Табиғат пайдалану - қоғамдық өндірістің ерекше саласы


ЖОСПАР
Табиғат пайдалану - қоғамдық өндірістің ерекше саласы2
Табиғат байлықтарын топқа бөлу5
Экология мен экономика өзара байланысты7
Қолданылған әдебиеттер тізімі9
Табиғат пайдалану - қоғамдық өндірістің ерекше саласы
Қазіргі кезде табиғи ортаны қорғау және табиғат байлығын тиімді пайдалану мәселесі ұзақ мерзімдік экономикалық дамудың ең негізгі стратегиялық бағытына, түп қазығына айналды. Бұл стратегия қоғамдық өндірістің үздіксіз дамуын, адамзат өмір сүруінің қалыпты жағдайы сақтауын қамтамасыз етуге тиіс. Аталған мақсатқа тек табиғи ортаны қорғау, табиғат байлығын ұқыпты, тиімді пайдалану нәтижесінде ғана жетуге болады.
Табиғат пайдалану қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде табиғат байлығын кешенді үнемдеп пайдалану арқылы қоғамның материалдық қажетін өтеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянды әсерін болдырмауға бағытталған.
Өндіріске қатыстырылатын табиғат байлықтары: пайдалы қазба байлықтар (минералдық шикізат), су, ауа, орман, жер тек қана өндіріс шикізаты емес, сонымен қатар, өндіріс құралы да болып табылады. Өндірістік қатынасқа қосылмаған табиғат байлығын да ұлттық байлық ретінде қарап, оның табиғи қалпының сақталуын, сапасының төмендеуін қамтамасыз ету керек.
Табиғат байлығын тиімді пайдалану өндірістің дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, табиғи ортаның тазалығын, оның қалпына келетін қорын молайту және табиғи ортаның тепе-теңдігін сақтау болып табылады. Басқаша айтқанда, табиғи орта мен ондағы өндірістің даму тепе-теңдегі сақталуға тиіс. Сондықтан табиғи ортаны, табиғат байлығын қорғау халықтың материалдық, рухани, әлеуметтік мұқтажын үздіксіз өтеуге, табиғат байлығын қалпына келтіруге, молайтуға бағытталуы қажет.
Бұл тұрғыдан Табиғи ортаны қорғау мен Табиғат байлығын қорғау түсініктерін ажыраты білу керек. Екеуі бір-бірімен тығыз байланысты, көп жағдайларда бір мағынада қолданыла береді. Әйткенімен нақты шараларды ұйымдастыру кезінде екеуін бөліп қараған дұрыс. Табиғи ортаны қорғау деп - табиғи ортаны сақтауға, оның байлығын молайтуға бағытталған заңдылық, шаруашылық, ұйымдастырушылық шаралар жүйесін айтамыз. Табиғат байлығын қорғау - оны тиімді пайдалану болып табылады.
Таибиғи орта өндіріс тұрғысынан шикізат көзі және өндіріс орналасу ортасы ретінде қаралып одан өндіріс қажетін өтеу қорын көбірек алу көзделеді. Ғылыми-техникалық жетістіктер табиғат байлығының қорын орасан зор мөлшерде өндіріске қатыстыруға мұмкіндік береді. Соның әсерінен табиғи ортаның теңдестігі бұзылып, жалпы нашарлауына әкеп соғады. Осыдан табиғат байлығын қорғау, молайту және табиғи ортаны қорғау мәселелерін қатар шешу қажеттігі, сондай-ақ қоғамның экологиялық қауіпсіздігі мәселесі туындайды.
Табиғат байлықтары, табиғат күштері экономикалық жағынан - пайдалану тиімділігі бойынша қарастырылады. Ал экологиялық жағынан - өмір сүруге, шаруашылық ұйымдастыруға қолайлығы бойынша қарастырылады. Табиғат негізгі екі нысанға бөлініп қаралады: табиғи орта және табиғат байлықтары .
Табиғи орта деп - өндіріске тікелей қатыспаса да адамзаттың, жан-жануарлардың тіршілік етуіне мүмкіндік беретін табиғи заттар мен табиғи күштерді айтамыз. Мысалы, күннің қызуы, сәулесі, атмосфералық ауа, гидросфера, литосфера, т. б. жер бетіндегі барлық тіршілікке қажетті жағдай болып табылады.
Табиғат байлығы деп - адамзат пайдаланатын немесе пайдалану мүмкіндігі бар табиғи заттар мен күштерді айтамыз. Табиғат байлығын адамзат шаруашылығымен тікелей байланысты қараймыз. Табиғат байлығын өндірістік материалдық байлық ретінде пайдаланғанда оны табиғат қоры немесе табиғи ресурс деп те атайды.
