ЭКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ


АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ӨСІМДІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ БИОХИМИЯСЫ
ЭКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
ТАҚЫРЫБЫ:
ЭКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ
ТЕКСЕРГЕН: ҚОЙБАҒАРОВА Б. Х.
ОРЫНДАҒАН: БУРАНБАЕВА Н.
1-топ, 1-курс, қазақ филологиясы, түрік-ағылшын бөлімінің студенті
БАҒАСЫ:
АЛМАТЫ-2007
ЭКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ
Экология - биология ғылымыныңщ негізінде XIX ғасырдың орта шеиіиде айқындала бастағанымен, оның өз деңгейіне көтерілуі XIX ғасырдьщ аяғы мен ХХ-ғасырдың басы болып саналады. Десе дс, алғашқы экологаялық зерттеулердің элементтерін біз көне дәуір оқымыстылары Эмпедокл, Гиппократ, Аристотелъ, Теофраст еңбектерінен көреміз. Табиғат құбылыстарын зерттеушілер өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі морфологиялық, физиологиялық бейімделушіліктерді оның қоршаған табиғи ортасына тәуелді екендігі шеңберінде экологиялық тұрғыдан қарастырады.
Экология ғылымының қалыптасуын негізгі 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады.
1 кезең. Биоэкологиялық зерттеулердің жаппай сипат алу кезеңі. Бұл кезең XVIII ғасырдың аяқ шенін камтиды. Мәселен, К. Линей (1707-1788), Ж. Ламарк (1744-1825), А. Декандоль (1806-1893), П. С. Паллас (1741-1811), И. И. Лепехин (1740-1802), А. Гумбольд (1769-1859), К. Ф. Рулье (1814-1858), Н. А. Северцов (1827-1885), Н. А. Бекетот (1825-1902), Ч. Дарвин (1809-1882), К. Мебиус (1825-1908), Э. Геккель (1834-1919), Е. Варминг (1841-1924), В. В. Докучаев (1846-1903), т. б. табиғат зерттеуші биологтар, систематиктер, географтар өздерінің еңбектерінде экологиялық сипатгағы ғылыми-зерттеулер жүргізіп, экология ғылымының дамуына өз үлестерін қосты. Осы тұстардағы жарық көрген Ж. Б. Ламарктың "Жануарлар мен өсімдіктер эволюциясы", А. Декакдольдың "Ботаникалық география", К. Ф. Рульенің "Жануарлар экологиясы", А. Н. Бекетовтың "Өсімдіктер географиясы", Ч. Дарвиннің "Түрлердің шығу тегі", В. Докучаевтың "Ландшафтар мен табиғат зоналары туралы ілімі", т. б. еңбектер экология ғалымының негізін калаған еді. Ал, неміс зерттеушісі - дарвинист Геккель 1866 жылы "Экология" терминін алғаш рет ғылымға енгізсе, Е. Варминг оны 1895 жылы ботаникаға енгізеді.
2 кезең. Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл кезең Э. Геккелъ, Е. Варминг, К. Мебиус, т. б. шетелдік табиғат зерттеушілерімеи қатар орыс ғалымдарының өсімдерімен байланысты ХІХ ғасырдың басы мен XX ғасырдың 70-80 жылдарын қамтиды. Атап айтқанда Мәскеу университетінің ғалымдары Н. А. Северцов, М. А. Мензбир, Б. М. Житков, Д. Н. Кашкаров, Н. П. Наумов, А. Н. Формозов, Н. И. Калабухов, т. б. жан-жақты экологиялық зерттеулерді жүргізсе, сол сияқты Казан университетінде Н. Ф. Леваковский, С. И. Коржинсхий, А. Я. Гордягин, Г. И. Панфильев, П. Н. Крылов, т. б. өсімдіктер экологиясын зерттеп дамыта түсті.
Әсіресе, осы кезедерегі Г. Ф. Морозовтьщ "Орман туралы ілімі", Д. Н. Кашкаровтың "Орта және бірлестіктір", "Жануарлар экологиясының негіздері", ағылшын А. Тенслидің "Экожүйелер туралы ілімі", орыс ботанигі В. Н. Сукачевтың "Биоценоз", В. И. Вернадскийдің "Биосфера туралы ілімі", т. б. ғалымдардың енбектері экологая ғылымының негізін қалаған болатын. Бұдан әрі экология ғылымы жеке ғылым деңгейіне көтеріліп, өзінің зерттеу салаларын, мақсат пен міндеттерін айқындай түсті.
Экология ғылымы жіктеле бастады. Оны біз су организмдерінің экологиясы (Л. А. Зенкеевич, Г. Г. Винберг, Г. В. Никольский, Б. Т. Ноганзян), топырақтағы организмдер экологиясы (М. С. Гиляров), насекомдар экологиясы (И. В. Кожанчиков, Г. Я. Бей-Биенко, В. ВЯхонтов, Г. А. Викторов), паразитологиялық экология негізін салушылар (В. В. Догель, Е. Н. Павловский, В. Н. Беклемишев), сүтқоректі, құс және бауырымен жорғалаушылар экологиясы (А. Т. Банников, Н. И. Калабухов, Н. П. Наумов, А. Н. Формозов, Г. А. Новиков, С. С. Шварц), өсімдіктер экологиясы (В. Н. Сукачев, Б. А. Келлер, П. Д. Ярошенко), деп танимыз. Осы тұстарда жоғарыдағы ғалымдардың экология ғылымының әр түрлі салалары бойынша теориялық фундаментальды ғылыми еңбектері жарық көрді. Мәселен, А. П. Шенниковтың "Өсімдікгер экологиясы" (1950), Б. Г. Иоганзеннің "Экология негіздері" (1959), Н. П. Наумовтың "Жануарлар экологиясы" (1963), т. б. еңбектер қазірге дейін маңызын жойған жоқ.
Осы орайда, Белоруссия ғалымдарының еңбектері ерекше аталуы тиіс. Атап айтканда, ғалымдар: В. А. Плющевский-Плющик, П. Ф. Соловьев, А. И. Радкевич, С. В. Шостик, П. Жуков, И. К. Лопатин, Л. С. Долбин, В. В. Адамов, Б. И. Якушев, Г. А. Новиков, Г. Г. Винберг, Л. М. Сущени, Л. В. Камлюк, т. б. өз кезегінде экология ғылымын дамытуда шоқтығы биік тұрды.
Экология ғылымының салалары бойьшша көп жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізінде монографиялар, оқу кұралдары, анықтамалар жарық көре бастады. Отандық ғалымдардың еңбектерімен қатар шетелдік экологтар А. Пирсаның "Жануарлар экологиясы" (1926), Ч. Элтонның "Жануарлар экологиясы" (1934), Шелфорд пен Ф. Клементтің "Биология" (1939), Ю. Одумның "Экология және экология негіздері" (1975, 1986), Р. Риклефстің "Жалпы экология негіздері" (1979), Ф. Рамаданың "Қолданбалы экология негіздері" (1981), Н. Чернова мен А. Былованың «Экология» (1988), В. АРадкевичтің «Экология» (1977), Н. Ф. Реймерстің «Экология» (1944), т. б. еңбектері соңғы жылдары жарық көрген құнды еңбектер қатарына жатады.
ІІІ кезең. Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология - бүкіл әлемдік ғылымдар мен әлеуметтік, экономикалық жағдайлар және проблемаларды қамтитын деңгейге жетіп отыр, осыған орай, экология ғылымының колданбалы және адам экологиясы бағыттары дами түсуде. Экологияның жаңа салалары бойынша теориялық және практикалық зерттеулер жүргізілуде. Олардың қатарына: А. М. Гиляровтың "Популяциялық экология" (1990), М. Захарченконың "Экологияның қазіргі проблемалары"(1955), Н. Реймерстің "Экология" (1994), В. В. Глуховтың "Экологияның экономикалық негіздері" (1995), Ф. Мотузконның "Экология негіздері" (1994), С. Боголюбовтың "Экология және право" (1989), Ю. А. Израильдің "Экологиялық мониторинг" (1995), Н. Реймерстің "Экологияландыру" (1993) . Г. Сидеренконың "Экологияның қазіргі заманғы проблемалары" (1993), М. Бигонның "Экология" (1989), В. Вронскийдің "Қолданбалы экология" (1996), С. Тлеубергеновтың "Адам экологиясы" (1996) С. Дрябо мен В. Ясвиннің "Экологиялық педогогика және психология" (1996), В. Хелсенің "Философия және экология" (1993), т. б. еңбектерді жатқызуға болады.
Соңғы жылдары экология ғылымының негізгі салаларының бірі - экологиялық педогогика (көпшілікке экологиялық білім мен тәрбие беру) адам экологиясы және халықтық экология "этноэкология" бағыттары дами түсуде. Бұл - бүгінгі өмір талабы. Өйткені биосферадағы тіршіліктің тұрақты сақталуы - адамның ақыл-ойына тікелей тәуелді екендігі анықтала түскен кез туды. Сондықтан XXI ғасыр адамзаттың ақыл-ойы кемелденген - нооэкология кезеңі болмақ. Өйткені, жер шарының бүгінгі тағдыры мен болашагьі адам баласының ақыл-ойының деңгейіне тікелей қатысты. Экологая ғылымының негізгі мақсаты - биосфера тұрақтылыгын сактау үшін салауаттығына, білім дәрежесіне қарамастан барлық адамдардың экологиялық деңгейі, соны ұғынуы мен білім дәрежесінің жоғары болуына ықпал ету.
Экологиялық білім меи тәрбие берудің дүниежүзілік даму кезеңдеріне келсек, ең алдымен БҰҰ деңгейіңде ұйымдастырылган (ІОНЕСКО) "Адам мен биосфера" атты бағдарлама қабылданды. Онда алғаш рет халықаралық деңгейде биосфера ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану туралы бағдарлама қабылданып, экологиялық сипат алды.
1971 жылы Швейцарияда Европалық конференция шақырылып, оңда айнала қоршаған табиғи орта, табиғат қорғау мәселелері көтерілді.
1972 жылы Стокгольмде "Қоршаған ортаны қорғау" туралы білім беру, 1977 жылы Тбилиси қаласыида БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО және ЮНЕП ұйымдары "Экологиялық білім беру" туралы 40 астам шешімдер қабылданып, оның ғаламдық, стратегиялық жоспарлар қабылданды. Экологиялық білім берудің одан әрі даму кезеңдері атақты Найроби (1982), Беч (1983), Мәскеу (1987), т. б. конференцияларымен жалғасады.
Экологиялық білім берудің бұрынғы КСРО кезеңіне тоқталсақ, онда негізінен орыстың табиғат зерттеуші әрі көрнекті ағартушылары А. М. Теряев, И. И. Мартынов., В. Г. Белинский, А. Н. Герцен, Н. Г. Чернышевский еңбектерін атауга болады. Одан соң А. Н. Бекетов, К. А. Тимирязев Д. Н. Кайгородов, т. б. табиғатты зерттеу мен қорғау туралы мәселелерді көтерді.
ХХ ғасырдың орта шенінде педагоггар В. Ф. Натали, Н. М. Берзилин, В. М. Корсунский, т. б. экологиялық білім беруді география, биология пәндерімеи байланыстыра отырып дамытуды ұсынды. Ал, 1947 жылдан бастап көпшілікке экологиялық білім беру КСРО бойынша оқу жүйесіне енгізіле бастады. Мәселен, І947 жылы Беларуссия мемлекеттік университетінде алғаш рет экология кафедрасы ашылды. Одақтың көптеген оқу орындарында (Қазан, Мәскеу, Санкт-Петербург, т. б. ) Биосфера, Экология, Табиғат қорғау, т. б. экологиялық курстар оқу жоспарларына еніп оқытыла бастады. Осы тұрғыда көрнекті педагог-ғалымдар Н. Д. Зверев, С. Д. Дрябь, В. А. Левин, Н. Т. Суравегин, А. Н. Захлебный, т. б. халықтық оқу жүйесінде экологиялық білім берудің сан-қырлы теориялық практикалық негіздерін ұсынды.
Экологиялық білім беруде және жогарғы білімді эколог мамандарды даярлауда Абай атындағы Алматы педагогикалық университетінің орны ерекше. Университет профессоры А. С. Бейсенованың жетекшілігімен Республика "Жоғары оқу орындарында эколог мамандар дайындау" және "Мектеп оқушыларына экологиялық білім беру" тұжырымдамасы жасалынды. Ал, 1987 жылы География-экология факулътеті ашылып, мамандар даярлай бастады. Қазір Әл-Фараби атындағы университетте (ҚазМҰУ), Өскемен, Орал, Семей, Қызылорда, Тараз, Қараганды, Атырау, Түркістан қалаларындағы оқу орындарында химия-экология, география-экология, т. б. мамандықтары бойынша бөлімдер ашылды. Соңғы жылдары Республиканың академиялық ғылыми зерттеу институттары биоресурстар бойынша экологиялық іргелі жұмыстар жүргізсе, жоғары оқу орындары білікті эколог мамаидарын даярлауда. Осы бағытта егеменді Республикамыздың парламенті мен үкіметі "Айнала қоршаған табиғи қортаны корғау" Заңын (1997), "Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі" тұжырымдамасы (1996), экономикалық білім бағдарламасын (1999), Қазақстан Республикасыңда қоршаган ортаны қорғаудың ұлттық жоспарын (1996) т. б. маңызы зор құжаттар қабылдады.
Экология ғылымының қазіргі заманғы құрылымы өте күрделі, Ол туралы пікір таластар көп. Экология ғылымының казіргі құрылымын белгілі экологгар Ю. Одум, Н. П. Наумов, Г. А. Ноиков, Н. Ф. Реймерс, В. А. Радкевичтің жіктеуі негізінде береміз.
Биоэкологиялық зерттеулер бағыты . Биоэкология бірнеше зерттеу облыстарына бөлінеді: аутэкология, демэхология, эндэкология, синэкологая, т. б.
Аутэкология - жеке организмдер (особь) арасындагы қарым қатынастарды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді. Яғни, жеке организмге табиғат факторлары қалай әсер етеді, оған организм қалай жауап береді, организмдегі морфологиялық, физиологиялық өзгерістер туралы мәселелер қарастырылады. Одан әрі зерттеулер тереңдетіліп, биохимиялық, биофизикалық, генетикалық сипат алады. Нәтижесінде жеке организмнің биоэкологиялық қасиеттері арқылы жалпы түрге, оның табиғатта алатын орнына, ролі мен маңызына, айнала қоршаған ортаның өзгерісі, тазалығы, ластану деңгейі, маусымдық өзгеруі мен адамның іс-әрекеті туралы практикалық маңызына жан-жақты сипаттама беріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz