Азық - түлік өнімдерінің сапасы және нашарлауының себептері


ЖОСПАР
Экология1
Азық-түлік өнімдерінің сапасы және нашарлауының себептері3
Экология
Бізді қоршаған ортаның тікелей адам мен оның бүкіл болмысына, тіршілігіне, тамақтануына, оның келер кездеріне тығыз байланысты.
Адам организміне қазіргі кезде табиғи таза, құнды, витаминдерге бай азық-түліктер мөлшері тапшы. Тамақ өндірісінде жаңа жетістіктердің барлығы дерлік жағымды, тұтынушылар көңілінен шығатын, барлық санитарлық талап тарға сай деп айта алмаймыз.
Егер осы талаптарға жауап берген жағдайда әртүрлі адам организмдері әр түрлі жауап береді, мысалға аллергетиктердің күрт өсуі.
Сондықтан қазіргі кезде бүкіл дүниежүзінде ең басты проблема экологиялық таза азық-түлік өндіру. Қазіргі уақытта адамның бар болуы, дамуы қоршаған ортаны және табиғатты жиі ластандырып отырады. Бұл жағдайдың себебі бір жағынан ғылыми техникалық прогресс табиғатқа әсер ету қабілеті бар транспорт пен өндіріс құралдарымен адамның қарулануы, ал екінші жағынан жер шары тұрғындарының шапшаң өсуі.
Тұрғындардың өсуі - қоршаған ортаның ластануының көзі, өйткені адамдарға қажетті барлық өндірістер мен құрылыстардың да саны өседі, азық-түлік, киім, үй, транспорт, металл т. б.
Бұдан басқа қоршаған ортаға ерекше үлкен қауіп әкелетін жаңа қарулардың түрлері: бактериялогиялық, химиялық, ядерлік және басқа да үлкен аймаққа тірі жан төзе алмайтын жағдайлар туғызатын қарулар.
Бұл қаруларды пайдаланудан бұрын, оны сақтаудың өзі зиянды. Осындай қауіпті қару-жарақ, оған өткізілетін сынақтар, үлкен өнімділікті завод пен фабрикалар қалдығы, жер қойнауларындағы шахталар, табиғатқа байлық көзі ретінде жасалған әрекеттер нәтижелері үлкен экологиялық проблемаларға әкеліп тірейді.
Сондықтан экологиялық мәселелер бүгінде тек халық шаруашылығының дамуына емес, сондай-ақ адамдардың өздерінің өміріне және денсаулуғына ықпал ететін маңызды факторлардың біріне айналды.
Су ресурстарының жағдайына қауіп төнуде. Бұл күрделі экологиялық жағдай су қоймаларының ластануына әкелетін өнеркәсіптік және шаруашылықтық науалардың дұрыс тазартылуынан күрделене, шиеленісе түсуде. Сонымен қатар, автотранспорттан шығатын ластағыш заттар да қауіп төндіруде. Ол біріншіден, негізгі автомагистральдардың біздің республикамыздың қалаларының тұрғын аудандары арқылы өтуінен.
Автомашинадан шығатын газға катализаторлар- нейролизаторларды енгізу деген сияқты шаралар ұмыт болған.
Экологиялық жағдайға кері әсер ететін факторлардың бірі - атмосфераға метан - газының шығарылуы.
Атмосфера ауасын қорғау үшін ең бастысы - жаңа технологиялық процестерді, экологиялық таза және қалдықсыз технология және толықтай таза өндірістерді енгізу болып табылады. Республикамыздың көптеген шаруашылықтарында улы заттарды қолдану топырақта улы химиялық заттардың жиналуына ықпал етеді. Көптеген шаруашылықтар олардың дұрыс, сапалы сақталуын қамтамасыз етпейді, олар оны ашық аспан астында немесе пайдалануға жарайтын орындарда сақтайды, ал мұндай орындарды салу құрылысы өте жай орындалады.
Қазақстанның табиғи байлықтарынан 360 млн. тоннаға жуық минералды шикізат алынады, оның 5-10% соңғы өнімге айналады, ал қалған 90-95 % табиғатқа қалдық ретінде қайтарылады. Қазір Қазақстанда 16 млрд. тоннаға жуық қалдық жинақталған.
Азық-түлік өнімдерінің сапасы және нашарлауының себептері
Азық-түлік өнімдері мен оның шикізатының қауіпсіздігі халықтың денсаулығы мен оның генофондының сақталуын анықтайтын негізгі факторға жатады. Бүкіл ластаған заттардың 70% жоғарысы азық-түлік арқылы адым ағзасына түседі.
Азық-түлік өнімдерінің сапасын бағалаудың нәтижесі оның улы химиялық заттармен, биологиялық агенттермен микроорганизмдермен жоғары деңгейде ластанғандығын көрсетеді.
Қазіргі уақытта ауа-райы климаттық жағдайға байланысты егістің уаөқытында жиналмауынан астық адам ағзасына кері әсер ететін улы микроорганизмдермен ластанады. Көкөніс өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарда шартқа сәйкес емес шикізатты пайдалану нәтижесінде ластанудың деңгейі өсе түсуде.
Халық тұтынатын азық-түлік өнімдерінің сапасының нашарлауының негізгі себептері:
- әлсіз материалдық-техникалық база және азық-түлік өнеркәсіптері мен сауданың көптеген кәсіпорындарының жеткілікті жабдықталмауы;
- тазалық және өндірістік мәдениеттің өте төмен деңгейлігі;
- сапасыз шикізаттар мен компоненттерді пайдалану;
- өндірістік және салалық бақылаудың күрт төмендеуі болып табылады.
Азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздік мәселесі импорт ағымының шектен тыс өсуінің, әсіресе ТМД елдері қатарынан келуі, арнайы жүйелі бақылаудың жоқтығынан шиеленісе түседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz