Мемлекеттік экологиялық сараптама нысаналары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекеттік экологиялық сараптама
Экологиялық сараптама – шаруашылық және басқа қызметтердің қоршаған орта
сапасының нормативтері мен экологиялық талаптарына сәйкестігін анықтау, осы
қызметтің қоршаған ортаға теріс ықпал келтіру мүмкіндігін және соған
байланысты салдарының алдын алу мақсатында сараптама нысанасының іске
асырылуын анықтау.
Мемлекеттік экологиялық сараптамасының оң шешімі болмаса қоршаған ортаға
ықпалын тигізетін жобалар әзірлеу мен іске асыруға, Қазақстан Республикасы
аумағына қоршаған ортаны қорғау саласындағы өнімдерді (жұмыс, қызмет
көрсету) өндіруге немесе кіргізуге тыйым салынған, егер олар міндетті түрде
экологиялық сараптамадан өтуі керек болса.

Мемлекеттік экологиялық сараптама нысаналары

ҚР Экологиялық сараптама туралы 1997 ж. 18 наурыздағы № 85-1 заңына
сәйкес экологиялық сараптама нысаналары:
1. жоспар алды, жоба алды және жобалау құжаттары, шарттар, келісім-
шарттар, оның ішінде халықаралық, табиғатты пайдалану сауалдарына
қатысты;
2. қоршаған орта мен халық денсаулығына ықпалын тигізетін, Қазақстан
Республикасында қабылдануға белгіленген заңнама және басқа нормативті
құқықты актілер жобалары
3. табиғатты пайдаланушының шаруашылық әрекеттерін іске асыру кезінде
қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын қорғаудағы талаптарды
орындауын бағалау материалдары.
4. табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензия мен
сертификат алатын кезде экологиялық негіздеу үшін тапсырылған
құжаттар.
Ерекше құқық мәртебесін беру мақсатында аумақтың комплексті зерттелу
материалдары (ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, экологиялық қатер
аудандары, ж.б.) экологиялық сараптама нысанасы болып табылады.

Мемлекеттік экологиялық сараптама субъектілері

• қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган және оның
жергілікті органдары - стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық
қауіпті нысаналардың мемлекеттік экологиялық сараптамасын ұйымдастыру
және өткізу бөлімінде;
• облыстың жергілікті атқарушы органы (республикалық маңызы бар қалалар,
астаналар) – облыс субъектілерінің мемлекеттік экологиялық
сараптамасын ұйымдастыру және өткізу бөлімінде (республикалық маңызы
бар қалалар, астаналар ), стратегиялық, трансшекаралық және
экологиялық қауіпті нысаналарын шығарып тастағанда;
• қоғамдық экологиялық біріктестіктер, ғылыми мекемелер және олармен
құрылған экологтық-сараптама органдары;
• орталық атқарушы комитет - қоршаған орта саласында және оның
жергілікті бөлімшелерінде, облыстардың жергілікті атқарушы органдары
(республикалық маңызы бар қалалар, астаналар) экологиялық сараптама
жүргізу үшін шақырылған, арнайы лицензиясы бар жеке және заңды
тұлғалар (штаттан тыс сарапшылар).

Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының өткізуінің және күшінің
мерзімі

Мемлекеттік экологиялық сараптаманың өткізу мерзімі үш айдан аспауы тиіс,
егер күрделі құжат болған жағдайда – алты айдан аспауы тиіс.
Қазақстан Республикасының Экологиялық сараптама туралы Заңына сәйкес,
мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының оң шешімі заңды күшке ие.
- жоба құжаттамасы үшін – құрылыс басталуына дейін, берілген күннен бастап
екі жылға дейін,
- күштегі және салынып жатқан кәсіпорындардың құжаттамалары үшін-бес жылға
дейін.
Көрсетілген мерзімде іске асырылмаған мемлекеттік экологиялық сараптама
нысаналары, мемлекеттік экологиялық сараптамадан қайта өтуі тиіс.

Мемлекеттік экологиялық сараптама нысаналарын шектеу

Стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауіпті нысаналардың
мемлекеттік экологиялық сараптамасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы
Орталық атқарушы комитетпен және оның Аймақтық басқармаларымен өткізіледі.
Жобалы материалдар Министрліктің аймақтық басқармасының қарауына түседі.
Сараптаманың алдыңғы сатысында сараптама жобаларының: стратегиялық,
трансшекаралық және экологиялық қауіптіге жататындығы анықталады.
Мемлекеттік экологиялық сараптамаға түскен құжаттамалардың бөлінуі
Министрліктің Аймақтық басқармаларымен, Қазақстан Республикасының
Экологиялық сараптама туралы Заңына сәйкес, сараптаманың алдыңғы сатысын
өткеннен кейін жүргізіледі.
Алдыңғы сараптама сатысын өткеннен кейін, Жергілікті орган құзырына жататын
сараптама нысаналары, мемлекеттік экологиялық сараптама рәсімін жүргізу
үшін, Жергілікті органдарға ілеспе хатпен жіберіледі.
Жергілікті атқарушы органдар қызметі - мемлекеттік экологиялық сараптама
саласындағы жергілікті атқару органдарының лауазымды тұлғаларының қызметін
бақылауды іске асыру Ережелерімен регламенттеледі.

Жұртшылықтың қоршаған орта әсеріне бағалау беру рәсіміне қатысу (ҚОӘБ)

ҚОӘБ материалдарының, шаруашылық және басқа қызметті негіздейтін: жоспар
алды, жоба алды және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде жұртшылықтың
пікірі есепке алынады, оның ішінде - қорытындысының ұсыныстық мінездемесі
бар, жұртшылықты тыңдаулар жүргізіледі. Жоспар алды, жоба алды және
жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде қоршаған ортаға болжанған шаруашылық
және өзге де қызметтің әсеріне бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту
туралы Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2004
жылғы 28 ақпандағы № 68-П бұйрығына сәйкес регламенттеледі.
Жұртшылық пікірін есепке алу - жұртшылықтың ҚОӘБ материалдарының дайындығы
мен талқылануына қатысуымен қамтамасыз етіледі және болжанған шаруашылық
және өзге де қызметтің тапсырысшысымен ұйымдастырылады.

Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу тәртібі

Мемлекеттік экологиялық сараптама рәсімі Қазақстан Республикасындағы жоба
алды және жобалау материалдарының мемлекеттік экологиялық сараптамасын
өткізу бойынша, 1997ж. 21 ақпандағы Министрдің бұйрығымен бекітілген,
Нұсқаумен регламенттеледі.
Мемлекеттік экологиялық сараптама рәсімі барысында: сараптама органдары
(немесе сараптама құрылымдары) сараптама нысанасының зерттеуін және
бағалауын жүргізіп, негізделген және әділ сараптама қорытындысын
қалыптастырады, қорытынды ізбасарлы деңгейлерден тұрады:
• мемлекеттік экология сараптамасын өткізу туралы арызды тіркеу;
• алдын ала сараптама жүргізу - сараптамаға жіберілген материалдардың
қолда бары және толықтығы тексеріледі, сонымен қатар болжанған
шаруашылық қызметінің қоршаған табиғат ортасына әсерін бағалау және
олардың іс жүзіндегі заңнама мен нормативті актілерге сәйкесітігін
анықтау;
• сараптаманың қажетті деңгейін анықтауды ескеру, материалдардың
талдаулы өңделуін, болжанған немесе іс жүзіндегі қызметтің экологиялық
қауіптілігінің деңгейін анықтау, нысананың салыну негіздемесінің
жеткіліктілігін және шүбәсіздігін анықтау - сараптаманың негізгі
сатысы;
• сараптаманың қорытынды деңгейі – жеке сараптама бағалауының
қорытындысы және экологиялық сараптама қорытындысы, сараптама
материалдарының қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы
тұжырымдамасы мен қорытындысын дайындау.

Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын шақырып алу және күшін
жою

Сараптама бөлімшелерінің жетекшілері мемлекеттік экологиялық сараптаманың
қорытындысын келесі жағдайларда шақырып алу және күшін жою құқықтары бар:
• қоршаған ортаға қатер төндіріп тұрған, жаңадан анықталған жағдайларға
байланысты;
• Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамасы бұзылғанда;
• тапсырушы жоғарыдағы қорытындының талаптарын орындамағанда.

Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қайта жүргізілуі

Мемлекеттік экологиялық сараптама: табиғатты пайдалану шарттарының өзгерген
жағдайларында, алдыңғы өткізілген мемлекеттік экологиялық сараптаманың
ескертулері бойынша материалдар пысықталғанда, сот органдарының шешімі
негізінде, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімі
бойынша, қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы мен
жергілікті облыс органдарының (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар)
бастамшылығы бойынша қайта жүргізіледі.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қайта жүргізілуі алғашқы қорытынды
берген сараптама органымен жүргізіледі.

Мемлекеттік экологиялық сараптаманы алу үшін қарауға берілетін материалдар

Экологиялық сараптама нысаналарын - табиғатты қорғау жобалауын экология
сараптамасы саласында нормалауға және жұмыс істеуге рұқсаты бар ұйым
әзірлеуі тиіс.
Мемлекеттік экологиялық сараптама органдарына қарауға берілген материалдар
жобаның толық құрамын көрсетуі тиіс және мазмұнында болуға тиісті:
• мәліметтер жинағының түсініктеме хаты;
• сараптамадан өтетін нысананың мінездемесін және қоршаған табиғи
ортаның жағдайына тура немесе жанама ықпалын тигізетін болжанған
шаруашылықтың технологиялық рәсімін суреттейтін жоба томдары.
Архитектура-қала құрылысы, жобалау, болжау мінезі, экологиялық және
басқа бағдарламалардың жобалау материалдарының мазмұны: табиғатты
қорғау сұлбасы мен басқа да жоспар алды және жоба алды құжаттамалар
көзделген шаруашылық, өндірістік, ғылыми және басқа қызметтердің
қажеттілігі мен дамуының маңыздылығын, қоршаған ортаға тигізетін
ықпалын негіздеп, толық суреттеп беруі тиіс.
• Жоспар алды, жоба алды және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде
қоршаған ортаға болжанған шаруашылық және өзге де қызметтің әсеріне
бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан
Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2004 жылғы 28
ақпандағы № 68-П бұйрығы бойынша өткізу деңгейіне сәйкес,құжат түрінде
ресімделген, қоршаған табиғи орта әсеріне бағалау беру материалдары
(ҚОӘБ ).
Болжанған немесе іс жүзіндегі қызметтің қоршаған табиғат ортасына тигізетін
әсерін бағалау және жобалау әзірлеулер сараптаманың бастамшысы (тапсырыс
берушісі) болып көрсетілуі және төменде көрсетілген жағдайларды енгізген
болуы тиіс:
• жоспарланған қызметтің балама шешімдері болуы мүмкін екенін;
• қоршаған табиғи ортаның жағдайының мінездемесін;
• қоршаған орта мен адам денсаулығына кәдімгі жағдай мен апат
жағдайларындағы тиетін ықпал түрлері мен деңгейін;
• тұрғылықты орта сапа жағдайының өзгеру мүмкіндігін болжау;
• әлеуметтік-экономикалық және экологиялық салдар;
• экологиялық қатер деңгейін төмендету және экологиялық қауіптің алдын
алу шаралары;
Қоршаған ортаның әсеріне бағалау беру материалдарын: болжанған немесе іс
жүзіндегі қызметтің экологиялық салдары туралы, оның ішінде аталған
қызметтің барлық іске асыру мерзіміне экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз
ету бойынша шаралар қабылдау және негіздеу кепілдігі туралы арыз болуы
тиіс.

Негізгі нормативті құқықты актілер тізбесі

1. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау туралы 1997 жылғы
15 шілдедегі № 160-І Заңы (2006.31.01. берілген түзетулер мен
толықтырулармен)
2. Қазақстан Республикасының Экологиялық сараптама туралы1997 жылғы 18
наурыздағы № 85-І Заңы
3. Қазақстан Республикасында жоба алды және жобалау материалдарының
мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізу туралы нұсқау (Қазақстан
Республикасы экология және биоресурстар Министрімен 1997ж. 21 ақпанда
бекітілген)
4. Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау Министрінің Жоспар
алды, жоба алды және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде қоршаған
ортаға болжанған шаруашылық және өзге де қызметтің әсеріне бағалау
жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы 2004 жылғы 28 ақпандағы №
68-П бұйрығы.
5. Мемлекеттік экологиялық сараптама саласындағы жергілікті атқару
органдарының лауазымды тұлғаларының қызметін бақылауды іске асыру
Ережелері ( 08.04. 2005 ж. № 121 – п Министр бұйрығымен бекітілген).


Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму [pi
жоспары c]
VI БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖƏНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР
1. Мақсат
Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру.
2. Жағдайды талдау
Халық тiршiлiк ететiн негiзгi жерлерде қоршаған ортаның жай-күйi
қанағаттанғысыз болып отыр жəне сапалы ауыз судың жетiспеушiлiгi мен
ауаның ластануы халықтың денсаулығына терiс əсер ететiн негiзгi
факторлар болып табылады. Өнеркəсiптiк жəне тұрмыстық қалдықтардың,
ластанған сарқынды сулардың прогрессивтi жинақталуы бұл факторларды
едəуiр күшейтедi.
Елде Кеңес Одағы кезеңiнде ескi технологиялармен салынған қуатты
өндiрiстердiң болуы ластанған заттардың қоршаған ортаға тасталу
эмиссиясының азаймайтынын болжауға негiз қалайды.
2.1. Күштi жақтар
Табиғат қорғау заңдарының негiзi қаланды, қоршаған ортаны қорғау
мəселелерi бойынша бiрқатар халықаралық конвенцияларға қол қойылды,
табиғат қорғау қызметiн басқару жүйесi құрылды.
Əскери полигондар жабылды, ядролық қаруды сынау тоқтатылды,
үкiметтiк емес экологиялық ұйымдардың қызметi жанданды.
Ластайтын барлық көздердің мемлекеттiк кадастры жəне олардың
орналасу карталары жасалды.
Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлем жасау жүйесi дамуда. Қоршаған
ортаны ластағаны үшiн жасалған төлемдерден түскен қаражаттың
шоғырландырылған көлемі роялтиден алынған түсiмдермен шамалас едəуiр
соманы құрайды.
2.2. Əлсiз жақтар
Қазақстандағы су ресурстарының тапшылығы табиғи байлықтарды игерудi,
өндiрiстiк күштердiң дамуын жəне тұтастай алғанда экономикалық өсудi
тежейтiн елеулi фактор болып табылады. Осындай проблемалардың
аймақтағы басқа мемлекеттерде де орын алуы жағдайды ушықтыра түседi.
Қазақстан Еуроазия құрылығындағы суға неғұрлым тапшы елдердiң бiрi
болып табылады. Жердiң үстiңгi қабатындағы су ресурстарының барлық
көлемiнiң жартысына жуығы республикадан тысқары жерлерде
қалыптасады, үштен бiрi Қазақстан арқылы көршi мемлекеттердiң
аумағына өтедi. Халықаралық өзендерге трансшекаралық əсер етудiң өсе
түсуiне орай Қазақстанда жердiң үстiңгi қабатындағы табиғи су
ресурстарының қысқару үрдiсi байқалады.
Перспективада республиканың жəне шектес мемлекеттердiң
трансшекаралық өзендер бассейнiнде, əсiресе су ресурстарын
қалыптастыру жəне басым пайдалану аймағында шаруашылық қызметiнiң
ұлғаюына орай су жетiспеу проблемасы күшейетiн болады.
Осы ресурстың Орталық Азия аймағында тапшылығын ескере отырып,
трансшекаралық су ағынының сапасы мəселесiн де шешу қажет.
Бiрiншi кезекте, өнеркəсiп пен ауыл шаруашылық қызметiнiң
интенсивтiлiгiне байланысты су көлемi мөлшерiнiң қысқаруы жəне
трансшекаралық су ағынының концентратпен ластануының көбеюi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті аймаққа экологиялық бақылау жүргізу
Ботаникалық бақтың реконструкциясы
Семей полигонына қарасты территориялардың қазіргі экологиялық жағдайы
Аңшылық құстардың аңшылықта алатын орны
Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Талдықорған орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі
Алматы облысында 2007-2011 жылдарға арналған туризм даму бағдарламасының анализі
Бурабай көлінің экологиялық жағдайын микробалдырлар көмегімен бағалау
Қазақстан табиғатының эталондық бөліктері
Жабайы ауланатын құстар еттінің тағмдық құндылығы мен ветеринариялық –санитариялық бағасы
ӘСКЕРИ ЭПИДЕМИОЛОГИЯ
Пәндер