Азаматтық қорғаныстың міндеттері мен қолданатын шаралары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Төтенше жағдайларда халықты, аумақ пен ұйымдарды қорғау саласындағы
Азаматтық қорғаныстың міндеттері мен қолданатын шаралары 2
Халықты қорғаудың негізгі әдістері 7

Төтенше жағдайларда халықты, аумақ пен ұйымдарды қорғау саласындағы
Азаматтық қорғаныстың міндеттері мен қолданатын шаралары

Төтенше жағдайларды ескерту және iс-әрекеттер жөнiндегi Республикалық
жүйенiң өзiне жүктелген мiндеттердi орындауға даярлығы түпкiлiктi нәтижеде
оның осы мақсатқа жету қабiлетiн анықтайды. Қазiргi уақытта адамзаттың
алдында соғыс қатерiнен басқа ғаламдық қауiп-экологиялық апат қауiпi өткiр
тұр: ауа ластанған, өзендер мен көлдер қышқылды жауындармен уланған,
топырақ бөлінуде, ормандарға, өсiмдiктер мен хайуанаттарға қауіп төнуде.
Адам өмiрiне қауiптi заттарды пайдаланатын және өндiретiн обьектiлер
бiр жерге шоғырлануда. Бұл обьектiлердегi апат салдарын қазіргі заманғы
жаппай қырып-жою құралдарын қолдану салдарымен салыстыруға болады.
Чернобыль АЭС-iндегi оқиғаларды, Армениядағы, Нефтегорскiдегi, Шығыс
Қазақстандағы жер сiлкiнiстерiн және басқа төтенше жайттарды талдау бейбiт
уақыттағы жағдайда адамдардың қауiпсiздiгi мәселесiне басқаша тұрғыдан
қарауға мәжбүр етедi.
Республика аумағында атом энергетикасы, химия өнеркәсiбi обьектiлерi
мен өзге де обьектiлерi орналасқан, мұндағы апаттар үлкен адам
құрбандықтарымен, материалдық залалмен қатар елеулi экономикалық салдарға
да ұшыратуы мүмкiн. Осы жағдайлар мемлекеттiк, әскери және шаруашылық
органдары тарапынан Азаматтық қорғаныс мәселелерiне, халықты сенiмдi қорғау
мен шаруашылық обьектiлерiн сақтау, басқару жүйесiнiң мүлтiксiз жұмыс
iстеуi жөнiндегi мiндеттердi шешуде жаңа ұстанымдарды қажет етедi.
Бейбiт уақыттағы ықтимал төтенше жағдайда, сондай-ақ қаруларының даму
бағыты мен оларды қолдану туралы көзқарастарды ескере отырып, халықты
қорғаудың негiзгi принциптерi мен әдiстерiн iске асыру халықтың сенiмдi
қорғалуын дәйектi көтерудi қамтамасыз етедi.
Халықты қорғау принциптерi - бұл бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайда
халықты қорғау тәртiбiн анықтайтын Қазақстан Республикасының Үкіметi ресми
белгiлеген ережелер.
Халықты апат, зiлзала мен құралдарынан қорғау жөнiндегi шараларды
жүргiзу сипаты, көлемi мен мерзiмi ахуалды бағалау және жергiлiктi
жағдайлар мен мүмкiндiктердi ескере отырып, әзiрленетiн АҚ жоспарларымен
анықталады.
Қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан халық пен шаруашылық
обьектiлерiн (ШО) қорғаудың негiзгi принциптерi мыналар:
1. Қорғаныс шараларын өз уақытында жоспарлау және өткiзу. Ол мыналарды
қамтиды:
• бейбiт және соғыс жағдайындағы АҚ жоспарларын әзiрлеу;
• халықты ТЖ мен қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан қорғау
әдiстерiне даярлау;
• ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын жинау және оларды пайдалануға
әзiрлiкте ұстау;
• көшiру шараларын даярлау;
• бейбiт және соғыс уақытындағы жағдайда шаруашылық салалары мен
обьектiлерi жұмысының сенiмдiлiгiн және тұрақтылығын көтеру
жөнiндегi шараларды жүргiзу.
Жаппай қырып-жою құралдары әсерiнiң сипаты, мүмкiндiктерi мен салдары
өткен соғыстағы қарудың түрлерімен салыстырғанда өздерінің жойқын
күштерімен ерекшеленеді.
Осы ерешелiктерiнiң бiрi - қаруды жеткiзудiң жаңа құралдарының пайда
болуының арқасында жер шарының кез келген нүктесiндегi нысананы жоюға
болатындығында. Сондықтан да, тыл мен соғыс туралы ұғым ендi салыстырмалы
сипатқа ие болып отыр. Соғыс жағдайында қазіргі заманғы қырып-жою құралдары
ықпал аймағына кез келген елдi мекен тап болуы әбден мүмкiн.
Осыған байланысты халық пен шаруашылық обьектiлерiн қорғау жөнiндегi
шаралардың әрбiр ауданда, қалада, обьектiлерде, бүкiл республика аумағында
мiндеттi түрде жүргiзiлуі қажет.
Қорғаныс шараларын жүргiзу сипаты мен көлемiн анықтаудағы салыстырмалы
көзқарас.
Қорғаныс шараларының сипаты мен көлемi Төтенше жағдай сипатына, сондай-
ақ, қалалардың, шаруашылық обьектiлерiнiң экономикалық және қорғаныс
маңыздылығы мен жергiлiктi жағдайларға байланысты.
Соғыс уақыты жағдайында, бiрiншi кезекте, халық пен шаруашылық
обьектiлерiн қорғау жөнiнде шаралар АҚ тобына жатқызылған қалаларда, оларға
iргелес елдi мекендерде жүргiзiледi және мынадай жолдармен iске асырлады:
• қызметтерi соғыс уақытында да тоқтамайтын кәсiпорындардың
жұмысшылары мен қызметкерлерiн, сондай-ақ АҚ бойынша топтарға
жатқызылған қалалардағы олардың отбасы мүшелерiн қауiпсiз аймаққа
таратып қоныстандыру;
• АҚ бойынша топтарға жатқызылған қалалардағы жұмысшылар мен
қызметшiлердi бұрыннан бар қорғаныс ғимараттары мен осы мақсат үшiн
ыңғайластырған және бөлiнген орындарға, сондай-ақ соғыс жағдайына
көшiру кезiнде салынатын қарапайым панаханаларға орналастыру.
Бұл қалаларда халықты қазiргi қарудың барлық түрiнен қорғау қамтамасыз
етiлуi тиiс. Ядролық соққы беру ықтималдығы төмен шағын қалаларда, елдi
мекендер мен селолық жерлерде халықты, негiзiнен, радиоактивтi зақымдаудан
қорғау қарастырылады.
Бұл жағдайда тек жергiлiктi халықты ғана емес сондай-ақ, iрi қалалардан
көшiрiлген адамдарды да қорғау ескерiледi.
Сөйтiп, соғыс қимылдары кезiнде тұрғындар мен шаруашылық обьектiлерiн
қорғау шаралары бүкiл республика аумағында жүргiзiлсе де, олардың мазмұны,
көлемi мен өткiзу мерзiмi қандайда бiр елдi мекеннiң қазiргi заманғы қырып-
жою құралдары соққысына ұшырау мүмкiндiгi мен болжанған шабуыл сипатына
байланысты анықталады.
Басқаша айтқанда, қорғау шаралары ықтимал шабуылдың күтiлген сипатына
сай келуi тиiс. Демек, бұл iрi елдi мекендер мен аса маңызды обьектiлердi,
халықты қорғау деңгейiнiң аса жоғары болуы тиiс екендiгiн көрсетедi.
Бейбiт уақыттағы төтенше жағдай міндеттерін анықтау кезiндегi
өткiзiлетін шаралардың сипаты мен көлемi әртүрлi аймақтарға тән зiлзала
түрiне, сондай-ақ аса қауiптi шаруашылық обьектiлерiндегi ықтимал апаттарға
байланысты.
Жерсілкіну қауіпі бар аудандар үшiн халықты қорғаудың негiзгi мiндетi
апатты жер сiлкiнiсi кезiнде халық құрбандығы мен экономикалық залалды
азайту үшін жүргізілетін шаралар болып табылады.
Су басу, тасқын аймағына орналасқан өңiр үшiн зiлзала болатындығын
алдын ала ескертудің маңызы өте зор және оның ықтимал зардабына байланысты.
Химиялық, радиациялық жарылу және өрт қаупi бар обьектiлердегi ықтимал
апат қаупi кезiнде халықты қорғау мiндетi апатты болдырмау және ол пайда
болған кездегi залалды азайтуға байланысты.
Қорғаныс әдiстерi мен құралдарын анықтаудағы кешендi көзқарас.
Халықты қорғау жөнiндегi шаралардың кешендiлiгi ТЖ сипатына байланысты
қорғаныс әдiстерi мен құралдарын тиiмдi пайдалануға, ал соғыс уақытында
зақымдау құралдарының түрi мен көлемiне орай туындайды.
Әрбiр нақты жағдайда қалыптасқан ахуалға олардың қайсысы барынша сәйкес
келетiндiгiне мән бере отыра, халықты қорғау әдiстерiн қисынды үйлестiрiп,
дәл қолдана бiлу қажет. Халықты бейбiт уақыттағы ТЖ-дан осы заманғы
зақымдау құралдарынан қорғау жағдайына жедел аудару үшiн бейбiт уақытта
сипаты мен көлемi бойынша әртүрлi инженерлiк, көшiру, радиациядан қорғау,
дәрiгерлiк қорғау, өрттен қорғау және өзге шаралардың кешенiн өз уақытында
жоспарлап, iске асыру қажет.
Осы шаралардың мәнiн қысқаша қарастырайық.
а) Инженерлiк шаралар.
Халықты қорғаныс ғимаратына жасыру - шабуыл жағдайында оны қорғаудың
ең негiзгi әдiсi болып табылады. Азаматтық қорғаныс тобына жатқызылған
қалалар мен шаруашылық обьектiлерiне панаханаларды дер кезiнде салу
мақсатында қорғаныс ғимаратының құрылысын және қалған қалалар мен селолық
жерлердi радиациядан қорғайтын орындарды (РҚО) салуды өрiстету болып
табылады.
ә) Көшiру шалалары.
Төтенше жағдайда болсын, заманғы зақымдау құралдарын қолдануда
тұрғындарды қоғау мақсатында көшiру шараларын дер кезiнде жүргiзудің маңызы
өте зор.
б) Радиация мен химиядан қорғау шаралары.
Халықты радияция мен химиядан қорғау шаралары әдетте бiрыңғай Азаматтық
қорғаныстың құзырына жатады, олар мынаны қамтиды:
1. Қорғаныс ғимараттарындағы, панаханалардағы ауаны құралдармен сүзу
және айдау:
• радиациялық барлау приборларымен (ДП-5В, ИМД-21);
• химиялық барлау приборларымен (ВПХР, ПХР, ХУЗ) мөлшерiн анықтайтын
индикаторлық түтiкшелермен, аспалы газталдағыштарымен (АГП-1);
дозиметрлiк бақылау приборларымен (ИД-1, ИД-11, ДП-22В, ДП-24)
• залалсыздандыруда осы құралдарды әзiрлiкте ұстау;
• радиациялық және химиялық ахуалды анықтау мен бағалау;
• халыққа радиоактивтiк, химиялық зақымдану туралы хабарлауды; азық-
түлiктi, суды, мал мен өсiмдiктiң зақымдауына жол бермеу және оларды
заласыздандыру;
• радиоактивтiк және химиялық зақымдану жағдайында халықты қорғау
режимдерiн әзiрлеу;
• жердегi ғимараттағы радиация дозасының қуатын, сондай-ақ суды, азық-
түлiктi улы затпен ластануын анықтау үшiн халықтың “Мастер-1”, “Сосна”,
“Белла” тұрмыстық дозиметрлерiн пайдалану;
• радиоактивтiк ластану және химиялық зақымдану салдарын жою.
в) Медициналық шаралар.
Халықты ТЖ мен қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан қорғау бойынша
дәрiгерлiк шаралар халықты иондаушы сәулелерден, улы заттармен, газдармен
және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғау немесе дәрежесiн
төмендету мақсатында жүргiзiледi.
Ол мыналарды қамтиды:
• санитарлық-гигиеналық және сақтандыру шараларын жүргiзу;
• халық пен АҚ бөлiмшелерiнiң жасақшыларын зақымданған кезде өз-өзiне
және өзара көмек әдiстерiн көрсетуге оқып-үйрету;
• халық пен АҚ бөлiмшелерiнiң жеке құрамын дәрi-дәрмекпен
қамсыздандыру;
• обьектiлердiң радиоактивтi, химиялық заттармен және бактериалдық
құралдармен зақымдалуына лабороториялық бақылауды ұйымдастыру;
• санитарлық-ветеринарлық және эпидемияға қарсы шараларды жүргiзу.
г) Өрттен қорғау шаралары.
Бұл - халық пен шаруашылық обьектiлерiн өрттен қорғау мақсатында
жүргiзiлетiн техникалық және ұйымдық шаралардың¦ кешенi. Өрттен қорғау
шаралары мынаны қамтиды:
• ықтимал өрт сипатын, оның зардабын болжап, анықтау;
• қалалардың, басқа елдi мекендер мен шаруашылық обьектiлерiнiң өртке қарсы
берiктiгiн көтеру жөнiнде инженерлiк-техникалық және өрттен сақтандыру
шараларын жүргiзу;
• өрттен қорғау қызметi мен халықтың тиiстi даярлығын қамтамасыз ету;
• өрттің көлемі мен мөлшерін бағалау мен оны бақылауға алу;
• өрт ошақтарын және адамдарды орналастыратын жерлердi бағалау;
• өрттi алдын алу және оның өршуіне жол бермеу мен сөндiру.
Сонымен, қорғау әдiстерi мен құралдарын анықтаудағы кешендi көзқарас
ғана халықтың сенiмдi қорғалуын қамсыздандырады.
Жеке және медициналық қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалана бiлу бүкiл
халықты ТЖ мен қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан сенiмдi қорғауды
қамтамасыз етедi.
Қазақстан қарулы күштерiмен тығыз байланыста қорғаныс шараларын
жоспарлау және өткiзу.
АҚ алдында тұрған мiндеттердi табысты орындауда Қазақстан қарулы
күштерiмен тығыз байланыстың үлкен маңызы бар.
Республика басқару органдарына әзiрленетiн өзара iс-қимыл жоспарларының
мазмұнына Қазақстан Республикасының қарулы күштерімен тығыз байланысты
орнату жөніндегі негiзгi мәселелер енгiзiлген:
Даярлық дабылдары бойынша АҚ және ТЖ органдары гарнизондарының хабарлау
және осы органдардан олар орындаған шаралар туралы керi ақпарат алу
тәртiбi;
Коменданттық қызметтi ұйымдастыру және әскерлердiң, жұмылдыру
ресурсының қозғалысы мен халықты көшiрудiң негiзгi бағыттарындағы
қозғалысты реттеу;
Гарнизон әскерлерiн, жергiлiктi қорғаныс обьектiлерiн, көшiрiлген
халықты қауiпсiз аймаққа орналастыру аудандарын анықтау;
Зақымдау ошақтарында және зiлзала, iрi апат кезiнде барлауды
ұйымдастыру мен құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргiзу мәселелерiн
келiсу. Әскери басшылық жарылыс, өрт, уландырғыш заттар ошақтарын барлау
үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қорғаныс жүйесі туралы
Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдай басқармасының органдарында шешім қабылдау жөнінде информациялық және техникалық қолдау
Адам өмір қауіпсіздігінің негіздері
«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» курсынан дәрістер кешені
«Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің негізгі міндеттері»
Адам өмір тіршілігінің қауіпсіздігінің негіздері пәнінен дәрістер жинағы
Қазақстандағы азаматтық қорғаныс
«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» курсынан дәрістер
Өмір-тіршілік туралы курстың мақсаты және мазмұны
Азаматтық қорғаныстың міндеттері жайында
Пәндер