Атырау табиғатының бүгіні және болашағы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Атырау табиғатының бүгіні және болашағы

Қазіргі кезеңде баршамызды толғандырып отырған өзекті мәселелердің
бірі – экология. Атырау өңірінде мұнай өндіру өндірісі кең орын алып отыр.
Экология нашарлауы келесі ұрпақтың болашақ өміріне қауіп төндіруі сөзсіз.
Атыраудың кен байлығын игеру үшін бірнеше мұнай өндіруші және өңдеуші
кәсіпорындардың салынуына байланысты көлемді жұмыстардың атқарылуы облыс
табиғатына қолайсыз экологиялық әсер етуде. Қазіргі жер басып жүргендер
планетамыздың соңғы ұрпақтары емес, бұлардан кейін де ұрпақтар өмірге
келеді және олар бізден өмір сүруге жарамды дүние алуы керек.
Әсіресе, жер қойнауын, суды, өсімдіктерді, жануарларды, адам
денсаулығын қорғау кеңінен қаралуда. Сондай-ақ өндіріс осындай қалпымен
дамытылып отырса болашақта қоршаған ортаның жағдайы қандай болады, оны
жеңілдету үшін қандай ғылыми әрекеттер алу керек деген мәселелер орын
алады. Өйткені экологиялық мәселе біздің аймақта үлкен праблемалы басты
мәселе болып отыр. Қазақстан мемлекетінің болашағы Қазақстан
Тәуелсіздігімен, адамның денсаулығымен тығыз байланысты.
Еліміздің ішкі және сыртқы саясатының 2003 жылғы негізгі бағыттары
туралы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Республика халқына арнаған
Үндеуінде Барлық адамдар экологиялық таза ортада өмір сүруге, жақсы
әлеуметтік қызмет көруге ұмтылады - деген тамаша сауал бар.
Бұл сауалдың Атырау облысының табиғаты мен экологиялық ахуалдары үшін
мәнісі өте зор. Атырау облысының табиғаты мен экологиясы бүгін, әлемге
әйгілі. Бұл өлкенің табиғат байлығы – жер астынан да, жер бетінен де, су
ішінен де Егеменді елімізді асырауға, экономикалық тұғырдан бүкіләлемдік
инвестициялық көмек алуға, халық шаруашылығының өндірісі мен аграрлық
слаларды дамытуға, бәріне де мол жетіп жатыр.
Осыған орай, қазіргі экологиялық мәселелерімізді, сараптап айтсақ,
төмендегіше.
Каспий теңізі – 1994-2002 жылдар ішінде теңіздің табиғаты жан-жақты
(әрі экологиялық, әрі экономикалық, әрі физикалық, әрі мұнай-газ өндіру
амалынан, т. с. с.) зерттелді. Халықтың орасан зор байлығы болып табылатын
аса құнды тұз асты мұнайларын өндіру басталғанда , Атырау өңіріндегі мұнай
химиясының болашағына және бірнеше өндіріс орындарының ашылатындығына үлкен
сенім болды. Бірақта есептелінген болжаулар дүниежүзі бойынша жер
қойнауындағы дәл анықталынған мұнай қоры пайдалануға шамамен 70 жылға ғана
жетеді екен. Ал, тәуелсіз мемлекеттер достығындағы өзінің қоры жағынан
Тюмен-Самотлор аймағынан кейінгі ең ірі Теңіз кеніші қорының бұл мерзімге
жетпесі анық. Өйткені 40 жылға жасалған келісім-шарт бойынша Теңіз
кенішінен жылына өндірілетін мұнай көлемі 36 млн. тонна мұнай алынады деп
күтілуде. Қазіргі таңда теңіз кенішінен жылына өндірілетін мұнай көлемі 10
млн. тоннаға жетіп отыр.
Осы Теңіз кенішінен өндірілген шикізаттың құрамында қандай қосылыстар
бар? Егер болса, қайда кететіні туралы нақты мәліметтер неге айтылмайды?
Біздің білетініміз оның көпшілік бөлігі құбырлармен айдалып, темір жолмен
тасылып сатылуда, жанар-май отын ретінде пайдалануда, ауада жағылып, оны
ластауда. Біршама уақыт ішінде, осы мол байлық негізінде ауыз толтырып
айтатындай бірде-бір өндіріс ашылып, бір пайдалы өнім өндірілген жоқ. Ал
оның есесіне Теңізшевройл бірлескен кәсіпорны 2 млн. тонна мөлшерінде
күкіртті ашық ауада мая қылып үйіп , біздің тәуелсіз еліміздің болашағы
үшін мәні зор, алтынға бергісіз элеменнті халыққа қорқынышты қылып қойды.
Егерде теңіз мұнайы құрамындағы күкірт мөлшерін орташа 0,6 процент
деп, ал үстіміздегі жылы өндірілетін мұнай көлемі 10 млн. тоннаға жетеді
десек, онда бұл 2 млн. тонна күкіртке, тағы да 60 мың тонна мөлшерінде жаңа
күкірт қосылады деген сөз және оның мөлшері мұнайдың өндірілуіне байланысты
одан әрі өсе бермек.
Енді осы орасан зор көлемдегі, аса бағалы шикізатты яғни, күкіртті
және оның қосылыстарын пайдалануда тез арада іске асырмасақ , онда бұл
облыс жағдайында экологиялық жағдайдың одан әрі шиеленісе түсетініне бір-
екі нақты мысалдар келтірейік.
Атырау облысының өте ыстық климатында ультракүлгін сәуле әсерінен ашық
жатқан күкірт, ауадағы оттегімен әрекеттесіп, күкірт тотығын, ал одан әрі
ауадағы оттегімен әсерлесіп күкірттің үш оттекті тотығын түзеді, ал бұл
тотық ауадағы су буымен қосылысып, бұлтты жасақтайды, нәтижесінде құрамында
аздаған мөлшерде күкірт қышқылы бар жаңбыр жауады. Мұндай қышқылды
жаңбырдың түзуіне өндірістің және автомобильдердің түтіндік газдары да
үлкен роль атқарады. Ал, мұндай қышқылды жаңбырдың жануарлар мен
өсімдіктердің организміне зиянын, топырақтың бөлінуіне тигізетін әсерін
айтпаса да түсінікті. Осы орайда, булы жаңбырдың тұйық жатқан Каспий
жағалауындағы тіршілікке зиянын бір сөзбен айта өтейік. Каспий теңіз
экологиясы, ол жақын жылдарда теңіз астының өте терең қыртысынан мұнайды
көптеп өндіру ісі тұрғандықтан, оның мұнаймен ластану мүмкіндігіне
байланысты. Бұған мысал ретінде АҚШ-та жыл сайын мұнайдың ағып кетуінің
13000 жайы болып тұрады екен. Нәтижесінде жыл сайын 12 млн. тонна мұнай
теңізге қосылады. Ұлыбританияда жыл сайын құбырларға 1 млн. тонна машина
майлары жіберіледі. Ал, теңіз суына орналасқан мұнай жарықтың сіңуін
азайтып, су температурасының жоғарылауына соқтырады. Сөйтіп, ондағы
тіршілікке қолайсыз жәй туғызады. Ең бірінші кезекте құстар күнге күйіп,
тамақтан айырылады. Итбалық және басқа да итбалық тұқымдас сүтқоректі
жануарларды соқыр қылады.
Рахметолла Нәсіров химия ғылымдарының докторы, профессор. Атырау мұнай
және газ институтының кафедра меңгерушісі, Бүкілдүниежүзілік ЭПР қоғамының
мүшесі, химия ғылымының докторы, профессор. Ол 2000 жылдың 23-28 шілде
аралығында Португалия мемлекеті астанасы Лиссабонда өткен 30-шы
Бүкілдүниежүзілік Ампер конгресінде Электрондық парамагниттік резонанс
(ЭПР) әдісін Каспий маңы ойпатының терең геологиялық қабаттарында мұнай
және күкіртті сутек газы қабаттарын ашудағы ролі атты, ал 2-6 қазан айында
Томскіде өткен мұнай және газ химиясы бойынша болған дүниежүзілік
конференцияда Мұнайдағы ванади металы қорын анықтаудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс Қазақстан облысы жайлы
Қазақстанның ұлттық басымдығы: балалар және білім
Әбіш Кекілбайұлы
Каналды бетонмен каптап, жылына
ОҚУШЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Әдебиеттік оқу сабағында ұлтжандылық сезімін қалыптасыру
Қиялдың дамуы
АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ТІЛ МӘСЕЛЕСІ
Асқар Егеубаев - публицист
АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ІШКІ ЖАСТАР ТУРИЗМІН ДАМЫТУ
Пәндер