дағдарыстар аймағына айналды. Бүрынғы Кеңестер
одағы жүргізген солақай саясат та бүған көп ықпал етіп, Қазақстандағы
экологиялық проблемаларды көбейтіп жіберді. Табиғат байлығы ысырап болды.
Табиғатқа деген тұтынушылық көзқарас қалыптасты. Қоғамдық қажеттілікті
жалғыз ғана фактор санап, техникалық-экономикалық есепті соған негіздеп
құру орын алды.
Еліміздегі экологиялық дағдарысқа химия, мұнай, металлургия, отын
онеркәсібінің жедел жөне көп мөлшерде дамуы да әсерін молайтып отыр. Жыл
сайын Қазақстандағы су қоймаларына химиялық қоспалармен ластанған 6 млрд.
текше метр ағын су құйылады, 3 млн. тонна зиянды заттар ауа қабатына
сіңеді, 200 млн. тонна қатты қалдықтар қоқысқа тасталады. Басқа да шикізат
көздерін игеру ауаны ластаумен қатар жүргізілуде, олардың қатарына мыс,
қорғасын, мырыш, күміс, хром, ванадий, фосфорит, барит, сурьма, тас көмір,
мұнай, т.б. кен орындары жатады.
Ірі әнеркәсіп орындары шоғырланған, ірі транспорттық торабы бар облыс
орталықтарының көбінде экологиялық жағдайы нашар. 2000 жылы республиканың
19 қаласында жүргізілген атмосфераның ластану молшерін анықтайтын
мониторинг лас қалалардың қатарында Оскемен (атмосфераның ластану индексі —
17,8), Риддер, Шымкент, Ақтөбе (10,0), Алматы (9,9) қалаларын атады.
Республика қалалары бойынша атмосферадағы шаңдардың жиынтығы зиянды
заттардың шектеулі мөлшерінен орта есеппен 1,2 есе көп. Ауаның шаңдануының
ең көп мөлшері 3—5 ШМК (шекті мөлшердегі концентрация), Жезқазғанда,
Шымкентте, Ақтауда байқалған, Атырау, Алматы, Балқаш, Семей, Теміртау
қалаларында бұл көрсеткіш 1,3—2 ШМК-ні құрайды. Ауадағы адам организміне
аса қауіпті улы газдардың мөлшері 1328,2 тонна күкіртсутегінен, 7732,7
тонна аммиактан, 4621,4 тонна қорғасыннан, 1606,6 тонна мышьяктан, 335,6
тонна күкірт қышқылынан құралады. Бір ғана Қарағанды облысының өндіріс
орындары 1108,1 тонна улы газды ауаға таратады екен.
Өнеркәсіптің дамуымен, ең алдымен, су ресурстарының ластану қаупі
ұлғаюда. Ең үлкен қауіпті мұнай өнімдері тудырады. Мұнай өнімдері танкермен
тасығанда, мұнай құйылатын ыдыстарды жуғанда, сол ыдыстардың су бетінде
жарылуынан, теңіз түбінен мұнай көлемінің көп мөлшерде табылуынан дүние
жүзілік мұхиттың мұнай өнімдерімен ластану қаупін ұлғайтады. Сондай-ақ,
ішкі су қоймаларының мұнай өнімімен ластануы елімізде автокөліктің, моторлы
су транспорттарының кебейіп кетуінен де болады. Су ресурстарының ластануы
егістік алқабына себілген минералды тыңайтқыштармен, улы химикаттардың қар,
жаңбыр суларымен ағып қосылуы арқылы жүреді. Атмосфералық құбылыстармен
бірге кір сулармен жуғанда осы элементтер континенталдық және теңіз
суларына енеді. Олардың айналымы бұзылады және олардың құрамы қоршаған
ортада көбейіп кетеді. Осының нәтижесінде континенталдық суларда қоректік
элеметтердің шектен тыс көбеюі пайда болады. Бұл эвтрофикация деп аталады.
Эвтрофикация су және батпақ өсімдіктерінің, су құрамындағы органикалық
заттардың шектен тыс көбейіп, біртіндеп өзен және көлшіктердің арнасын
толтырумен байқалады. Нәтижесінде балықтар жаппай қырылады және су
қоймаларының өздігінен тазалануына кері әсерін тигізеді. Соңғы кезде
жасанды су қоймаларының жылу қүбырларынан келетін сумен ластануы көбейіп
кетгі. Осының әсерінен су құрамындағы оттегінің мөлшері азайып, суда
тіршілік ететін организмдердің өмір сүруі бұзылып, су өсімдіктері, яғни
оттегін қажет ететін өсімдіктердің дамуын төмендетеді. Өндірістік және
өнеркәсіптік қолданылған сулардан теңіз, мұхит, өзен суларына радиоактивті
заттар және энергиялық ядро қалдықтары енеді. Олардың бір бөлшектері
балықтарда және су жануарларына жиналып, одан кейін тамақпен бірге адам
ағзасына түседі.
Шығыс Қазақстан облысы республикамыздағы су ресурстарына бай аймаққа
жатады, бұл оның табиғи климаттық жағдайымен байланысты.
2001 жылғы статистикалық мәліметгерге сүйенетін болсақ, суға
тасталынған сульфат мөлшері — 28 мың тонна (2000 жылға қарағаңда 5 тоннаға
көп), құрғақ қалдықтар — 57 тоннаға жуық (8 мың тоннаға көп) және басқа
"Қазмырыш" корпорациясы өндірістері, ТОО "АЭ5СТЭЦ", ТОО "Тері-былғары
өнімдері" (Семей қаласы) және басқа өндіріс мекемелері қалдықтары құрайды.
Сондай-ақ суға тасталынатын кейбір қалдықтардың азаю динамикасы байқалған,
мысалы: мыс — 3,8 тонна (2 тоннаға аз), қорғасын — 25,53 тонна (101 тоннаға
аз), кадмий — 0,41 тонна (0,7 тоннаға аз). Бұл көрсеткіштер кейбір өндіріс
орындарының банкротқа ұшырауы мен уақытша жабылып қалу себептерінен болып
отыр.
Әуелгі ластанушы қалдықтардың динамикасы облыс су құбырларында улы
металдардың күрт көбеюі, соның ішінде озендерімізде мырыштың 10 есе
кобейіп, тау-кен өнеркәсібінің әсерінен өскенін көрсетті. 1998 жылы 92
тонна мырыштың және Березовский кенінің суларының әсерінен Красноярка
озенінің шектен тыс ластануы болған. Тағы да өзендердің ластануына әсер
еткен Ертіс тау кен байыту комбинаты. Бұл қосымша Красноярка өзенінің 107
тонна мырыш, 6,6 тонна мыс, 0,6 тонна кадмий қаддықтарымен ластады.
Әсіресе, Красноярка өзенінің 1993 — 1998 жылдар аралығында мырышпен
ластанғаны байқалды. Бұл Ертіс полиметалл комбинатының құлдырау кезі
болатын. Бұл жағдай Ертістің де мырышпен ластануына әкеп соқты. Облысымызда
басқа өзендер де кен орындарының қаддықтарымен ластануда: Бреска өзені —
шахта суларымен, Үлбі өзені — Тишинский кені, Лениногор кенімен, Глубочанка
өзені — Белоусовка кенімен, Бұқтырма өзені — Малеевский кенімен, Оба өзені
— Чекмар және Снегирихинск кендерімен ластануда. Осы су құбырларының орташа
ластануы тау-кен өнеркәсіптерінің және түсті металлургия өнеркәсіптерінің
әсерінен.
Ертіс өзенінің ластануы Семейде жиналып қалған суларының дұрыс
тазаланбауынан да. Өйткені, Семейде тазарту қондырғыларымен суды тазарту
1989 жылы басталған, ал ол 1994 жылы қаражаттың жетпеуінен тоқтап қалды.
Сондай-ақ, Өскемендегі 1989 жылы басталған тазарту қондырғыларының да
жұмысы қаражат жағдайына байланысты аяқталмай қалған. Өндіріс орындарының
өте көп мөлшерде шоғырлануынан Шығыс Қазақстан су ресурстарының ластануы
жағынан жоғарғы деңгейдегі өзендерге жатады. Ең жоғарғы көрсеткіштерді тау-
кен өндірістері шоғырланған мандағы сулардан көруге болады.
Соңғы жылдары үкіметіміздің қолға алған кешенді мәселелерінің бірі
экологиялық мәселелер болып отыр, соның ішінде су экологиясы жұртты көп
алаңдатуда. Өндіріс орындары көп шоғырланған аудандарда өндіріс қалдықтарын
су бассейніне тазартып жіберу ең оңды жұмыстар. Шығыс өңірінде жүргізіліп
жатқан суды тазартудың бірнеше түрлері, тазалау қондырғыларының бірнеше
айналымы бар. Бірінші саты табиғи тазалау әдісі — тұндыру және отырғызу,
сүзу және буландыру, сығу. Екінші саты — химиялық және физикалық. Химиялық
әдіспен ерімейтін қосылыстар түзетін керексіз заттарды ағызып әкелу,
механикалык жолмен аластайтын, электролиз жолымен, ионалмастырғыштан өткізу
немесе синтетикалық шайыр алюмосиликаттар және басқа заттар. Тазалау
биологиялық сүзгілермен аяқталады. Бұл жағдайда органикалық ластану
минерализация үшін микроорганизмдер көмегімен жүзеге асатын биологиялық
процестер қолданылады. Биологиялық тәсіл мына жағдайларда қолданылады:
тазаланатын егін алқаптарында жер асты қорларынан, тастардан табиғи
сүзілуден өтеді, бұл бактериялық тазалықтан өтеді. Биологиялық тәсіл
тазалық станцияларында, яғни сұйықтарды тазарту қадамында
микроорганизмдерді жоюға қолданылады, бұл шаруашылық жағдайында
қышқылдандыру арқылы жүзеге асады. Бұл жағдайда да су сапалығы толық орнына
келмейді, сондықтан да тазартылған суға табиғи су қосу керек. Тазарту
қондырғыларын орнатуда кездесетін шаруашылық және коммуналдық мәселелер де
көп жағдайда үлкен рөл атқарады. Технологиялық жетістіктер нәтижесінде бұл
мәселелер де шешіліп келеді. Көптеген кәсіпорындарда суды пайдаланудың
тұйық тәсілі немесе пайдаланылған суды қайта тазалап қолдану тәсілі
қолданылуда. Нәтижесінде суға сұраныс азайды. Суды кварцпен тазарту оң
нәтиже беруде.
Су экологиясының ең үлкені — ауыз су тазалығы екендігі белгілі. Әр адам
тәулігіне 2—4 литрден су қолданса, жылына бір адамға 100 м3 су қажет екен.
Ірі қалаларда әр адамға тәуліктік су сұранысы 0,2-0,3 м3 болып отыр, ал
дүние жүзі бойынша жылдық сұраныс 3500 м3 және жылдан жылға есуде. Сонда
адамзатқа су жете ме?
Ғаламшарымыздың 70% су алып жатыр, ал күніне 25000 адам жер бетінде
тұщы судың жетіспеуінен көз жұмады екен. Миллиардтай адам шаруашылыққа және
ішер судың тапшылығынан зардап шегуде. Холера, бруцеллез вирустық аурудың
барлығын, 80% ауруды дәрігерлер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғатты пайдалану экономикасы туралы ақпарат
Каспий теңізінің құқықтық және экологиялық мәселелері
Табиғатты пайдалану экономикасы дәрістер тізімі
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже
Су ресурстарын бірігіп басқару (СРББ) жайлы түсінік
Қоршаған ортаны қорғау экономикасы және табиғи ресурстарды тиімді қолдану
Табиғат пайдалану төлемдері
Қазақстанның табиғат ресурстары
Қазақстанның шекаралас мемлекеттері арасындағы трансшекаралық өзендер мәселесі
Пәндер