Экожүйелер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Экожүйелер (грек сөзі оіkos - үй, орын және жүйе Тапslеу, 1935) - тірі
организмдер мен олардың айналасындағы ортадағы өлі заттар (абиотикалық)
арасындағы қарым-қатынастар шебер қолмен жасалған механизмдер сияқты тығыз
байланыста болады. Тірі организмдерсіз өлі заттар болмайды. Өлі заттар тірі
организмдердің денесі құралмайды немесе өлі заттарсыз тірі организмдердің
күн көруі мүмкін емес. Тірі заттар мен өлі заттар бірігіп табиғаттың
экологиялық жүйесін құрайды. Экологиялық жүйе деген терминді 1935 жылы
ағылшын экологы А-Тэнсли биологая ғылымдарына енгізген. Ағылшын және
Америка Құрама Штаттарының биологтары бұл терминді кең көлемде өз ғылыми-
зерттеу жұмыстарында қолданған. Сонымен экологиялық жүйе биосферада
тіршілік ететін тірі организмдердің емір сүру заңы. Ол нақтылы биологиялық
құбылыс. Биологияда екі процесс -ассимиляция және диссимиляция -бір-біріне
қарама-қарсы үздіксіз жүріп отырады. Ассимиляция - күн сәулесінің көмегімен
бейорганикалық заттардан (көмірқышқыл газынан, су, минералды элементтерден
фосфор, калий, азот, темірден және т.б.) заттардан органикалық заттардың
синтезделінуі. Мұны өсімдіктер физиологиясында фотосинтез процесі деп
атайды. Биосферадағы барлық тірі организмдердің тіршілігі осы фотосинтез
процесіне байланысты болады. Соңдықтан да бұл ұлы процесті көптеген
мамандар, ғалымдар барған сайын тереңірек зерттеп олардың көптеген құпия
сырларын ашуда. Туған жеріміздің өсімдіктері мен жан-жануарларының
экологиясына зерттеулер жүргізіп ондағы жаңалықтарды білу өте қажет
мәселелердің бірі болып есептелінеді. Экожүйелерде энергияның кептеген
түрлері жиналады. Көне замандарда күн сәулесінің энергиясын осы уақыттарда
жерден қазылып алынып жатқан таскемірлердің, мұнайдың, жанатын сланецтердің
құрамына жиналған. Оны адамзат баласы өзінің күнделікті тұрмысына
пайдаланып жатыр.
ЭФЕМЕРЛЕР - қысқа мерзімде тіршілік ететін шөптесін өсімдіктер мен
жан-жануарлар. Олар көктемнің бас кезінде жерде су көп уақытында, ауа
температурасы онша жоғары болмай қалған кезде тіршілік етіп, он-он бес
күннің ішінде ұрық беріп, содан кейін тіршілік процестерін токгатады.
Ұрығынан келесі көктемде жаңадан өсімдіктер есіп шығады. Жан-жануарлар
дүниесі де осындай процестерді қайталап отырады.
ЭХОЛОКАЦИЯ (эхо және латынша Іосаtіо - орналастырамын) - кей-бір
жануарлар (дельфиндер, жарқанаттар, ит балықтар, кейбір құстар) өте жоғары
(ультра) толқынды дыбыстар шығарады. Жарқанаттар кеңістікке ультрадыбыс
шығарғанда - 150 мың герцке тең "ысқырық" болып құлаққа естіледі. Бұл
ультрадыбыс заттардан шағылысып, қайта оралып - жарқанат үшін заттардың
қанша кашықтықта екенін, оның көлемін анықгап, бағдар-лайтын негізгі амал.
Дельфиндерде ысқыру, шиқылдау, ысылдау, ыңқылдау, шыңғыру арқылы жан-жаққа
150-155 мың герцке дейінгі алуан түрлі дыбыс тербелістерін таратады.
Дельфинді эхолокатор десе де болады. Өйткені тербеліс кезі, дыбыс тарататын
антенна, бағытталған дыбыстарды қабылдағыш антенна, қабылданған хабарды жан-
жаққа реттеп таратып отырады. Жануарлардың жылжу бағыттарын координатасын
анықтап береді.
ЭКОЖҮЙЕЛЕРДЕГІ ДАҒДАРЫС - табиғаттың дүлей күштерінің әсерінен
(жанартаулардың атқылауын, сел жүруден, жер сілкінуден, катты сокқан
дауылдардан, өрттен, жел және су эрозияларынан және тағы басқа табиғи
процестерден) апаттардан болатын күйзелістерді экожүйелік дағдарыс деп
атайды. Мұндай жағдайлар кейінгі кездерде жер шарының түкпір-түкпірлерінде
көп болады.
ЭКОЖҮЙЕЛЕРДІҢ ЖЫЛУ РЕЖИМДЕРІ - жерге түсетін күн сәулесінің ұзын
толқынды радиациясының көлемі мен өзгеруінің мөлшері. ТМД аймағында жылу
радиациясының бөлінуі біркелкі деп айтуға болмайды. Бір жылда 50-60 С
ендіктегі биоценоздардың деңгейлеріндегі жылу балансы 125 кДжсм (30
ккалсм ) ал 30-40 С ендікте 243 кДжсм (58 ккалсм ) тең келеді. Жыддың
көптеген мөлшері эвопат-ранспирацияларға жұмсалынады. 100 кДжсм (14,22
және 24 ккалсм) ауаның түрблентті ағымымен 67,91 және 142,0 кДжсм (16,2
және 34 ккалсм ) жылу кетеді. Жаз айларында жылу алмасу күшті жүреді. Шөл
даланың топырақтарының үстіңгі қабаттарында күн сәулесінің энергиясы мол
сіңіреді. Күн сәулесінің тәуліктік ырғағы өте қарқынды етеді. Мәдени
дакивдар егілген, жақсы ұқыпты түрде өңделген жерлерде жылу алмасу
процестері қарқынды етеді. Топырақгың биогоризонттарындағы жылудың алмасуы
топырақтың жылу өткізгіштің қасиеттерінің реттелінуімен өтіп отырады. Мұнда
тәуліктік ырғақ топырақтың 50 см дейінгі тереңдіктерінде басылып қалады.
Жылдық ырғақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экожүйе және экожүйелер
Экожүйе құрылымы
Экожүйенің тұжырымдамасы
Экожүйелер тұжырымдамасы
Биоценоз, биогеоценоз және экожүйелер туралы түсініктер
Экожүйелер экологиясы
Экожүйенің жіктелуі
Тұщы су экожүйелері
СИНЭКОЛОГИЯ (Қауымдастықтар экологиясы). ЭКОЖҮЙЕ КОМПОНЕНТТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СИПАТТАМАЛАРЫ
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы
Пәндер