ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТАҚЫРЬІБЫ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 2
ЖАЛПЫ БӨЛІМ 4
ЭКОЛОГИЯ ҚҰҚЬІҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ, ТАҚЬІРЫБЫ, ӘДІСТЕМЕЛЕРІ МЕН ЖҮЙЕСІ, ҚАҒИДАТТАРЫ
4
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТАҚЫРЬІБЫ 4
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ 12

КІРІСПЕ

Қоғам мен табиғаттың бір-бірімен тығыз байланыста қатар өмір сүруі
заңдылық. Табиғат біреу - ол биосфера, жер шарының қабаты, тірі организмдер
мекен аймағы. Жер табиғаты тірі және жансыз зат және адамның өзін қамтитын
өзара байланысты экономикалық жүйе. Табиғат:
1) адам өмірі мен тіршілігіне табиғи жағдай жасайтын орын;
2) заттың игілік кезі және өндіріс құралы;
3) шаруашылық және мәдени қызметінің нысаны;
4) оның өнегелі және эстетикалық қанағатталу көзі және құралы қызметін
атқарады.
Адам мен табиғаттың мұндай байланыстары қоғам мен табиғи ортаның
негізгі үш нысанындағы: экологиялық, экономикалық, және идеологиялық өзара
іс-қимылдарында көрініс табады.
Экологиялық нысандағы өзара қатынастар дамудың табиғи заңдарына
бағынады. Табиғат адамның өмір сүру ортасы ретінде оған керекті биологиялық
қажеттіктерді қамтамасыз етеді. Бұл нысан тұрғыдан қоғамның қоршаған
ортасының таза, салауатты, биологиялық тиімді, генетикалық сапаға сай болу
мүддесін көрсетеді.
Өзара қатынастардың аталған экономикалық нысаны дамудың әлеуметтік
заңдар негізінде жүзеге асырылады. Ол қоғамның экономикалық мүддесін
көрсетеді.
Соған қарағанда экологиялық және экономикалық мүдделер өзінің мәні
жағынан сабақтас. Себебі олар адамның өмірлік статусын, оның биологиялық
және материалдық ахуалын, тұрмыс халін қамтамасыз етуге бағыталған.
Табиғатты, оның байлықтарын дұрыс пайдалана білсе, ол сарқылмайтын
игілік көзі болмақ. Бірақ ол қоғам, мемлекет тарапынан әлемдік мәні бар
жәйттерді ескере отырып, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық
қатынастарды реттеуді, жетілдіруді талап етеді. Бұл ретте қоғам табиғи
байлықты ұтымды пайдалану, оның сапасын арттыру, жаңарту, табиғи ортаны
бүгінгі және келешек ұрпақтың мүддесі үшін қорғау шараларын жүзеге асыруды
міндеттейді.
Қазақстан Республикасының табиғаты бай болғанымен Кеңестер Одағы
кезінде оны күйзеліске-экологиялық апаттарға ұшыратқан жағдайлар аз болған
жоқ. Соған орай Қазақстан халқының, әрбір азаматының алдында аталған
міндетгерден басқа күйзелген, құрып бара жатқан, апатқа ұшыраған табиғат
нысандарын қалпына келтіру міндеті бар екенін еске алмауға болмайды.
Аталған міндеттерді жинақтап, үш топқа бөліп қараудың құқықтық мәні
бар. Олар:
- табиғатты ұтымды пайдалану,
- табиғатты қазіргі және келешек ұрпақтың мүддесі үшін сақтап-қорғау,
- бұзылған, күйзелген табиғат нысандарын бастапқы табиғи қалпына
келтіру.
Республикамыздың Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауында "Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20 процентіне
себеп болып отыр, ал кейбір аймақтарда жағдай мұнан да қиын. Отанымыздың
үштен бірі сапасыз ауыз суды пайдаланады". Село бүгін экологиялық апат
сынды барлық негізгі әлеуметтік проблемалардың өзегіне айналды деп —
еліміздегі бүгінгі экологиялық жағдайды сипаттап берді.
Міне осылай әлеуметтік, экономикалық, экологиялық жағдайларда
Қазақстан Республикасының құқық жүйесінде қалыптасқан экология құқығы
экологиялық қатынастарды қоғам мен адам, еліміздің бүгінгі күндері мен
келешегі табиғат пен үндестіктің дамуы мен экономикалық өрлеуге қол жеткізу
үшін қызмет атқаруы тиіс.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан
Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған салтанатты жиналыста
сөйлеген сезінде алдағы уақытта біздің таза ауыз су мәселесін шешуімізге
де, орман отырғызып, оны қорғаумен де, біздің қалаларымызбен ауылдарымызды
көгалдандырумен де мықтап шұғылдануымызға тура келеді деп экология
мәселесіне тоқталды.
2002 жылғы жыл сайын қаңтар айында өткізілетін республикалық кеңесте
Н.Ә. Назарбаев "Мен атқарушы биліктің барлық буындарына мынадай нақты
міндеттер жүктеймін: бүкіл халықты, әсіресе ауыл тұрғындарын аурудың алдын
алу шараларын қамту; 12 жас пен 18 жастың арасындағы жеткіншектерді, сондай-
ақ бала тууға қабілетті жастағы әйелдерді түгелдей медициналық байқаудан
өткізу. Шынтуайтында, біз биыл тұрғын халықтың денсаулығын санаққа алып
шығамыз - десе де болады. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды сауықтыру
жөнінде шаралар жузеге асырылады" деп ескертті. 2002 жыл - Қазақстан
Республикасы үшін халықтың денсаулық жылы деп аталды. Еліміздің Президенті
бастаған мұндай шараларының соңында толып жатқан халықты экологиялық
сауықтыру шаралары жүзеге асырылады.
Қоршаған ортаны қорғауда әр бір азаматтың құқықтық сауатты және
салауатты болғаны нарық экономикасының өтпелі кезеңінде экология үшін де,
егеменді Қазақстанда өркениетті қалыптастыру үшін де керек.
Табиғатты және оның қорын пайдаланбайтын бір де бір кәсіпорын, мекеме,
ұйым және адам жоқ деуге болады. Табиғи объекттерді пайдалану және қорғау
ережелерін оқып-білу, оның талабын орындау лауазымды адамдар үшін
күнделікті тіршіліктің қажетті ісі.
Олардың бұл салада құқықтарымен қатар міндеттерінің бар екені
ескерілуі керек.
"Қазақстан Республикасының экология құқығы" Республикадағы жоғары оқу
орындары заң факультеттерінің студенттеріне арналған оқу құралы.
Экология құқығының жүйесі мен құрылымы экологиялық заңдардың
мазмұнынан алшақ болмауы үшін тақырыптарда қаралатын мәселелерді
топтастыруда, анықтамалар мен тұжырымдарды беруде экологиялық заңдардың
мақсаттары мен міндеттері және мазмұны ескерілді.
Экология құқығының басқа құқықтармен арақатынасы, әсіресе, азаматтық,
әкімшілік, қылмыстық құқықтардың ережелері экологиялық қатынастарды
реттеудегі тиісті орны көрсетілді.

ЖАЛПЫ БӨЛІМ

ЭКОЛОГИЯ ҚҰҚЬІҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ, ТАҚЬІРЫБЫ, ӘДІСТЕМЕЛЕРІ МЕН ЖҮЙЕСІ, ҚАҒИДАТТАРЫ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТАҚЫРЬІБЫ

Экология (грекше оіkоs-үй, мекен, lоgоs-ғылым деген сөздерінен шыққан)
- тірі организмдердің қоршаған ортамен өзара байланысы арақатынасын
зерттейтін биологиялық ғылым.
Қазіргі заманда экология табиғат пен қоғам арақатынастарын зерттейтін
ғылымға айналған. Онда адам мен табиғаттың өзара тікелей байланысты екені
көрініс табады.
Бұл тақырып табиғат пен адам (қоғам) арасындағы қатынастарға тығыз
байланысты. Экологиялық қатынастар алғаш табиғаттану, табиғат байлықтарын
(ресурстарын) пайдалану саласында дамып, кейіннен күрделі қатынастарға
айналды. Күрделі қатынастар қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау
да енеді.
Табиғатты танып-білу, оның пайда-зиянын анықтау, адамның ұғымына
қажеттіктерін өтеуде ұтымды пайдалану әдістерін игеріп, басқа да табиғаттың
сыр-сыйпаттарын тереңірек аша түсу үшін қолданылады.
Табиғат байлықтарын пайдалану адамның өмір сүруі мен тіршілігінің
қажеттілігінен туындайды. Олар адамның өмір серігіне айналды. Адам өзінің
де табиғаттың туындысы, төл перзенті екенін сезінді. Табиғаттың дамуына
оның құрамының бар болуы және қажеттілігі негіз болса, адамның өмір
сүруіне, тіршілігіне қоғамдастықтың да атқаратын экологиялық қызметі зор
болды. Сондықтан табиғат пен қоғам арасындағы әлеуметтік қатынастар күрделі
мазмұнға ие болады.
Экология құқығы 1988 жылдан бастап қалыптасты. Бұл құқықтың
қалыптасуына-экологиялық қорғаныстардың пайда болуына қоршаған ортаның және
оның құрамдас бөлігі - табиғи ресурстардың біртұтастығы және өзара тығыз
байланыстылығы, табиғи ерекшелікгері, соған қарай қатынастардың да
бірыңғайлылығы себеп болды. Мемлекет тарапынан экологиялық заңдар шыға
бастады. Мұны экология құқығының негіздері тақырыбының мазмұнынан көруге
болады. Қоғам мен табиғат арасындағы экологиялық қатынастарды реттегенде
аталған жағдайларды ескермеуге болмайды. Сондықтан да экологиялық
қатынастар біртұтас. Сондықтан қоршаған ортаны және оның құрамдас бөлігі
табиғи ресурстарды қорғау және пайдалану, молайту, қалпына келтіру жақсарту
ұғымы пайда болады.
Экология құқығының тақырыбы кейбір ғалымдардың пікірі бойынша қоғам
мен табиғат арасындағы қоғамдық экологиялық қатынастар болып табылады. Бұл
қатынастарды екі топқа бөліп қарауға болады.
Біріншісі: В.В. Петровтың пікірі бойынша салалық және құрамалы.
Салалық экологиялық қатынастарға жер жөніндегі қатынастар: жер қойнауын,
су, орман, жануарлар дүниесін, атмосфералык, ауаны қорғау саласындағы
экологиялық қатынастар жатса, құрамалы экологиялық қатынастарға ерекше
қорғалатын табиғи аумақтарды, табиғи қорықтарды және емдеу-сауықтыру, дем
алатын, санитарлық, басқа да алаптарды қорғау жатады.
Екіншісі: М.М. Бринчуктың пікірі бойынша қоғамдық қатынастар бөлінеді:
табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау.
Бұл екі пікірдің де өзара алшақтығы шамалы. В.В. Петров экологиялық
құқықтық қатынастарды экология құқығының жүйесіне, (жалпы және ерекше
бөлімдеріне), ал М.М. Бринчук табиғат жүйесіне (қоршаған орта және оның
табиғи ресурстарына) қарай бөліп қараған. Екеуінің де объектілері: қоршаған
орта және оның құрамдас бөліктері: жер, жер қойнауы және басқа да табиғи
қорлар нысандары.
Бірақ В.В. Петровтың анықтамасындағы экологиялық қатынастарды адам мен
табиғат арасындағы қатынастар деуі жаңсақтық деп білеміз. Өйткені
экологиялық құқықтық қатынастарды реттейттін заңдар экология туралы
қатынастар негізінен табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау туралы
туындайды.
Табиғат пен адам арасында екі жақты қатынастар туындамайды. Қоғамда
қоршаған ортаны және оның ресурстарын қорғауға және пайдалануға байланысты
әр түрлі экологиялық қатынастар пайда болады. Бірақ табиғаттағы биологиялық
қатынастар қоғамдық қатынастар емес екенін еске алуымыз керек.
Экологиялық құқықтық қатынастарда табиғатты, яғни қоршаған ортаны және
табиғи ресурстарды қорғау және пайдалану жөніндегі қатынастарға тікелей
байланысты табиғи ресурстарға меншік құқығын, оны басқару, экологиялық
талаптар, құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру механизмдері экология
заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық жөніндегі және басқа қатынастар да
реттеледі.
Экологиялық қатынастардың осындай қағидаларына байланысты С.А.
Боголюбов экология құқығының қоғамдық қатынастарды реттейтін тақырыбын үш
құрамдас топтарға бөліп қараған.
Бірінші бөлігі: экологиялық құрылымдар мен кешендерді қорғау, жалпы
табиғат қорғау тақырыптары, барлық қоршаған ортаның негізгі мәселелерін
шешуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін табиғат қорғау құқығы
құрайды. Бұған қоршаған ортаны қорғау, экологиялық сараптама, радиациялық
қауіпсіздік, ерекше қорғалатын аймақтар туралы заңдардың нормалары жатады.
Бұл бөліктің негізгі мақсаты экологиялық мәселерді кешенді түрде реттеу.
Екінші бөлік - қоршаған ортаның құрамдас жеке ресурстарын реттеу. Бұл-
табиғаттың жеке-жер, оның қойнауы, су, орман, жануарлар дүниесі және
атмосфералық ауаны қорғауды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін
табиғи ресурстар құқығы.
Экология құқығының үшінші бөлігіне қоршаған ортаны қорғауға байланысты
қоғамдық қатынастарға қызмет ететін басқа құқық салаларының нормалары
жатады. Ондай құқықтар көп. Олар қоршаған ортаны қорғауға байланысты
міндеттерді орындауға қатысады (әкімшілік, қылмыстық және баска құқық
нормалары). Оның үстіне экология құқығының орнына бұрын табиғатты қорғау
құқығы, табиғи ресурстарды қорғау немесе табиғатты құқықтық қорғау деп
аталған. Соған орай олардың ұғымы мен тақырыбы жөнінде де әр түрлі пікірлер
айтылды. Ол пікірлер де осы күнге дейін өзінің теориялық және тәжірибелік
мазмұнын жойған жоқ. Олар кейінгі экология құқығының, түсінігі мен
тақырыбының теориялық мәселелеріне өзінің үлесін қосты.
Экология құқығы анықтамасында да ғалымдар пікірінде бірізділік
байқалмайды.
В.В. Петровтың ойынша экология құқығы "Қоғам мен табиғат өзара
әрекеттері саласындағы қатынастарды реттейтін нормалар мен құқықтық
қатынастардың жиынтығы" десе, Б.В. Ерофеевтің тұжырымдауынша: "Экология
құқығы - құқық саласы ретінде бізді жалғыз үйде, жерде тіршілік ететін
адамдардың мүддесі үшін қоғам мен табиғаттың арасындағы қатынастарды
үйлестіру мақсатына жету үшін экологиялық қатынастарды арнайы әдіспен
реттейтін құқықты нормалардың жүйесі болып табылады", ал М.М.Бринчуктің
пікірінше "Қоршаған ортаны қорғау құқығы дегеніміз экологиялық құқық
идеяларымен негізделген табиғи ресурстарға меншік құқығы қорғайтын нақты
қоғамдық қатынастарды, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды, қоршаған
ортаны шаруашылық және баска қызметтер үрдісінде химиялық, физикалық және
биологиялық зиянды әсерлерден қорғауды, заңды тұлғалардың экологиялық
құқықтық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін нормалардың жиынтығы".
С.Б. Байсалов: "Табиғатты сақтау құқығы - заң нұсқауларының
нормаларының және ережелерінің жиынтығы, солардың талабын қалтқысыз орындау
негізінде экологиялық тепе-теңдікті, табиғи ресурстарды сақтау, молайту,
пайдалану және ұтымды пайдалану жүзеге асырылады", - деп тұжырымдаған.
Бұл анықтамаға және ғалымдардың басқа да анықтамаларына талдау жасай
отырып, А.Е. Еренов оларды сынға алған. Оның ойынша С.Б. Байсаловтың
анықтамасы жан-жақты және қызықгы, ойлардан туындағанымен, бытыраңқы және
қарама-қарсы бөлшектері бар - деп қорытындылаған және өзінің мынадай
аңықтамасын ұсынған: "Халық шаруашылығын дамытуға бағытталған кеңес
адамдарының артып келе жатқан материалдық және мәдени қажеттіктерін
қанағатандыру үшін адамға мөлшерлі қоршаған ортаның болуын қамтамасыз ету
мақсатында табиғат ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалануға, қорғауға
және молайтуға бағытталған құқықтық нормалар мен ұйымдастыру-құқықтық
шаралардың жиынтығы".1 Бұл анықтама өзінің құрылымы мен мазмұны жағынан
көптеген анықтамалардан ерекшеленеді. Автор табиғатты құқықтық тұрғыдан
қорғаудың анықтамасын бере білген. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық құқықтық қатынастар
Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін заңды жауапкершілік
Халықаралық экологиялық құқық
Экологиялық құқықтық қатынастар және олардың субъектілері мен объектілері
Мемлекет ұғымы пәнінен дәрістер
Қоршаған қолайлы ортаға деген құқық ұғымы
Экологиялық қылмыстардың түрлеі
Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері
Экологиялық зиян ұғымы
Қазақстан Республикасында адам өмір сүруінің денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғаудың конституциялық құқықтық негіздері
Пәндер