Атмосфера және оны қорғау
Атмосфера және оны қорғау.
Дәрістің мазмұны – атмосфераның құрылысы, оның газдық құрамы
келтіріледі. Ауа бассейінінің ластануының негізгі көздері мен ауаның
ластануын азайтудың жолдарының мінездемелері беріледі. Ауаны шаң мен
зиянды заттардан тазартудың жолдары қарастырылады.
Дәрістің мақсаты – қоршаған ортаны тазартудың әдістерімен таныстыру
және өнеркәсіп объектілерінің қоршаған ортаға зиянды әсерін анықтауға
арналған есептер шығаруға үйрету.
Ауа бассейінін қорғау. Ауа бассейіні немесе атмосфера биосфераның,
Жер бетіндегі өмір шегінен аспайтын, құрамдас бөлігі болып табылады.
Атмосфераның массасы болымсыз – біздің ғаламшардың массасының миллионнан
бір үлесіндей ғана, бірақ, оның биосферадағы табиғи процестердегі ролі өте
зор. Жер бетінің жалпы жылу режимі атмосфераға тәуелді, оны космостық және
ультракүлгін сәуле шашудан қорғайды. Атмосферадағы ауаның айналымы
жергілікті ауа-райына, сол арқылы өзендердің, топырақ пен шөп қабатының
және бедер пайда болу процестеріне әсерін тигізеді.
Атмосферадағы ауа, көлемі жағынан пайыздық құрамы 3-кестеде
келтірілген, 13 газдың механикалық қоспасы болып табылады.
Кестеде келтірілген газдардан басқа ауада оның өзіне тән емес, оның
қасиеттерін өзгерістерге ұшырататын және адамдардың денсаулығына теріс
әсерін тигізетін, оның табиғи ластануына себеп болатын судың буы, шаң-тозаң
және микроағзалар үнемі кездеседі.
3-кесте. Атмосфераның құрамы
Газ атаулары % Газ атаулары %
Азот 78,09 Гелий 5,24·10-4
Көміртегі 20,95 Криптон 1,14·10
Аргон 0,93 Сутегі 3,00·10
Көмірқышқыл газы 0,03 Ксенон 8,70·10
Зерттеулердің қорытындылары бойынша, әлемде жыл сайын атмосфераға
25,5 млрд. тонна көміртегінің тотығы, 190 млн. тонна күкірт тотығы, 65 млн.
тонна азот тотығы 1,4 млн. тонна хлорфторкөміртектер (фреондар),
қорғасынның органикалық қосылыстары, канцерогенділері қоса есептелінген
көмірсутектер шығарылады.
Ауа бассейінін антропогендік ластаушылардың негізгі көздеріне
өнеркәсіп, әртүрлі транспорт құралдары мен тұрмыстық ластаушылар жатады.
Атмосфераның жалпы ластануына әрқайсысының қосар үлесі олардың орналасқан
жерлеріне қарай әртүрлі болады.
Атмосфераны ластаушыларды ауа бассейініне тікелей түсетін
бастапқылар және олардың өзгеріске ұшырауының нәтижесінде болатын –
екіншілер деп бөледі. Мысалы, атмосфераға түсетін күкіртті газ тотығып,
күкірт ангидридіне айналады, ол су буымен әрекеттесіп күкірт қышқылының
тамшыларына айналады.
Қазіргі кезде, аз ғана территорияда адамдардың, көліктердің және
өнеркәсіп орындарының шектен тыс шоғырлануының нәтижесінде антропогендік
ландшафттар құрылатындықтан, қалалардың экологиялық проблемалары айрықша
көңіл бөлуді талап етеді. Ауа қозғалыстарының аздығынан қала үстіндегі
жылулық ауытқулар атмосфераның 250-400метрлік қабаттарын қамтуы, ал
температура алшақтығы 5-6 градусқа жетуі мүмкін.
Атмосфераның ластануы адамға, флора мен фаунаға, тіпті әртүрлі
құрылыстарға, транспорт құралдарына және т.б. қолайсыз әсер етеді. Ауаны
түтін басуы қалалардың микроклиматының нашарлауына, тұманды күндердің
көбеюіне, атмосфераның мөлдірлігінің азаюына және соған байланысты көрудің,
жарықтықтың, ультракүлгін радиацианың төмендеуіне соқтырады.
Кез-келген қазба отынды жаққан кезде (көмір, жанғыш сланецтар және
т.б.) бөлініп шығатын газдардың құрамында әрқашан күкірт пен азот диоксиды
аңғарылады. Атмосфераға шығарылатын миллиондаған тонна күкірт пен азоттың
диоксидтары жауатын жаңбырды қышқылдардың ерітіндісіне айналдырады.
Фотохимиялық тұманның түзілуінің негізгі себебі ауаның химия
өнеркәсібі мен транспорт құралдарының түтінімен қатты ластануынан болады.
Фотохимиялық тұман көздің, мұрын мен тамақтың шырыш қабаттарының
тітіркенуіне, тұншығудың белгілеріне, өкпе және басқа созылмалы ауырулардың
асқынуына соқтырады. Улы шаңтұман өсімдіктерге де зиянды әсерін тигізеді,
олар солып қалады. Ол материалдар мен үйлердің элементтерінің тат басуға,
бояулардың, резеңке және синтетика заттардың шытынауына, киімнің бұзылуына
себеп болады. Көрудің нашарлауынан көліктердің ырғақты жұмыс істеуі
бұзылады.
Атмосфера ауасының газдануы мен шаңдануы, адам ағзасына зиян
келтіргеннен басқа, үлкен экономикалық шығындарға ұшыратады – жыл сайын
үйлердің, металдан жасалған конструкциялардың, заттардың және т.б.
жөндеуіне көп қосымша шығындар жұмсалады.
Санитарлық-гигиеналық нормалау – атмосфера ауасындағы зиянды
заттардың рұқсатты шекті концентрациясын (РШК) есептеп шығару. Атмосфералық
ластаулардың рұқсат етілген шамасы туралы сұрақтың шешілуі ластаулардың
әсеріндегі белгілі табалдырықтың барлығына негізделеді. Атмосфера ауасын
ластайтын әрбір зат үшін екі норма: бір реттік және орташа сөткелік РШК
қойылады.
Қалалардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz