ЭКОЛОГИЯ ҚҰҚЫҒЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

1. ЭКОЛОГИЯ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ 2
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ҚОЛАЙЛЫ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚҰҚЫҒЫ 3

ЭКОЛОГИЯ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ

1. ЭКОЛОГИЯ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ

Қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану
— қоғамның экономикалық даму барысын жетілдірудің міндетті шарты.
Біздің елімізде табиғатты қорғау және оның байлықтарын тиімді
пайдалану қоғамның дамуының конституциялық қағидаларына енгізілген, ол
әрбір адамның парызы ретінде жалпы-мемлекеттік, жалпыхалықтық міндет болып
табылады.
2. Экологиялық құқық — бұл осы кезең мен болашақтың, адамдардың
мүдделері үшін қоғам мен табиғат аясындағы қарым-қатынасқа байланысты
қоғамдық қатынастарды реттейтін жаңа құқық салаларының бірі болып табылады.
Экология — бұл біздің жалпы және жалғыз үйіміз — Жер туралы ғылым.
Алғашқы рет бұл ғылыми терминді 1866 жылы неміс ғалымы Геккель ұсынып
және ұзақ уақыт бойы тек биология ғылымы негізінде тар аяда қолданылды. Ол
өзінің әйгілілігіне XX ғасырдың екінші жартысында ие болды, өйткені тура
осы кезден бастап адам мен орта және қоғам мен табиғат арасындағы
қатынастар шиеленісе түсті. Экология — тірі организмдер мен олардың өмір
сүру негізі қоршаған табиғи орта арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын ілім
ретінде қолданылады.
Табиғат — санада және санадан тыс жүретін объективті анықтылық және
адам жаратылысының өмір сүру ортасы. Ол адамға байланысты негізгі 3 түрлі
қызметті атқарады:
1. Жердегі өмірге қажетті биологиялық жағдайды қамтамасыз ететін
экологиялық қызмет;
2. Адамдардың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырудың қайнар
кезі болып табылатын экономикалық қызмет;
3. Адамның жан дүниесінің қалыптасуына әсер ететін негіз — құқықтылық
қызмет.

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ҚОЛАЙЛЫ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚҰҚЫҒЫ

Азаматтардың Қолайлы қоршаған ортаға құықтары -Қазақстан
Республикасындағы жалпы табиғатты пайдалану құқығының негізгі бөлігі және
азаматгардың денсаулыған сақтауға байланысты конституциялық құқықтардың
құрамдас бөлігі болып табылады.
ҚР-ның Конституйиясы бойынша азаматтардыд құқықтары табиғатты қорғауға
байланысты тазарту шараларын кең түрде жургізумен қамтамасыз етіледі.
Қоршаған ортаны тазарту — адамның өмір сүру ортасының сапасы мен
адамның денсаулығы үшін шаруашылық қызметтердің зиянды салдарын жою және
ескертуге бағытталған техникалық ұйымдастырьшған, құқықтық, санитарлық-
гигиеналық шаралардың жиынтығын құрамы. Азаматгың қолайлы қоршаған ортаға
құқықтарының объектісі болып, табиғи ресурстар табылады: таза атмосфералық
ауа, су, табиғи аймақтар, ормандар, ұлттық табиғи парктер, рекреациялық
аймақтар, санаториялық-курорттық орындар, т. б. Азаматтардың бұл құқықтары
Қазақстан Республикасының заңдарында ары қарай дамуы көзделген.
Азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құқықтарына — адамдар және оны
қоршаған орта үшін зиянды салдарын төмендетуге және ескертуге, халықтың
демалысқа, еңбек пен тұрмысты жақсарту шарттарына, қоршаған ортаны
жақсартуға бағытталған мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың,
мекемелердің, ұйымдардың және басқа да қоғамдық ұйымдардың санитарлық-
гигиеналық шараларды жүргізу міндеттілігі сәйкес келеді.
1997 жылы 15 шілдеде қабылданған ҚР-ның қоршаған ортаны қорғау
туралы заңының 5-бабына сәйкес, азаматтардың қоршаған ортаны қорғауға
байланысты құқықтары мен міндеттері көрсетілген.
Әрбір азаматтың және ҚР-ның аумағында тұратын азаматтығы жоқ
адамдардың, сондай-ақ шетелдіктердің өз өмірі мен денсаулығына қолайлы
қоршаған ортаға, оның жай-күйі туралы дұрыс ақпарат алуға, қоршаған ортаны
қорғау туралы заңдардың бұзылуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТАҚЫРЬІБЫ
Экологияның заңдылық жүйесі. Көздері және жіктелуі
Экологиялық құқықтық қатынастар және олардың субъектілері мен объектілері
ҚР табиғатты қорғау туралы заңдары
Табиғат объектілеріне меншік құқығы және табиғи ресурстарды пайдалану құқығы
Экологиялық құқықтың түсінігі, пәні, жүйесі
Мемлекеттің экологиялық функциясы
Экология құқығы түсінігі
Экология құқығының ұғымы
Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік
Пәндер