Іле экологиясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӨСІМДІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ БИОХИМИЯСЫ

ЭКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ТАҚЫРЫБЫ:

ІЛЕ ЭКОЛОГИЯСЫ

ТЕКСЕРГЕН: ҚОЙБАҒАРОВА Б. Х.

ОРЫНДАҒАН: НҰРБОЛАТҚЫЗЫ Ә.

3-топ, 1-курс, қазақ филологиясы, қазақ тілі және әдебиет бөлімінің

студенті

БАҒАСЫ:

АЛМАТЫ-2007

ІЛЕ ЭКОЛОГИЯСЫ

Күннен-күнге жүдеп-жадап бара жатқан Іле өзенінің байлығы жылдан-жылға қусырылып бара жатқан Балқаш көлінің айдыны көз алдыма келген сайын ішім ұлиды. Баяғыда Балқаш, шіркін, қандай еді! Жұрт оны «көл» демейтін, «теңіз» деп атайтын. Теңіз десе - теңіз, о шеті мен бұ шетіне көз жетпейді. Жағасы жайқалған қамыс-құрақ, қалың жиде, сыңсыған тоғай арасында өспейтін шөп жоқ. «Балығы тайдай тулаған, бақасы қойдай шулаған» . . . Толқып аққан Іле дариясымен кеме, баржа жүзеді, кейбір тұстарындағы арғы-бергі жағаға айғайлаған дауыс жетпейді. Балқаш ауданының баржа жүзеді, кейбір тұстарындағы арғы-бергі жағаға айғайлаған, дауыс жетпейді. Балқаш ауданының орталығы Бақанстан төменгі жақтағы бәрі - аққулар жүзген, үйрек ұшып, қаз қонған айдын шалқар көлдер, қырғауыл жорғалап, қоян қашқан, елік үркіп, қарақұйрық секірген ұлан-байтақ ен дала.

Балқаштьщ Көккөл деп аталатьш шағын аралында соғыстан бұрын қайнаған тіршілік болған, онда көбінесе кәмпескеден қашқан, ашаршылық қырғыннан жан сауғалаған Арқаның адамдары, Қиыр Шығыстан жер аударылған кәрістер күнін көреді екен. Жағадағы ел бұл аралға жазда қайықпен, қыста ат-шанамен қатынайды екен. Сол маңайдағы жұрт ақ балық пен сары сазанның арқасында Кеңес өкіметінің ең қиын кезеңдерінен аштан өлмей аман қалған.

Іленің өзінде балық шіркін қырғын екен. Мұны жергілікті халықтың тұрғындары дәлелдей алады: күнде таңертең орыс, неміс, қазақтар өзеннен балықты қауғамен сүзеді, бір салғанның өзінде бір қазан аяқ балық, сары сазан, майшабақ түсетін. Бұлардың семіздігі сонша, ел оны қуырьш та, асып та жейтін. Асқанда кәдімгі майдың еті сорпасына салғандай қамыр қайнатады. Сорпасының дәмі, бұрқыраған исі қандай еді, шіркін!

Бақанаста ГРХ - Мемлекеттік аңшылық шаруашылығы жұмыс істейтін. Аудандағы ең бай ұжым сол. Елуінші жылдардың басында жылына мемлекетке миллионнан астам құндыз терісін өткізетін. Қаншама қазақ қақпан құндыз аулады. Қаншама адам жұмыспен қамтылды. Және табысы қандай! Ақшаға қосымша қант-шай, киім-кешек үйіліп-төгіліп жататын. Шетелдерге де бағалы аң терісін өткізіп, қыруар пайда келтірген осы мекеменің бастыгы Сталиндік сыйлық алып, күллі Балқаш ауданында жоқ жалғыз жеңіл машинаны жалғыз-өзі мініп жүргеніне жұрт қызыға қарайтын . . .

Осыдан жиырма жыл бұрын Жоғары Кеңестің депутаты, жазушы Сайын Мұратбеков «Жиделі» ауылдарына барып, ашық пароммен Көккөлге бет алған. Мөлдір аспан астында айнадай жарқыраған айдын көл қандай шіркін! Бір кезде онтүстік Балқаш жағалауында ба-лық кептіретін, өңдейтін әртүрлі кәсіпорындар жұмыс істеуші еді, қазір біреуі жоқ. Іленің суы азайған, кеме түгіл қайық жүзе алмайтын тұстары бар екен. «Әне бір жерден ит кешіп өте алады» дейді жергілікті жігіттер. Көккөлде ел жоқ, қалың қамыс, шүйгін шөп ішінде бір қора қой, сиыр жайылып жүр. Бұрынғы балшықтан соғылған тамдардың, жергілікті тұрғындар оқитын мектептің қираған орнын көрген Сайын: «Мұның туған жерін көрдік, ал енді елі қайда?» деп сұрады бірге жүрген жігіттерден. «Жан-жаққа бытырап кетті ғой! - деп ашығын айтты жігіттер, - Балық аз, су азайған соң құндыз да құрыды, аң-құс сиреді. Қап шағай су қоймасы Ілені байлағалы бері бұл маңайдан береке кетті, ырыс қашты».

Шынында осыдан жасалған жойқын шабуыл Іле-Балқаш өлкесінің бет-бейнесін күрт өзгертіп жіберді. Әуелгі жобада «Алматы қаласын, күллі облысты арзан электр қуатына қарық қыламыз» деп, осыған ынталы ғалымдар мен инженерлер өкіметті де, халықты да ал-даған. Қазіргі беріп отырған электр қуаты Қапшағайды, тағы басқа азын-аулық елді мекендерді жарықпен қамтамасыз етуте зорға жетіп отыр. «Жасанды теңіздің жүздеген шақырымға созылатын жаға-лауларын жасыл аймаққа айналдырамыз, халық демалатын көрікті орындар жасаймыз» деген лепірме сөз міне, отыз жылдан астам уақыт өтті - желге ұшып кеткендей әсер қалдырды, Қапшағай қаласының өзі өндіріс орындарынан айырылып, теңіздегі басты ырзық - балық азайып қалт-құлт өмір кешуде.

«Іленің Тасмұрыннан төменгі оң жағалауына күріш егетін 80 совхоз орнатамыз, бір килосы бидайдың төрт килосына сай бағаланатын ақ маржан тасқынын жасаймыз» деген бөсербей сөзден де қазір белгі жоқ. Алматы қаласы әлі күнге дейін бір жарым миллион халықты көмірмен, газбен жылытып отыр. Қашпағай суының күші үш түрбаға ғана жететін ГЭС-тің энергетикалық маңызы аз екені айдан анық болды. Оның есесіне Еуропаның кішігірім бірнеше мемлекеттері сиятындай ұлан-байтақ өлкенің экологиясы мүлде бұзылды, ғасырлар бойы қалыптасқан табиғат тепе-теңдігі жойылды.

Балқаш ауданындағы Ақдалаға күріш егетін 80 совхоз түгіл, зорға ұйымдастырылған 8 совхоздың өзі нарық экономикасына шыдамай шайқалып, шашырай бастап еді, осы өңірден шыққан атпал азамат іскер кәсіпкер Дүйсен Нұрлановтың күш-жігері арқасында ғана жансебіл күй кешіп отыр. Агротехникалық шаралар жөнді қолданылмағандықтан топырақ тұзданып, сорға айнала бастап еді, та-лай шақырым жерлерге тартылған каналдарды құрақ, қамыс, шолаң шөп, сары құм басып бара жатқан - енді аз-аздап қалыпқа келе бастағандай ма, қалай . . .

Анық білетінім - Қапшағай «теңізі» де, ГЭС-і ел ырзығына айналган жоқ, есіл су қүм астына сіңіп жатыр. Бәрінен бұрын табиғи теңіз - Балқаш, Аралдың көбін кие ме деген қорқыныш бар!

Енді «жығылғанға - жұдырық» дегендей, Іле-Балқашқа құлақ естіп, көз көрмеген қауіп төніп тұр: өзеннің бас жағындағы қытайлар суды өз жерінен жырып-бұрьш әкету мақсатымен екі жүз шақы-рымдық канал қазып бітуге таяу. Тапшылықтың гөй-гөйін сонда тартамыз. Қазақстан жеріндегі Іленің екі жағалауы қамыс, тоғай қурайды, құриды. Бақанастың төменгі жағындағы онсыз да сиреп азайған үлкенді-кішілі көлдер тартылып, жан-жануарлар жаппай қырылады, әзірге тұщы дәмі бар Балқаштың батыс бөлігін тұз басады. Сонда Балқашты айнала тіршілік етіп отырған Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының халқы не күй кешеді? Үш миллиондай адам нәсібін тауып жеп отырған айдын шалқар көл қандай ахуалға ұшырайды?!

Осының бәрін көз алдыма елестетсем, ойым он саққа бөлініп, санаммен сандаламын.

Соңғы уақытта қалың тұман уайымның аржағынан нәзік бір сәуле сығалайтын тәрізді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Балқаш көліне назар аударды, тікұшақпен, жүйрік қатермен айналасын аралап шыққанын теледидардан көрдік. Көп ұзамай, Үкіметке тапсырма берілген бе, - ғалымдар, әкімдер, мамандар бас қосқан жиын өткізілді, алдағы уақытта кең көлемде қаулы-қарар қабылданатын тәрізді. Басты мақсат

- Балқаштың айналасын туристік аймаққа, демалыс орындарында айналдыру екен. Сонда Іле-Балқаш мекендейтін дүниежүзілік мәні бар сирек аң-құстардың, алуан түрлі балықтардың, азайған құндыздың көрген күні не болар екен?

Жалпы, Іле-Балқаш тағдырына көңіл бөлінбей келеді десек артық айтқандық болар еді. Қапшағай су қоймасы салынады екен деген дақпырттан кейін-ақ бұрынғы Одақ көлемінде айғай-шу шыққаны есімізде. «Литературная газета»-ның бірнеше нөмірінде «Балхаш должен жить» деген тақырыппен айтыс-тартыс өтті. Беріде «Арал-Балқаш комитеті» құрылып, ақша жинап, абыр-сабыр болғандар да бар. Қазақ ССР Ғылым академиясы ұйымдастырған конференцияға да қатысты. Осыдан он бес жыл бұрын Балқаш аудандық партия комитеті арнайы пленумге өткізіп, оған Алматыдан ғалым-мамандар шақырылғаны да белгілі. Бірақ, осының бәрі, шыңтуайтқа келгенде, құр айғай-сүрен, шалағай шу болып шықты. Ілеге де, Балқашқа да бұлардан келген еш пайда жоқ.

Әңгіменің анығы мынау: Іле-Балқаштың барша байлығын, табиғи тепе-теңдігін өз қолымызбен талқандап жатырмыз. Қапшағай теңізінің де, ГЭС-інің де түкке керегі жоқ еді. Жағасына үлкен қала салынды, онда жүздеген мың адам тіршілік етіп жатыр - енді оны қозғай алмайсың. Бірақ Іленің төменгі жағына су жіберу тәртібін қатал бақылауға алу керек ғой! Гәп мынада: қыс айларында электр қуаты көбірек керек болған жағдайда ГЭС түрбаларын қаттырақ айналдыру үшін жасанды теңіз суын ағыл-тегіл ағызады, Іле мұзының үстімен жөңкілген су нағыз тасқын - топан суға айналады. Жағалаудағы ін қазып «үй» тұрғызған байғұс құндыз балаларымен қоса тұншығып өледі, мұз үстіне мұз боп қататын сел балықты да түншықтырады, басқа да аң-құстар қисапсыз қырылады. Осынау қасірет-қырғынға жаны аштын, заң алдында жауап беретін тірі пенде жоқ!

Аң-құстардың қаскөй жауы - әрине, браконьерлер. Астарында «Джип», «Нива» сияқты ой-шұқырға қарамай зулай беретін автокөліктері бар қала-даланың табиғат дұшпандары асфальт жолдардағы тосқауылдарды айналып өтіп, қырғауылды, қаз-үйректі оқ-бытырамен, өлікті тұзақпен, балықты дәрі жарылғымен, қабанды қуып жетіп ұстарлықтай қауқар да, көлік те жоқ. Атқа мінген, немесе бұрынғы бастықтардан қалған ескі автокөлікке отырған қорықшылар «Джип», «Нивалардың» шаңына да ілесе алмайды.

Балқаш көлінің батысындағы «Сарышаған» әскери полигонының офицерлері Іле бойын, көл жағалауларын тікұшақпен кезіп жүріп, аң-құстарды автомат оғымен атқылайтынын естігенбіз. Жеке браконьерлерді тамақпен, киіммен, қару-жарақпен қамтамасыз етіп, машина түгіл тұяғы баспаған қойнауларға орналастырып, шошқаның, еліктің, құндыздың және басқа аң-құстардың ең бағалыларын тікұшақпен Балқаш қаласы аэропортына жеткізіп, одан әрі Мәскеуге, Ресей қалаларына жөнелтетіні жайында құлағымыз шалған.

Іле бойының елігін, балығын, қабанын, қырғауылын құртқан тағы бір сорақы жағдайды көзбен көруге жағдай болған. Анау бір жыл-дары Қапшағайдан төменгі жүздеген шақырым жерлерде Алматы қаласындағы өндіріс орындарының 20 демалыс аймағы ұйымдастырылған болатын. Алматы қаласындағы жұмысшы қызметкерлер сенбі-жексенбі күндері табиғат аясына шығып демалсын, көңіл көтерсін, аң-құстардың көбеюіне септік жасасын . . . Ха-ха! Күлесің бе, күйесің бе? Жай қармақ емес, тораулары бар, жарылғыш заттары, бытыралы мылтықтары бар «демалушылар» өкіметтің тегін таратқан табиғат байлығына жаудай тиді. Аң-қүстар көбеймек түгіл «тұқымы тұздай құрыды», балықтан береке кетті. Іле жағасы бос бөтелкелерге, консерві қаңылтырларына, полиэтилен мөшектерге толды. Жағаны жинайтын, тазалайтын адам жоқ. Ол - ол ма, отырған жерлерінде от жағып, темекі тартып өрт салып кеткендері қаншама! Суретші ағамыз Әбубәкір Ысмайылов «жүр» деген соң қармақпен балық аулауға барғанымызда осындай былыққа кездескенбіз. Іле жағасында екі күн жатып, бір де бір шабақ ұстай алмағанымызға сенесіз бе? Осыдан отыз-қырық жыл бұрын Іленің екі жағасындағы ой-қырларда қарақұйрық деп аталатын киіктің ең бір құнды түрі қойша өріп жүретін. Бұл күндері соларды дүрбі салсаң да көре алмайсың. Өйткені, жүйрік машина мінгендер еті аса дәмді қарақұйрықты түн ішінде қуып, машина жарығымен тоқтатып, қырып жатқанын көзбен көрдік. Қазіргі қауіптің зор түрі - Алматы маңын-дағы Сорбұлақ су қоймасы. Атына заты сай сол шұңқырға үлкен қа-ланың күллі қоқысы құйылып жатыр. Табиғат қорғаушылар қолдан жасалған дамбы бұзылса, немесе артық су асып төгілсе барлық нәжіс Курті өзеніне, одан Ілеге, одан Балқашқа лап беретінін айтып айғай шығарғалы қашан. Бұл проблеманың қалай шешілетінін төменгі ел әлі білмейді.

Іле бойын мекен еткен халық өзен суы шалқып ағып жатқанда өз аулаларынан құдық қазып тұщы су ішетін. Өзендегі су төмен түскелі бері ылғал да тереңге кетті, құдықтағы судың нәрі бұзылды, соның салдарынан бауыр, ішек-қарын аурулары көбейді. Әсіресе өсіп келе жатқан жас жеткіншектерге обал-ақ.

Іле - Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер (әсіресе Қапшағайдан төменгі бөлігі) өте сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындагы камыс-қоғаның жойылуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтерілді. Ауа райы өзгеріп, куаңшылық пен аңызақ желдер үдеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүние жүзіндегі және Қазақстандағы қазіргі экологиялық мәселелер
Су жүйелер экологиясы
Экологиялық тәлім-тәрбиенің қазіргі мәселелері
БАЛҚАШ ӨҢІРІНІҢ ЭКОЛОГИЯСЫ
Балхаш көл
Топырақтың қазіргі экологиялық жағдайлары
Қазақстан табиғатының экологиясы және тұрақты дамуы
Қазақстанның табиғат жағдайы
Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
Өндірістік қалдықтардың қоршаған ортаға әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz