экологиялық жүйе құрылымы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ЭКОЖҮЙЕЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Экологияның ең негізгі объектісі экологиялық жүйе, немесе экожүйе –
тірі организмдер жиынтығының қоректену, өсі және ұрпақ беру мақсатында
белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи
қалыптасқан жүйесі. Функциялы тұрақтылығы аз уақытқа созылса да қарым-
қатынаста болатын құрауыштары бар кез-келген бірлікті экожүйе деп атауға
болады. Экожүйе деген терминді 1935 жылы бірінші рет ұсынған ағылшын
экологы А.Тенсли экожүйені құрамына организмдер де, абиоталық орта да
кіретін жер бетіндегі тірі табиғаттың негізгі функциялық бірлігі деп
есептеуі және оның әр бөлігінің екіншісіне әсер ететініне назар аударды.
Былайша айтқанда, экожүйе заттектердің айналымы мен энергия тасымалдануы
жүретін органикалық молекулалардың сіңімділік түрде белгілі қоры және
организмдердің үш функционалды әртүрлі экологиялық топтары: продуценттер,
консументтер, редуценттер болуы қажет.
Продуценттерге өздерінің денелерін бейорганикалық қосылыстар есебінен
құратын автотрофтық организмдер жатады. Олар өздерінің тіршілік етуіне
қажетті органикалық заттектерді Күн энергиясын пайдаланып, бейорганикалық
заттектерден немесе бейорганикалық заттектердің тотығуынан өздігінен өндіре
алатын тірі организмдер. Автотрофты организмдерге фотосинтезге кабілетті
жасыл өсімдіктер, балдырлар мен фототрофты бактериялар жатады. Консументтер
- бұлар гетеротрофты организмдер, продуценттер немесе басқа консументтер
өндірген органикалық заттектерді корек (азық) көзі ретінде пайдаланатын
немесе оларды жаңа түрге трансформациялайтын организмдер. Бұларға барлық
жануарлар (адамды қоса), саңырауқұлақтар мен микроорганизмдердің көбі,
паразиттік және жәңдіккоректі өсімдіктер жатады. Консументтер бірінші және
екінші реттік болып бөлінеді:
• бірінші реттік консументтер (фитофагтар) — тек қана өсімдіктекті
корекпен тіршілік жасайтын жануарлар, көптеген жәндіктер (бүғы,
піл, қой, қаз, көк шегіртке, өсімдік биті);
• екінші реттік консументтер (зоофагтар) — жануарлармен
коректенетін организмдер, жыртқыштар.
Консументтердің тағы бір маңызды тобына детритофагтар, немесе
сапрофагтар - өлі органикалық заттектермен - өсімдіктермен жануарлардың
тіршілігінен пайда болған қалдықтармен, өнімдермен коректенетін жануарлар
(түрлі-түрлі құрттар, бунақаяқтылар) жатады. Олар экожүйені тазалау
функциясын атқарады және топырақтың, жертезектің, суқоймаларының түбіндегі
шөгінділерді түзуге қатысады.
Жалпы консументтер экожүйенің коректік тізбегінде тұтынушылар тобын
кұрайды.
Редуценттер өлі органикалық заттектермен қоректенеді, оларды ыдыратып
қайтадан бейорганикалық қосылыстарға айналдырады. Редуценттер арқылы
экожүйе ортасына молекулалық азот, минералды элементтер және көмір кышқыл
газы қайтарылып отырады.
Редуценттерге негізінде өліктер мен экскременттерде мекендеп, оларды
біртіндеп ыдырататын микроорганизмдер (бактериялар, ашытқы
микроорганизмдері, саңырауқүлақтар -сапрофиттер) жатады. Саңырауқұлақтар
негізінде өсімдіктердің клеткаларын, ал бактериялар жануарлар өлімтіктерін
ыдыратуға қатысады. Микроорганизмдер басқа да функцияларды атқарады, олар
ингибиторлар (мысалы, антибиотиктер) немесе, керісінше, жылдамдатқыш -
заттектер (мысалы, кейбір витаминдер) түзеді, олардың экологиялық маңызы
өте жоғары, бірақ та осы уақытқа дейін толығымен зерттелмеген.
Осы қарастырған топтастыруды салыстырмалы деп есептеуге болады,
себебі консументтер де, продуценттер де жартылай редуценттердің
рөлін атқарады, өмір тіршілігінде олар қоршаган ортаға заттек
алмасуында шыққан минералды өнімдерді тастап отырады.
Экожүйенің қасиеттері оның құрамына кіретін өсімдіктер мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экожүйе мен биогеоценоз - тірі ағзалардың және ортаның жиынтығы
Ағза мен орта.Ағзаға әсер етуші 2 фактолар мен олардың әрекеті
Экожүйелердің табиғи дамуы
Организмдердің қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым
Экожүйе құрылымы
Экологияны оқытудың теориялық негіздері
Экожүйелер туралы негізгі түсініктер
Тірі ағзалардың бірлестіктері. Биоценоз, биотоп, биогеоценоз, экожүйе. Қоректену тізбегі – Сукцессия
Құқық жүйесі
Экожүйенің тұжырымдамасы
Пәндер