Табиғат пайдалану экономикасында табиғи орта, табиғат байлығы ұғымдары олардың физикалық, химиялық қасиеттерімен ерекшеленбейді, оларды пайдалану мүмкіншіліктерімен ерекшеленеді . Табиғи заттар (күштер) пайдаланылатын табиғи ресурс немесе өмір сүруге қажетті жағдай болуы мүмкін, кейде мұның екеуі де болып табылады. Мысалы, жер, су, орман байлықтары әрі табиғат қоры, әрі өмір сүру, шаруашылықты ұйымдастыру ортасы болып табылады.
Табиғат байлығын экология-экономикалық (табиғат байлығын қорғау, тиімді пайдалану) тұрғысынан сарқылатын және сарқылмайтын деп екі ірі топқа бөлеміз, ал алғашқысын қалпына келетін және қалпына келмейтін табиғат байлықтары деп ажыратады (1-сызба) .
1 сызба
Табиғат байлықтарын топқа бөлу
Іс жүзінде қолдану тұрғысынан көбінесе табиғи сұрыптау бойынша мына топтар бөлініп қаралады: минералдық шикізат (қазба байлық), жер, су, ауа, өсімдіктер, жануарлар.
Пайдалану тиімділігіне байланысты экономикалық сұрыптау экономикалық бағалау негізінде құрылады. Осы мақсатта халық шаруашылығының маңыздылығы тұрғысынан сұрыптау да қолданылады. Мысалы, егістік жер, жайылым, шабындық, суармалы егістік, бірінші, екінші және үшінші топ ормандары, пайдаланатын, пайдалануға даяр және запастағы кеніштер т. б.
Сұрыптау өзіндік әр түрлі мақсатқа құрылады. Сұрыптаулар табиғатты қорғау, табиғат байлығын тиімді пайдалану шараларын жоспарлауға, экономикалық тиімділігін анықтауға, жұмсалатын қаржы шамасын белгілеуге экологиялық нәтижесін бағдарлауға мүмкіндік береді.
Халық шаруашылық салаларын: өндірістік, бей-өндірістік және экологиялық деп бөліп қарауға болады. Соңғысының ерекшелігі мұнда еңбектің табиғатты, табиғат байлығын қорғауға (сақтауға), молайтуға және тиімді пайдалануға бағыттылғандығында.
Қоғамның өмір сүру, даму ортасын сақтау тек қана табиғатты қорғау, қалпына келтіру, молайту, яғни экологиялық шаруашылықпен ғана байланысты емес, ол өндіріс салаларындағы табиғатты қорғау, оның байлығын тиімді пайдалану шараларымен де тікелей байланысты.
Экологиялық шаруашылықтың пайда болуы табиғатты қорғау міндеттерінің қажеттігінен туды. Сондықтан, экологиялық шаруашылық табиғатты қорғауға, оның байлығын жаңғыртуға (молайтуға) бағытталған мақсатты еңбек.
Табиғатты қорғау, табиғат байлығын тиімді пайдалану процестері бір-бірімен тығыз байланысты, оларды ешқашан бөлек қарауға болмайды. Табиғатты қоғау, қалпына келтіру, жаңғырту табиғат байлығын пайдаланудың ең алғашқы, бастапқы кезеңі. Оның басқа кезеңдері - табиғат байлығын игеру және ұқсату. Соңғылары өндірістік салаларға жатады.
Түптеп келгенде, табиғатты қорғау, оның байлығын тиімді пайдалану қоғамның қажетін өтеуге бағытталған бір процесс болып табылады. Сондықтан “табиғат пайдалану”, “табиғат байлығын пайдалану” сөзін қолданғанда оған табиғатты қорғау және табиғат байлығын тиімді пайдалану мәнін береміз.
Қоғамдық еңбек тұрғысынан қарағанда бір жағынан табиғат байлығын игеру, ұқсату шаруашылықтың екі тарауына - экологиялық және өндірістік шаруашылыққа бөлінген. Бұлай бөлі шаруашылықты ұйымдастыруға, басқаруға, жоспарлауға, экономикалық тиімділігін анықтауға, т. б. мақсатқа қажет болады. Бірақ бұл процестің екі жағы өзара тығыз байланыста болғандықтан өндірісті экология тұрғысынан, ал экологиялық шаруашылықты өндірістік-әлеуметтік тұрғыдан қарастыру керек.
1 кесте
Экология мен экономика өзара байланысты
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz