ЭКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
ЭКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МІНДЕТТЕРІ
Қазіргі кездегі кез келген аймақтарда таралған тірі ағзалар ұзақ
уақыттарды қамтитын геологиялық дәуірлерде бірте-бірте қалыптасқан және
олар өздері тіршілік ететін орта жағдайларына бейімделген. Тірі ағзалар
өзара және айналадағы табиғи орта жағдайларымен үнемі қарым-қатынаста, әрі
өзара тығыз байланыста болады. Оны ғылым тілінде экологиялық немесе табиғи
тепе-теңдік құбылысы деп атайды.
Экология деген сөзді ғылымға алғаш рет енгізген көрнекті неміс ғалымы
Эрнест Геккель (1834—1919). Экология сөзі гректің ойкос сөзінен
алынған, қоныс, мекен еткен жер, тұратын үй деген мағыналарды білдіреді.
Геккельдің пікірі бойынша экология ғылымы тірі ағзалардың бір-бірімен өзара
қарым-қатынасын және олардың айналадағы табиғи орта жағдайларымен
байланысын зерттейді.
Тірі ағзалар белгілі бір табиғи орта жағдайларында ғана тіршілік етуге
бейімделген және олардың арасында тығыз үйлесімділік, бір-біріне тәуелділік
қалыптасқан. Сондықтан да тірі ағзаларды өздері тіршілік ететін орта
жағдайларынан бөліп қарауға мүлде болмайды.
Экология ғылымының негізгі міндеттеріне ағзалар мен айналадағы орта
арасында болатын өзара қарым-қатынастарды, тығыз байланыстарды зерттеу
жатады. Сонымен қатар, оған тірі ағзалардың өз ішінде болатын байланыстарды
да және айналадағы орта жағдайларының сол ағзалардың құрылысына, тіршілік
әрекетіне, таралуына және мінез-қылығына тигізетін әсерін анықтау да
қамтылады. Мысалы, Қазақстан жерінің 70%-ке жуығын шөлді және шөлейтті
аймақтар алып жатыр. Ондағы өсетін өсімдіктер мен тіршілік ететін жануарлар
арасында және оларды қоршаған айналадағы орта жағдайларының арасында да
өзара тығыз байланыстылықты көруге болады. Бұл аймақта өсетін сексеуіл,
жүзгін, қоянсүйек, қияқ, құмаршық, изен, бүрген, т. б. өсімдіктер шөлді
жердің табиғатына мейлінше бейімделген. Олардың жапырақтарының пішіні
тікенекті — ине тәрізді немесе жапырағы ұсақ, ал тамырлары өте тереңге
таралған. Ал бұл аймақтарда кездесетін көптеген жорғалаушылар, құстар және
сүтқоректілер шөлді жерге бейімделгені өздеріңе жануартану пәнінен белгілі.
Әрбір бірлестіктегі жеке түрлерге жататын даралардың өзара және
олардың басқа түрлер популяцияларымен қарым-қатынасын, дамуы мен алмасуына
айналадағы орта жағдайларының тигізетін әсерін зерттеу де — экологиялық
міндеттердің бірі.
Әрбір бірлестік үнемі өзгеріп отыратын және өзін-өзі реттейтін жүйе
болғандықтан, ондағы тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу бағыттары да
үнемі өзгеріп отырады, мұны анықтау да экология міндеттеріне кіреді.
Тірі ағзалардың өздері тіршілік ететін орта жағдайларына геологиялық
дәуірлерде бірте-бірте бейімделгендігін эволюциялық тұрғыдан анықтау да —
экологиялық міндеттерге тиісті мәселе.
Қазіргі таңда шаруашылығын кез келген салаларын дамыту үшін
экологиялық білімнің қажеттілігі арта түсуде. Әсіресе ауыл шаруашылығын
дамытуда, өнеркәсіпті өркендетуге және табиғат байлықтарын пайдалану мен
табиғатты көркейту шараларының бәрінде де экология ғылымының көрсетер
көмегі орасан зор. Сондықтан да экология шаруашылықтың барлық салаларын
дамытуда әрі ғылыми, әрі іс жүзінде негіз болып саналады.
Экологиялық факторлар. Тірі ағзалардың таралуы негізінен экологиялық
жағдайларға тікелей тәуелді болады. Әрбір орта жағдайы түрлі ағзаларға
түрліше әсер етеді. Сонымен қатар, тірі ағзалардың бір-біріне әсері және
орта жағдайлары мен ағзаларға адамнын іс-әрекетінің әсері де экологиялық
жағдайларға жатады. Сондықтан да ағзаларға, популяцияларға, бірлестіктерге
экологиялық жүйелерге және биосфераға ықпалын тигізетін, табиғи ортаның
әрбір жеке құрамды бөліктерінің жиынтығы экологиялық факторлар деп аталады.
Экологиялық факторлардың жеке дара ерекшеліктеріне байланысты олардын
үш тобын ажыратады,
Бейбиотикалық факторлар айналадағы ортаны, яғни өлі табиғатты құрайтын
жеке құрамды бөліктері жатады. Оған біріншіден, белгілі бір аймақта
тіршілік ететін барлық ағзалар тобына әсер ететін климаттық факторларды
жатқызуға болады, екіншіден — құрлықта тіршілік ететін ағзаларға топырақтың
әсері жатады; үшіншіден — суда тіршілік ететін ағзалар үшін гидрологиялық
факторлар жатады; төртіншіден — жер бедерінің әсері де жатады.
Биотикалық факторларға аналардың тіршілік әрекетіне байланысты бір-
біріне тигізетін сан алуан әсерлері жатады. Оған ағзалардың өзара селбесу
арқылы тіршілік етуі, арамтамақтық тіршілікке көшуі, жыртқыш пен жемтігі,
т. б. жағдайлар жатады. Биотикалық факторлар бір популяция ішіндегі даралар
арасында да және жеке популяциялар арасында да байқалады. Мысалы,
бөкендердің жайылымдардағы өсімдіктерге әсері, бөкендердің тіршілік үшін
бір-біріне өзара әсері немесе қасқырдың бөкенге шабуылы, т. б. әсерлерін
атауға болады.
Антропогендік факторларды биотикалық факторлар катарына жатқызып
келген болатын. Бірақ соңғы кездегі адамның іс-әрекетінің табиғатқа
қарқынды, әрі жан-жақты ықпал етуіне байланысты ол жеке қарастырылады.
Антропогендік факторлар тікелей ағзаларға және айналадағы орта жағдайларына
да әсер ете алады. Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің кең көлемде бүкіл
биосфераға ерекше әсер етуі жер шарының барлық аймақтарында айқын
байқалуда. Оған мысал ретінде Арал өңірінің Семей жерінің, Балқаш маңының,
Каспий алқабының экологиялық апатты аймақтарға айналғандығына антропогендік
факторлар негіз болғанын атап айтуға болады.
Әрбір ағзаға бір мезгілде осы айтылған факторлар жиынтығы да ықпалын
тигізеді. Бұл жағдайлардың қалыпты жағдайдан ерекше ауытқуы сол ағзаның
тарихи дәуірлерде қалыптасқан тіршілігіне әсерін тигізбей қоймайды, соның
нәтижесінде табиғи тепе-теңдік бұзылады да, өз кезегінде сол бірлестіктегі
баска да ағзаларға нұқсан келтіреді.
Кез келген ағзаның тіршілік жағдайына өте қолайлы әсерлер жиынтығын
қолайлы немесе оптимум факторлар деп атайды.
Эр тур үшін белгілі бір факторлардың қолайлы мәні түрліше болады. Бір
түрге қолайлы әсер, екінші бір түрге керісінше зиянды болуы мүмкін.
Сондықтан да қазіргі кездегі жер бетіндегі және су айдындарындағы барлық
ағзалар белгілі бір заңдылықтар бойынша экологиялық факторларға байланысты
таралған.
Факторлардың ағзаға ықпалы. Шектеуші фактор. Кез келген ағзаларға
ықпал ететін факторлар бір-біріне байланысты болады және оған ағза түрліше
бейімделе алады. Ағзаға әсер ететін орта жағдайларының қолайлы әсері мен
оның шегі басқа әсерлердің ықпал ету деңгейіне де тікелей байланысты
болады. Мысалы, егер қолайлы температуралық жағдай болса, айналадағы
ортаның ылғалдылығының қолайсыздығына және қорегінің жеткіліксіздігіне
қарамастан, ағзаның орта жағдайына төзімділігі арта түседі. Екінші жағынан
алып қарағанда, қоректің көп болуы сол ағзаның ауа райының түрліше
өзгерістеріне төзімділігін арттыра түседі. Бірақ та мұндай бірін-бірі
толықтыра түсудің де шегі болады, соның арасында ағзаның тіршілігі үшін
қажетті бір фактордың орнын баска фактор баса алмайды. Кейбір әсерлерді
қолайлы деп айтуға мүлде болмайды. Мысалы, ағзаға әсер ететін радиация
сәулелерінің қандай мөлшері болса да зиянды ықпал жасайды.
Егер оның мөлшері артатын болса, ол соғұрлым қауіпті болып саналады.
Бір түрдің санының көбеюі және оның басқа түрлермен бәсекеге түсу
қабілеті сол түрге тән қолайлы факторларды шамадан тыс ауытқытатын
факторлар арқылы шектелетін болады. Егер де ағзаға ықпал ететін
факторлардың біреуінін сандық мөлшері төзімділік шегінен артып кетсе, онда
баска жағдайлар қанша қолайлы болғанымен де түр тіршілік ете алмайды.
Ағзаның тіршілігіне қолайлы әсерлердің ең төменгі, әрі ең жоғары шегінен
шығып кететін факторларды шектеуші факторлар деп атайды. Орта жағдайының
шектеуші факторлары кез келген түрдің географиялық таралу аймағына тікелей
әсер етеді. Мысалы, көптеген өсімдіктер мен жануарлардың таралуына жылудың
жетіспеуі шектеуші фактор болса, керісінше сол түрлердің оңтүстікке
таралуына ылғалдылықтың жетіспеуі немесе өте жоғары температуралық
факторлар шектеуші әсер болып саналады. Сонымен қатар, ағзаның таралу
аймағының шектеуші факторларына биотикалық әсерлер де ықпал жасайды, яғни
өзінен күшті қарсыластарының болуы (жануарЛар үшін) немесе өсімдіктерді
тозаңдандыратын жәндіктердің жетіспеуі, т. б. факторлар әсер етеді.
Экологиялық болжау және үлгілеу. Қазіргі кездегі ғылыми-техникалық
прогрестің жан-жақты, әрі қарқынды түрде дамуы және оның табиғатқа әсері
келешекте қандай жағдайларға әкеп соғатынын алдын ала болжау және оны
үлгілеу шараларын жүргізуді талап етеді. Экологиялық жүйедегі (табиғи
бірлестіктегі) өзара қарым-қатынасты зерттеп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz