ТЕХНОГЕНДІ БҮЛІНГЕН ЖЕРДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ТЕХНОГЕНДІ БҮЛІНГЕН ЖЕРДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

Қара алтынға бағаланатын топырақтың қадір қасиетін қастерлемейтін халық
жоқ. Қазақстанның жер көлемі 2,7 млн км2. Бұл көлем адам басына шаққанда
дүние жүзі елдерінің ішінде алдыңғы орындардың бірінде тұр. Барлық жердің
81%-ы ауыл шаруашылығына жарамды жерлер болса, оның 26,6 млн. га егістік
жерлер де, ал 182 млн га табиғи жайылымның үлесіне тиеді. Соңғы жылдары
Қазақстан жерінің экологиялық жағдайы нашарлай түсуде. Оның көптеген
себептері бар. Негізгі себептер кезінде аяусыз пайдалану, тоздыру, ластау,
агротехникалық шараларды сақтамау болып табылады. Сол сияқты өндіріс
қалдықтарының далаға шығарылуы, су тасқындары, жүйесіз суару, химиялық улы
препараттарды есепсіз пайдалану, жасанды минералдық тыңайтқыштарды сауатсыз
пайдалану төмендегідей экологиялық апатты жағдайға әкелді.
Олар:
- Қазақстанның барлық жерінің 66%-ы шөлге айналу процесіне ұшыраған;
- Қазақстанның өнеркәсіптер шоғырланған аймақтары ауыр металдармен,
мұнай өнімдерімен т.б. уытты токсинді заттармен ластанған.
- 30 млн. га табиғи жайылымдар су және жел эрозиясына ұшырап отыр.
235 млн. га құнарлы жердің 180 млн га жері жарамсыз жерлерге ұшырап,
оның 60 млн га тұздану, 10 млн га химиялық және радиоктивті заттармен
ластанған.
Батыс Қазақстан аймағында мұнай-газ өнеркәсібінің қарқындап дамуы 1000
га астам жерді қамтыса, топырақтың техногенді бүлінуі 2,5 млн га, ал тозған
жайылым 3 млн га жерді алып жатыр. Сол сияқты Азғыр, Тайсойған
полигондарының игілігіне 1,4 млн га жер бұйырған. Экологиялық қиын жағдай
Орталық Қазақстан жерлерін де қамтып отыр. Мұнда жердің техногенді бүлінуі,
өнеркәсіптік қалдықтарымен ластану ауыр металлдардың жинақталуы,
радиоктивті элементтердің және ракета-ғарыштық қоқыстардың (Бетпақ дала)
шоғырлануы тұрақты жағдайға айналып отыр. Топырақтың ауыр металлдармен және
радионуклидтермен ластануы барлық аймақтарды қамтып отыр. Әсіресе Қазақстан
бойынша ірі өнеркәсіптер, кен орындары, қазба байлықтарды өндіру, соғыс-
өндірістік қалдықтарды сақтау және оларды көму аймағында ерекше жылдам
жүруде.
Республика жерінде химиялық қалдықтар 2,3 млрд тоннаға жетсе, ал 529
объектіде радиоктивті қалдықтар сақталған. Өнеркәсіптерде шығарылған
химиялық заттар Шығыс Қазақстан бойынша жылына 5 млн тоннаға жетіп отырғаны
тіркелген. Республика бойынша ластану деңгейі Бетпақ дала, Балқаш өңірі,
Мұғаджар, Ертіс өңірі, Маңғыстау, Каспий маңы ойпаты, Іле Алатауы
жазықтарында тым жоғары. Сырдария, Шу, Талас, Жайық өзендеріндегі жерлер
қорғасын, фтор, бор, мыс, пестицидтермен ластанған.
Өскемер, Риддер, Зырян қалалары маңындағы жерлерде қорғасынның мөлшері
100 РЗШ, кадмий, мырыш 8-14 РЗШ, мыс 10 РЗШ-ға жеткен.
Павлодар, Екібастұз, Қаратау, Тараз, т.б. өнеркәсіп орындары аймағы
геохимиялық ауытқуларға және уытты заттармен ластануға ұшыраған.
Семей өңірінің радиоктивті заттармен ластануы өте жоғары. Осы жерлерде
шоғырланған 154 өнеркәсіп орындарынан жылына 294 мың тонна улы зат қоршаған
ортаға шығарылады. Мәселен, мыс 100 РЗШ, қорғасын 100 РЗШ, мырыш 300 РЗШ,
хром 100 РЗШ, кобальт 50 РЗШ, никель 50 РЗШ, т.б. ауыр металлдардың шекті
мөлшерінің тіркелгенін жарияланған әр-түрлі әдебиеттерден табуға болады.
Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстан аумағында ядролық қарулар сыналған
жерлердің көлемі Ақтөбе облысында 4205,5, Атырау – 1635,3; Шығыс Қазақстан
– 11,1; Жамбыл – 2576,1; - Жезқазған – 4900; Батыс Қазақстан – 1558,8;
Орталық Қазақстан – 19,6; Маңғыстау – 21,4; Павлодар – 717,0; Оңтүстік
Қазақстан – 8,1; Семей – 941,2 мың га жерлерді қамтыған.
Батыс Қазақстан аймағында 1966-1979 жылдар аралығында 24 ядролық қару
сыналған, олар Маңғыстау облысында – 3, Батыс Қазақстанда – 4 және Атырауда
– 17 рет жасалған. Соның ішінде ең ірісі Азғыр полигоны ғана 6,1 мың га
жерді алып жатыр. Зерттеулер нәтижелері бойынша нарын, Азғыр құмдарында
радиоактивті элементтер: кадмий – 80-120, стронций – 150, қорғасын – 80
және нитрат – 8,8 есе шекті мөлшерден көбейіп кеткен.
Үстірт платасында 1968-1970 жылдары жер асты ядролық сынағы жасалған.
Осы жерлердің бәрінде де суға, топырақ пен өсімдік және жан-жануарлар
дүниесіне бұрын соңды болмаған залалдар келді.
Республика аумағында ірі ракеталық полигондар Атырау облысының
Тайсойған, Балқаш көлі маңында Ташкен-4 және Байқоңыр ғарыш аймағында
орналасқан. Бұл жерлерде топырақ беті өте қауіпті улы гептил жанармайы мен
ракета қоқыстарымен ластанған.
Гептил өте улы зат болғандықтан адамдардың өкпе-тыныс жолдарына, жүйке
жүйесіне әсер етіп, бүйрек, буыр мүшелерін зақымдайтыны анықталған. Сол
сияқты ракета, космос корабльдерінің ұшуы қышқыл жауындар жаудырып
қоршаған ортаның тірі комплексінің 3-50 % биомассасын жойып жіберді.
1944 жылы 5 шілде мен 27 қазанда апатқа ұшыраған Протон ракета
тасығышы Қарағанды облысының жеріне гептилен уын шашып орасан зор қауіп
төндірді. Оның зардабы әлі белгісіз болып отыр.
Қазіргі кезде Қазақстан жерінің 33,6 млн га жері соғыс полигондарының
кесірінен бүлінгені анықталды. Сол сияқты республика аймағында барлығы 16
млрд тонна радиоктивті қалдық жинақталған. Ол қалдықтар Ақмола облысының –
800 га, Жамбыл облысының – 190 га, Жезқазған облысының 3,0; Оңтүстік
Қазақстан облысының 2 га жерін алып жатыр. Нәтижесінде, бүгінгі таңда
Қазақстанда радиациялық апат аймақтары мен ондағы қазіргі қалыптасқан
жағдайларда келтірілген фактілер арқылы көруге болады.
Қазақстанның құрғақ климаты жағдайында радионуклидтер топырақта баяу
қозғалып, ұзақ сақталып, экожүйелерді бүлдіреді. осылайша топырақ негізгі
ластану көзі ретінде радионуклидтерді өсімдіктерге, одан жан-жануарларға,
адамға жеткізіп отырады. Ал адам баласы өз кезегінде генетикалық,
соматикалық , онкологиялық ауруларға ұшырап, зардап шегеді. Қазірдің өзінде
Қазақстанда 2,6 млн адам мутогенез ауруымен есепте тұр. Атырау облысында 32
мың адам анемия, сүйек рагі, туберкулез, жүйке ауруларымен ауырып, зардап
шегуде.
Кейбір минералды тыңайтқыштар улы токсинді заттарға айналып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР жер қоры, топырақты қорғау, жерді қайта қалпына келтіру
Топырақтың ластануы Топырақты қорғау Топырақ рекультивациясы Топырақ ремидиациясы
Топырақтың қазіргі экологиялық жағдайлары
Литосфераның құрылысы, құрамы және қасиеті
Топырақтың азуы немесе эрозиясы
Қазақстандағы экологиялық мәселелері
Топырақты қорғау жолдары
Қазақстандағы экологиялық проблемалары туралы
«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәні бойынша лекциялар конспектісі (тезистері)
Топырақ құрамындағы органикалық заттарды анықтау
Пәндер