АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ҚАЗІРГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӨСІМДІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ БИОХИМИЯСЫ

ЭКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ТАҚЫРЫБЫ:

АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ҚАЗІРГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ

ЖАҒДАЙЫ

ТЕКСЕРГЕН: ҚОЙБАҒАРОВА Б. Х.

ОРЫНДАҒАН: ЖҰМАБАЕВА А.

3-топ, 1-курс, қазақ филологиясы, қазақ тілі және әдебиет бөлімінің

студенті

БАҒАСЫ:

АЛМАТЫ-2007

АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ҚАЗІРГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Е. Қ. 2004, 5 маусым.

Арал өңірінің экологиялық проблемасы алаңдатады. Парламент мәжілісі депутаты Ұ. Қараманов сұқбат.

Арал өңіріндегі экологиялық сауал XX ғасырдың 60-жылдың басынан теңіз суының озонның әсерін бастау алды. Мысалы, Арал теңізінің 1957-жылғы деңгейі +53 метр. Су айдынының көлемі 66 мың шаршы километр, судың табиғи мөлшері 1064 мың текше метр болады.

Сырдария мен Әмудария өзендерінің жөнсіз және үнемі тоқтаусыз қосымша каналдар арқылы пайдалананылуы салдарынан теңіз деңгейі түсті. Қазіргі жағдайда Арал теңізі екіге бөлініп кетті. Үлкен Арал теңізі Өзбекстан мемлекеті аумағында, ал кіші Арал теңізі өз еліміздің жер аумағында қалды. Әлем жұртшылығы Кіші Аралды солтүстіктік Арал деп атай бастады. Осы Солтүстік Аралға келетін су көзі Сырдария өзені арқылы өтеді. Алайда, Сырдария өзенінің теңізге су жіберу мүмкіндігі азайды. Жағалаудағы жерлерге әр-түрлі құрылыстар мен суды бөгейтін гидротехникалық бөгеттер салынды. Демек, Сырдария өзені бұрынғы Арал теңізін қамти алмайтындығы анықталды.

Арал өңіріндегі экологиялық ахуалды шешудің бір жолы осы кіші Аралды суға толтыру болып табылады.

АРАЛ ТЕҢІЗІН ҚҰТҚАРУҒА БОЛАДЫ МА?

Арал теңізінің қазіргі экологиялық жағдайы неге ауыр? Себебі, қос өзеннің 1975-жылдан бері суының құймайтындығында. Қазіргі құйылатын су жеткіліксіз мөлшерде. Аз жыл сайынғы теңіз суы көлемінің тартылуына соқтырды. Сырдария мен Әмудария өзендерінің Арал теңізінің жетпеуі өзен бойындағы мемлекеттерден мақта, егістік алқаптарын өсіруімен тығыз байланысты. Бұрын екі қос өзен Аралға жыл сайын 10 шаршы километр су құйып келсе, қазір олардың жеткізетін суы бір шаршы километрге де жетпейді. Бұрынғы алып жатқан су көлемі 1064 шаршы километр болса, қазір алып жатқан жері 404 шаршы километр. Бұл дегеніңіз Аралдың көлемі 2, 6 есе кемігендігін көрсетеді. Бұрын, орташа тұздылығы 10 пайыз болса, қазір 27-30 пайызға жетеді. Жылына тартылған жерден 60-150 миллион тонна тұздар жан-жаққа 1 км-ге дейін ұшып-жетуде. Аралдың тұздары қазіргі кезде Антарктидада, көптеген Азия мен Еуропа елдеріне табылуда.

Бүгінде, Арал 18 км-ге дейін төмендеген. Жағалауы кей жерлерде 100-150 км-ге дейін шегінген. Теңізге кемінде 100 млн тонна қатты, сұйық қалдықтар төгілуде. Жыл сайын тыныс алу, қан тамыры, тері, ісік аурулары көбеюі байқалады. Арал теңізінің осы қалпында сақтау үшін жылына кем дегенде 35 шаршы километр құю керек. Бұл мүмкін бе? Оның үстіне Аралдың 90 пайыз астам аймағы суды тақырлы, құмды.

Жалпы Арал теңізінің жыл сайынғы суының азаюының бірнеше себептері бар. Солардың бірі Сырдария өзенінің Аралға жетпеу себебі - күріш, мақта алқаптарының өсуі, Қазалы, Қызылқұм, Қызылорда суару жүйелері мен Шардара, Бөген суландыру жүйелерінің егін мен шабындыққа көптеп тартылуы.

Тағы бір ғалымдардың болжамы бойынша, Арал қасіретін Каспий теңізінің көтерілуімен байланыстырады. Себебі, жер асты суы бір-бірімен байланысты десек, онда Арал суының бір бөлігі Каспийге қарай кетуі мүмкін. Себебі, Арал теңіз деңгейінен 40 метр жоғары, Каспий 29 метр төмен жатыр. Тағы бір жағдай жыл санап, Арал маңындағы жер асты суы біртіндеп төмендеп барады. Құрғаған теңіз табанынан ұшқан тұзды шаңды тоқтатар амал бар ма? Қазір Арал экологиялық апат аймағында 186, 3 мың халқы бар. Олар 178 елді мекенде тұрады. Бұл өңір тұрғындарында ішек-қарын аурулары мен қан аздығы, балалар өлімі мен туа біткен аурулар мен жүйке ауруы жыл өткен сайын көбею үстінде. Мысалы: облыста 2001-2003 жылдар аралығында 1408 бала мүгедек болса, өткен жылы (2003) 355 баланың 104, ал қайта куәландырылған 1186 баланың 364 осындай науқасқа шалдыққан.

Қазақтың бағына жараскан екі теңіз бар десек, соның бірі сөз жоқ - Арал. 1000 м 2 аумақты алып жаткан су алқабы - Арал. Иә, "Арал" сөзі бір кездері табиғаты сулы да нулы жерді елестететін болса, бүгінде бұл ұғым мүлдем басқа бейнемен ұштасады. Мұнда кәзір бұрынғыдай балық-шаяндар, моллюска, туфелька, амеба секілді теңіз жәндіктері көп деуге келмейді. Суда жүзетін, суға сүңгитін құстар да, теңіз жағалауында жайқалып өсетін өсімдіктер де, ол өсімдіктермен қоректенетін жан-жануарлар да жоқтың қасы.

Бұл әңгіме бүгінде ешкімге таңсық емес. Осы күнге дейін теңізді апаттан алып шығуға байланысты жүздеген жобалар ұсынылыпты. Өкінішке орай ешқандай нәтиже көріне қойған жоқ.

1981-1985-ші жылдардың аралығында мен жас маман ретінде Жамбылдың су шаруашылығы және мелиорация ғылыми-зерттеу институтында қызметте болдым. Сол жылдары Қазақстанның су ресурстарына катысты бірнеше зерттеу жобаларына қатысқаным бар-тұғын. Ғалымдарды мазалаған жағдай, ол Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Жезқазған облыстарындағы теңіз, көл, өзен, жер асты сулары деңгейінің 14 / он төрт/ метрге дейін төмендеп кеткендігі еді. Осы жәйттерді қалпына келтіру барысында талас-тартыс екі жобаның төнірегінде өрбіді. Оның бірі "Сібір өзендерінің суын Қазақстан мен Орта Азияға әкелу", екіншісі - "Жер асты суларын бөгеп, Қазақстан өзендерінің суының деңгейін көтеру" болды. Қанша қиын болғанымен біздің жерасты сулары секторының мамандары екінші жобаны мақұл көрдік. Ол кездегі біздің мақсатымыз - Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарындағы құмды және тың далалы жерлерді суармалы егістіктер мен жайылымды өрістіктерге айналдыру еді. Солай Шу өзенінің бойынан "Тасөткел" су қоймасы жасалды, Алматының таулы өзендері, Талғар, Қаскелең, Ұзынагаш жылғалары, Іле өзенінің бойында, "Қапшағай" су коймасына тоғандалды. Соның нәтижесінде Жамбыл облысының бірнеше аудандарында суармалы егістіктерден жүгері, қант қызылшасы, бидай, қауын-қарбыздан жақсы өнімдер алынды. Оған дейін Алматы облысының шалғай аудандарындағы мал жайылымдарының суы мен топырағы тұзды, сортаң еді. Мал жайылымдарының беткі қыраттары ақ сортаңмен қапталып, бидайық шөп, қой тікенек, түйе жаңғақ, шайыр, жусан, тасжарған, ажыратқы, ысқа, андыз, қалқанжапырақтан өзге шүйгін өсімдіктер сирек кездесетін. Кейіннен Бетпақ дала, Сарыарқа, Ақсу-Жабағылы, Мойынқұм, Нарынқол, Сарыжаз, Шонжа, Қызылқұм, Қарқаралы, Баянауыл, Егіндібұлақ өңірлерінде жерасты су деңгейінің көтерілгендігінен жайлаудың шүйгінділігі мен құнарлылығы артты.

Бірақ мұның Аралға әсері болмады. Теңізге құятын Сырдария мен Амудария өзендерінің Орта Азия мемлекеттерінен бастау алғанымен, көсіліп ағар арнасына жетер-жетпестен мақта, күріш және басқа суармалы егістіктерге жайылып кетуінің келеңсіз екенін кейін түсіндік. Жаздың аптап тұрған ыстық шілдесінде аңызақ құрғақ желдің әсерінен теңіздің тұзды суының булану жылдамдығының күрт өсетінін кітаптан емес, өмірден көрдік. Тартылған судың орнына борпылдақ құм мен топырақ аралас тұз қабаты қалды. Жел мен құйынның әсерінен жеңіл тозаң атмосфераның биік қабаттарына көтеріліп, экологиялық "тұман" түзетіні белгілі. Ал, бұл тұман жер бетінің түкпір-түкпіріне тарап, экологиялық апаттың көлемін кеңейтпесе, кемітпейді.

"Ізденген иірімнен ине табады" дейді халықта. Сол айтпақшы, менің Арал апатына байланысты ұзақ жылдар бойында жүргізілген ізденістерім, бұл мәселенің түйінін шешетін сияқты. Ол жүмыстарым Аралды апаттан қорғау жөніндегі жоба түрінде бой көрсетті.

Су ресурстарын тиімді пайдалану арқылы, Арал теңізіне барып құятын өзендерге күрделі гидрогеологиялық, гидрохимиялық, гидротехникалық, мелиорациялық жұмыстарды жүргізуімізді талап етеді. Әрбір су көздеріне әлі де болса жеке тоқталып, теориялық, практикалық салыстырмалы есептеулер жүргізу қажет. Су қоры, ені, ұзындығы, тереңдігі, қазіргі кездегі жағдайлары, бәрі-бәрі есепке алынуы тиіс.

Осыған дейін де бірнеше жобалар болған. Біреулер Арал теңізінің жағасына жасыл желек ағаштар отырғызса судың жылдам тартылмауына септігі болар деген ұсыныс та жасаған. Бірақ, құмды жерде ағаштар қалай еспек, суғарып тұрғанға су қайдан табылмақ, тағы-тағылар сұрақтардан кейін ол мәселе аяқсыз қалды . . .

Кезінде Аралға Сырдария өзендерімен қоса Талас, Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз өзендері құйған. Ал қазіргі кезде олардың екеуі ғана теңізді сумен қамтамасыз етеді. Соның өзінде толық емес, қалғандары құмға сіңіп, жетпейді.

Жобаның экологиялық та, экономикалық та жағдайлары ескерілген, есептері бар. Егер осы бастама көпшілік болып қолға алынып, қаражат мүмкіндіктерін қарастырылып, жобаны жүзеге асырып жатсақ, ұлттық, мемлекеттік, аймақтық, тіпті планеталық дерттен айығарымыз шындыққа айналар еді.

ШЫҒЫС АРАЛ ӨҢІРІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР

Сырдария өзені суының ластануы үлкен проблемаға айналып отыр. Оның ластануына тосқауыл қоятын мүмкіндіктер жоқ, өйткені Шардара су қоймасынан жоғарыда орналасқан 140 қашыртқы жүйелерінен Сырдың арнасына жыл сайын 12, 0 км текше лас су құйылып тұр. Егер 50-шы жылдары өзен суының жылдық минералдағы 0, 6 г/л болса, қазір ол 1, 4-1, 6 г/л шамасында, ал тұтқырлығы (жесткость) -13-14 мг/экв/ литр. 1992 жылы Қызылорда қаласының тұсында бір литр өзен суындағы мұнай өнімдерінің мөлшері жаз ортасында ПДК-дан 2, 5 есе жоғары болды. 2000 жылғы мәлімет жаз ортасында өзен суының минералдағы 1395, 0 мг/л болғанын, яғни, ПДК-дан 315, 0 мг/л артық екенін көрсетті. Сонымен бірге судың құрамында тұздармен қатар мұнай өнімдері, фенол, ауыр металдар, т. б ингредиенттер аз емес.

Сырдария өзені суының сапасыздығы шығыс Арал өңіріңдегі халықтың әлеуметтік жағдайын қиындатып отырғанын айта кеткен жөн. Қазіргі кезде тек суға ғана емес, жалпы тірі табиғатты ластайтын химиялық заттардың түрі де кеп, саны мол. Солардың ішінде адамға қауіптілігі жағынан радионуклидтердің орны ерекше. Әсіресе стронций 90-мен цезий-137 трофикалық тізбек арқылы организмге жинала келе, әр түрлі қатерлі ауруларды қоздырады. Адам рационында стронций-90-ның мөлшері 1, 0 грам кальцийге есептегенде 1, 0 микрокюри шамасында болса, онда ол сүйек тканьін ауруға шалдықтыратыны ғылымға белгілі.

Біздің зерттеулерімізде жергілікті тұрғындар тамаққа көбірек тұтынатын күріш дәніндегі стронций бірлігі 0, 21-0, 23 болған еді, яғни, бұл 1:1 шамасынан әлде қайда төмен, жергілікті жағдайда бұл радионуклид адам организміне пәлендей қатер туғыза қоймайтын сыңайлы. Бірақ Арал өңірінің асқынған экологиялық жағдайына әлеуметтік-экономикалық қиындықтар қосылып, мұндағы адамдардың организмін әлсіретіп тұрғанын ескерсек, азық-түліктің құрамындағы стронций бірлігінің сол азғантай мөлшерінің өзі адам бойында ауру туғызу қаупі жоқ емес. Қолда бар статистикалық мәлімет бойынша, Қызылорда облысының тұрғындары арасында лейкоз, сүйек рагы, балалардың рахит аурулары тіркелгеніне қарағанда, Арал өңірінің табиғатына түсіп тұрған экологиялық салмақтың ішінде радионуклидтердің де үлесі бар деуге болады.

Соңғы кезде адам организміне қатерлі заттардың ішінде назарға көбірек ілініп жүрген химиялық заттардың қатарында ауыр металдарда бар. Солардан адамға ең қауіптісі қорғасын, өйткені ол ферменттерді қоздыратын зат ретінде ондағы зат алмасу процесін бұзады. Ғылыми мәліметтерге жүгінсек, организмде артық мөлшерде жиналған қорғасын балалардың ақыл-есін кемітеді, айықпайтын науқасқа шалдықтырады, қаңқаның сүйегіне мықтылық беретін кальцийді ығыстырып шығарады, сонан сүйек тканы үзілгіш болатын көрінеді. Қорғасын табиғат нысандарына көбінесе автокөлік шығаратын улы газбен түсетін белгілі. Біздің зерттеулеріміз Шығыс Арал өңірінде қорғасынның табиғи нысандарына шоғырлануы және оның трофикалық тізбек арқылы миграциясы онша қауіпті деңгейде емес екенін көрсетті.

Шығыс Арал өңіріндегі егіс далаларында қолданып жүрген химиялық заттар - минерал тыңайтқыштар мен пестицидтердің экологиялық және әлеуметтік зардаптары жоқ деуге болмас. Бұл заттарды суармалы егіс далаларында қолдану деңгейі 80-жылдардағыдай көп емес, бірақ қолданып жүр. Минерал тыңайтқыштар егіннің өнімін көтеретін маңызды құрал ретінде танылады. Әйтсе де олардың кейбіреулерінің өнімнің құрамында бос ион түрінде жиналып қалуы, мысалы, азоттың нитрат түрі, адам организіміне канцерогендік әсері бары ғылымға белгілі. Егер нитраттардың азғантай мөлшерінің өзі организмге ұзақ уақыт әсер ететін болса, онда организм рак ауруына шалдығады, мутагендік жарымжан болады, адамның эмбрионалдық зиянды әсерін тигізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арал теңізінің зерттелу тарихы, экологиялық жағдайлары
Арал теңізі зерттелу тарихы, географиясы және игеру мәселелері
Каналды бетонмен каптап, жылына
Арал теңізінің зерттелуі
Арал аймағының экологиялық жағдайының әлеуметтік әсері
Арал өңірінде табиғи-шаруашылық кешенді экономикалық орнықты дамыту
Арал теңізінің экологиясы жайында
Арал экологиясының ахуалы
Солтүстік Арал теңізінің экологиялық күйі
ҚР Арал аймағындағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалануды құқықтық реттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz