Табиғат пайдалану экономикасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
1. Табиғат пайдалану экономикасы 1
1.1. Табиғат пайдалану экономикасының пәні, мақсаты, әдістері 1
1.2. Табиғат пайдалану - қоғамдық өндірістің ерекше саласы 4
Табиғат байлықтарын топқа бөлу 1 сызба 6
Экология мен экономика өзара байланысты 7
Табиғат байлығын жаңғырту (қалпына келтіру, молайту) экология 7
1.3. Табиғи ортаны қорғау, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану
принциптері, басты бағаттары 8

1. Табиғат пайдалану экономикасы

1.1. Табиғат пайдалану экономикасының пәні, мақсаты, әдістері

Бүкіл адамзат қоғамының даму тарихы – табиғат пен адамзаттың қарым-
қатынасынан тұрады. Осы уақыттың барлығында да табиғат адамзаттың өмір сүру
ортасы, материалдық байлық көзі болып келді. Қоғамның дамуының алғашқы
сатыларында табиғат қорын пайдалану мөлшері ылғи артып отырғанымен, оның
табиғи ортаға кері әсері елеусіз еді.
Қоғамның өндірістік дамуына байланысты адамның табиғи ортаға әсері;
табиғат байлығын, табиғи күштерді пайлалануы артып келеді. Бұл әсер екі
сипатта. Бір жағынан, ғылыми-техникалық жетістіктің арқасында табиғи орта
жақсартылады, оның қорын молайтып, ұқыпты пайдалануға мүмкіндік туады.
Мысалға, шелді және шөлейт жерлерді суландыру, орман отырғызу, жерді
көгалдандыру, өсімдіктердің құнды түрлерін көбейту, жалпы табиғи ортаны,
ондағы өсімдіктер, жан-жануарлар дүниесін қорғауды атауға болады.
Ал екінші жағынан, табиғи ортаны бүлдіру ауқымы да артып келеді.
Мысалы, өндірістің кері әсері ретінде табиғат байлығының түгесілуін, судың,
жердің, атмосфераның ластануын, орманның жойылуын, жердің тозуын, ауыл
шаруашылық жерлерінің қазба жұмыстарын жүргізуге, құрылыстар салуға
бөлінуін айтуға болады.
Қоғамдық өндірістке табиғаттың жаңа байлықтары ұдайы қосылып және
оларды игеру мөлшері артып отырады. Ғылыми-техникалық жетістіктер бұрын
игеруге мүмкін болмаған, сапасы төмен табиғат байлықтарын өндіріске
қолдануға мүмкіндік береді, нәтижесінде өндірістің табиғи ортаға әсері
күшейеді, табиғат байлығын пайдалану мәселесі шиеленісе түседі. Табиғат
байлығын пайдалану қарқынының артуы халық санының өсуіне де байланысты.
Үстіміздегі ғасырдың басында жерде 1571 млрд. Адам өмір сүрген болса, 1990
жылы халық саны 5300 млрд.-қа жетті, ал 2000 жылы 6 млрд.-тан асады деп
есептеледі.
Халық санының өсуіне байланысты, халық тұтынатын өнімдерді арттыруға,
оған шикізат ретінде табиғат байлығын пайдалану мөлшерін кеңейтуге тура
келеді. Сонымен қатар табиғат байлығы қорының шексіз еместігін де ескерген
жөн. Әсіресе қалпына келмейтін табиғат байлықтарының, оның ішінде
отынэнергия қорының тапшылығы сезілуде. Түсті металдардың көпшілігі – мыс,
қорғасын, мырыш, қымбат бағалы металдар тапшы бола бастады. Олардың әр
тоннасын өндіруге бұрынғыға қарағанда анағұрлым көп еңбек жұмсауға тура
келеді.
Осындай жағдайда экономикалық даму факторларының: еңбек және табиғат
қарының, өндіріс құралдарының даму себеп-салдарын айқындай білу қажет. Бұл
факторлар бір-бірімен диалектикалық байланыста және қарама-қайшылықта
болады. Қоғамның экономикалық өсуі өндіріс масштабымен, табиғат байлығын
игеру қарқынының артуымен, өндіріс күштерінің дамуымен байланысты. Сонымен
қатар өндіріс күштері қоғам мен табиғаттың қоғамдық-экономикалық
қатынастары негізінде құрылады. “Адам және табиғи орта” жүйесінде өндіріс
күштерінің, өндіріс қатынастарының даму процестерін тереңірек түсіну
қажеттігі жаңа экономикалық ғылым – табиғат пайдалану экономикасының
қалыптасуын туғызды. Бұл ғылымның пайда болуы мен дамуын ең алдымен
шаруашылық қажеттіліктен деп ұғу керек. Ұзақ уақыт экономика және экология
ғылымдары жеке-жеке ғылым салалары ретінде дамып келді, олардың өзіне тән
ғылым негіздері, әдістері болды. Қазіргі кезде табиғат байлығынпайдалану
және табиғи ортаны қорғау мәселелері жүйелі, кешенді экономикалық-
экологиялық тұрғыдан қарастыруды қажет етіп отыр. Табиғат байлығын тиімді
пайдалану табиғи ортаны қорғай отырып, қоғамның әлеуметтік-экономикалық
қажеттілігін табиғат байлығымен қамтамасыз етуді талап етеді.
Табиғат байлығын пайдалану экономикасының пәні - қоғамдық өндіріс
кезінде қалыптасатын қоғам мен табиғат арасындағы экологиялық, экономикалық
қатынастар болып табылады.
Табиғат пайдалану экономикасы: табиғат пайдалану процестерінде
туындайтын экономикалық заңдылықтарды, өндірістің табиғи ортаға тигізетін
әсерін және оның кері әсерінен қорғануды ұйымдастыруды:
• халық шаруашылығын табиғат ресурстарымен қамтамасыз ету
жағдайларын;
• табиғат байлығын экономикалық бағалау әдістерін, табиғи ортаны
бүлдіруден, табиғат байлығын ысырап етуден келетін зиян мөлшерін
есептеу әдістерін;
• табиғат байлығын неғұрлым тиімді пайдалану, табиғи ортаны қорғау
мүмкіндіктерінің тиімділігін айқындау жолдарын;
• табиғат байлығын тиімді пайдалануды табиғи ортаны қорғауды
басқарудың экономикалық механизмін, оны жетілдіру бағыттары мен
жолдарын зерттейді.
Табиғат пайдалану экономикасының танымдық негізгі - қоғамның дамуының
экономикалық заңдарын зерттейтін экономикалық теория болып табылады. Ол
экономикалық заңдарға сұйеніп табиғат байлығын пайдалану, оның қорын
молайту және табиғи ортаны қорғау жөніндегі өндірістік қатынастарды
зерттейді.
Табиғат пайдалану экономикасы тек қана экология-экономикалық
заңдылықтарды зерттеп қана қоймай, одан туындайтын өндірістік мәселелерді
шешудің нақты экономикалық тетіктерін жетілдірумен де айналысады.
Экология-экономикалық қатынастар мен табиғаттану және басқа
экономикалық ғылымдарды бір-бірінен бөліп қарастыруға болмайды. Табиғат
байлығын пайдалану экономикасы әсіресе халық шаруашылығын жоспарлау,
аймақтық және салалық экономика, статистика және талдау, экономикалық
кибернетика және талдау, экономикалық ғылымдармен тығыз байланыста.
Табиғат пайдалану экономикасы техникалық ғылымдармен де
тығызбайланыста, өйткені өндірісті экологиялық талаптарға сәйкес
ұйымдастыру, жүргізу барлық ғылыми-техникалық жетістіктерді ескеруді талап
етеді. Техника – экономикалық шешімдердің де тиімдісі (дұрысы) -
қолданылатын техника мен технологияның және табиғи ортамен үйлесімділігі
болады.
Табиғат пайдалану экономикасы география ғылымымен де маңызды
байланыста. Аймақтық үйлесімділік, табиғат байлығының орналасу тиімділігі,
табиғат байлығын пайдаланушы өндірістерді орналастыру тиімділігі, т.б.
ортақ шешетін мәселелер.
Табиғат пайдалану экономикасының жалпы әдістері, бағытты, мақсатты
зерттеулері жеке салалық экономика мәселелерін шешуге көмегін тигізеді.
Салалық экономика табиғат байлығын пайдалану экономикасынан бұрын
қалыптасты. Сондықтан оларда теориялық, іс-тәжірибелік жинақталған танымдар
табиғат пайдалану экономикасының қалыптасу негізі болды.
Табиғат пайдалану экономикасының негізгі атқаратын міндеттері: халық
шаруашылығында табиғат байлығын тиімді пайдалану, табиғатты қорғау,
экономикалық басқару механизмін зерттеу және жетілдіру болып табылады.
Экономикалық басқару механизмі табиғат пайдалануға байланысты үш кезеңді
қамту керек: жақсарту (қалпына келтіру, қорғау), игеру және ұқсату.
Ең бірінші кезекте ғылыми-техникалық жетістіктердің табиғи ортаға
әсерін зерттеу керек. Күрделі құрылыс пен өндірістің, оның құрылым
тиімділігінің табиғи ортаны, табиғат қорғауға, тиімді пайдалануға тигізетін
әсері, экологиялық басқару жүйесі және табиғи ортаға зиянсыз шаруашылық
ұйымдастыру, табиғатты қорғаудың халықаралық мәселелері және т.б. табиғат
пайдалану экономикасының тақырыбы болып табылады.
Табиғат пайдалану экономикасының ғылыми зерттеу негізі - диалектика.
Диалектикалық әдіс бойынша зерттелетін құбылыс (зат) жан-жақты, қайшылықта,
даму үстінде қарастырылады. Диалектикалық, әдіс бойынша ғылыми ой-таным
жинақталған іс-тәжірибені қолданады. Тәжірибедегі кемшіліктері мен
жетістіктерге ғылыми талдау жасалып, нәтижелері іс жүзінде қолданылып
отырады.
Табиғат пайдалану экономикасы үшін тарихи тану әдісінің маңызы зор.
Әрбір құбылыс қалай пайда болды, қалай дамыды, қазіргі жағдайы қалай,
ертеңі қалай болмақ, осы тұрғыдан өткен мен бүгінгінің байланысын
сабақтастыра зерттеп отырады.
Табиғат пайдалану экономикасының негізгі әдістерінің бірі – жүйелілік.
Осы әдісті қолдану арқылы жүйені құраушылар анықталады, олардың бір-бірімен
қатынасы, бір-біріне ықпалы, жүйедегі алатын орны зерттеледі.
Табиғат пайдалану экономикасында мөлшерлеу (нормалау) әдісі де кеңінен
қолданылады. Табиғат байлығын пайдалану нормалары, шектері, ауада, суда,
жер бетінде және жер қабатында улы заттардың жинақталуы, шоғырлануы,
таралуы, өнім шығаруға табиғат байлығын пайдалану мөлшері, қалдық шамасы,
т.б. нормалар бекітіледі.
Табиғат пайдалану экономикасында аталғандармен қатар экономика-
математикалық, статистикалық талдау, сараптау әдістері кеңінен қолданылады.
Табиғатты қорғау, табиғат байлығын пайдалану шараларының тиімділігін
арттыруда, экологиялық залалдың алдын алып, болырмау, сараптау әдісінің
атқаратын қызметі зор. Табиғат байлығын пайдалану, табиғи ортаны қорғау
шаралары сараптаудан өтпейінше іске асырылмайды.

1.2. Табиғат пайдалану - қоғамдық өндірістің ерекше саласы

Қазіргі кезде табиғи ортаны қорғау және табиғат байлығын тиімді
пайдалану мәселесі ұзақ мерзімдік экономикалық дамудың ең негізгі
стратегиялық бағытына, түп қазығына айналды. Бұл стратегия қоғамдық
өндірістің үздіксіз дамуын, адамзат өмір сүруінің қалыпты жағдайы сақтауын
қамтамасыз етуге тиіс. Аталған мақсатқа тек табиғи ортаны қорғау, табиғат
байлығын ұқыпты, тиімді пайдалану нәтижесінде ғана жетуге болады.
Табиғат пайдалану қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде табиғат
байлығын кешенді үнемдеп пайдалану арқылы қоғамның материалдық қажетін
өтеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянды әсерін болдырмауға бағытталған.
Өндіріске қатыстырылатын табиғат байлықтары: пайдалы қазба байлықтар
(минералдық шикізат), су, ауа, орман, жер тек қана өндіріс шикізаты емес,
сонымен қатар, өндіріс құралы да болып табылады. Өндірістік қатынасқа
қосылмаған табиғат байлығын да ұлттық байлық ретінде қарап, оның табиғи
қалпының сақталуын, сапасының төмендеуін қамтамасыз ету керек.
Табиғат байлығын тиімді пайдалану өндірістің дамуын қамтамасыз етіп
қана қоймай, табиғи ортатың тазалығын, оның қалпына келетін қорын молайту
және табиғи ортаның тепе-теңдігін сақтау болып табылады. Басқаша айтқанда,
табиғи орта мен ондағы өндірістің даму тепе-теңдегі сақталуға тиіс.
Сондықтан табиғи ортаны, табиғат байлығын қорғау халықтың материалдық,
рухани, әлеуметтік мұқтажын үздіксіз өтеуге, табиғат байлығын қалпына
келтіруге, молайтуға бағытталуы қажет.
Бұл тұрғыдан Табиғи ортаны қорғау мен Табиғат байлығын қорғау
түсініктерін ажыраты білу керек. Екеуі бір-бірімен тығыз байланысты, көп
жағдайларда бір мағынада қолданыла береді. Әйткенімен нақты шараларды
ұйымдастыру кезінде екеуін бөліп қараған дұрыс. Табиғи ортаны қорғау деп –
табиғи ортаны сақтауға, оның байлығын молайтуға бағытталған заңдылық,
шаруашылық, ұйымдастырушылық шаралар жүйесін айтамыз. Табиғат байлығын
қорғау - оны тиімді пайдалану болып табылады.
Таибиғи орта өндіріс тұрғысынан шикізат көзі және өндіріс орналасу
ортасы ретінде қаралып одан өндіріс қажетін өтеу қорын көбірек алу
көзделеді. Ғылыми-техникалық жетістіктер табиғат байлығының қорын орасан
зор мөлшерде өндіріске қатыстыруға мұмкіндік береді. Соның әсерінен табиғи
ортаның теңдестігі бұзылып, жалпы нашарлауына әкеп соғады. Осыдан табиғат
байлығын қорғау, молайту және табиғи ортаны қорғау мәселелерін қатар шешу
қажеттігі, сондай-ақ қоғамның экологиялық қауіпсіздігі мәселесі туындайды.
Табиғат байлықтары, табиғат күштері экономикалық жағынан – пайдалану
тиімділігі бойынша қарастырылады. Ал экологиялық жағынан - өмір сүруге,
шаруашылық ұйымдастыруға қолайлығы бойынша қарастырылады. Табиғат негізгі
екі нысанға бөлініп қаралады: табиғи орта және табиғат байлықтары.
Табиғи орта деп - өндіріске тікелей қатыспаса да адамзаттың, жан-
жануарлардың тіршілік етуіне мүмкіндік беретін табиғи заттар мен табиғи
күштерді айтамыз. Мысалы, күннің қызуы, сәулесі, атмосфералық ауа,
гидросфера, литосфера, т.б. жер бетіндегі барлық тіршілікке қажетті жағдай
болып табылады.
Табиғат байлығы деп – адамзат пайдаланатын немесе пайдалану мүмкіндігі
бар табиғи заттар мен күштерді айтамыз. Табиғат байлығын адамзат
шаруашылығымен тікелей байланысты қараймыз. Табиғат байлығын өндірістік
материалдық байлық ретінде пайдаланғанда оны табиғат қоры немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғам дамуындағы табиғат ресурстарының рөлі. Табиғат ресурстарын сұрыптау
Табиғатты пайдалану экономикасының негізгі мәселелері және міндеттері
ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ - ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІСТІҢ ЕРЕКШЕ САЛАСЫ РЕТІНДЕ
Табиғатты пайдалану экономикасы туралы ақпарат
Табиғатты пайдалану экономикасы дәрістер тізімі
Табиғи ортаны қорғау, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану принциптері, басты бағыттары
Басқарудың танымдық, құқықтық негіздері және қолданылатын әдістері, табиғат қорғауды, пайдалануды жоспарлау, нормалау, ережелер, тәртіптері
Металлургия өнеркәсібі
Қоршаған ортаны қорғау экономикасы және табиғи ресурстарды тиімді қолдану
Қазақстанның металлургия өнеркәсібі
Пәндер