Атмосфера - бүкіл әлемнің тіршілік тынысы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Атмосфера

Атмосфера - бүкіл әлемнің тіршілік тынысы. Атмосфера ауасының шекарасы болмайды. Ол жер шары халықтарының ортақ байлығы болғандықтан оның сапасы, тазалығы адамзат үшін ешнәрсеге реңгерілмейтін биосфераның құрамдас бөлігі. Оның массасы 5, 15710 т. тең. Атмосфера бірнеше қабаттан - трофосфера, озон, стратосфера, мезосфера, термосфера және экзосферадан тұрады. Әрбір қабаттың өзіне тән атқаратын қызметі, газдық құрамы, тіршілік нышаны болады. Әсіресе, торфосфера мен озон қабатының тіршілік үшін маңызы ерекше.

Бүгінгі таңда атмосфера ауасының тазалық сапасы бұрынғы іс - әрекетінен болатын әр түрлі газдардың шығарылуы. Оларды біз ауаны ластағыш заттар дейміз.

Негізінен атмосфераның адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары. Атмосфера - бүкіл әлемді таза ауамен қамтамасыз ете отырып, тіршілікке қажетті газ элементтерімен (оттегі, азот, көмірқышқыл газы, аргон т. б. ) байытады және Жерді метеорит әсерлерінен, күн және ғарыштан келетін түрлі зиянды сәулелерден қорғайды, зат және энергия алмасуларын, ауа райының қызметін реттеп, жалпы жер шарындағы тұрақтылықты үйлестіріп отырады.

Бірақта адам баласы үшін орасан зор пайдалы ауа бассейні соңғы жылдары күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Ең бастысы ауаның ластануы. Атмосфера ауасының сапалық күйінің көрсеткіштері оның ластану дәрежесі болып саналады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың шекті мөлшерлі концентрациясы қалыпты құрамнан асып кетсе, онда ауаны ластанған деп санайды.

Ластағыш заттардың негізгі көздері - өнеркәсіп, автокөліктер, зауыт, жылу энергетикасы, соғыс қаруларын сынау, космос корабльдері мен ұшақтар т. б. Жоғарыда аталған обьектілерден атмосфераға түскен заттар ауа құрамындағы компоненттерінің қатысуымен химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Содан соң пайда болған химиялық өнімдер суға, жерге түсіп, барлық тірі организмдерді, ғимараттарды, құрылыс материалдарын бүлдіреді.

Атмосфера құрамындағы оттегі мен көмірқышқыл газының тұрақты болуы жалпы ауа бассейінінің тепе - теңдігіне әсер етеді. Мәселен, оттеге тірі организмдер үшін тыныс алуды қамтамасыз ете отырып, топырақ пен судағы бүкіл химиялық реакцияға қатысады. Оттегі жетіспеген жағдайда жануарлар мен адамдар тұншыға бастайды. Оның өндіруші көзі - жасыл өсімдіктер әлеміндегі үздіксіз жүріп жатқан фотосинтез процесі. Көмірқышқыл газының да ауадағы шекті мөлшері көбейсе адамдар мен жануарлардың тыныс алуы нашарлайды. Сондықтан ауа құрамындағы негізгі екі газдың тепе - теңдік мөлшері қатаң сақталуы тиіс. Міне, осы жағдайлардан бүкіл әлемдік атмосфера экологиялық дағдарысқа ұшырап отыр. Ауаны ластауға жер шарындағы мемлекеттер өзінің экономикалық даму деңгейіне қарай түрліше үлес қосып отыр.

Біздің республикамызда атмосфераға шығарылатын зиянды заттар мен газдар, т. б. бөгде химиялық қосылыстар Қазгидромет ғылыми - зерттеу институтының үнемі бақылауында болып отырады. Ол көрсеткіштер әр жылға және тоқсанға жіктеліп “Ақпараттық экологиялық бюллетень” журналы арқылы көпшілікке хабардар етеді.

Атмосфераның ластануы индексін (АЛИ) бағалау бойынша 1995 - 2000 жылдар аралығында ауасы ең көп ластанатын қалаларға Лениногор, Зырян, Өскемен, Жезқазған, Балқаш, Қарағанды, Павлодар, Екібастұз, Теміртау, Алматы қалалары жатады. Әрине бұл көрсеткіштер үнемі өзгеріп отырады. Өйткені аталған қалалардағы өнеркәсіптің т. б. ластану көздерінің жұмыс істеу қарқыны бірдей емес. Мәселен, 1995 жылдары ең көп ластанған қалалардан бірінші орынға Жезқазған, Балқаш қалалары шықса, ал 1999 - 2000 жылдары Лениногор мен Өскемен шығып отыр. Бұл жерде қара және түсті металлургия кәсіпорындарынан шығатын қоқыс көп. Алматы мен Зырян қалалары негізінен зиянды заттарды сейілтуге метрологиялық жағдайы қолайсыз болып отыр.

Республика жағдайында атмосфераның ластануына өнеркәсіптердің техникалық жағынан мамандануы нашар. Яғни, ескірген технологиялық процестер нәтижесінде құрамында қатты және сұйық бөлшектері бар газ тәрізді заттар орасан көп мөлшерде бөлінеді әрі осы химиялық қосылыстар өте қауіпті улы келеді. Олар негізінен күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, азот оксиді, күкірт сутегі, аммиак және әр түрлі қатты және сұйық заттар.

Тұрақты көздерден атмосфераға жылына шығатын зиянды заттардың мөлшері: Павлодарда 763, 0 мың т., Қарағандыда 601, 6 мың т., Шығыс Қазақстан қалаларында 170, 0 мың т., Қостанайда 170, 0 т., Ақмолада 120, 0 мың т., Атырауда 90, 0 мың т., болды. Бұл аймақтарда жылу энергетикасы, металлургия, мұнай - газ кәсіпорындары шоғырланған. Сондықтан, атмосфераға көтерілген қоқыстар мен газдардың көпшілігі осы облыстар мен қалалардың аумағына түсіп, өсімдіктерді, суды, жер ресурстарын, ғимараттарды жалпы қоршаған ортаны ластап жатыр. Казгидромет мәліметі бойынша республиканың әрбір километріне жылына орта есеппен 1, 13 тонна зиянды заттар келетіні байқалған.

Қазақстан жағдайында көптеген қалалардың ауа бассейні автокөліктерден шығарылатын зиянды заттармен ластанып отыр. Мәселен, автокөліктерден бөлінетін қоқыс заттар қалалар бойынша: Қостанайда 119, 4 мың т., Оңтүстік Қазақстанда 87, 3 мың т., Алматыда 85, 0 мың т., Павлодарда 74, 7 мың т., Көкшетауда 53, 6 мың т., көрсеткішке жетіп отыр. Автокөліктерден бөлінетін көміртегі оксиді барлық шығарылатын заттардың 70 - 80% құрайды.

Соңғы 2000 жылдың мәліметі бойынша Өскемен қаласының ауасында күкірт диоксиді және фенол, формальдегид, азот диоксиді қалыпты деңгейден 1 - 4 РЗШ - ға жетіп отыр. Сол сияқты ауаның ластануы Ақтау, Теміртау, Шымкент, Тараз қалаларында өсе түсуде. Әсіресе, улы формальдегидтің 3 есе көбейгені Шымкент, Тараз және Петропавл қалаларында байқалып отыр. Ауадағы аммиак пен фенолдың мөлшері Теміртауда 2, 3 РЗШ, Петропавлда 3 РЗШ - ке жетсе, ал Астанада фторлы сутегі 4 РЗШ мөлшерін көрсетуде.

Қазақстан жағдайында ауа бассейінінің ластануы көбінесе қатаң континентальды ауа райына да байланысты. Жауын - шашын мөлшері өте аз болғандықтан, ауаның табиғи тазаруы нашар. Оның үстіне үнемі соғатын күшті желдер біркелкі емес. Мәселен, Алматы, Шымкент, Лениногор, Зырян қалаларының ауа бассейіндерінде табиғи ауа ағыстары болмайды, соның есебінен қалалар үнемі қалың зиянды улы тұмшамен оранып жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атмосфералық ауаға антропогендік факторлардың әсері
Атмосфералық ауа
Атмосфералық ауаның электрлік жағдайы. Ауаның иондалуы
АУАНЫ ЛАСТАУШЫ НЕГІЗГІ КӨЗДЕР
Ауа құрамы
Атмосферадағы ауаның ластануын туғызатын негізгі себептер
Автоотмосферадағы оттегі эволюциясы және фотосинтез
Табиғи ресурстар және оларды ұтымды пайдалану
Көкшетау қаласының экологиясы
Атмосфераның ластаушы көздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz