Туберкулез туралы
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ТАҚЫРЫБЫ:
ТУБЕРКУЛЕЗ
ТЕКСЕРГЕН:
ОРЫНДАҒАН: ГАЛИЕВА Т.
АЛМАТЫ-2007
ТУБЕРКУЛЕЗ
ТУБЕРКУЛЕЗ (лат tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау –
адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің
қоздырғышы – микробактерияны (Кох таяқшасын) неміс микробиологы Р.Кох
(1843-1910) ашты (1882). Туберкулез микробактериялары жіңішке, түзу не сәл
иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1-10, ені 0,2-0,6 мкм. Туберкулез ауруы
көне заманнан белгілі. Ауру белгілері бұдан 7 мың жылдай бұрын неолит
кезеңіндегі адам сүйегін зерттегенде табылған, б.з.б. 3-2 мыңжылдықта
египет мумияларынан анықталған. Туберкулездің клиникасы туралы алғашқы
деректер 2 ғасырда өмір сүрген каппадокиялық дәрігер Аретейдің (Aretaios)
еңбектерінде кездеседі. Одан кейін Гиппократ, Гален, т.б. ғалымдардың
еңбектерінде де туберкулез ауруы еске алынады. Бірақ олар туберкулезді
жұқпалы ауру қатарына жатқызбады. Ал Әби Әли ибн Сина өзінің Дәрігерлік
ғылымның каноны деген еңбегінде туберкулезді тұқым қуалайтын аурулар
қатарына жатқызған. Туберкулездің жұқпалы ауру екенін бірінші рет италиялық
ғалым Дж.Фракасторо (1478-1553) дәлелдеді. Жұқпалы аурудың тарайтын негізгі
көзі – науқас адамнан түскен миробтары бар қақырық. Сау адамға ол негізінен
туберкулезбен ауырған адам түкірген қақырықтың ұсақ сұйық тамшылары арқылы
не кепкен түйіршіктерін ауамен бірге жұтқанда, сирек жағдайда туберкулезбен
ауырған үй жануарларының сүтін шикілей ішкенде, етін шала пісіріп жегенде
жұғады. Организмге туберкулез таяқшасының енуі ауруға себепші болғанымен,
оның толық дамуы үшін жеткіліксіз. Адамдар туберкулезбен бұрын науқастанып,
организмнің иммунитеті төмендегенде, дұрыс қоректенбегенде (әсіресе мал
өнімдерінің белоктары, витаминдер тапшы болғанда), санитарлық-гигиеналық
жағдайлар дұрыс сақталмағанда, сондай-ақ аурумен ұзақ уақыт бойы
араласқанда ауырады. Туберкулез көбінесе 3 жасқа дейінгі балаларда пайда
болады, өйткені оларда ауруға қарсы иммунитет әлі де нашар дамыған, сондай-
ақ жасөспірісмдерде жыныстық жетілу кезеңінде пайда болады. Туберкулез
негізінен тұқым қуаламайды. Туберкулезбен ауыратын адамдардың, әдетте,
балалары ауру болып тумайды. Бірақ туберкулезбен ауыратын ата-ана дер
кезінде емделмесе, аурудан сақтану ережелерін дұрыс сақтамаса, дертті
баласына жұқтырып, баланың туберкулезбен ауруы мүмкін. Туберкулездің ашық
және жабық түрлері болады. Ашық түрінде қақырықты туберкулез таяқшалары
болады, сондықтан туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті
деп есептелінеді. Ал жабық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары
болмайды, бірақ дерт асқынатын болса, туберкулездің мұндай түрімен ауыратын
науқастар да ауру жұқтырады. Туберкулез таяқшалары әр түрлі органдарды,
көбінесе өкпені зақымдайды. Аурудың біліну сипаты туберкулездің түріне,
науқастың жасына, организмнің жалпы жағдайына байланысты. Аурудың ортақ
белгілері: дене қызуының көтерілуі, түнге қарай көп терлеушілік, ұйқының
қашуы және тәбеттің нашарлауы. Науқас жүдеп, ашуланшақ келеді, жұмысқа
қабілеті төмендейді. Туберкулез таяқшалары түскен жердің тінінде кішкентай
төмпешіктер пайда болады. Адам организмі сауыға бастаса мұндай төмпешіктер
жойылып кетеді. Кейде бұл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz