Қазақстан топырақтары туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ

Қазақстан топырақтары 3
Қазақстанның негізгі топырақтары және оларды пайдалану жолдары 5
Тың игерудегі топырақ мәселесі 10
Топырақтану ғылымының пайда болуы 12
Қазақстан Республикасының Топырақтану институты 14

Қазақстан топырақтары

Топырағы Қазақстанда өзге елдерде ігездесетін топырақ түрлерінің
түгелдей дерлігі тараған. Мұнда тайга, тундра топырағына дейін бар, тек
ылғалды субтропик белдеміне тән топырақ қана жоқ. Солт. Қазақстандағы Батыс
Сібір ойпатынан оңтүстіктегі Алатау өңірлеріне дейінгі аралық 1500 — 1600
км, Батыстағы Атырау алқабынан Алтай тауларына дейінгі 3000 км-ге жуық
өңірлерді әр түрлі топырақтар жамылғысы басқан. Бұл топырақ жамылғысының әр
аймақтарда түзіліп, орналасуы геогр. белдемділік заңына байланысты. Мысалы,
Қазақстанның 86% жерін алып жатқан жазық алқаптарында климаттың, топырақ -
Қазақстанның 14% жерін алып жаткан оңт., оңт.-шығыс таулы алқаптарында —
тік белдемдік (биіктік белдеулік) заңына сәйкес болады. Жазық алқап
топырағы. Ауданы 235 млн. га. Қазақстанның жазық аймақтарында солтүстіктен
оңтүстікке қарай мынадай топырақ, белдемдері кездеседі: 1) республиканың
қиыр солтүстігін орманды дала белдемі алып жатыр. Негізінен бүл жерлер
Батыс Сібір ойпатында орналаскандықтан жер беті жазық, ойпатты, сондықтан
орманның шайылған сүр топырағы мен шайылған сілтісізденген қара топырағы
тән. Бұл аймақтың топырақтары құнарлы, негізінен жаздық бидай егіледі.
Қалған жерлерін орман, шабындық пен жайылымдар алып жатыр. Ауд. 400 мың га;
2) осы белдемнен оңтүстікке қарай даланың қара топырақты белдемі (Жалпы
Сырттан Ертіс өңірі жазықтығына дейін 2000 км-ге созылған) жалғасып жатыр.
Аум. 25,7 млн. га, оның 15 млн. га-сы жыртылған жерлер, негізінен астық
дақылдары егіледі. Қара топырақты белдем солтүстіктен оңтүстікке қарай 2
белдем аралығына бөлінеді: кәдімгі қара топырақты белдем аралығы Батыс
Сібір ойпатының оңтүстігін Сарыарқа өңірінің және Жайық биік шығыс
жазығының солтүстік бөліктерін қамтып (ені 100 — 140 км-дей), батыстан
шығысқа созылып жатыр. Аум. 11,8 млн. га. Жер беті жазық, топырағы құнарлы,
негізінен астық дақылдары егіліп, етті-сүтті мал өсіріледі; оңтүстіктік
қара топырақты белдем аралығы — кәдімгі кара топырақш белдем аралығының
оңтүстігін бойлап батыстан шығысқа созылып жатыр, ені 50 — 125 км-дей, аум.
13,9 млн. га. Жер беті жазық, топырағы құнарлы. Бұл негізінен ылғалы
жеткілікті, дәнді дақылдар егуге қолайлы жерлер. Құрғақшылық әрбір 7 — 9
жылда бір-екі рет қайталанады.
3) Республиканың оңтүстік бөлігіндегі шөлді белдемге дейінгі орталық
аймақты құрғақ-далалы және шөлді-далалы қара-қоңыр топырақты белдем алып
жатыр. Аум. 90,5 млн. га, яғни республика жерінің 33,2%-ы. Мұнда
солтүстіктен оңтүстікке қарай 3 белдем аралығына белінеді: күңгірт
қарақоңыр топырақты белдем аралығы — қоңыржай қуаң дала, мұнда жыл сайын
егіннен тұрақты өнім алынбайды. Топырақтағы қара шірік мөлшері 3 — 4%-дай.
Аум. 27,7 млн. га. Топырақ құнары жап-жақсы болғанымен құрғақшылық әрбір 3
— 4 жылда бір қайталанып болып тұрады. Соңғы 10 жылда бұл белдем
аралығындағы жыртылған жер көлемі оларды пайдаланудың тиімсіздігінен,
бұрынғы 10 млн. га-дан 3 — 4 млн. га-ға азайтылған; жай қара-қоңыр топырақ
орын алған алқаптың аумағы 24,4 млн. га. Топырактың беткі қабатындағы
қарашірік мөлшері 2 — 3%. Құрғақшылық кейде жыл сайын, кейде 2 жыдда бір
рет қайталанады, соңдықтан суарылмайтын егіншілікпен айналысу тиімсіз, ал
суару үшін тұрақты су көздері жоқ. Тың игеру кезіндегі асыра сілтеушілікпен
бұл белдем аралығында астық үшін игерілген 4 — 5 млн. га жерге соңғы 10 —
12 жылда егіс егілмейтін болды, тек аз ғана мал азықтық жем-шеп егілетін
жерлер қалдырылды. Мұнда соңғы жылдары тек мал өсіріледі; ашық қара-қоңыр
топыра-ты белдем аралығы — өте қуаң шөл (шөлейт) дала, негізінен мал
шаруашылығына жарамды. Аумағы 38,4 млн. га. 4)Шөл дала белдемінің аум.
119,4 млн. га, немесе республика аумағының 44%-ы. Мұнда 2 белдем аралығы
бар. Қоңыр топырақты белдем аралығы — шөлді аймақ, оның жусаны мол,
жайылымы жұтаң жерлер. Аум. 57,4 млн. га. Жылдық жауын-шашын мөлшері 120 —
150 мм. Топырақтың беткі қабатындағы қарашірік молшылығы 1 — 1,5%. Сұр
қоңыр топырақты белдем аралығы шөлді аймақ, жусан мен эфемерлі өсімдіктер
басым. Аумағы 61,8 млн. га. Жылына түсетін жауын-шашын мөлшері 80 — 130 мм.
Топырақта қарашірік мөлшері 1%-дай. Алқапта құмды, тақыр, cop жерлер жиі
кездеседі. Бұл жерлерде мал шаруашылығы дамыған, егіншілік суармалы
жерлерде ғана шоғырланған. Биік таулы аймақтың топырaғы республиканың
оңтүстік-шығысын алып жатыр. Аумағы 37 млн. га, республика жерінің 14%-ын
құрайды. Қазақстанда топырағы мен климаты жағынан ерекшеленетін 4 биіктік
белдеу бар: 1)тау етегіндегі шөлді-далалы белдеу теңіз деңгейінен 450 — 750
м (кейбір аймақтарда 300 — 1000 м) биіктікте орналасқан. Тянь-Шань тау
етектерінде негізінен сұр, Батыс Тянь-Шань тау етегінде сұр-қоңыр,
Солтүстік Тянь-Шань мен Алтай таулары етектерінде ашық қара-қоңыр топырақ
таралған. Бұл жерлерде суармалы және телімі егіншілік және мал шаруашылығы
дамыған. 2)Аласа таулы дала белдеуі — әр түрлі таулы аймақга 600 — 2200 м
биіктікте орналасқан алқап. Алтай мен Солтүстік Тянь-Шаньда таудың күңгірт
қара-қоңыр және қара топырағы таралған. Ал Батыс Тянь-Шаньда (Оңт.
Қазақстанда) сұр қоңыр және таудың қоңыр топырағы басым. Қарашірік мөлшері
10 — 15%-дай. Жайылымы — шүйгін, ағашы қалың алқап, мал шаруашылығы жақсы
дамыған. 3) Ортaша таулы орманды-далалы және шалғынды-орманды белдеулері әр
түрлі таулы аймақтарды 1000 — 2500 м-ге дейінгі деңгейді қамтиды. Негізінен
таудың шайылған, сілтісіз қара топырақтары мен орманның сұр топырақтары
және таулы-шалғынды топырақ тараған. Батыс Тянь-Шаньда таудың қоңыр,
Алтайда күлгін топырақтар түзілген. Жайылымы — шүйгін, орман шаруашылығы
жақсы дамыған. 4)Биік таулы альпілік, субальпілік шалғынды және қарлы-мұзды
белдеулері Батыс Тянь-Шань мен Алтай аралығындағы биік таулы аумақтардың
1800 — 3800 м кейде одан да биік деңгейлерді алып жатыр. Топырағы альпілік,
субальпілік, шалғынды-шымды. Көпшілік жері топырақсыз тасты шыңдар мен
мәңгі мұз, қар басқан шыңдардың үлесіне тиеді. Шалғынды жерлері — жазғы
жайлау ретінде пайдаланылады.

Қазақстанның негізгі топырақтары және оларды пайдалану жолдары

Қазақстан жер көлемі жағынан ірі ел, Англиядан 11 есе үлкен. Оның ұлан-
байтақ территориясы терістіктен оңтүстікке қарай 1600 км, шығысынан
батысына қарай 3000 км жерге созылып жатқан кеңістікті алып жатыр.
Республика ТМД елдері ішінде Ресейден кейінгі екінші орынды иемденеді. Бұл
— оның жері бұрынғы Ресейден басқа 13 одақтас республиканың жер көлемінен
артық деген сөз. Бейнелеп айтқанда, Қазақстан жеріне Армения сияқты 90
республика еркін сыйып кетеді екен. Халқының саны жөнінен әлемде 71-орында
болып, жер көлемі жөнінен кең-байтақ 10 елдің бірі. Дәлірек айтсақ, Ресей,
Қытай, АҚШ, Канада, Үнді, Австралия, Бразилия, Аргентинадан кейінгі 9-
орында. Оныншы орынға Судан мемлекеті ие.
Мұндай кең алқапта жазықтар мен ойпатты жерлер, биіктігі әр түрлі
таулар кездеседі. Кең алқапты жерлердің табиғи, климат, топырақ жағдайлары
әр түрлі, ол табиғаттын, негізгі зоналық заңына байланысты.
Қазақстанның жазық алқаптарында климаттың, топырақтың терістіктен
оңтустікке қарай өзгеруі табиғаттың көлденең зоналық заңына бағынса, таулы
алқаптардағы топырақ, климат жағдайларының тау етегінен, таудың биік шыңына
карай өзгеруі табиғаттың тік зоналық заңына бағынады. Енді біз Қазақстан
территориясында кездесетін зоналық топырақтардың қысқаша сипаттамасына және
бұл топырақтарды ауыл шаруашылығында пайдалану мәселелеріне тоқталамыз.
(1) Республикамыздың қиыр терістігіндегі біраз территорияны жеткілікті
ылғалданған орманды-далалы зонаша алып жатыр. Бұл зонашада ауадан түсетін
ылғалдың мөлшері жерден буланатын ылғалдың мөлшерімен шамалас, ылғалдану
коэффициенті бірге жуық. Жер беті жазық, ойпатты келеді, сондықтан бұл
аймақта ылғалды-шалғынды топырақтар көп таралған. Негізінен, шайылған
орманның сұр топырағы мен шалғынды қара топырақ және сілтісізденген қара
топырақтар кездеседі. Зонаша, негізінен, Батыс Сібір ойпатында орналасқан.
Мұнда суарылмайтын егіншілік дамыған, негізінен, тәлімі жаздық бидай
егіледі. Егістікке жарамды жерлердің бәрі түгелдей игерілген. Қалған
жерлері орман, шабындық пен жайылым үшін пайдаланылады. Қазақстан
территориясында бұл зонаша 0,4 млн гектарға жуық жерді алып жатыр.
Осы зонашадан оңтүстікке қарай байтақ қара топырақты далалы зона
басталады. Өзінің топырағы мен климаттық жағдайына қарай бұл зона екіге
бөлінеді: а) ылғалдығы жеткілікті дала; б) ылғалы жеткіліксіз дала. Бұл
аймақтың да біразы Батыс Сібір ойпатында жатыр. Солтүстік Қазақстан облысы
түгелдей, Көкшетау облысының көпшілік жері, Қостанай, Павлодар облыстарының
терістік жағы, Ақмола, Торғай, Қарағанды, Ақтебе, Батыс Қазақстан
облыстарының солтүстік шеттері осы зонада орналасқан. Ылғал көбінесе күз
және қыс айларында түседі, ал мамыр мен шілде айлары біршама құрғақ болады.
Егістік өніміне әсер ететін қатты құрғақшылық бұл аймақта 8—10 жылда бір
рет қайталанады. Оның топырақтары Батыс Сібір провинцияларында кездесетін
кәдімгі қара топырақ (ылғалдылығы жеткілікті далада) және оңтүстіктің қара
топырағы (ылғалы жеткіліксіз далада).
Егістікке жарамды жерлердің бәрі жыртылған. Бұл аймақта, негізінен,
суарылмайтын астық егіледі. Дегенмен кебірленген, сорланған топырақтар және
кешенді учаскелер күрделі мелиорациялауды, ал жыртылған жерлер фосфорлы
тыңайтқыштарды керек етеді. Бұл зонаның көлемі 25,4 млн гектардай, яғни
республика жерінің 9%-не жуық. Бұл алқаптың көп жері 1954—1956 жылдары тың
игеру кезінде астықты дақылдар үшін жыртылды.
Қара топырақты далалы зонаның оңтүстігінде Қазақстанның батысынан
шығысына қарай — Семей, Шығыс Қазақстан облыстарына дейін созылып, құрғақ
және шөлді далалы қызғылт-қара коңыр топырақты зона жатыр. Оның келемі 90,4
млн гектардай, яғни бұрынғы KСPO-дағы мұндай зонаның 70% жерін қамтиды. Бұл
аймақта Павлодар облысының көп жері. Көкшетау облысының батыс жағының біраз
бөлігі. Қостанай, Ақмола облыстарының көпшілік жері, Ақтөбе, Орал, Торғай,
Семей, Қарағанды, Жезқазған облыстарының көп жерлері орналасқан. Бұл кең
зонаның солтүстік бөлігінің топырағы оңтүстіктің қара топырағына өте ұқсас.
Күңгірт қызғылт-қара қоңыр топырақ. Орта бөлігінде ылғалдың, азаюына
байланысты өсімдіктердің өсуі де сирексіп, топырақтың қарашірігі азаяды,
топырақтың түсі жай қызғылт-қара қоңырға айналады. Ал аймақтың оңтүстігінде
шөлді далада топырақ түсі тіпті ашық қызғылт-қара қоңырға ауысады.
Ауадан түсетін ылғал мөлшері ете айнымалы. Зонаның солтүстік бөлігінің
топырағы күңгірт-қызғылт-қара қоңыр, онда суарылмайтын жаздық бидай
егіледі. Бірақ олардан алынатын өнім мөлшері ауа райына тәуелді. Орта
есеппен мұнда құрғақшылық төрт жылда бір рет қайталанады. Бұл жердің көлемі
27,7 млн гектардай. Ал зонанық орталық бөлігінде құрғақшылық жиі
болатындықтан, суарылмайтын егін өнімі мұнда тұрақсыз. Бұл аймақта
құрғақшылық екі жылда қайталанып, өнім қанағаттанарлықсыз алынады. Бұл
зонашаның көлемі — 24,3 млн гектар жер.
Бұл зонашаларда да астықты шаруашылықтар, әсіресе, күңгірт қызғылт-
қара қоңыр зонашада жэқсы дамыған. Онда жеңіл топырақтар желмен ұшуға
бейім, оның өзі топырақтың жел эрозиясына қарсы күресу шараларын
ұйымдастыруды қажет етеді. Сонымен қатар топырағында фосфор аз
болғандықтан, фосфорлы тыңайтқыштар қажет. Бұл екі зонашадағы негізгі
егістік жерлер тың көтеру кезінде игерілген. Ескеретіні жайылып кеткен,
топырак қабатында марганец, темір, алюминий тотықтары мол. Міне, осылар
топырақтарға ашық қызғылт түс беріп тұрады. Бұл топырақтарды қызыл
топырақтар немесе латериттер деп атайды. Өсімдік қалдықтары тез
шірігендіктен пайда болған қарашірік, топырақ құрамындағы темірмен қосылып,
берік қосылыс құрайды да жауынға шайылмай, топырақта ұсталынып қалады,
сондықтан да қарашірік мөлшері бұл топырақтарда едәуір, оның құнарлылығы да
жақсы.
Бұл аймақ ТМД еліміздегі негізгі субтропикалық дақылдар шай, лимон,
апельсин, мандарин өсірілетін бірден-бір аудан болып отыр. Міне, біз ТМД
елдерінде кездесетін негізгі зоналық топырақтарға қысқаша сипаттама бердік.
Бүкіл жер шарында да, негізінен, топырақтардың біз тоқталған осы түрлері
кездеседі. Бұл топырақтар түрлері кейбір табиғи жағдайлардың
ерекшеліктеріне қарай аздап өзгеруі ықтимал. Ал таулы жерлердегі топырақтың
тік белдеулік өзгеруіне төменде Қазақстан топырақтарын сипаттаған кезде
толығырақ тоқталамыз, себебі мұнда топырақтардың биіктік өзгерістері толық
қамтылған.
Шөлді далалы зонаша солтүстіктегі далалы аймақ пен оңтүстіктегі шөлді
аймақтың аралығында жатыр. Сондықтан бүл зонашада солтүстіктегі далалы зона
мен оңтүстіктегі шөлді зонаның табиғи ерекшеліктері кездеседі. Қлиматтың
құрғақшыл болып келуіне байланысты мүнда өсетін шөптердің түрлері аз әрі
сирек. Топырақтың құнарлылығы кем, әсіресе, оның құрамындағы қарашірік аз,
топырақ түсі солтүстіктегі күңгірт қызғылт-қара қоңырдың орнына ашық
қызғылт-қара қоңыр болып келеді, топырағының көбісі кебірленген. Ауадан
түсетін ылғал мөлшері жылына орта есеппен 180—210 мм-ақ, бұл егістіктің
өнімді шығуын қамтамасыз ете алмайды. Ылғалдану коэффициенті аймақта
шамамен 0,2—0,3, яғни 20—30%. Бұл қазіргі уақытта, негізінен, мал
шаруашылықты аймақ болып саналады. Жайылымы көктемгі, жазғы, күзгі
уақыттарда жақсы.
Құрғақшылық жиі байқалады, яғни 4 жылдын 3 жылы құрғақ болады.
Сондықтан егін егіп, тұрақты өнім алу тек суармалы жағдайда ғана мүмкін.
Суарылмайтын егін аз мөлшерде, ойпатты, шалғынды жерлерде ғана егіледі.
Мұнда егілетін дақылдар — тез пісетін тары, арпа т. б. мал азықтық
дақылдар. Біздің ойьшызша, бұл алқапта астық өнімі аса тұрақсыз
болғандықтан, астық орнына мал азықтық шөптер еккен жөн. Бұл алқаптың
көлемі кең, 38,4 млн гектар, яғни Қазақстан территориясының 14%-тей жерін
алып жатыр.
Жартылай шөлді зонашаның оңтүстігінің кең алқапты шөл зонасы алып
жатыр. Бұл зонада Батыс Қазақстан облысының біраз жері, Атырау, Маңғыстау,
Қызылорда облыстары түгелімен, Ақтөбе, Торғай, Жезқазған, Қарағанды, Семей,
Талдықорған облыстарының біраз жерлері, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан
облыстарының басым көпшілік жерлері орналасқан.
Бұл алқапта ауадан түсетін ылғал мөлшері өте аз. Ылғалдану
коэффициенті 0,1—0,05-ке шейін кемиді. Жылына түсетін ылғалдың мөлшері
80—150 мм-дей. Үсіксіз уақыттың ұзақтығы 170—220 күнге жетеді. Күні
бұлтсыз, ыстық, 10°-тан жоғары болатын күндердің температура қортындысы
Түркістан маңында 4700%-ке жетеді. Бұл аймақ нағыз шөлдің өзі. Жерге тек
ерте көктем мен күздің соңғы айларында ылғал түседі. Сондықтан өсімдік
тіршілігіне екі биологиялық тыныштық кезең өтеді, оиың біріншісі қыстың
суық, екіншісі жаздың құрғақ кезінде болады. Өсімдіктер де табиғаттың
осындай қысымшылығына бейімделген. Онда өсетіндер: сирек шығатын бұташалар,
жусан және кейбір кебірленген, сорланған топырақтарға бейімделген шөптер.
Өсімдік сирек шығатындықтан, олардың топырақта қалдыратын қалдықтары да
мардымсыз. Сондықтан топырақта қарашірік аз. Осының салдарынан топырақ түсі
бозғылт тартып, өзін түзген тау жынысына ұқсайды. Бұл зона екі зонашаға
бөлінеді: a) cop шөпті жусан өсетін құба топырақтар; б) жусанды cop шөптер
өсетін сұр-құба топырақтар. Сонымен қатар екі зонашада да, әсіресе,
соңғысында тақыр түсті топырақтар мен тақырлар, үйме құмдар және сорланған
жерлер көптен кездеседі.
Аймақ негізінен, мал жайылымына қолайлы. Мұнда тек суармалы егістіктен
ғана өнім алынады. Суармалы егістікте тақыр түстес топырақтарды игеру күріш
егуге ыңғайлы. Топырақ құнарлылығы аз болғандықтан, суарған кезде азотты,
фосфорлы және органикалық тыңайтқыштарды қолдану керек. Шөл аймағы
Қазақстандағы ең мол жерді алып жатыр. Оның көлемі 119 млн гектар, яғни
республика территориясының 44%-не жуық.
Қазақстан территориясындағы жазық жерлер көлемі таулы алқаптармен
салыстырғанда өте көп. Дегенмен реті келгендіктен, таулы жерлердің де
топырағы жайында мәліметтер берейік. Олар — Шығыс Қазақстандағы Алтай
таулары, Алматы мен Талдықорғаң облыстарынын оңтүстігіндегі Жоңғар және Іле
Алатаулары, Жамбыл облысындағы Қырғыз Алатауы, Оңтүстік Қазақстан
облысындағы Қазығұрт пен Қаратау таулары. Төменде біз Іле Алатауын мысалға
ала отырып, тау етегінен бастап жоғарғы өрмелеген сайын топырақ түрлерінің
сипаттамасына тоқталайық. Себебі Іле Алатауы биік, онда белдеулік зоналар
түгел кездеседі. Сондықтан топырақтың биіктік зоналығы жайындағы
халықаралық жиналыстар мен экскурсиялардың Алматыда өтетіні тегін емес.
Таулы алқаптардың етегінде ені әр жерде әр түрлі болып, батыстан
шығысқа қарай созылған тау етегіндегі шөлді дала зонасы жатады. Жазықтағы
шөлді дала зонасына қарағанда тау етектерінде жатқандыктан, бұл аймақтын.
табиғи жағдайы өзгеше келеді. Сондыктан бұл алқапты пайдалану жағдайы да
басқаша.
Тау етегіндегі шөлді далалы аймақтағы ылғал мөлшері жазық
территориядағы шөлді дала зонасына қарағанда әлдеқайда мол. Ылғалдың орташа
мөлшері 250— 360 мм-ге дейін жетеді. Ылғал көбінесе жылдың көктемгі және
қысқы айларында түседі де, жаз, күз айлары құрғақ болады. Бұл аймақта қысқы
көктемгі ылғалды дұрыс пайдаланып, ерте пісетін астық дақылдары — күздік
және жаздық бидай, арпа егіледі. Ал суармалы жерлер де астықтан басқа
бағалы дақылдар: мақта, қант қызылшасы, жүгері, беде мен көкөністер, бау
ағаштары мен жүзімдіктер жақсы өніп-өседі.
Қалған жерлері көктемгі, күзгі мал жайылымдары. Бұл аймақтың топырағы,
негізінен, сұрғылт түсті. Оньщ өзі тау етегінде жатқан аймақтардың таулы
алқаптан қаншалықты кашықтығына, осыған сәйкес түсетін ылғалдың мөлшеріне
байланысты. Топырақ түсі де өзгеріп, бірнеше зонашаға бөлінеді. Таудан алыс
жерлерде топырақтың ашық сұрғылт түсті зонашасы жатады, одан кейін кәдімгі
сұрғылт түсті топырақ, ал тауға ең жақыи аймақта күңгірт сұрғылт түсті және
ашық қызғылт-қара коңыр топырақтар зонашасы кездеседі. Осы үш зонашаның
соңғысында ғана, яғни күңгірт сұрғылт түсті және ашық қызғылт қара қоныр
топырақтар таралған алқапта ғана суарылмайтын егіс өседі, ал сұрғылт және
ашық сұрғылт топырақ таралған аймақта егістікті қолдан суармайынша жақсы
өнім алынбайды. Негізінен, алғашқы екі зонашада Алматы, Жамбыл, Талдықорған
облыстарының қант қызылша егістері, суармалы жерлердегі астықтары темекі,
көкөніс, бау-бақша, жүзімдіктері, Оңтүстік Қазақстан облысының мақтасы мен
дәрілік шөптер алқабы, бау-бақша, жүзімдіктер орын алған. Тау етегінің
шөлді далалы зонасының көлемі 14 млн гектардай, яғни республика жер
көлемінің 5,2%-не жуық.
Тау етегі шөлді далалы зонасынан биігірек алқапта аласа таулы-дала
зонасы басталады. Бұл аймақта таулардың топырақ-климат жағдайларына
тигізетін әсері үлкен. Ауадан түсетін ылғал мөлшері 500—800 мм-re жетеді.
Мұндай мөлшердегі ылғал терістік жақтың жазық жерлеріндегі ешбір аймағында
кездеспейді. Ылғал көп түсетіндіктен шөп жақсы өседі. Топырақтары да
құнарлы, негізінен, қызғылт-қара коңыр топырақ пен қара топырақ. Бұл
аймақта суарылмайтын егіс егіледі, көбінесе астықты дақылдар өседі.
Жайылымы да жақсы. Аймақ таулы, жыралы болып келетіндіктен, жаппай
егістікке қолайсыз, сондыктан көп жерлер табиғи мал жанылымы, шабындық
жерлер ретінде пайдаланылады. Бұл алқапта суарылатын және суарылмайтын
жемісті ағаштар, бұталар көп өседі. Алматының йгілі Апорт алмасы да осы
аймақта өсіп, тамаша өнім береді. Бұл зонаның көлемі 10 млн гектарға жуық.
Орташа-таулы шалғынды-орманды зонасы аласа таулы зонасынан жоғары
жатыр. Бұл аймақта түсетін ылғал мөлшері жылына 850—900 мм-ге дейін жетеді.
Топырағы — құнарлы қара топырақ пен күңгірт қара түсті орман топырағы. Жер
бетінің бедеріне, аймақтың суықтығына байланысты егістік жері өте аз. Жері,
негізінен, жазғы жайлау мен шабындықка қолайлы. Көлемі 4 млн гектардай.
Биік таулы-шалғынды және шалғынды-далалы зона биік таулы аймақтарды
алып жатады. Бұл аймақтың ауа райы орта таулы аймақтардан суықтау. Ауадан
түсетін ылғал мөлшері орта таулы аймақтан аздау. Топырақтары — биік таулы
альпілік және субальпілік шалғынды, шалғынды-далалы топырақтар. Таудың биік
басында жыл бойы ерімейтін қар мен мұз жатады. Алтайдың таулы аймағында
таулы-тундра топырағы кездеседі. Бұл аймақ негізінен малдың, әсіресе, уақ
малдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан топырақтарының экологиясы
Жыртуға жарамды сапасы орташа жерлер
Жыртуға жарамды сапасы орта жерлер
Топырақтану. Тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Сорланған топырақты жіктеу
Топырақтардың химиялық құрамы
Тау топырақтары
Туристік рекреациялық ресурстар
Таулы топырақтардың жіктелуі
Топырақ жамылғысы. Топырақтың ауданы экономикалық қызметке байланысты деградацияға ұшырауын қарастыру
Пәндер