Арал теңіз


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. И. СӘТБАЕВ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Әл-Машани атындағы Жаратылыстану-гуманитарлық институты

«Қазақ тілі» кафедрасы

Баяндама

Тақырыбы Арал теңіз

Тексерген: Мырзақұлова Г. С.

Орындаған: ХТОВ-05-1р

Поздеева А.

Алматы 2005

Арал теңіз

Арал балықшыларының ата-бабалары асқақ рухты, адуын, мінезді теңіздің айтулы болмысына қарап, оны арқалы батырға теңеген деседі. Ол ұланғайыр Түркістан аймағын қос қолындай Әмудария мен Сырдарияның берекелі құшағына алып, желеп-жебеп жатқан Қызыр бабаға да ұқсайтын. Қиын күн, қысталаң дәурен туғанша осылай болғаны рас. Тұтас бір аймақтың айдарынан жел ескізіп отырған Аралдың құшағы жазылып, қос қары талып, қуатты «қолдары» семе бастады. Суы сай-сайға бөлініп, арық қуалап ағып, әбден мезі боп, құты қашқан берекелі Сырдың суы құмға сіңіп, ағысын шөл жұтты дегенге кім сенер . . . Осы сордан соң Арал көрер-көзге төлежіп, нағыз сорға айнала бастады - құдды бір батырдың алтын басына аламан заман туды дерсің. Теңіздің өмірден шегініп, кетіп бара жатқаны сөз бе, онымен бірге осы мандағы өмірдің өзі басқа жаққа бағыт ұстап, күдерсіз кетіп барады . . .

Аралға қалайша қайта жан бітіріп, төніп келе жатқан экологиялық апаттың бетін қалай қайтаруға болады? Суды пайдалану бүгінгі қалыпта қала берсе, 2010 жылы теңіз өліп тынады деп отырған ғалымдар «болжамы» шынымен расқа шыға ма?

Арал маңында болып көрген адам атаулыны алаңдатпай қоймайтын осы сауалдар менің де санамды қажап болды. Аралдың шөлге айналған жерлерінде шағыл құмға батып, бейне бір шыңғырып тұрғандай кемелерді көргенде де, Қазалыда қатырған мұхит балығынан жасалған қатықсыз сорпасымақ ішкенде де, жұмбақтау қозғалысқа келген орғыл құм поездарды тоқтатып тастағанын көргенде де осыны ойладым. Күні кеше ғана, алпысыншы жылдардың аяқ шенінде Қызылордаға жолым түскенде арнасынан асып, көз қандырып, өзіне тән мінез танытып жатқан Сырды көзіммен көргем. Күшіне еніп қайратына мінез қатты тасыған Сырдарияның суын бөгеу үшін облыс жерінде мыңдаған шақырым бөгесіндер тұрғызылатын, қаншама адам күші мен техника осы жұмысқа жегілуші еді. Енді судың тапшылығынан болып отырған саны жоқ шаруаға жұмсалатын шығын сондағыдан жүз еселеп өсіп кетті . . . 1970 жыл. Теңізге жетіп жығылған су көлемі 9, 6 шаршы километр болды. Алты жыл өтті. Сырдария теңізден едәуір шалғай жатқан Аманөткел селосынан әріге жете алмай, үзіліп қалды. Арал семіп, тартыла бастады, оның деңгейі 12 метр төмендеп, бір литр суындағы тұз мөлшері 24 граммға жетті. Планетамыздың аса ірі континентальдық теңіздерінің бірі ұшы-қиыры жоқ сор-батпаққа айнала бастады.

Арал мен Сырдарияның қасіретті тағдыры техникалық прогрестің талайға сабақ боларлық нәтижесі екенін бүгіндері өзегіміз өртеніп тұрып мойындайтын болыппыз. Әрине, Орта Азия мен Қазақстан ирригаторлары бұрынғыдай емес, жетілдірілген техникамен жарақтандырылып, аяғын аңдап басатын болғаны көңілге жұбаныш, әйтсе де соның бәрін пайдалы бағытқа, байыппен пайдалана білуді ойластыру керек сияқты.

Су пайдалану мамандары ұзақ уақыт бойы тек шаруашылықты мол сумен қамтамасыз етуді ойлап келді. Тек қана табыс қуалап, бүгінгі күннің қамын қарастырып жүріп, ертеңгі күнді, бүкіл адамдық масштабтағы болашақты ұмыт етудің сазайын енді тартып отырғандаймыз. Мұрынның астындағыдан арғыны көрмейтін қоймағай тұтынымпаздық осы заманғы техникамен жарақтанып алды да табиғи апаттардан бірнеше есе асып түсетін зиян келтірді. Оның үстіне Арал өңіріндегі «шөл-теңіз» экологиялық таразысы сәл нәрседен секемшіл екенін де ұмыт еттік.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Каналды бетонмен каптап, жылына
Арал теңізінің зерттелу тарихы
Арал теңізінің зерттелуі
Арал
Арал теңізінің экологиялық ахуалы туралы
Қазақстандағы ең ірі теңіздің қазіргі экологиялық ахуалы
Аралдың экологиялық жағдайы
Арал теңізінің жағалық сызығының өзгеруін картографиялау
Арал теңізінің зерттелуі. Арал теңізінің экологиялық мәселелері
Арал теңізінің қазіргі жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz