АУАНЫ ЛАСТАУШЫ НЕГІЗГІ КӨЗДЕР
АУАНЫ ЛАСТАУШЫ НЕГІЗГІ КӨЗДЕР
Атмосфера - бүкіл әлемнің тіршілік тынысы. Атмосфера ауасының шекарасы
болмайды. Ол жер шары халықтарының ортақ байлығы болғандықтан оның сапасы,
тазалығы адамзат үшін ешнәрсеге теңгерілмейтін биосфераның құрамдас бөлігі.
Оның массасы 5,157-1015 т. тең. Атмосфера бірнеше қабаттан - трофосфера,
озон, стратосфера, мезосфера, термосфера және экзосферадан тұрады. Әрбір
қабаттың өзіне тән атқаратын қызметі, газдық құрамы, тіршілік нышаны
болады. Әсіресс, тропосфера мен озон қабатының тіршілік үшін маңызы ерекше.
Бүгінгі таңда атмосфера ауасының тазалық сапасы бұрынғы кезден
нашарлауда. Оның негізгі себептері - ауаға адамның іс-әрекетінен болатын әр
түрлі газдардың шығарылуы. Оларды біз ауаны ластағыш заттар дейміз.
Негізінен атмосфераның адам үшін атқаратын кызметі өте жоғары.
Атмосфера - бүкіл әлемді таза ауамен камтамасыз ете отырып, тіршілікке
қажетті газ элементтерімен (оттегі, азот, көміркышқыл газы, аргон т.б.)
байытады және Жерді метеорит әсерлерінен, күн және ғарыштан келетін түрлі
зиянды сәулелерден қорғайды, зат және энергия алмасуларын, ауа райының
қызметін реттеп, жалпы жер шарындағы тұрақтылықты үйлестіріп отырады.
Бірақта адам баласы үшін орасан зор пайдалы ауа бассейні соңғы жылдары
күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Ең бастысы ауаның ластануы. Атмосфера
ауасының сапалық күйінің көрсеткіштері оның ластану дәрежесі болып
саналады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың шекті мөлшерлі
концентрациясы қалыпты құрамнан асып кетсе, онда ауаны ластанған деп
санайды.
Ластағыш заттардың негізгі көздері - өнеркәсіп, автокөліктер, зауыт,
жылу энергетикасы, соғыс қаруларын сынау, космос корабльдері мен ұшақтар
т.б. Жоғарыда аталған объектілерден атмосфераға түскен заттар ауа
құрамындағы компоненттерінің қатысуымен химиялық немесе фотохимиялық
өзгерістерге ұшырайды. Содан соң пайда болған химиялық өнімдер суға, жерге
түсіп, барлық тірі организмдерді, ғимараттарды, құрылыс материалдарын
бүлдіреді.
Атмосфера құрамындағы оттегі мен көмірқышқыл газының тұрақты болуы
жалпы ауа бассейінінің тепе-теңдігіне әсер етеді. Мәселен, оттегі тірі
организмдер үшін тыныс алуды қамтамасыз ете отырып, топырақ пен судағы
бүкіл химиялық реакцияға қатысады. Оттегі жетіспеген жағдайда жануарлар мен
адамдар түншыға бастайды. Оның өндіруші көзі - жасыл өсімдіктер әлеміндегі
үздіксіз жүріп жатқан фотосинтез процесі. Көмірқышқыл газының да ауадағы
шекті мөлшері көбейсе адамдар мен жануарлардың тыныс алуы нашарлайды.
Сондықтан ауа құрамындағы негізгі екі газдың тепе-теңдік мөлшері қатаң
сақталуы тиіс. Міне, осы жағдайлардан бүкіл әлемдік атмосфера экологиялық
дағдарысқа ұшырап отыр. Ауаны ластауға жер шарындағы мемлекеттер өзінің
экономикалық даму деңгейіне қарай түрліше үлсс қосып отыр. Біздің
республикамызда атмосфераға шығарылатын зиянды заттар мен газдар, т.б.
бөгде химиялық қосылыстар Қазгидромет ғылыми-зерттеу институтының үнемі
бақылауында болып отырады. Ол көрсеткіштер әр жылға және тоқсанға жіктеліп
"Ақпараттық экологиялық бюллетень" журналы арқылы көпшілікке хабардар
етеді.
Атмосфераның ластану индексін (АЛИ) бағалау бойынша 1995-2000 жылдар
аралығында ауасы ең көп ластанатын қалаларға Лениногор, Зырян, Өскемен,
Жезказған, Балқаш, Қарағанды, Павлодар, Екібастұз, Теміртау, Алматы
қалалары жатады. Әрине бүл көрсеткіштер үнемі өзгеріп отырады. Өйткені
аталған қалалардағы өнеркәсіптің т.б. ластану көздерінің жұмыс істеу
қаркыны бірдей емес. Мәселен, 1995 жылдары ең көп ластанған қалалардан
бірінші орынға Жезқазған, Балқаш қалалары шықса, ал 1999-2000 жылдары
Лениногор мен Өскемен шығып отыр. Бұл жерде кара және түсті металлургия
кәсіпорындарынан шығатын қоқыс көп. Алматы мен Зырян қалалары негізінен
зиянды заттарды сейілтуге метрологиялық жағдайы қолайсыз болып отыр.
Республика жағдайында атмосфераның ластануына өнеркәсіптердің
техникалық жағынан мамандануы нашар. Яғни, ескірген технологиялық процестер
нәтижесінде құрамында қатты және сұйық бөлшектері бар газ тәрізді заттар
орасан көп мөлшерде бөлінеді әрі осы химиялық қосылыстар өте қауіпті улы
келеді. Олар негізінен күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, азот оксиді,
күкіртті сутегі, аммиак және әр түрлі қатты және сұйык заттар.
Тұрақты көздерден атмосфераға жылына шығатын зиянды заттардың мөлшері:
Павлодарда 763,0 мың т., Қарағандыда 601,6 мың т., Шығыс Қазақстан
калаларында 170,0 мыңт., Қостанайда 170,0 мыңт., Ақмолада.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық
көрсеткішін ұсынған. Ал, Қазақстанда ауыз су сапасы МемСТ 287482 бойынша 30
түрлі міндетті көрсеткішпен анықталады.
Су бассейнінің ластануының негізгі себептері - тазартылмаған ағын
суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері:
- тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар;
- өнеркәсіп орындары;
- ауыл шаруашылығын химияландыру;
- халық шаруашылығының басқа да салалары.
Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды
қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық,
органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді.
Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58 %,
минералдық заттар 42 %-тей болады. Өнеркәсіпте пайдаланатын сулар мен
синтетикалық жуатын заттармен судың ластануы өте қауіпті. Бұл заттар -
химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид,
гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы Қазақстанда кең
етек алған. Мәселен, мақта мен күріш, жеміс-жидек, бау-бақша, теплица (жылы
жай) зиянкестеріне қарсы бұрынғы Кеңес өкіметі кезеңінде өте көп химиялық
заттар қолданылған. Нәтижесінде, су ластанып, оның сапасы мен микрсфлорасы
және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, құстар зардап шеккен. Өз кезегінде
химиялық заттардың зиянды қосылыстары азық-түлікпен адам организіміне кері
әсерін тигізеді.
Қазіргі кезде ашық өзен, көл суларымен қатар жер асты сулары да
сарқынды, шайынды сулармен және еріген зиянды заттармен ластанып отыр.
Негізгі ластаушы көздері мыналар:
- өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар;
- химиялық заттар және тыңайтқыштар;
- тұрмыстық қалдықтар;
- жер асты суымен жалғанатын құбырлар;
- ірі құрылыс учаскелері;
- сүзгі алаңдар, бұрғы-скважиналар болып табылады.
Жер асты суларында әр түрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар, вирустар
кездеседі.
Қазақстан жағдайьшда өзен-көлдердің ластануы көбінесе өнеркәсіп
шоғырланған аймақтарда, полигондар мен мұнай-газ өндіретін жерлерде жаппай
сипат алуда.
Өзендердің ішінде Ертіс су алабы Өскемен қорғасын-мырыш ком-бинаты,
Лениногор қорғасын зауыты, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz