ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ АШЫҚ КЕН


Еліміздегі ЖІӨ-нің көлеміндегі ауыл шаруашылығы өндірісінің үлесі: 1999 жылы-9, 9%, 2000 жылы-8, 1%, 2001 жылы-8, 7 %, 2002 жылы-8, 0%, 2003 жылы-7, 8%, 2004 жылы-7, 9% болып отыр, ягни соңғы 5 жылда 2% төмендегенін байкаймыз. Бұған карамастан агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, нарықтык тауарлы-ақша катынасының заңдылықтарына сәйкес жұмыстар жасалуы керек. Осыған орай өндіріс тиімділігінің, отандық ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекеге дайындығын арттыру қажет. Олардың сапасында халыкаралық талаптарға жауап беретін көрсеткіштерінің басым болуы тиістігіне көңіл аударумыз тиіс. Мемлекетіміз ДСҰ мүшелікке өтетін болса, бізге келетін ауыл шаруашылық өнімдеріне шектеулер алынып тасталынады.
Қазақстан Республикасы мол жер ресурстарын иеленіп отыр. Мемлекеттік жер қоры 272, 5 млн. га құрайды. Мемлекетгік жер қоры 14 облыс және 2 қала: Астана мен Алматы арасында бөлінген. Республиканың территориясында 8 табиғи - шаруашылық аумақ пен 2 табиғи - шаруашылық облысқа бөлініп отыр, олардың ішінде жерлердің көбі шөл-112, 2 млн. га; шөлейт-37, 3 млн. га; дала-62, 4 млн. га аумактарында болып отьір. Барлық жер қоры жеті санатқа белінеді, оның ішінде: 34, 4-ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер; 43, 9-мемлекекттік қордағы жерлер; 7, 5-елді мекендердің жерлері, 4, 1-өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорганыс және өзге де ауыл шаруашылық емес жерлер, 4, 0-орман, 1, 3-су қорлары, ал ерекше корғалынатын табиғи аумақтардың жерлері 0, 55 пайызды құрайды .
Осы жерде атап өткеніміз жөн, бұзылған жерлерді қалпына келтіріп, ауыл шаруашылығына қайтару бүгінгі күннің өзекті де маңызды экономикалық проблемасы екені даусыз. Себебі нарық заңдылықтарына сәйкес, бұзылған жерлердің топырақ құнарлығын қалпына келтіру керектігі күннен-күнге өзіне экономикалық және экологиялық жағынан көңіл аударуды кажетсініп тұр. Оның көптеген себептері бар: құнарлы алқаптар аудандарының азаюы, жер ресурстарының тауарлы-ақша қатынасындагы алып-сату айналымына түсуі, адамдар мен заңды тұлғалардың жерге деген сұранысының өсуі, бұзылған жерлердің қоғамга деген пайдалығын арттыру т. б. Қазақстандагы ауыл шаруашылығы саласында болып жатқан түбірлі құрылымдық өзгерістер алып келді келесі проблемаларды: жер телімдерінінің бағалау құнын анықтаудың әдістемесін жетілдіру, барлык аймақтарда бонитетті бағалауды өткізу, жерді кепілге беру арқылы несие берудің ипотекалық нысанын және несие тетігі арқылы каржы-несие қатынастарын жетілдіру. Сонымен Жер ресурстарын бағалау оның экономикалық құндылығын анықтауда жаңа теориялық және тәжірибелік сұрақтарды шешуін талап етіп отыр. Оған бұзылған жерлердің жағдайын жүйелі талдау, бағалау, құнарлығын қалпына келтіру және оның бағытын талдау жатады.
Қазақстанда жер ресурстарын қорғау, ұтымды пайдалану, ауыл шаруашылық жерлерінен бұрындары алынып, бұзылған жерлерді кайтару мақсатына орай үкіметіміз көптеген іс-шараларды жүзеге асырды. Жерді қорғау мен пайдаланудың экономикалық тетіктерін жетілдіруде мемлекетіміздегі және халықаралық талаптарға сай кслетін жаңа нормативтер жасалды. Оның барлығы бүкіләлемдік нарық талабымен сұранысына орайландырылған және дамыған елдер: АҚШ, Англия, Германия, Жапония, Израиль, Италия, Канада, Ресей, Франция тәжірибелері ескерілген. Жер учаскесіне құқығын куәландыратын құжаттардың нысандары бекітілді. Қазақстан Республикасында жер телімдері жеке меншікке құрылыс салуға немесе оларға қызмет көрсетуге арналған жерлерді коса алғанда, ғимараттар мен олардың кешендері салынған жерлерді берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары тағайындалды. Ауыл шаруашылығы мақсаттарындағы жер телімдерін жекеменшікке берілсе, төлемақының базалык ставкалары жасалды. Қызметтік жер үлесіне құкығы бар кызметкерлер экономиканың 11 саласы бойынша тізбесі реттелді. Жерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтарга жатқызу және жерді осы аумактардың резервіне қалдыру жобалары ауыл шаруашылығы саласындагы орталық атқарушы органдармен келісілетін болды. Елімізде жер корының жай-күйін жүйелі түрде бақылау: суретке тусіру, іздестіру, зерттеу, онда болып жатқан өзіерістерді аныктау және оларға баға беру мақсатында жер мониторингін жүргізу ережесі кабылданды. Осыған сәйкес, олар келесідей болып бөлінді:
- ауыл шаруашылық мақсатындағы жердің мониторингі;
- елді мекендер жерінің мониторингі;
- өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жердің мониторингі;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы жердің мониторингі;
- орман қоры жерінің мониторингі;
Қазақстан мемлекетінде бүгінгі таңда Д. Менделееев кестесіндегі 105 Элементтіц 94%-99 элемент табылған, олардың 57%-60 элементі өндіріліп жатыр. Республикамыздағы бар қазба байлықтарды жономика салаларындағы өнеркәсіп кәсіпорындарында пайдалану үшін әртүрлі тереңдіктен барлап, тауып, қазылып, өңделіп өндіріс процесіне қатыстырылып жатыр. Кен орындарын игеру кезінде жер бетіндегі ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан топырақтың құнарлы кабаттары бұзылып, астындағы құнарсыз топырақтар бетке шығып, олар бір орыннан екінші жерге қозғалып, рельеф келбеті өзгеріп, көптеген қиын да күрделі экология-экономикалық проблема алып келіп, ауыл аумақтагы әлеуметтік жағдайға айтарлықтай зиянын тигізуде.
Жүргізілген зерттеу дерегіне сүйенсек, еліміздің 14 облысы 160 ауданындағы ауыл шаруашылық жерлерін бүлдіруші мекемелер, компаниялар саны 2004 жылы 3079 жеткен. Ауыл шаруашылығынан жылына жер қойнауынан қазына байлықтар мен құрылыс материалдарын алу кезінде жер құнарлығының бұзылуы төмендегідей:
1. Геологиялық барлау жұмыстарындагы бұзылган территориялар:
- өндіріс қондырғылары және үйлерге бөлінген жерлер ;
- көлік, коммуникация, аэродром, жүк базаларының аумақтары;
- бұрғылау, өндіріс алаңдары.
2. Құрылыс материалдары мен кен орындарын игерудегі бұзылган территориялар:
- су коймаларын салудағы жерлер;
- ауа бассейні және су көздері ластануы нәтижесінде, жарамай калған;
- өндіріс және үйлерге бөлінген;
- көлік және электр коммуникациялары орналасқан аудандар;
- өндіріс қалдықтары орналасқан жерлер;
- тау-кен үйінділерінің үймесі, алып жатқан аудандар;
- ашық карьерлер.
Жоғарыдағы келтірілген жердің құнарлы топырағының бүзылуы экономикалық шығындар алып келеді ауылдық аумақтарға. ҚР 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66-111 шыққан заңы "Агроөнеркэсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу " туралы, онда арнайы түсінік берілген "ауылдық аумақтар - ауылдық елді мекендер мен олардың маңайындағы жерлердің жиынтығы" деп. Ауыл шаруашылығынан алынып бұзылған жерлердің көлемі жылдан-жылға өсуде. Қазіргі кезде Қазакстанда бұзылган жерлердің ауданы 170645 гектар, ал Әзірбайжан, Беларус, Грузия, Қырғызстан, Өзбекістан, Ресей, Тәжікстан, Украина елдерінде 2 миллион гсктардан асады. Бұларға ашық карьерлер, ысырынды үйінділер, көмір террикондары, зауыттар мен фабрикалардың қалдықтары жатады. Бұндай жерлер тек сол өңірлерге тек экономикалық емес табиғи ортаның мыңдаған жылдар қалыптасқан айналымын бұзуға әкеліп, әлеуметтік проблемалар тудырады және жаңаларын әкеле отырып, ел экономикасы салалары және тұрғын халыққа қосымша шығындар шығаруға мәжбүр етеді. Бұндай экономикалық шығын жерлердің бұрынғы табиғи қалпына келтіруге және табиғат корғау шараларына. Бұзылған жерді бұрынғы бастапқы қалпына келтіру ғылымда жерді қайта культивациялау деп атайды. Елімізде көптеген казба байлыктарды игеру жұмыстарын жүргізеді бүлдіруші мекемелер немесе арнайы конкурстар арқылы жеңіп алған құрылыс компаниялары. Жер қойнауын ашық әдіспен игерудің жерге тигізетін зиянды әсері сурет 1 келтірілген. Жер ресурстарына әсер ету факторлары бұнда 2 бөлінген:
1. Тікелей:
- топырақ қабаты бұзылып, рельеф бедерінің жағымсыз өзгерісі;
- гидрогеологиялық мезгілдің бұзылуы;
- ауа ;
- ауыл шаруашылық, жайылым жерлері аудандарының қысқаруы;
- өсімдік жамылғысы құруы және жануарлар миграциясы;
- территория келбетінің өзгеруі.
2. Жанама:
- жақын орналасқан территория жерлерінің кұнарлығы мен
жағдайының төмендеуі;
- су көздері мен суаттарға теріс әсерлері.
Сонымен, жерге әсер етудің 2 факторы нәтижесінде 2 түрлі лаидшафт пайда болады:
- техникалық ландшафт;
- ауыл аумақтың ауыл шаруашылық жерлерінің тозуы. Бұзылған жерлерді қалпына келтірудің бағыты мен әдісі, топырақтың сипатына, ауыл аймақтың болашақ дамуына, қалпына келтірудің экономикалық және әлеуметтік маңыздылығына байланысты. Бұған әсер ететін факторлар: бұзылған жерлердің орналасу ерекшелігі, ауылдық аумақтардың ауыл шаруашылығы жағдайы, кұнарлы топырақтың сақталу көлемі, кұнарлықтың кему коэффицентінің шамасына, табиғи орта тепе-тендігініц ауытқымауына т. б. Жер құнарлығы бағзы заманнан бері адамзатгы толғандырып келе жатқан проблема. Адамдар жер ресурстарының құнарлығын арттырып отыруды бұрыннан білген. Бұрынғы жазба деректер немесе археологиялық қазбалардан біліп жүргеніміздей ауыспалы егістік, құбырлар арқылы жерді суғару жүйелері болған. Сондыктан да, Қазақстанның 14 облысындага 160 ауданның әрбір елді мекендерінде бұзылған жерлерді қалпына келтіруде өңірдегі топырақгың өзіндік ерекшелігі мен өзгешелігін ескеруді міндеттіміз. Әйтсе де, көптеген ортақ экономикалық белгілеріне болуына байланысты, бүлінген ауылшаруашылық жерлерін қалпына келтірудің кешенді проблемаларын инновациялық технологиялардың жетістіктерін қолдана отырып, нарыктық зандылыктардың тетіктерімен шешуге тиіспіз. Дәл осында Ресей, Украйна сиякты елдердің бұзылган жерлерді қалпына келтірудегі бай тәжірибесін колдану өте орынды екенін айту қажет. Бұзылған жерлерді қалпына келтірудің басым бағыттарына мән берілуінде жергілікті жердің талабы ескерілетіндігі және табиғи орта тепе-тендігінің ауытқымауы басшылыққа шынатындығы бұлжытпас қағида екен. Мемлекет жер ресурстарының құнарлығын үнемі назарда ұстап отырғанда ғана ауыл шаруашылық жерлерінің беретін өнімі артады.
Қазақстан аграрлық мемлекет, оның болашағы қаншалықты ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуымызға байланысты дамиды. Ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымы-тіршілікті қамтамасыз ету обьектілерінің денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, телекоммуникациялар, байланыс, жолдар, почта-жинақтау жүйесі обьектілерін, газбен, жарықпен жылумен, сумен қамтамасыз ету, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын жинау мен кәдеге жарату обьектілерін камтитын жүйе.
Зерт су мәліметтері байқатқандай жер ресурстарының бұзылуы ауыл шаруашылық жерлерінің жағдайына айтарлықтай әсер етеді. Сол маңайдағы орналасқан барлық жердің өнімділігінің төмендеуіне тікелей әсер етеді. Заң негізінде жерді бұзушы компания немесе мекеме алдымен топырақ қабатын оның құнарлығына байланысты сыдырып белгілі жерге текшелеп жинап сақтауы тиіс, ашық карьердегі жұмыс біткеннен кейін сонда төсеуі тиіс. Осындай жұмыс атқарылғанда ғана ауыл шаруашылық жерлері қорын және кұнарлығын қорғауға мүмкіндік туады. Ауыл шаруашылық жерлерінің құнарлыгын арттыру еліміздегі агроөнеркәсіпті дамытудың басты бағыттарының бірі болуы тиіс.
АҚШ, Англия, Германия, Жапония, Израиль, Италия, Канада, Франңия елдерінде ауыл шаруашылық жерлерін құнарландыруды жер иеленуші жекеменшік фермерлер жүргізеді. Кей жағдайда жерді күнарландыруға үкімет арнайы қаржы бөліп отырады да екен, немесе жыл басында әртүрлі тыңайтқыштар енгізуге фермерлерге нақты несиелер беріліп жатады. Яғни өркениетті елдердегі ауыл шаруашылық жерлері үнемі мемлекеттің назарында болады. Бұл дегеніміз үлкен экономикалық саясат, елдің азық-түлік қауіпсіздігін корғауға арналған. Еліміздегі агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдык аумақтарды дамыту азық-түліктің қорын, өнімдердің нарықтарының тұракгылығын қамтамасыз етуге, отандық өнімнің бәсекелестік артықшылығын қолдауға жағдай жасау арқылы ауыл халқының әлеуметгік тұрмыс деңгейін көтеруге бағытталған. Бұзылған жерлерді қалпына келтіре отырып ауыл шаруашылығына келіп жаткан экономикалык зиянның бетін қайтара аламыз. Төл табиғаттың жағдайының жақсаруына тікелей әсер етпекпіз.
Бүгінгі таңда, жер шарында 1 млрд. халыққа азық-түлік өнімдері жетіспсйді. Бұл көбінесе сол елдердегі ауыл шаруашылық жерлері беретін азык-түліктің аздығы. Оның себептері: көбінесе құнарлы жердің аздығы, ауа райының қолайсыздығынан астық өнімдерінің шықпай қалуы, судың жетіспеушілігі, жылдан-жылға 1 адамға келетін егістік мөлшерінің кысқаруы, жерден алынатын түсім мөлшерінің азаюы. Жер ресурстарының қоры мен сапасының жағдайларының үнемі төмендеуі, көптеген елдердің ең басты да өзекті экономикалық проблемасына айналып отырғаны жасырын емес. Барлық мемлекеттер бұзылган ауыл шаруашылық жерлерін қалпына келтірудің жономикалық тетіктерін жетілдіру, тиімді де ұтымды бағыттарын таңдау, калпына келтірілетін жерлердің сол аймақтың келбетіне келуін жақындату, әртүрлі тэжірибелер жүргізу аркылы өсірілетін ауыл шаруашылық дақылдарын дұрыс анықтау, табиғаттың тепе-теңдігінің бұзылмауын кадағалау салаларында көптеген зерттеулер жүргізіп келеді.
Топырақ жарамдылығы 3 бөлінеді:
1. Жарамды.
• құнарлы, карьерді және үйіндіні калпына келтіруге
пайдаланады;
- құнарлығы жоғары, өнімділігі төмен жерлердің құнарлығын
арттыруға қолданады.
2. Жарамдылыгы төмен:
- құмды топырак;
- орташа тұзданған топырак, қышқылдылығын бәсеңдетіп әк шашып жуғаннан кейін пайдаланылады.
3. Жарамсыз:
- тасты жыныс;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz