Алматы мемлекеттік табиғи қорығы


S Алматы мемлекеттік табиғи қорығы
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министірлігі орман және аңшылық шаруашылығы комитетіне қарасты Алматы мемлекеттік табиғи қорығының тамырына қан жүгіріп, кейбір тұралап қалған жұмыстарын жандандыруға нақтылы істер жолға қойылып жүзеге асуда. Әсіресе жиырма жылдан астам уақыт бойы ескерусіз қалып келген Алматы мемлекеттік табиғи қорығының соңғы екі үш жыл ішіндегі жетістіктеріде жетіп артылады. Соның ең бастысы, әрине, қаржы мәселесінің өз мәнінде шешім тауып, Талғар қаласының “Аққу” мөлтекаудандағы қорықтың әкімшілік ғимаратының қырық жылдан кейін күрделі жөндеуден өткізіп, көз сүйсінерлікке ие болуын ұжымдағылар басты жетістікке балаймыз. Қорықшылар киімінің мүлдем ескеріп, құры қаңқасы қалған техникаларды жаңартуғада қомақты қаржы бөлініп, нәтижесінде төрт құбыламыздың түгенделуіне, жаңарып жандануына жағдай жасалды.
Қорықтың құрылуының негізгі мақсаты- ата- бабадан мәңгілік мұра боп қалған табиғатты тұяқ тигізбей сол қалпында келер ұрпаққа табыс ету. Айырықша қоғалатын жерді, ондағы өсімдіктерімен аң атаулыны аялап, сақтау қорықшылардың міндеті. Біріншіден ол, браконьерлерден, екіншіден өрттен қорғау. Ал үшінші бағыты, ондағы өсімдіктер мен аңдарға ғылыми негізде зерттеу жұмысын жүргізу болып табылады.
Бүгінде Алматы мемлекеттік табиғи қорығында 24 қорықшы қызмет етеді . Олардың міндеті, осы табиғи байлықты қорғап, қоын молайтып, ғылыми тұрғыда зерттеп, келешекте халық игілігіне жарату. Сондықтанда тірлігіміздің тірегі -табиғат ананы аялау адамзат үшін маңызы зор мәселеге айналуда. Елімізде табиғатты қорғауда елеулі еңбек етіп біршама игі шараларды жүзеге асырып жатқан да мемлекеттік табиғи қорықтар.
Мемлекеттік табиғи қорық деп - табиғи процестердің тұрпатты және бірегей экологиялық жүйелердің, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің биологиялық алуан түрлілігі мен генетикалық қорын табиғи жағдайда сақтап, дамуын зерттеуге арналған ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды атайды. Мұндағы орман, тоғай, жайқалған шабындық, аң- құстар, жәндіктер өзендер мен көлдердің табиғи тыныс- тіршілігінің мүмкіндігінше бастапқы әрі әсем қалпында сақталуы тиіс.
Табиғаттың қазынасы сарқылмайтын қор емес, оның даму игілігіне мәңгілік қызмет етуі үшін табиғаттағы тепе- теңдік заңдарының сақталуы жолындағы қиындығы мен қызығы мол міндеттерді жүзеге асырып жатқан мемлекеттік мекеменің бірі- осы Алматы мемлекеттік табиғи қорығы.
Алматы қорығы- асқарлы Алатау өңірінің інжу- маржаны. Ол Іле Алатауындағы кіші Алматы орман шаруашылығының жерінде 1931 жылы ұйымдастырылған. Бұдан кейінгі жылдары қорықтың жер көлемі бірнеше рет өзгерді . 1951 жылы қорық жабылып, ондағы жұмыс тоқтатылды. Ал 1961ж қорық қайта ұйымдастырылды. Үш жылдан соң, яғни 1964ж Есік көлінің жоғарғы бөлігі, Талғар өзенінің сол және оң жақ қапталында өскен орман алқабы берілген. Қазір Алматы мемлекеттік табиғи қорығының жер көлемі 71700га құрайды. Қорықтың ең төменгі жері теңіз деңгейінен 1200м болса, ең биіктігі Талғар шыңының ұшар басы 4979м . Алматы қорығының негізгі міндеті Алатаудың орталық бөлігінде орналасқан табиғи байлықтарымыздың қорларын қорғап, молайту. Сондықтанда қорымыздағы жануарлар, өсімдіктер мен бүкіл тіршілік әлемін табиғи қалпында сақтаудың ғылыми әрі мәдени маңызы зор.
1997ж 6- тамызда “Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы” Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғаны мәлім. Қорық ұжымы осы заңның аясында көптеген игілікті істерді атқарып келеді. Қорықтың жұмыс бағыты негізінен күзет, ғылыми ақпарат және мониторинг, экологиялық ағарту болып үш салаға бөлінеді. Қорығымыздағы жұмыстардың нәтижелі әрі табысты болуы билікті мамандарға байланысты. Сол себепті, туған табиғатымызды қорғап, қорық жұмысын жандандырудағы күрделі мәсәлелерді әр уақытта ғылыми кеңес пен ұжым жиналыстарында талқыға салып, бірлесіп шешу дәстүрге айналған.
“Жұмыла көтерген жүк жеңіл ” демекші, ұжымның ұжымдаса атқарған еңбектерінің арқасында Алматы мемлекеттік табиғи қорығы 2005ж республикалық рейтингтік көрсеткіштің бағалауы нәтижесінде үшінші орынға табан тіреуін мақтан тұтамыз. Алдағы уақыттары бұданда жоғары жетістіктерге жетуге бар мүмкіндіктерімізді жұмылдыра бермекпіз.
Қорықтың қырағы қырандары . Күзет бөлімінің неізгі міндеті қорық аумағындағы табиғи байлықтарды қорғау. Бүгінде 24 мемлекеттік инспекторлар тікелей күзет жұмысымен айналысуда. Олардың қарамағына қорықтың Талғар және Есік бөлімшелері қарайды. Күзетшілерге қыстық, жаздық арнайы киімдер, дүрбі, фотоаппарат, ұйықтайтан қап, тұрақты радиостанция, қолға ұстап жүретін рациялар беріліп Талғар мен Есік бөлімшелер арасында үнемі байланыспен жұмыс істейді. Инспекторлар автокөлікпен, мотоциклдермен және жарамды аттармен қамтамасыз етілген. Олардың қызмет үйлерінде өртке қарсы күресу ережелеріне сай құрал жабдықтарыда бар. Десе де инспекторларға қорғау аймақтарын үнемі бақылауда ұстап, күзету оңай емес. Бұл күндіз түні қырағылық танытумен қатар, үй жайынан алыста бірнеше күндеп тынымсыз еңбек етуді талап етеді. Осындай табандылықтың арқасында табиғи байлықтарымызды қорғап келеді.
Бұл қорық 1931ж кіші Алматы орман шаруашылығы жерінде алғаш ұйымдастырылған. Жалпы жер көлемі 13 мың га болған. 1951ж қыркүйек айында қорық жабылып, ондағы жұмыс тоқтап қалған.
1960ж қаңтар айында қорық қайтадан ұйымдастырылды. Ол 73 мың га жерді құраған Алматы облысы Талғар ауданында, Алматы қаласынан небәрі 25 шақырым қашықтықта орналасқан.
Қорықтың ең төменгі жері 1200м болса, ең шоқысы 5000м биіктікте. Тау басын қашанда ақ қар, көгілдір мұз басып жатады. Қорықта жалпы көлемі 233, 7км болатын 160 тан астам мәңгі мұздар бар.
Қорық өсімдіктермен жануарлар дүниесіне бай. Онда 965жоғары сатылы өсімдіктер түрлер кездеседі, сонымен қатар қорықта 39 жануарлар тіршілік етеді. Осылардың 14 Қазақстан Республикасы “Қызыл кітабына” енген.
Алматы қорығының артықшылығы тау беткейлерінде орман дала, субальпі, альпі және мәңгі мұздар белдеулерінің ұштасып жатуында.
“Ел байлығы орман - денсаулыққа қорған ”
Жан жағы таумен көмкерілген көгілдір алқаптар, жасыл желекті ормандар халқымыздың игілігіне айналуда . Қорық аумағында орман алқаптарының алып жатқан жер көлемі 21 пайызды құрайды.
Шырша орманының көлемі 4015, 1га астам оның су жүйелерін бір қалыпта сақтауда, топырақты бекітуде, сел мен тасқындарға қарсы күресудегі маңызы зор. Орман негізінен көне дәуірден бізге дейін жеткен ағаш түрі Шренк шыршасы деп аталады . Орманның әрбір жұпар иісті ағашының жапырақтары айналаны улы газдардан қорғап, күн қуатын сақтайды . Шыршалармен аралас көктерек, ақ қайың мен итмұрын, таңқурай сияқты өсімдіктер өседі.
Таулы өлкенің таңғажайып тұстары қорыққа негізінен Талғар және Есік тау жоталары енеді. Жер бедері қатты тілімделген . Жерінің 17096, 5га \23. 9%\ мұздары, 16199, 1га\22, 6%\ жартастар, 8773га \12, 2%\ шөгінділер алып жатыр . Қорық жерінде 233, 7км жететін 160 жуық мұздықтар орналасқан, қорық көлемімен салыстырғанда ол32 пайызды құрайды.
Талғар шыңы Алатаудың ең биік жері . Негізінен гранит жыныстарынан түзілген, заңғар биіктігімен ерекшеленеді . Шыңдарды үнемі ақ қар, көгілдір мұздар басып жатады.
Тау басынан төмен қарай сала- сала болып ағып жатқан өзендер қаншама . Суы мол саналатын негізгі өзендер- Талғар мен Есік. Басы мәңгі мұздардан басталатын бұл өзендердің ендері -3-5, тереңдігі 1м, ағысы қатты болады. Өмірге нәр бертін осы өзендер мен тұнық көлдер, олардың ағысы, айналасындағы жасыл желектермен біртұтастанып, табиғат аясын сұлулыққа бөлейді.
Табиғаттың тылсым сырын зерттеуде өнер
Бұл орайда, ғылым - ақпарат және мониторинг бөлімінің алдына қойған мақсаты- қорықтағы табиғи байлықтарды зерттеп, бір жүйеге келтіріп, тізімдеп, талдап ғылыми негізін жасау. Бөлімнің ғылыми қызметкерлері ҚР Ғылым және білім министрлігіндегі тиісті мекемелермен келісіп, орман және аңшылық шаруашылық комитеті бекіткен үш ғылыми тақырыппен жұмыс істеуде. Атап айтсақ, бірінші шырын және дәрумен беретін өсімдіктерді тізімдеп талдау, екінші Сұңқарлардың биологиясы және экологиясы, және үшінші Қос тұяқты хайуанаттардың тіршілігі.
1964ж бастап Табиғат жылнамасы деген қомақты ғылыми еңбек үздіксіз жүргізілуде. Онда өзен -көл суының өзгерістері, өсімдіктің гүлденуі, жеміс беруі, жыл құстарының келуі, хайуанаттардың келуі, орман көлдерінің ұлғаюы, өнімнің көптілігі жылма -жыл ғылыми деректермен толықтырылып отырады.
Жапырағы жайқалған өсімдіктер дүниесінің ерекшелігі тау алқабында орманды- дала, шыршалы ормандар, субальпі, альпі, өсімдіктері мәңгі мұздықтар мен құздар белдеулеріне ұштасып жатыр. Қорыққа көрік беріп тұрған түріде сан алуан. Қазір жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1078 түрі кездесіп, олар 380 туысқа, 90 тұқымдасқа жатады екен. Соның ішінде 13 турағаш, 67 бұта, 4 бұтақша, 4 жартылай бұта, 3 лиан, 105 біржылдық, 52 екіжылдық, 830 көпжылдық өсімдіктер кездеседі.
Пайдалы өсімдіктердің мол тағамдық, дәрілік, шырынды, дәруменді, әсемдік қасиеттері өте көп. Ал кәдімгі өрік, сиверс алмасы, доланалар, рауғаштар, таңқурайлар, қой бүлдіргендер дәмі жағынан айырықша ерекшеленеді. Төменгі сатыдағы өсімдіктерден саңырауқұлақтардың-200, мүктердің-80, қыналардың-200 түрі кездеседі. Қорық ережесі сақталмағанмен, табиғи апаттардың, көшкіндердің, тасқындардың, бұршақтардың ұруынан, аңдармен құстардың аз да болса кері әсерінен сиреп және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер ғылыми түрде зерттеліп, тіркеледі. Олардың саны-44/4, 4%/, 28 түрі мемлекетіміздің “Қызыл кітабына ” енген. Бұлар жойылып бара жатқан өсімдіктер дүниесінің асыл түрлері болып табылады.
Виттрок рауғашы биіктігі -1м, сабағы жуан болып келген көпжылдық өсімдік . Сабақтарына жіңішке сағақтарымен орналасқан жапырақтары ірі әрі жалпақ болады, ұзндығы 40см, ал ені 30см. Гүлдері сирек, ақ немесе қызғылт түсті, сыпырғы сияқты шоғырланған. Тұқымы дөңгелек, ұзындығы 13мм, ені 15мм, қоңыр түсті.
Рауғаштың тамақа, дәрілік қасиеттері бар. Сонымен қатар, осы түрі әсем гүлдер қатарына жатады. Мамыр, шілде айында гүлдейді. Тамақтың әрі дәрілік қасиеті үшін жаз айында көптеп жиналып, тамырларына зақым келуіне байланысты азаюда. Қазақстанның “Қызыл кітабына” енген.
Қорықтың қос қанаттылары
Құстардың 170 аса түрі тіршілік етеді . Біз білетін құстардың көбісі осы қорық жерінен табылған. Ұя салып, балапандарын өсіретін құстардың түрі-103. Жапырақты ормандарда: дыркептер, маубас жапалақ, үлкен тоқылдақ, ақ шымшық, сарыбауыр шымшық, . Шыршалы ормандарда: жағалтай, самыркеш, үш саусақты тоқылдақ, орман жадырағы, жасыл сары қаз, сарыбас шөже, бозбас отқұйрық, шөре шымшық. . Субальпіде : тау жадырағы, боз содырғы, үнді сарықасы, әсем шымшық, қаратөс бұлбұл, арша құралайы; Альпі белдеуінде : құмай, гималай ұлары, сарытұмсық шауқарға, сұржон содырғы: Мәңгі жартас пен мұздарда: қызылбауыр қызылқұйрық, інжүрең құнақ, жартас құралайы: Құздарда: сақалта, бидайық, көк кептер, құс кептері, қарасұр қарлығаш, құз қарлығаш кездеседі.
Таулардың оңтүстік беткейлерінде : кәдімгі күйкентай, кекілік, қарабасшақшақ, тау сүлукешін көрсек, көлдер мен батпақты жерлерде сарыалақаз, барылдауық үйрек, сарыбас шақшақай тіршілік етеді . Өзендердің бойында орақтұмсық, , мамырқұс, тау шақшақайы, кәдімгі сушылқара, қоңыр сушылқара, көк құс ұшырасады.
“Қызыл кітапқа” енген құстар қатарында сақалта, бүркіт, құмай, бидайық, көк құс, орақтұмсық, қара дегелекбар.
Көк құс - түсі қара көк, арқасы күйіс күлгін жылтыр, басы мен кеудесі, қанаты мен құйрығы қара көкшіл келеді. Денесінің ұзындығы-38, қанаты-18см . Салмағы -200гр . Тұмсығы сары, биік және мықты келеді. Көк құс алыстан қарағанда қара түсті келедіде, ұзақ қарғаға немесе қара шымшыққа ұқсайды.
Көк құс Үндістанда, Бирмада, Қытайда, ТМД елдерінде таралған. Орта Азияда және Қазақстанда кездеседі. Елімізде ол тек Тянь- Шань тауында, онда да Талас пен Іле Алатауларының аралығында ғана ұшырасады.
Көк құстың қорегінің құрамы әр түрлі. Жазда көбінесе насекомдармен, өрмекшілермен және ұлулармен, ал кейде кесірткелер сияқты ұсақ омыртқалы жануарлармен, күзде жемістермен азықтанады.
Орақтұмсық - биік тауларда тіршілік ететін балшықшы құс. Оны кейде итектұмсық деп те атайды. Ол Тянь- Шань, Памир, Гималай, Тибет тауларында таралған. Біздің өлкемізде тек Іле, Күнгей, Жоңғар Алатауында 2000-4000м биіктіктер аралығында қоныстанған. Орақ тұмсық - отырықшы, балшықшы. Тек қыста ол таудың биік беткейлерінен 500м биіктікке дейін төмендеп келеді. Жоңғар Алатауында икемтұмсық Қаратал, Көксу өзендерінің жоғарғы ағысында, Панфилов қаласының маңында мекендейді . Орақтұмсық - суы баяу ағатын ұсақ тасты тау өзендерінің бойында жүзетін құс. Уақ қиыршықты тасы жоқ және суының ағысы қатты тау төңірегінде кездеспейді.
Табиғат тарландары
Жануарлар дүниесі алуан түрлі. Бұл жерде қазіргі таңда 39 түрлі аң, 7 түрлі бауырымен жорғалаушылар, 2 түрлі қосмекенділер және бірнеше мың ұсақ жәндіктер өсіп - өнуде. Атап айтсақ, елік, таутеке, марал, қоңыр аю, тас сусары, ақ тиін, борсық, қасқыр, қабан, суырлар және тағыда басқа көптеген түрлері кездеседі. Қорықта омыртқасыз жәндіктердің алуан түрлері тіршілік етеді. Пайдалы жәндіктерден жабайы араны, құмырсқа түрлерін азайтуға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz