БАЙҚОҢЫР КОМПЛЕКС ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯНДЫ ӘСЕРІ


БАЙҚОҢЫР КОМПЛЕКС ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯНДЫ ӘСЕРІ
Байқоңыр космодромы қазақ жеріндегі ең үлкен және өте күрделі инженерлік құрылыс. Мұндай инженерлік кешенді адамзат баласы бұрын-сонды жасаған емес. Бұл ғажап құрылыста космос корабльдерін, космос станцияларын, зымыраңдарды, зымыран-тасымалдаушыларды сынау, космос кеңістігін зерттеу үшін кең көлемде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Байқоңыр космодромындай құрылыс жер шарында жоқ. Сондықтан Байқоңыр космодромы дүниежүзі халықтарының назарын аударып, аландатып отыр. Ол тек космос корабльдері мен зымырандарды космос кеңістігіне ұшыру мақсатына жасалған емес. Сонымен қатар, әскери қару - жарақтардың жаңа түрлерін сынау мақсатын да көздейді. Байқоңыр космодромы әскери ғылыми-техникалық орталық болып есептеледі.
Космодромда өнеркәсіп және шаруашылық орындары шоғырланған. Олар да космос кеңістігін зерттеуге атсалысады. Мұнда космосқа ұшырылатын космос корабльдерінің, зымырандардың, зымыран-тасымалдаушылардың бөлшектері жиналып, космосқа ұшырылып отырады. Космосқа ұшқан космос корабльдерінің ұшатын бағыты белгіленіп, ұшу жылдамдығы анықталады. Онда зымыраңдардың бағытын және жылдамдығын анықтайтын электронды есептеу орталығы бар. Космодром 1957 жылы Байқоңыр қаласында салынған. Бұл қалада қазіргі кезде 60 мың халық тұрады. Космодромда 9 зымыран ұшыру кешені, 15 зымыран ұшырататын қондырғылар бар. Ресейдің барлық космосқа ұшқан корабльдері мен зымырдандыры осы Байқоныр космодромынан ұшырылған. Зымырандарды отынмен қамтамасыз ететін 3 станция, космонавттардың денсаулығын бақылайтын медициналық орталық, 1-классқа жататын екі аэродром, сұйық оттек, сұйық азот өндіретін завод, электр жылу жүйесі, газ қүбырлы (газ турбиналы) электр станциясы, 470 шақырым темір жол, 1280 шақырым автокөлік жүретін магистрал, электр, жылу, сумен қамтамасыз ететін жүйелері бар. Космодромның құрылысы алғашқы кезде тым құпия болған. Салынған жүйелер мен құрылыстар объектілерді жасырын түрде жүргізілген. Қазақ елінің жерге деген билігі жоқ болатын.
Байқоныр космодромы Қазақстанның оңтүстіқ-батысында, яғни Қызылорда облысының территориясында орналасқан. Бұл аймақтың ауа райы өте қүбылмалы келеді. Қысы суық, жаз айлары ыстық, жауын-шашын 90-150 мм-дей аз жауады. Сол себептен ауа райы ылғалсыз болып келеді де, құрғақшылық жиі-жиі болып тұрады. Жер бедері жазық, тау-тастар жоқ. Тек қана құм белестері мен көшпелі құмдар көп кездеседі. Өсімдік әлемі онша көп емес. Орман-тоғай бұл аймақта өспейді. Өсімдіктердің систематикалық түрлері де өте аз. Көпшілік өсімдікгер ботаника тілімен айтқанда - эфемерлер. Көктем айларында құлпырып өсіп, жер-көкті жасыл түскс бөліп, қызыл-жасылды бәйшешектер атып, ұрық береді де, жаз айлары туысымен олар тіршілігін жойып қурап қалады. Дегенмен, мал жайылатын жайылымдар бұл аймақта көп. Шөбі шүйгін, жұғымды келеді. Малдар тез арада қонданып кетеді. Ол жайылымдар космодром салынуына байланысты түгелімен жойылып кеткен. Малға азық болатын шөптердің барлығы қурап, уланып біткен.
Байқоңыр космодромының көлемі 6717 шаршы шақырым. Ол солтүстікке қарай 75 шақырым, ал батыстан шығысқа қарай 90 шақырым қашықтыққа созылып жатыр. Байқоңыр космодромын салуға байланысты 2 гектар жер шаруашылық айналымынан шығып қалған. Ол жерлер не егін егуге, не бау-бақша өсіруте, не мал жаюға жарамайды. Мұнда бұрынғы кезде малдар қысы-жазы өз аяғымен жайылып жата беретін еді. Зымырандардың қатты дыбысы малдардың, адамдардың зәресін алады. Сондықтан да малдар бұл жақта қайдан ессін. Шу - экологиялық факторлардың ішіндсгі ең бастысы. Адам ағзасына айрықша әсер етеді.
Бүл аймақта ерсілі-қарсылы соққан жел көп болады. Кейбір күндері, күшті дауыл тұрып, жердің үстіңгі қабатындағы топырақтарды ұшырып әкетіп, қара боран туғызады. Осындай қара боранды күңдер бір жылдың ішінде 20-25 күн болады. Ал космодром орнағаннан кейін бұл аймақтың ауа райы мүлдем бұзылып кетті. Ауа райының мөлшерден тыс өзгеруін кейбіреулер Арал теңізінің тартылуынан деп есептейді. Өйткені космодром Арал теңізіне жақын жерге орналасқан. Қашықтығы 70 шақырымдай жер.
Байқоңыр космодромының айналаны қоршаған ортаға ерекше әсер ететіні кейінгі кезде ғана байқала бастады. Соңғы кезде космодром орналасқан жердің ауа райын, табиғи биологиялық ресурстарын жан-жақты зерттегенде, космодром айналаны қоршаған ортаға айрықша әсер ететіні байқалады. Ол туралы қолымызда бірнеше ғылыми деректер бар. Мысалы, Қарағанды облысының экологиясын зерттейтін ғалым-экологтардың жүргізген жұмыстарының қорытындыларына қарағанда, космос корабльдері, космос зымырандары космос кеңістігіне ұшып кеткеннен кейін, жаз айларында 5-8 күн бойы күшті жел тұрып, қара боран соғатыны байқалады. Мұндай құбылысты Жезді ауданының жергілікті тұрғындары да растайды. Ал қыста зымырандар космосқа ұшып кеткеннен кейін 2-3 күн бойы қарлы боран соғатыны белгілі болды. Бұл аймақта жылына 40-50 күн бойы күшті жел тұратыны анықталды. Мұндай құбылыстар космодром орнамай тұрған уақьггта болмағанын жергілікті тұрғындар растап отыр.
Қандай болмасын, ұшырылған космос корабльдері мен оларды космос кеңістігіне шығарушы зымырандар айналаны қоршаған табиғи ортаға елеулі өзгерістер енгізетіні кейінгі кезде айқындала түсті. Ол өзгерістерді арнаулы түрде жүргізілген зерттеулер анықтап берді. Ол өзгерістер төмендегідей:
1. Ұшырылған космос корабльдері және басқадай космостық аппараттар табиғи жолмен ғасырлар бойы қалыптасқан ауа режімін төтенше түрде бұзып жіберетіні белгілі болды;
2. Космос корабльдерін тасымалдайтын зымырандардың пайдаланатын отындары улы (радиоактивті) қосылыстардан тұратын болғандықтан, айналаны қоршаған ортаның мөлшерден тыс улануына әкеп соғады;
З. Космос кеңістігіне ұшырылған зымырандар өсімдік әлеміне, жануарлар дүниесіне айрықша әсер ететінін арнаулы түрде жүрзігілген ғылыми-зерттеу жұмыстары толығымен дәлелдеді. Биосферадағы тірі ағзалардың тіршілік ететін табиғи ортасы кенет бұзылып, өзгерістер, олардың ішінде өте қауіпті мутациялық (секірмелі) өзгеріс туатыны байқалды;
4. Жер бетінде зымырандардың жұмыстан шыққан бөлшектері құлап түсіп, оны ластайды (ол бөлшектерде де радиоактивті қосылыстар бар) . Ол жер не егін егуге, не мал жаюға жарамай қалады.
Байқоңыр космодромынан ұшырылған космос корабльдерінің қалдықтарының жерге түсетін аймақтары алдын ала белгіленген. Ол Жезді және Ұлытау аудандары территорияларының 10 пайызын қамтиды. Өйткені зымырандар осы көрсетілген аудандардың территорияларының үстін басып ұшады.
Зымырандарға жағылатын отын улы (радиоактивті) және усыз қосылыстардан тұрады.
а) Усыз отынның негізгі компоненті - сұйық күйіндегі (радиоактивті) оттек пен Т-1 маркалы кәресін, сонымен бірге сұйық оттек және сүйық күйіндегі (радиоактивті) сутек болады.
ә) Өте улы зымыран отынның құрамында - улы тотықтаңдырғыш типіне жататын (радиоактивті) "самин" және (радиоактивті) "мелау" болады. Сонымен қатар, симметриялы емес радиоактивті - диметил гидразин (гептил) бар. Осы аталған компоненттер 1-кластағы өте улы қосылыстардың қатарына жатады. Бұл улы заттар адамзат баласының тіршілігін, өсімдік әлемін, жануарлар дүниесін айрықша уландырады. Олар биосферадағы барлық тіршілік иелерін жойып жіберуі де мүмкін.
1957 жылғы 1 қазан айынан 1999 жылғы 21 қаңтарға дейін, яғни 42 жыл ішінде, Байқоңыр космодромынан 1129 зымыран 1115 басқадай космос кеңістігін зерттейтін аппараттар ұшырылған. Осы: көрсетілтендердің бәрі Қазақстан Республикасының экономикасына айрықша үлес қосады деп кейбір орыс зерттеушілері даурығады. Мұның бәрі, шын мәнісінде, бос сез екенін өмірдің өзі көрсетіп келеді.
Ұлы конструктор (зымыран жасау жөніндегі әлемге әйгілі С. П. Королевтің) басшылығымен алғаш рет космос кеңістігіне ұшып шыққан ұшқыш-космонавт Ю. А. Гагарин 1961 жылы көкек айының 12 күні "Восток" атты космос кораблімен жер шарын 87 минут ішінде айналып шықты. Оның биіктікке көтерілген мөлшері 270 шақырым еді. Бұл геостанционарлық орбита болатын. Планетааралық зымырандарды үшыру тек қана Байқоңыр космодромында сынақтан өткізіледі. Оның алдында 1957 жыл тамыздың 21 күні космос кеңістігіне алғаш рет жер серігі ұшырылған болатын. Ол ұзақ уақыт геостанционарлық орбитада үшып жүрді де, кейіннен үшу урдісін тоқтатқан соң, әуеде жанып кетті.
Космос корабльдерінің, зымырандардың ұшу бағыты күні бүгінге дейін өзгертілген жоқ. Тск қана Байқоңыр космодромы қазақ жерінде болғандықтан Қазақстан Республикасына багынатын болғаны рас.
Ал шын мәнісінде, Рессй Федерациясы өздерінің білгенін істейді. Бізден сүрамайды. 1994 жылы Қазақстан Республикасы меи Ресей Федерациясы арасында Байқоңыр космодромын пайдалануға байланысты жене Ресей Федерациясына оны жалға беру үшін үкіметаралық шарт жасалынып, оған үкімет басшылары қол қойған. Жал мерзімі 20 жыл деп белгіленген. Ресей жағы Байқоңыр космодромының және сол аймаққа жақын жерлердің экологиясына зиянды әрекет етпейміз деп міндет алған. Ол міндет іс жүзінде орындалып жатыр ма, жоқ болмаса орындалмай жатыр ма, о жағы бізге беймәлім. Зымырандардың отындарының қалдықтары түскен жер арнаулы тәсілдерімен тазартылу керек деген келісім шартта баптар бар. Тазарту жұмыстары белгілі дәрежеде жүргізілген емес. Зымырандардан түскен қалдықтардың бәрі тірі ағзаларға өте зиянды. Өйткені олар радиоактивті заттардан тұрады. Қазақстан жағы шамасы келгенінше, экологияны бұзбайтын тәсілдерді Ресей жағының пайдалануын қадағалап отырады. Зымыран ұшатынынан 5 күн бұрын, қай мезгілде зымыран ұшатынын Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының басшыларына алдын ала хабарлап отырады. Дауды дер кезінде шешіп отыратын тұрақты комиссия бар. Ол комиссия "Байқоңыр" деп аталады. Қаңдай да болмасын, ұшырылған зымыран-тасымапдаушылар апатқа ұшырауы - табиғи құбылыс. Неге десеңіз, техниканың аты техника ғой, ешкім де апат болмайды деп кепілділік бере алмайды. Космос корабльдерін жасағанда, оларды космодромда ұшуға дайындағанда, бірнеше қателер кетуі мүмқін. Зымырандар жер бетінен 40-50 шакырым биіктіктен көтерілгенде, бірнеше себептерге байланысты кенеттен апатқа Республикасы халықты әлеуметтік қорғаудан айырылып қалады. Қазақстан Республикасы көптеген мүмкіншіліктерден айырылып қалатыны байқалып отыр. Экономикалық және әлеуметтік даму болмауы да мүмкін. Байқоңыр космодромы жер жүзіне белгілі болғаңдықтан көптеген көмектер әр түрлі мемлекеттерден келіп тұрады. Космодромда экологиялық өзгерістердің болмауын Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және табиғатты қорғау министрлігі бақылау жасап отырады.
Ғарышты игере бастаған соңғы 35 жылдан астам уақыттың ішінде Байқоңырдай бәкенелеу «Востоктан» бастап, буырқанған «Боранға» дейінгі мыңдаған ракеталар ұшырылды. Кез келген ғарыш көлігін орбитаға шығаруға ең кемі екі двигатель пайдаланылады. Космостық техника тілінде оларды мәре двигателі (стартовый двигатель), жөңку двигателі (маршевый двигатель), немесе 1-саты, 2-саты деп атайды. Жердің тарту күшін жеңіп беретін осы 1-сатының қуаты ядролық жарылыстан кем түспейді. Пайдаланатын отынының құрамы да күрделі. Өз міндетін атқарғаннан кейін мәре двигательдері ғарыш кемесінен бөлініп, жерге құлайды. Жер болғанда, кәдімгі Жезқазған облысының Жезді, Ұлытау аудандарындағы малшы ағайындардың жайлауына жығылады. Бірлі-жарым ауытқып кеткендері анда-санда Арқалық аймағының да апан-топанын шығарып тастайды. Мысалы, осы таяуда ғана мамыр айының 14-інде «Комета» атты Жер серігін орбитаға шығаруға тиіс болған «Союз» ракета-тасығышының апатқа ұшырап, Арқалықтан 120 шақырым жерге құлағаны белгілі.
80-жылдардың ортасына дейін бәрі де «бүкіл әлемде баянда бетшілік орнату үшін жасалынып жатыр» деген. Кеңес үкіметінің жел сөзінің жетегінде жүрді. Төңірекке төпей төгілген «темір жаңбыр» елді есеңгіретіп, орны толмас апаттың құрсауында қалғанда ғана, есімізді жинаған болып жатырмыз.
Кезінде Кеңес үкіметі өз азаматтарының денсаулығына тікелей залал келтіретін жұмыс жүргізіп жатыр деп, ешкім де ойлаған емес. Аңқау халық жалтыраған жеңіл металдан жасалған ракета қаңқаларын үйлерінің маңына сүйретіп әкеліп, малқора ретінде пайдаланды, асхана қылды, көздің жауын алатын қаңылтырларынан шатырлар жасап, оның ішінде дүркіреп тойлар да өткізді ғой . . .
Енді, осы ракеталар «жаңбыры» астында жатқан аймақтарға қатысты мына бір деректерге назар аударайықшы.
1987-жыл, 27-наурыз. Қарсақпай кеңшарының «Мұжық» қыстағында отырған шопан Базарқан Рақымжанов мал жайын жүріп, шөлге шыдамай ракета сынығының ішіндегі еріген қар суымен тамағын жібітеді. Сол күні қан құсып, ел орынға отыра қайтыс болады.
1990-жыл. Қарсақпай кеңшарының Құттыбай қыстағының маңындағы жазыққа ракета сатысы түсті. Ауа қысымының әсерінен ракета құлаған жердің қары еріп кетіп, одан аға шопан Мүсеев Шаяхметтің отарынан біраз қой су ішті. Сол кеште 78 бас қой сеспей қатты.
1992-жыл, 13-шілде, Сәтбаев кеңшарына қарасты Жыңғылдыөзек танабына ракета құлады, 19-шілде күні сол маңнан су ішкен 62 қозының бірі қалмай қырылып қалды. Аудандық малдәрігері М. Өмірбекова малға тән ауру-індетке ұқсамайтындықтан жаппай өлімнің себебін анықтай алмады.
1992-жыл, 30 қазан күні Қарсақпай кеңшарының шопаны Құдабаев Сәбеттің отарының дәл іргесіне ракета түсті. Оның қой жайып жүрген баласы Берік белгісіз сырқатқа шалдығып, ауыр жағдайда әуелі аудандық, содан соң облыстық ауруханаға жеткізілді. Бірнеше күн ішінде 70-тен астам қой шығынға ұшырады.
Бір-біріне ұқсас осындай үрейді деректерді үйір-үйірімен келтіре беруге болады. Баспасөз бетінде құлаған ракеталарға байланысты «радиациялы», «улы» деген сияқты жалпылама «айыптаулар» аз айтылып жүрген жоқ. Кеңес үкіметі ғарыш техникасына қатысты барлық мәліметтерді құпиялап ұстады. Ол үкімет енді жоқ, сондықтан өзімізге әбден белгілі ғарыш кемелерінің негізгі отыны болып табылатын гептил жайлы (химиялық атауы - нитрозодиметиламин ) мына анықтама көптеген жайлардың бетін ашып береді:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz