ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӨСІМДІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ БИОХИМИЯСЫ

ЭКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ТАҚЫРЫБЫ:

ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА

ТЕКСЕРГЕН: ҚОЙБАҒАРОВА Б. Х.

ОРЫНДАҒАН: ИБРАИМОВА А.

БАҒАСЫ:

АЛМАТЫ-2007

ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА

Өз баяндамам негізінде экологиялық сараптама туралы сөз қозғамастан бұрын, әуелі сол сараптаның қазіргі кездегі жай-күйі, қалай атқарылатындығы туралы бір ауыз сөз қозғап, содан әрі сараптаманың маңызын фактілермен дәлелдей кетейін.

Соңғы жылдары Өскемен каласында, жалпы облыста экологиялық ахуал катгы асқынып кетті. Соның ішінде ауа атмосферасынын ластануы, өндіріс орындарының лас қалдықтарды ауаға таратуы, автокөліктердін зияңды түтіні бұл өңірде коршаған ортаның қатты бүлінуіне соқтырып отыр. Бұған «Казцинк», «УК ТЭЦ», «УК ТС», «АЕЗ Согринск ТЭЦ» акционерлік қоғамдарының мұржаларынан ұшқан улы түтінді қоссаңыз облыс пен кала халқының қалай тірлік кешіп жүргеніне таң қаласыз. Осылардьщ ішінде «Казцинк» АҚ-тың ауаға шығарган лас қалдықтары барлық ластаушы көздердің 70 пайызын кұрайды. Ауаға таратылған лас заттардың құрамының 80 пайызы күкірт қоспалы газдар болып келеді. «Казцинк» ААҚ 1997 жылы құрылғанда басты назар негізгі технологиялык және шаңдар мен газдарды тазартатын қондырғыштарды жөндеп, қайта жаңғыртуга аударылтан еді. Бұндай жағдайда корғасын және мырыш шығару көлемі артып, ауаны ластайтын заттардың мөлшерін азайтуға мүмкіңдік бар болатын. Әйтсе де 2000 жылдан бастап кезекті нормалык ластаудың мөлшерін келісу үшін экологиялық сараптама жасау барысында өндіріс орындарына экологиялық-экономикалык қорытындылар жасап және сонын негізіңде шешім қабылдағанда күкірт қоспалы газдарды ауаға шашуды едәуір азайтуға болатын еді. 2001 жылы «Казцинк» ААҚ-та экологиялық сараптаманын бағалауына сәйкес ВСА «Хальдор Тонсе» қондырғысында агломерациялық және күйдіру газдарын залалсыздандыру технологиясын енгізуге негізделген бағдарламаны жүзеге асыру басталды. Осы жобаны іске асыру барысында сервисті ангидридті қала ауасына шашудың жылдық көлемі 33 мың тонна болып, 2 есеге дейін ластануды төмендетті. Бұл оң өзгерістер байқалды. Енді Риддер каласының ауа кеңістігі мырыш өндірісіне байланысты катты ластануын ескере отырып экологиялық сараптама талаптарына сәйкес, 2005 жылдан бастап ВСА «Хальдор Тонсе» қондырғысын мырыш заводына да енгізу көзделіп отыр.

Сондай-ақ жылу-энергетика кәсіпорнында экологиялық сараптама шамаларға сәйкес отынды жағу және өтіп жатқан газды тазалау озық технологиясын енгізу ласты шашуды күрт төмеңдетуге себепші болды. Ал «УМ ТМК» ААҚ ауа кеңістігіне лас заттарды шашу шамаларын қабылдау барысында экологиялық сараптама мынадай талаптар койды. 1999 жылғы көрсеткіш 915 тонна болса, 2003 жылы оны 745 тоннаға дейін төмендету көзделді. Бұл Соғра елді мекені аймагында экологиялык жағдайдың жақ-саруына соктыратыны белгілі.

Бұдан басқа маңызды проблемалардың бірі-қатты тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру. Өскемен қаласында калдықтарды орналастыру арнайы сынақ алаңында жүргізіледі. Бұл алаң 1957 жылы салынған, табиғат қорғау талаптарына сәйкес келмейді. Экологиялық сараптама жүргізген бағалаудың талаптарына қарағанда арнайы сынақ алаңынын пайдалану қолайсыздығына байланысты қоршаған ортаға зияңды, оның адам денсаулығына, жақын орналасқан тұрғыңдарға теріс әсер етері сөзсіз. Сондықтан 2003 жылы қалдықтарды әрі қарай осы алаңда жинау қалалық әкімшілікпен келісу қажеттігін тудырып, болашақта сынақ алаңын қайта құнарлаңдыру және жаңа алаңның жобасын жасау қажеттігін мойындаттырды. Бүгінгі күні құнарландыру жобасы сараптамадан өтті. Сөйтіп, экологиялық және санитарлық жағдай жедел жақсартуды қажет ететін күрделі мәселеге айналды. Бұл тұрғыда қала әкімі нақты шаралар белгілеп, арнайы шешімдер қабылдап отыр. Мысалы, қалада қоқыс өндейтін завод салуға облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы түбірімен қарсы. Ол жұртшылыққа белгілі. Бұл туралы соңғы жылдары жиі айтылып келеді. Өскемен қаласы үшін аталған заводты салу қауіпті. Өйткені қоршаған ортаның жәй-күйі күрделі жағдайда. Ауа кеңістігі қатты ластанған, жиі-жиі күшті жел тұрады. Бұның бәрі айналып келгеңде адам денсаулығына әсер етіп, ауру түрлерінің көбеюіне соқтырып отыр. Егер қоқыстарды өртейтін болсақ газды түтіннің молаюына, зиянды заттардың көбеюіне жол ашылады. Яғни, ауа кеңістігінде тұрақты зиянды заттардың пайда болуына соқтырады. 2001 жылғы Стокгольм конвенциясына Қазақстан да косылған. Ал Конвенцияның талаптарына сәйкес тұрақты зияңды заттарды жою-бірінші кезектегі мәселе. Әсіресе диоксиндер, фураптарн, полихлор-дифенилдер және басқа зиянды заттар дүниежүзінде «супертоксикаптами» деп аталады. Ең қауіптісі бұл зияңды заттарды газды тазалау қондырғыларымен сүзіп алу өте қиын, тіпті мүмкін де емес. Конвенция талаптарыңда өртейтін, жағатын, тазалайтын технологияларды пайдалану экономикалық тиімді жобалар қатарына жатпайды. Жобалау құны 16 млн АҚШ долларын құрайды. Салыстыратын болсақ, зиянды заттар құрамындағы диоксинді анықтау үшін 1 мың АҚШ доллары қажет. Ал пайдалану барысында оны тұрақты түрде пайдалану тығыз қоныстанған, шектеулі жері бар, экономикалық өсу деңгейі жоғары елдерде жүзеге асуы мүмкін. Дәл бүгінгі күні ТМД елдерінде осындай қоқыс өртейтін заводтар салу және оны пайдалану тәжірибесі жоқ. Онын үстіне мұндай заводтар лас ауаны залалсыздандыру проблемасын шешуге үлес қоспайды. Оның жобалық еңбек өнімділігі күніне 80 тонна. Ал нақты жиналу мөлшері жылына 60 мың тонна. Оған қоса өртенген қалдықтарды қайтадан заласыздандыру қажет.

Өскемен қаласы үшін қалдықтарды залалсыздандыру түріне келетін болсақ экологиялық және экономикалық тиімді әдіс болып арнайы сынақ алаңдарында көму болып саналады. Қалдықтарды көмуден бұрын алдын-ала өндеу арқылы шикізат ретінде пайдаланған тиімді. Өскемен қаласында қалдықтарды өндейтін завод салудың техникалық-экономикалық тұғырнамасын жасау қажет-ақ. Бұл мәселе облыстық мәслихаттың 24. 06. 2003 жылғы 21 сессиясыңда қаулы да қабылданды.

Су ресурстарының жағдайын жақсарту үшін экологиялық сараптама кәсіпорыңдар үшін шамалық талаптарды күшейту, ағын суларды тазартатын жана технологиялар енгізу арқылы зиянды заттарды төгуді азайтуды көздеген шаралар қабылданды. Шекаралас Ертіс өзені бойында зиянды заттарды төгу көлемін «бассейндік принципті» біртіндеп енгізу арқылы тиімді жаңарту жұмыстары қолға алынды. Табиғатты пайдаланушылар үшін бөлектену жылдары аяқталды, енді өндірісті экологияландыруда нақты қадамдар жасалуы қажет. Бұл төңіректе мемлекеттің стратегиясында қаралған бағдарламалар бар. Су ағындарына төгуді шамалаудың «бассейндік принципі» тиімді экономикалық құрал ретінде қолданылып, табиғатты пайдалануда ластаушы кәсіпорындарды ынталандыруға әкеліп соқтырады. Сөйтіп, біртіндеп Ертіс өзенінің маңы жаңғырып, адамның өмір сүруіне қолайлы аймаққа айналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері
Қазақстан бойынша су ресурстары
Экологиялық сараптама түрлері
Мемлекеттік экологиялық сараптама
Экологиялық сараптама және аудит пәні бойынша Оқу-әдістемелік кешен
Экологиялық Сараптамалар
Экологиялық сараптама әдістері, түрлері
Экологиялық сараптаманың түсінігі
Ластаушы ретінде локомотив жөндеу депосының («сұлтанбай»жшс) негізгі қызметінің сипаттамасы
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік құқықтық басқару тетігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz