Топыраққа тыңайтқыштар енгізу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ТОПЫРАҚҚА ТЫҢАЙТҚЫШТАР ЕНГІЗУ

Топырақ құнарын арттырып, одан алынатын дақылдар өнімдерін молайту үшін топыраққа енгізілетін қоректік элементтер. Негізгі қоректік элементтерге азот, фосфор және калий жатады. Сонымен қатар мырыш, мыс, кобальт, т. б. элементтерді аз мөлшерде болса да енгізу қажет. Осы минералды тыңайтқыштармен қатар мәдени дақылдар үшін әр түрлі органикалық тыңайтқыштар қолданылады. Органикалық тыңайтқыштарға мал қиы (көң), тауық саңғырығы, малдан қалған жем-шөп қалдықтары, сабан, шымтезек, т. б. жатады. Әр аймақтың табиғи-климаттық жағдайларына, егілген дақылдардың түрлеріне қарай енгізілетін тыңайтқыштар түрлері, енгізілетін жыл мезгілдері мен мөлшері әр түрлі болады. Бұл саланы ғылыми негіздеумен агрохимия ғылым саласы айналысады.

ТОПЫРАҚТАҒЫ ЗАТТЕКТЕРДІҢ ШЕКТІ РАУАЛЫ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫ (ШРК Т ) - адамның денсаулығына тікелей немесе жанама түрде қолайсыз әсер тигізбейтін, сонымен қатар топырақтың өздігімен тазалану қабілетіне де әсер етпейтін топырақтың егістік қабатындағы ластағыш заттектердің мөлшері. ШРК Т -ның өлшем бірлігі - мг/кг. Топырақтағы ластағыш заттектер үш бағытта мынадай мәліметтерді қарастыру арқылы нормаланады: 1) ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жердің егістік қабатындағы улы химикаттардың мөлшері; 2) кәсіпорынның аумағындағы улы заттектердің жинақталуы; 3) елді мекендердің, көбінесе тұрмыстық қалдықтар сақтайтын жер топырағының ластануы. Егістік қабаттағы улы химикаттарды нормалауға екі көрсеткіш қолданылады: шекті рауалы концентрация (ШРК Т ) және уақытша рауалы концентрация (УРК Т ) . УРК Т дегеніміз - белгілі мерзімге (2-3 жылға) белгіленетін заттектердің есептеу арқылы анықталған болжамды қауіпсіздік әсер деңгейі. ШРК, белгілеу үшін қарастырылып отырған заттектің фондық концентрациясы, оның физикалық-химиялық касиеті, тұрақтылығы, улылығы туралы мәліметтер қолданылады. Сонымен тәжірибе арқылы мынадай мәліметтер анықталады:

• топырақтағы заттектің шекті рауалы концентрациясы; бұл мөлшер деңгейінде оның тағамдық және жемдік өсімдіктерге өтетін көлемі кейбір рауалы қалдықтық мөлшерден, яғни тамақ өнімдеріндегі заттектердің шекті рауалы концентрациясынан аспауы қажет;

• заттек топырақтан ауаға ұшқанда олардың мөлшері ауа үшін белгіленген ШРК-дан аспайтын рауалы концентрация (ұшатын заттектер үшін) ;

• микроорганизмдерге және топырақтың өздігінен тазалану процесіне әсер етпейтін рауалы концентрация.

Қарастырылған көрсеткіштердің ішінде ең қатаң шартты түрде қабылданатын ШРК Т , топырақтарды зияндық сапаларына қарай салыстырғанда негізгі болып қолданылатын да тек осы көрсеткіштің өзі ғана. Қазіргі кезде өсімдіктерді зиянкестерден, аурудан, арамшөптерден қорғау үшін қолданылатын кейбір улы химикаттарға белгіленген ШРК Т мағыналары белгілі (кесте) .

Пестицидтердің топырақтағы шекті рауалы концентрациялары,

мг/кг

Пестицид: Пестицид
ШРКТ: ШРК Т
Пестицид: Пестицид
ШРКТ: ШРК Т
Пестицид: Прометрин (арборицид)
ШРКТ: 0, 5
Пестицид: Хлорамп (арборицид)
ШРКТ: 0, 05
Пестицид: Хлорофос (инсектицид)
ШРКТ: 0, 5
Пестицид: Дихлордифенилтри-хлорэтан немесе ДДТ (инсектицид)
ШРКТ: 0, 1
Пестицид: Севин (инсектицид)
ШРКТ: 0, 05
Пестицид: Гексахлоран (инсектицид)
ШРКТ: 1, 0
Пестицид: Гексахлоранның гамма-изомері
ШРКТ: 1, 0
Пестицид: Полихлорпинен (инсектицид)
ШРКТ: 0, 5
Пестицид: Полихлоркамфен (инсектицид)
ШРКТ: 0, 5
Пестицид:

Карбофос

(инсектицид)

ШРКТ: 2, 0

дағы өсімдіктер, т. б. ) бөлінеді. П-ге вирустар да жатады. П-дің көбі адам, жануарлар және өсімдіктер ауруларының қоздырғышы. Организм иесінің сыртында тіршілік ететін жануарларды, өсімдіктерді немесе микроорганизмдерді - эктопаразиттер деп, ал организм иесінің ішінде тіршілік ететіндерді - тдопаразиттер деп атайды. Мысал ретінде әр түрлі аурулар қоздыратын битті, ішек гельминтерін (жалпақ және жұмыр құрттар), кенені, вирустарды, бактерияларды, көптеген саңырауқұлақтарды, астык дақылдарының сабағында тіршілік ететін нематодты - жұмыр құрттарды, ал өсімдіктердің ішінен арам шырмауықтарды немесе омеланы (улы ақ жидек бүта) атап кетуге болады. Тағы да бір мысал ретінде жылқының ішегінде оның ішек сөлімен қоректенетін құрттарды (эндопаразиттер) да келтіруге болады. Стация жануарлардың немесе жануарлардың бір түрінің тұрақты немесе шектеулі кезенде пайдаланатын мекендеу ортасы.

ПЕДОСФЕРА - планетаның, аймақтың топырақ жамылғысы. Орыстың ұлы ғалымы В. В. Докучаев бүкіл әлемде бірінші болып топырақтану ғылымының негізін қалады. Оның 1883 жылы Петербургте басылып шыққан "Орыстың қара топырағы" монографиясында табиғаттану ғылымының жаңа бір саласы - топырақтану туралы айтылады. Докучаев мәлімдемесі бойынша "топырақ - әлемнің ерекше табиғи әрі тарихи денесі". Оның өзіне тән көптеген қасиеттері мен ерекшеліктері бар. Оның басты қасиеті - құнарлылығы, соның нәтижесінде топырақта көптеген өсімдіктер өсіп, Жер бетіндегі тіршіліктің тірегі болып отыр. Топырақтың әлемде таралуы - географиялық заңдылыққа бағынады.

ПЕСТИЦИДТЕР (лат. резш - жұқпалы ауру және саесіо - өлтіремін) - өсімдік зиянкестері мен ауруларына, арамшөптерге, мақта, жүн, теріден жасалған бұйым зиянкестеріне, жануарлар эктопаразиттеріне, адам мен жануарларға ауру тарататын организмдерге қарсы қолданылатын химиялық заттар. Пестицидтер тобына органикалық жөне бейорганикалық қосылыстар, кейбір дақылдардың оруын жеңілдететін дефолианттар және десиканттар, өсімдік өсуін реттеуіштер, т. б. жатады. Пестицидтер зиянкестерге қарсы қолданылуына қарай бірнеше топқа бөлінеді. Мыс., акарицид - кенеге қарсы, антифидингтер -жөндіктерді үркітетін, инсектицид - жәндіктерді, гербицид -арамшөпті, зооцид - зиянкес омыртқалыларды құртуға қарсы қолданылады. Пестицидтерді пайдалану ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының өнімін арттырады, оның өсімдіктерді қорғауға маңызы зор. Пестицидтер ішінде (ДДТ) көп қолданылады.

Кезінде бүл жаңалық Нобель сыйлығымен марапатталған. Дүние жүзі ауқымында жыл сайын осы пестицидтің 100 мың т мөлшері шығарылып отырған. Соңғы жылдары АҚШ, ТМД елдерінде, Венгрияда, Швецияда, Нидерландыда, т. б. елдерде ДДТ-ның шығарылуы тоқтатылған. Себебі ауыл шаруашылығына тигізетін пайдасынан экологиялық тұрғыдан зияндылығы асып түскен. Жартылай ыдырау мерзімі 50 жылдан артық болғандықтан, қоршаған орта объектілерінде жинақталған ДДТ коректік тізбек арқылы адамдар мен жануарлардың денесіне өткен. Осы жағдайдың салдарынан әсіресе балалар өлімі, тұрғындардың арасында ауру түрлері көбейген. ДДТ-ның биосферада таралғаны соншалықты, Антарктидағы пингвиндердің бауырында да табылған.

Әдеб. : Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976, 9 т, 208 б. ПРОДУЦЕНТТЕР - өздерінің денелерін бейорганикалық қосылыстар есебінен құратын автотрофтық организмдер. Олар өздерінің тіршілік етуіне қажетті органикалық заттектерді Күн энергиясын пайдаланып, бейорганикалық заттектерден немесе бейорганикалық заттектердің тотығуынан өздігінен өндіре алатын тірі организмдер. Автотрофты организмдерге фотосинтезге қабілетті жасыл өсімдіктер, балдырлар мен фототрофты бактериялар жатады.

РАДИАЦИЯЛЫҚ ӘСЕР -- радиоактивті заттектерден шығатын иондаушы сәулеленудің организмдерге әсері. Кейбір химиялық элементтердің және олардың изотоптарының атом ядролары өздігінен иондаушы сәуле шығарып, ыдырайды. Иондаушы сәулеленудің үш түрі бар: 1) көп электр зарядын алып жүретін гелий ядросының а-бөлшектер ағыны; 2) электрондар мен позитрондардың (3-бөлшектер ағыны; 3) қысқа толқынды электромагниттік ү-сәулелері. а-бөлшектер ауада небары бірнеше сантиметр ғана ұшып, қағаз бетімен де ұсталуы мүмкін. Олар адамның киімі арқылы да, тері эпителиі арқылы да өтпейді. Бұлар адам организміне тыныс алғанда немесе тамақпен бірге түскен жағдайда ғана зиянын тигізе алады, клеткалар радиациялық зақымдануға ұшырайды. Себебі оның салдарынан организмде жүретін биохимиялық процестер өзгеріп, физикалық, химиялық және физиологиялық патология орын алып, әр түрлі аурулар, соның ішінде сәулелік ауру пайда болуы мүмкін.

ратын паразит Б. болады. Аэробтық типтегі (аэротенктер) жене ана-эробтық типтегі (метантенктер) Б. биологиялық тазарту қүрылыстарын-да қолданылады.

БАКТЕРИЯЛЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШ - бұршақ тұқымдас дақылдардың тамырларында түйіршіктср жинап, топырақта азот ұстайтын, микробтар санын немесе топырактың органикалық заттарын, минералдануын көбейтетін, құрамында бактерия дақылдары бар препараттар. Микроорганизмдердің топырақ құнарлылығын қалыптастыруда маңызы үлкен. Сондықтан топырақта олардың тіршілік әрекетін күшейту мақсатында, топырак құнарлылығын арттыру үшін пайдалы микроорганизмдерді қолдан енгізеді. Бұл Б. т. арқылы жүзеге асырылады. Б. т. өсімдіктер тіршілігіне қолайлы жағдай туғызып, топырақ құнарлылығын біршама арттыратыны ғылыми зерттеулер аркылы дәлелденген. Б. т. қолдану дұрыс агротехникалық жағдайды, топырақтың қышқылдығын, ылғалдылығын, яғни пайдаланылатын бактерияларға қолайлы орта даярлауды талап етеді. Б. т-тың тиімді әрекеті, өсіресе топырақ типі мен агротехникалық шараларға тығыз байланысты. Сонымен қатар Б. т. даярлауда жергілікті жердің топырағынан бөлінген микроорганизмдер пайдалы екенін ескеру қажет. Б. т-тың бірнеше түрлері бар: азотобактерин, нитрагин, фосфоробактерин, т. б. Оларды қолдануда топыраққа тұқымдармен бірге енгізеді немесе дәндерді бүркиді, тозаңдатады. Мыс., 1 га-ға себілетін тұқым мөлшеріне 400-500 г нитрагин қажет. Мұндай әдістер Қазақстанда да кең қолданылып, жақсы нәтижелер беруде. Б. т. зауыт ыдысында сақталады.

БАРСАКЕЛМЕС ҚОРЫҒЫ - 1939 ж. Қазақ ҚСР Халық Комиссарлары Кеңесінің қаулысы бойынша Барсакелмес аралында қүрылған мемлекеттік қорық. Орналасқан жері Қызылорда облысы, Арал ауданы. Қазіргі кезде бүл қорық 16795 га жерді алып жатыр. Түяқты авдардың (қүлан, ақбөкен) бүл қорық аймағынан тысқары кетіп қалатындығына байланысты қосымша тағы 500 мың га-дай алқап бақылауға алынған. Қорықта өсімдіктің 165 түрі (бүйырған, жусан, адыраспан, татар рауғашы, итсигек, сексеуіл, т. б. сортаң шөптер), аңдардың 8 (құлан, акбөкен, қарақұйрық, саршұнақ, орқоян, түлкі, қасқыр, киік), қосмекенділердің бір түрі, сүтқоректілердің 202 түрлері, құстардың 203 түрлері кездеседі.

БАТПАҚТАНУ - ауадан ылғал мол түсіп, ал жерде булану аз және жербеті, жерасты ағындары жоқ немесе ағындары өте шамалы аймақтарда таралған процесс. Мұндай аймақтар негізінен Ресейдің солтүстік және батыс алқаптарында мол тараған. Мыс., Ресейдің солтүстігіндегі мәңгі тоң басып жатқан тундра жерінің басым бөлігі жөнді дамымаған батпақты топырақтар. Қазақстан жері негізінен құрғақшыл, шөл, шөлейтті болғандықтан жердің батпақтануына мүмкіндіктер өте аз. Бірақ кейбір аймақтарында адам өндірісінің тікелей әрекетіне байланысты жерлердің батпақтануы орын алады. Табиғи жағдайларда, негізінен жазық алкаптардың ойпат жерлерінде орын алған көлдер жағалауларының біршама көлемін өне бойы батпақты жерлер алып жатады. Сулары тұщы болған жағдайларда бұл топырақтарда қамыс, қоға, т. б. батпақты шөптер өсіп малға жақсы азық болады. Ал шөл, шөлейтті аймақтарда орын алған ащы көлдер жағалауларында батпақты жерлерде сирек сор шөптерден басқа ештеңе өспейді. Б. процесі қолдан жасалынуы мүмкін. Мыс., шөлде тақыртүстес топырақтарды күріш дақылына пайдалану нәтижесінде қолдан жасалған батпақты топырақтар пайда болады. Себебі күрішті екеннен бастап піскенге дейін сумен бастыру керек.

БӘСЕКЕЛЕСТІК - тіршілік үшін күрестің бір көрінісі; ол бір түрдегі даралардың немесе әр түрдегі даралардың сол қауымдастықтағы басқа мүшелеріне қарағанда өз мақсатына тезірек жету жолындағы келісімге келмейтін бөсекелестік қатынастар. Б. бір түр ішіндегі, түраралық, тікелей және жанама түрлер болып бөлінеді. Тікелей Б. даралардың бір-бірімен агрессивті шекісіп қалуы немесе өсімдіктер мен микроорганизмдердің улы заттарды бөліп шығаруы арқылы көрінеді. Жанама Б. кезінде даралар арасында тікелей өзара өсер болмайды. Ал аралық звено - әр түрлі жануарлардың бір ресурспен коректенуі, ал ол ресурс шектеуші фактор болуы арқылы жүзеге асады.

БЕЛДЕМДІЛІК - орта түзуші факторлардың орналасуы мен қарым-қатынастарының Жер бетіндегі күн энергиясының таралуына және литосфера, педосфера (топырақ жамылғысы), флора (өсімдік жамылғысы), гидросфера мен атмосфераның, оған қоса климат жағдайларының, арақатынас сипаттарының әр аймақта табиғаттың зоналық заңына сәйкес орналасу заңдылықтары. Б. климаттық, гидрогеологиялық, геохимиялық, геоморфологиялық, топырақ және биогеографиялық, т. б. факторларға тән өзгереді. Жалпы Б. заңы Жер шарында солтүстіктен оңтүстікке жылжыған сайын өзгерсе, ірі биік таулы аймақтарда таудың етегінен биіктеген сайын өзгереді. Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс кезеңінде адам қоғамының іс-әрекеттері Б-ке біршама әсер етуі мүмкін. Мыс., қазіргі ғаламдық жылыну процесі, соған байланысты Жер шарындағы шөлденудің басталуы - тікелей адамның іс-әрекеттеріне байланысты.

Қара металлургия өндірістерінен шыққан ақаба суларда қалқыған қатты бөлшектер, майлар, сульфаттар, хлоридтер, темір қосылыстары, ауыр металдар және т. б. ластаушы құрамбөліктер болады. Ірі металлургиялық орталықтардан атмосфераға жөне ақаба сулармен қоршаған ортаға шығарылатын заттардың мөлшері нормадан бірнеше есе артып кетеді. Металлургия өндірістерінің өздері және олардың қалдықтары көптеген құнарлы жерлер; алып жатыр. Металлургиялық өндірістерде залалсызданатын, не қайта пайдаланылатын қалдықтардың мөлшері 30-35%-дан аспайды. Қалдықтарға металл кесінділері, домналық және коксты газдар жатады. Көп материалдар шойын мен болат алғанда айналымсыз шығынға ұшырап отырады. Ғалымдардың есебі бойынша адамзат пайда болғаннан бері 20 млрд тоннадай темір балқытылған екен. Оның 6 млрд. тоннасы қазір әр түрлі машина, аспап, құрылыс материалдары және т. б. объектілер құрамында көрінеді, ал қалған 14 млрд тоннасы қоршаған ортаға шығарылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Органикалық тыңайтқыштардың түрлері
Азотты тыңайтқыштар
Тыңайтқыштардың топтары мен қасиеттері
Минералды және органикалық тыңайтқыштар
Тыңайтқыштар туралы негізгі мәліметтер
Қоршаған ортаны тыңайтқыштармен ластандырудан сақтау
Топырақтың химиялық мелиорациясына анықтама
Минералды тыңайтқыштарды пайдалану мөлшері
Тыңайтқыштардың мақта өнімділігіне әсері
Қазақстанда таралған топырақтардың көптүрлілігі, құнарлылығы және оларды арттыру мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz